Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
болғанда,  борға,  солар,  торда,  торпақ,  молда,  т.б.  О  дыбысының 
бұл  позицияда  қолданылуы  қазіргі  ұйғыр,  башқұрт,  бурят,  монғол 
тілдерінде  өте  күшті  байқалады.  Мысалы,  олтарди,  болса,  йокап, 
чогдак (ұйғыр), Һоноу, тозлок, соңкор, тойғон (башқұрт), тооһон 
(бурят),  цонгор,  тоосон,  тотго,  жороо  (монғол)  т.б.  Сол  сияқты 
ұйғыр тілі мен қазақ тілінің айырмашылығы ретінде ұйғыр тілінде 
жазба  тілде  алғашқы  буында  о  дыбысы  қолданылғанда,  келесі 
буындарда еріндік у дыбысы жазыла да, айтыла да алатынын айтып 


58
 
кетуге болады. Мысалы, болуп, йоқтур, богуз, толсун, орун. 
Ал башқұрт тілінде бұл еріндік о дыбысы қазір сөз ішінде өзін-
өзі талап ете алатын дыбыс болып табылады. Тіпті жазба тілде де 
алғашқы  буында  еріндік  о  тұрса,  келесі  буында  да  еріндік  о 
қолданылуы  мүмкін.  Мысалы,  тормошмоң,  осоронда,  боронғо, 
ошо, қойроғо, оло т. б. Сол сияқгы қазақ, ұйғыр тілдерінде алғашқы 
буында  о  дауысты  дыбысы  қолданылатын  болса,  башқұрт  тілінде 
бұл позицияда қысаң у дыбысының қолданылуын байқауға болады. 
Мысалы,  болып  =  болуп  =  булуп  /  булуб.  Жалпы  о  дыбысының 
қолданылуы жағынан башқұрт тілі қазақ  тілінен гөрі өзбек  тіліне, 
ал ұйғыр тілі қазақ тіліне жақын болып келеді. Мысалы, 
 
Қазақ тілі  
Ұйғыр тілі 
Башқұрт тілі 
Өзбек тілі  
оқу 
оқуш 
боронғо 
бормок 
болды 
болди 
бойорок 
томоши 
болмыс 
болмиш 
олокло 
боғдор 
болып 
болуп 
пайдо 
пайдо 
Тоқтамыс 
Тохтамис  
Тохтамиш  
Тохтомиш  
молда 
молла 
соңкор 
соңкор 
орын 
орун 
урун 
урун 
болсаң  
болсаң 
бозоу 
озор 
  
Кестеден байқайтынымыз қазақ және ұйғыр тілдерінде алғашқы 
буында  жартылай  ашық  о  қолданылса,  келесі  буында  қысаң 
дыбыстар  қолданылған.  Ал  башқұрт  және  өзбек  тілдерінде  о 
дауысты дыбысынан кейін қысаң дыбыстың қолданылуымен қатар, 
екінші,  тіпті  үшінші  буында  (башқұрт  тілінде)  да  о  дыбысы 
қолданыла алады. Сонымен қатар алғашқы буында ашық а дауысты 
дыбысынан кейін, келесі буында жартылай ашық о еріндік дыбысы 
да  қолданылады.  Бұл  соңғы  қолданыс  қазақ  тілінде  мүлдем 
кездеспейді.  Кірме  сөздерде  кездескенмен  де  айтылуда  қысаң 
дауысты дыбыспен алмастырылады. Мысалы, завод – зауыт, майор 
–  майыр,  самовар  –  самауыр,  галоша  –  гәлөш.  Егер  көне  түркі 
тілдері  материалдарына  сүйенсек  ол  дәуірде  де  «о  дыбысы 
негізінен  бірінші  буындарда  қолданылғанын  көруге  болады. 
Мысалы, оғлын, олур, тоқуз, отуз, йонтумуз»  /28,71/ т. б. 


59
 
б) ашық лабиалды жуан о дауысты дыбысының қысаң лабиалды 
дыбысқа лабиалдық әсері өте әлсіз, тіпті жоқ десе де болады. Келесі 
ашық  лабиалды  ö  палаталь  дыбысы  болса,  бұл  атракцияны  үнемі 
орындап  отырады,  яғни  о-дан  кейін  көпшілік  жағдайда  еш 
ерекшеліксіз,  ауытқусыз  у,  сирек  жағдайда  u  дауысты  дыбысы,  ö 
дыбысынан  кейін  үнемі  ü  дыбысы  қолданылады.  (Барлық  шығыс 
диалектілерде). 
в)  ашық лабиалды дауысты дыбыстың қысаң дауысты дыбысқа 
лабиалдық  әсері  өте  әлсіз  болуы  себепті  олардың  қолданылуында 
ерекшеліктерді  (ауытқуларды)  байқауға  болады,  яғни,  о  және  ö 
дыбыстарынан  кейін  сирек  жағдайда  немесе  тіпті  болмаған 
жағдайда  үнемі  болмаса  да  u  мен  ü  қолданылады.  (Орта  Азия 
диалектілерінде). 
г)  ашық  лабиалды  о  және  ö  дауысты  дыбыстарының  u  және  ü 
дыбыстарына өтуіне байланысты  барлық  өзіндік лабиалдық әсерін 
жоғалтады. (Батыс диалектілерде). 
3. Қысаң лабиалды дауысты дыбыстың қысаң дауысты дыбысқа 
лабиалдық әсері: 
а)  қысаң  лабиалды  дауысты  дыбыстан  кейін  үнемі  дәл  өзіндей 
дауысты дыбыс қолданылады, яғни u-дан кейін үнемі u, ü-ден кейін 
үнемі ü жүреді.  
б) және ü лабиалды дауысты дыбыстардың көмескі түрі болып 
келетін  ө  және  ӫ  дыбыстары  өзінен  кейін  дәл  өзіндей 
дауыстылардың  тұруын  қалайды,  яғни,  ө  -ден  кейін  үнемі  ө 
дыбысы, ӫ -ден кейін үнемі ӫ дыбысы қолданылады. (Бұны, әрине, 
тек.  Волга  диалектісінен  ғана  байқауға  болады).  Ғалым  еңбегінде 
бұл  үндестік  түрі  Қазан  татарларының  диалектісінде  өте  күшті 
байқалады деп көрсетілген. 
Біз  u  және  ü  дыбыстарының  лабиалдық  тартым  күшінің  қазіргі 
қазақ  тілінде  де  өте  күшті  екендігін  байқай  аламыз.  Тілде  егер 
алғашқы  буында  қысаң  u  (ұ)  дауысты  дыбысы  қолданылса,  онда 
келесі екінші буында міндетті түрде  қысаң  u  (ұ),  ал егер алғашқы 
буында  қысаң  ü  (ү)  дауысты  дыбысы  қолданылса,  онда  келесі 
екінші  буында  міндетті  түрде  қысаң  ü  (ү)  дауысты  дыбысы 
айтылады.  Мысалы,  бұзық  [бұзұқ],  ұрын  [ұрұн],  құзғын  [құзғұн], 
құдық  [құдұқ],  күлік  [күлүк],  түндік  [түндүк],  үміт  [үмүт],  үні 
[үнү],  күндіз  [күндүз]  т.б.  ал  жазба  тілде  бұл  заңдылықтан 
ауытқулар ұшырасады. 
«г)  қысаң  лабиалды  дауысты  дыбыстан  кейін  негізінен  дәл 


60
 
сондай қысаң лабиал дауысты қолданылады, яғни, u-дан кейін тек 
дыбысы  (негізінен  u),  сирек  жағдайда  у,  ü-ден  кейін  көпшілік 
жағдайда  ü,  сирек  жағдайда  і  дыбысы  қолданылады.  (Шығыс 
диалектілерде).  Қазақ  тіліндегі  u  және  ü  қысаң  дауысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет