Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


а выговаривается очень полно и энергично как южно-немецкое а»



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
а выговаривается очень полно и энергично как южно-немецкое а» 
/13,5/. 
«Қазақ  тіліндегі  а  қырғыз  тіліндегі  а  фонемасына  қарағанда 
айқынырақ  естіледі.  Мұның  басты  себебі  –  қырғыз  тілінде  а 
фонемасындай  корреляциясы  (сыңары)  жоқ.  Қазақ  тілінде  негізгі 
морфемада (түбір сөзде) а фонемасы кейде ә-мен ауысып отырады» 
/12,229/. 
Н.А. Баскаков қазақ тілінде а дауысты дыбысы артикуляциялық 
жағынан 
өзгеріске 
ұшыраған 
дыбыс 
деп 
қарастырады. 
Оның айтуынша  «ХХ  ғасырдың  40  жылдарына  дейін  а  дыбысы 
мейлінше тіл арты дыбысы болған, кейін орыс тілінің әсерінен сәл 
тілдің  алға  қарай  жылжуы  арқылы  айтылатын  дыбыс  болып 
қалыптасқан.  «А дыбысының  айтылуындағы  бұл  өзгеріс  газета 
тәрізді  орыс  тілді  сөздердің  әсерінен  болса  керек»  /14,19/. 
Шынында  да,  егер  қазақтың  қалды  деген  сөзіндегі  а  дыбысы  мен 
«газета»  сөзіндегі  а  дыбысын  салыстырсақ,  алғашқысында  а 
дыбысының  позициясы  неғұрлым  тіл  арты  екенін  аңғару  қиын 
емес.  Ал  «газета»  сөзінде  а  дыбысының  палатализацияланып 
айтылуында  сөйлеу  мүшелері  ә  дыбысын  айтқандағы  позицияға 
жақын тұрған тәрізді болып келеді. 
В.В.  Радлов  еңбегіндегі  дауысты  дыбыстардың  физиологиялық 
сипатына К.Құсайынов: «Сопоставляя  эти описания и  параллели с 
результатами  современных  экспериментальных  исследований  по 
фонетике,  можно  обнаружить,  с  какой  точностью  В.В.  Радлов 
определяет  акустика-артикуляторные  особенности  некоторых 
гласных  казахского языка  –  дей  келе отырып,  а  дыбысының қазақ 
және  орыс  тіліндегі  ерекшелігі  жайында  –  экспериментальное 
описание этих гласных выявляет между ними лишь незначительное 
расхождение: казахский гласный а несколько менее компактен, чем 
русский а в приведенном слове (әңгіме В. Радловтың мысал ретінде 
алып  отырған  «так»  сөзі  туралы  болып  отыр)»  /15,69/  -  дегенді 
айтады. 
2) ä. Бұл таңба арқылы ғалым екі дыбыс реңкін белгілеген. 
а) ä [Брюкеде а, Сиеверсте &, Лепсиуста а ]. 


13
 
Оңтүстік Германиядағы немістер тіліндегі ä дауысты дыбысына, 
француз  тіліндегі  ê  дыбысына,  ағылшын  тілінің  «fat,  man» 
сөздеріндегі  а  дыбысына  айтылуы  жуық  келеді.  «Көмей 
резонаторының кең ашылуы мен тіл ұшының сәл көтерілуі арқылы 
дыбысталады»  /11,IX/.  Бұл  дыбыс  қазіргі  қазақ  тіліндегі  ә 
дыбысына  сай,  таза  дыбыс  сипаттамасы  деп  айту  қиынырақ. 
Келтірілген  мысалдардың  өзінде  ала-құлалық  байқалады.  Неміс 
тіліндегі  ä  дыбысы  қазақ  тілінің  ә  дыбысына  сай  келсе,  Мысалы, 
näturlich  [нәтүурлиш]  кейде  э  мен  ә  ортасында  айтылып  ә 
дыбысынан гөрі э дыбысына жуық болып естіледі. Мысалы, hände 
[хэнде], färbung [фэрбунг]. Бұл ә дыбысы қазақ тілінде бергі кезде 
орта  ғасырларда  пайда  болған  дыбыс.  Оған  дейінгі  жазба 
ескерткіштерде 
бұндай 
дыбыстың 
болмағандығы 
жайлы 
Ә. Құрышжанов,  М.  Томанов,  Ж.  Аралбаев  еңбектерінде  де 
айтылып кеткен. Бұл пікірді мақұлдаған Н. Баскаков та: «Мнение о 
том,  что  фонема  ә  в  казахском  языке  возникла  сравнительно 
поздно,  не  вызывает  возражения,  ә  возникла  из  а.  Ранше  для 
казахского языка не было характерно сочетание гласных переднего 
и заднего ряда, так же как палатализованных и непалатализованных 
согласных,  что  теперь  иногда  нарушается»  /56.84/.  Қазіргі  кездегі 
түркі  тілдерінің  көпшілігінде  ә  дербес  өзіндік  сапалы  дыбыс 
ретінде  қолданылып  жүрсе,  кейбіреулерінде  дербес  сапаға  ие 
болмаған  дыбыс  болып  табылады.  Қазіргі  қазақ  тілінде  бұл 
фонеманың  өзге  дауыстылармен  салыстырғанда  қолданылуының 
мөлшері  және  қолданылып  жүрген  сөздердің  деніне  қарағанда 
(негізінен  шығыс  тілдерден  енген  сөздерде  кездеседі)  жоғарыдағы 
пікірдің  дұрыстығында  күмән  болмаса  керек.  Мысалы,  күнә,  әдіс, 
әдіс, кәпір, жәбір тағы басқа кірме сөздерде кездескенде негізінен 
қолданылу аясы тек бірінші буынмен ғана шектеледі. Кейбір бірен-
саран сөздерде ғана соңғы буында қолданылуын байқауға болады. 
Қазақ  тілінің  1974  жылы  жарық  көрген  түсіндірме  сөздігінің 
І томы  мағлұматтарына  сүйенсек,  тілде  ә  дыбысына  басталатын 
870 атау сөз бар. Бұлардың ішінде тек екі әзәзіл (586 б) және әйбәт 
(590  б)  деген  сөздерде  ғана  ә  дыбысы  екінші  буындарда 
қолданылған.  Сол сияқты  екінші  және  үшінші  буындарда 
ә дыбысының  қолданылуына  куә,  күмән,  күнәмшіл,  кінәрат, 
мәрмәр,  мінәсәр  (жарасымды  деген  мағынада),  нәмәрт  (тексіз 
деген мағынада) сөздерін де келтіруге болады. 
Кейбір  тілдік  тұжырымдарға  сүйенсек  (М.  Томанов.  Қазақ  тілі 


14
 
тарихи  грамматикасы.)  ә  дыбысы  алғашқыда  жуан  а  дыбысының 
жіңішке  сыңары  ретінде  қалыптасып  бірте-бірте  дербес  жіңішке, 
езулік  фонемаға  айналған.  Мысал  ретінде,  қазақ  тілінде  кірме 
сөздердің  құрамында  а  дыбысының  кей  жағдайда  ә  болып 
айтылуын  келтіруге  болады.  Мысалы,  қадірлі  айтылуында  кәдірлі 
(Қазақстанның  солтүстік-шығыс  өңірінде  қәдірлі  тұлғасында  да 
кездеседі),  қасиет  айтылуында  кәсиет,  қәсиет,  қазір  сөзі  
айтылуында  кәзір,  қазыр,  т,  б.  А  және  ә  дыбыстарының  алмасуы 
осы  күнгі  Еділ  бойының  қазақтары  тілінде  ауызекі  сөйлеу  тілінде 
де  ұшырысады.  Бұл  тұжырымды  растай  түсу  үшін  келесі  бір 
пікірлерді  ұсынып  көрейік:  «әдеби  тілдегі  жуан  дауысты  «а» 
дыбысының орнына бірқатар сөздердің бірінші буынында жіңішке 
«ә» дыбысы қолданылады. Осының нәтижесінде әдеби тілдегі жуан 
айтылатын  сөздер  жіңішке  естіледі:  тәуісу  (тауысы  орнына), 
әріздену (арыздану),   шәбу (шабу), жәмән (жаман),  кәбәр  (қабыр) 
т.б.» /55,17/.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет