Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
а
, Сиеверсте е
2
, Лепсиуста е]. 
«Неміс  тіліндегі  «ehrlich»  сөзіндегі  е  дыбысына,  француз 
тіліндегі  ê  дыбысына,  орыс  тіліндегі  «это»  сөзіндегі  э  дыбысына 
сәйкес  келеді.  Тіл  ұшының  жоғары  карай  қатты  көтерілуі 
нәтижесінде  дыбысталады»  /11,IX/.  В.В.  Радлов  ä  дыбысы  жайлы 
қосымша былай дейді: «ä есть русское е, в словах бегать (бäгат), 
мера  (мäра).  Долгое  ǟ  звучить  как  французкое  é  в  frére,  рérе.  У 
Алтайцев  почти  как  аä»  /13,4/.  Бұл  дыбыс  қазіргі  орыс  тіліндегі  э 
дыбысына  сәйкес,  қазіргі  қазақ  тілінде  кірме  сөздердің  алғашқы 
позициясында е дыбысының таңбасы қызметін де атқарады. Кейбір 


15
 
жағдайда  төл  сөз  құрамында  орыс  тілді  адамдардың  айтуында 
кездеседі.  Мысалы,  Экибастуз  —  Екібастұз.  Бірақ  соңғы  кезде 
орыс тілінде де Екибастуз түрінде жазылу орын алған, айтылып та 
жүр.  «Ерін  қатысы  жағынан  а-дан  айырмасы  жоқ:  еріннің 
сүйірленбей,  тарылуы  арқылы  дыбысталатындықтан  оны  да  езу 
дыбысы дейміз» /12,229/. Яғни бұл екі фонеманың сөйлеу мүшелері 
қатысы  жағынан  ұқсас  екенін  айта  келе,  басты  айырым  белгісі  — 
тілдің  қатысында  екенін  де  ескеру  қажет.  Егер  а  дыбысы 
айтылғанда  тіл  кейін  жиырылса,  э  дыбысын  айтқанда  алға  қарай 
созылады. 
Академик  В.В.  Радлов  өзінің  «Солтүстік  түркі  тілдерінің 
фонетикасында» екі а және ә дыбыстарын басқаларынан бөле жара 
мейлінше  ашық  дыбыстар  қатарына  жатқызған.  Ғалымның  бұл 
пікірі  кейінгі  түркітанушы  және  қазақ  тілі  мамандары 
П. Мелиоранский, 
А.П. 
Поцелуевский, 
Ә. 
Жүнісбеков, 
Ж. Аралбаев,  С.  Мырзабеков  еңбектерінде  қолдау  тауып  жүр. 
Қазіргі қазақ тілінде дауысты дыбыстарды жақтың қатысына қарай 
көптеген  оқулықтарда  көрсетілгендей  ашық  (а,  ә,  е,  о,  ө)  және 
қысаң (ы, і, ұ, ү, и, у) деп қана бөлу дауыстылардың нақты жақтық 
позициясын  толық  аңғартпауы  салдарынан,  соңғы  кезде  ашық,  (а, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет