Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
ә), жартылай ашық (е, о, ө) және қысаң дауыстылар (ы, і, ұ, ү, и, у
деп  бөлу  тәжірибесі  қолданылып  жүргенін  байқаймыз.  Бұлай 
бөлуге  негіз  болған  да  жоғарыдағы  а  және  ә  дыбысына  қатысты 
пікір десек болады. Шынында да, а және ә дыбысын айтуда төменгі 
жақ  мейлінше  төмен  түсіп,  кең  ашылса,  о,  ө  және  е  дыбыстарын 
айтқанда тарыла түсіп сәл ғана төмендейтінін аңғару қиын емес. 
3) е таңбасы екі дауысты дыбысты бейнелейді. 
а) [Брюкеде е, Сиеверсте е, Лепсиуста е]. 
«Неміс  тіліндегі  «selig,  werden»  сөздеріндегі  е  дыбысына, 
француз  тілінің  é  дыбысына  сәйкес.  Бұл  дыбыс  айтылуда  тіл 
көмейге  қарай  жылжып,  езу  екі  жаққа  сәл  жиырылады»  /11,Х/. 
Сипатталып  отырған  дыбыс  қазіргі  қазақ  тіліндегі  «кел,  кет» 
сөздері  құрамындағы  е  дыбысына  сәйкес  келеді.  «Е  (э)  ауыздың 
(жақтың)  орта  деңгейде  ашылуынан  пайда  болатын  дыбыс.  Яғни 
ауыз  жоғарыдағы  а  немесе  ә  дыбыстарын айтқандай кең  емес, сәл 
ғана  ашылып  (иек  төмен  түсіп)  жасалатын  дыбыс.  Өзінің  жіңішке 
дыбыс  болуымен  ә  дыбысына  жуықтасатындығына  қарамастан 
айырмашылығы  да  жоқ  емес.  Ә  дыбысын  айтқанда  сөйлеу 
мүшелерінің  жымдасуы  тіл  мен  төменгі  денталь  тұсында  болса,  е 
дауысты  дыбысын  айтқанда  тіл  жымдасуы  төменгі  дентальмен 


16
 
солғын  болады  және  тіл  орта  денесі  қатты  таңдайға  жуық 
орналасады» /12,231/. 
В.В.  Радловтың  айтуынша  е  таңбасы  ä  және  і  аралығында 
айтылатын дыбысты бейнелейді. Ол француз тілінің égal сөзіндегі é 
дыбысы, неміс тіліндегі sehen сөзіндегі е дыбысы болып табылады. 
Абақан  татарларында  е  дыбысы  u  дыбысына  жақын.  Ал  қырғыз 
тілінде  е  сөздің  абсалют  басында  іä  тәрізді  айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет