Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


ұ  дыбысы  естіліп  протеза  құбылысын  құрайды.  Мысалы,  уақыт  (ұуақыт),  уақ  (ұуақ),  уыс  ұуұс)  т.б.  ал  егер  де  у



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
ұ  дыбысы  естіліп  протеза  құбылысын  құрайды.  Мысалы,  уақыт 
(ұуақыт),  уақ  (ұуақ),  уыс  ұуұс)  т.б.  ал  егер  де  у  дыбысын  бұл 
қалыптарда  дауысты  дыбыс  ретінде  қабылдайтын  болсақ,  онда 
бізге  қазақ  тілінде  дифтонгтан  басқа  трифтонг  бар  дегенді 
де мойындауымызға тура келеді. 
Ғалым  лабиалды  дифтонг  мәселесіне  келгенде  дифтонгтың 
бұл түрінің  түркі  тілдерінде  төртеу  au,  äü,  ou,  öü  екенін  айта 
отырып  былай  дейді:  «бұлардың  ішінде  ең  созылыңқысы  және 
барлық  батыс  диалектілерде  жиі  кездесетіні  au  дифтонгісі. 
Ол Қырғыз  және  Ертіс  пен  Волга  диалектілерінде  кездеседі. 
Мысалы,  tau  (тау)  =  tag,  tū,  tō;  auł  (ауыл)  =  agył,  aił,  āł;  sausqan 
(сауысқан) = sañysqan; aury (ауру) = aγry; aur (ауыр) = aγyr, ūr; bau 
(бау) =bag.  
Äü  дифтонгі  тек  қана  Тара-татар,  Қуарық  диалектілерінде  ғана 
жиі кездеседі. Мысалы, äüł (ауыл) = auł; säün (қуан) = sǖn, säwĭn; 
jäüšä  (бүгу);  käürĭk  =  quiruq,  qūrŭq.  Сирек  болса  да  äü  дифтонгісі 
Волга  диалектісінде  ұшырасатынын  айта  кетуіміз  қажет.  Мысалы, 
däü  (дәу,  үлкен);  käüč  (кебіс);  täülik  (тәулік).  Бұдан  басқа  Қырғыз 
тілінде: säükälä (сәукеле); däü (дәу); däüt (дәуіт, сыя) = وﺩ١ﺓБараба 
диалектісінде:  täüdĭr  (тию)  =  tagdir,  tidĭr;  täübä  (тәуба)  =  ﺓﭙﻘذ.  Ou 
дифтонгі  өте  сирек  кездеседі.  Қырғыз  тілінде  тек  кірме  сөздерде 
ғана. Мысалы, touba (тәубе) арабтың ﺓﭙﻘذ сөзінен. Тара-татар тілінде 
түркі сөздерінде: tou (туу) = tuγ, toγ; sousan (бақыт); sousar (суыр).  
Öü  дифтонгісін  мен  тек  қырғыз  тілінде  ғана  кездестірдім. 
Мысалы, döürön (дәурен); töür (тәуір); törtöü (төртеу). Сол сияқты 
кірме  сөздерде  де,  мысалы,  döülöt  (дәулет)  =  араб  тілінің  ﺓﻠﯗﭡ  сөзі. 
Бұл  лабиал  дифтонгтарда  екпін  үнемі  алғашқы  дауыстыға  түседі. 
Өзінің  алғашқы  элементі  ашық  дауысты  дыбыстың  болуы  бұл 
дифтонгтардың  дауыстылар  үндестігі  заңы  ішінде  қалай 
айқындалатынын  көрсетеді»  /11.19-20/.  Яғни  ғалымның  айтайын 
дегені  дифтонгтың  алғашқы  дауысты  дыбысы  қандай  болса, 
үндестік  заңы  да  солай  бейімделетіндігі  еді.  Дифтонгтардың 
үшінші  бір  тобы  «қысaң  немесе  I-дифтонгі.  «Әр  түрлі  дауысты 
дыбысқа  өте  қысқа  айтылатын  ǐ  дыбысының  қосылуынан 
жасалады.  Алғашқы  дыбысқа  не  созылыңқы,  не  қысқа  дыбыс  та 
болуы  мүмкін  іі  дифтонгісі  барлық  диалектілерде  ī-ге  тұтасады. 


97
 
Кейбір  диалектілерде  уі  жиі  жағдайда  ī-ге  бірігеді,  мысалы,  Волга 
диалектісінде.  Мен  келесі  дифтонгтарды  жинақтап,  мысалдар 
арқылы көрсеттім: 
аі - аі (ай); bаі (бай); tаіγа (тайга); аłаіп (алайын). 
ại - tөrạіп (тұрайын). Қазан. 
äі - bäіlа (байла). Қазан; äіt (айт). Қазан; kіräіп (кірейін). 
еі - kеіп (кейін). Қырғыз. 
äі- kөläіп (күлейін). Қырғыз. 
оі-оіп (ойын); qоі (қой); роіlо (бойла). Алтай. 
öі-  öі  (үй).  тараншы;  köіlöк  (көйлек).  Қырғыз;  кöіdür  (күйдір). 
Абақан. 
uiиі (сиыр). алтай; tиі (той). қазақ; иіqtа (ұйықта). Алтай. 
üі- üіböп (егеу). Қырғыз; küidür (күйдір). Қырғыз. 
өі- qөіrөq (құйрық). Қазан. 
ӫ
і - 
ӫ
s
ӫ
і (қатып тұрғандай). Қазан. 
уі - qуіп (қиын). Қырғыз; qуітиq (қимыл). Алтай.  
Қысаң  дифтонгтар  барлық  түркі  тілдерінде  кездеседі. 
Якут тіліндегі  айтылатын  қысаң  дифтонгтар  көпшілік  жағдайда 
түркі тілдерінің дифтонгтарына сай келеді, мысалы, кыіна (қина) = 
qуіпа;  таі  (тай)  =  tаі;  (Алтай);  моі  (мойын)  =  тоіп. 
Дауыстылардың 
үндесу 
зандылығына 
қысаң 
дифтонгтар 
құрамындағы алғашқы дауыстының қалпына қарай қатысты болып 
келеді. 
Жай  дауысты  дыбыстар  мен  дифтонгтар  арасындағы  қатарға 
шолу: 
а, иа, ои, аі - дан кейін а, у, (ы), аі, уі, аи, іа қолданылады. 
ä, iä, üä, äü, äі - ден кейін  ä, ǐ,  ü, äі, äü, іä қолданылады. 
о, ои, оі -дан кейін (о), (а), и , (у), (оі), (оі), ои қолданылады. 
ö, öü, üö, öi  - ден кейін ö, (ä), äі, (öі), ü, (ǐ), üі, äü қолданылады. 
и, иі - дан кейін а, аі, и, (у), иі, уі, аи қолданылады. 
ü, üі -ден кейін ä, (ö), äі, (öі), ü, (ǐ), üі, äü қолданылады. 
у, уі -дан кейін  а, у, аі, уі, аи  қолданылады. 
ө, өі -дан кейін ө, өі, ą, ąі, аи қолданылады. 
ӫ

ӫ
 -ден кейін 
ӫ

ӫ
і, ä, äі, äü қолданылады. 
Жақша  ішінде  көрсетілген  дифтонгтар  тек  кейбір  диалектілерде 
кездеседі» /11.21/. 
Дифтонг  мәселесімен  қатар  ғалым  еңбегінде  түркі  тілдерінде 
трифтонг  мәселесін  қозғаған.  Трифтонг  гректің  trірhtопgеs  -  «үш 
дауысты  дыбыстан  тұратын  мүше»  деген  сөзінен  жасалған 


98
 
лингвистикалық  термині.  «Трифтонг  -  бір  буынды  құрайтын  үш 
элементтен  құралған  күрделі  дауысты  дыбыстар  тіркесімі. 
Ол дифтонг бар тілдерде кездеседі. Трифтонг ұзақтығы дифтонгпен 
шамалас келеді» /37,226/. 
Трифтонгтар  түркі  тілдерінде  өте  сирек  кездесетін  құбылыс. 
Бұл құбылыста  үш  дауысты  дыбыстың  тіркесі  кездесетін  болса, 
онда  олар  екі  буынға  бөлінеді,  немесе  екі  дауысты  дыбыс  болып 
оқылады.  Оларды  тек  кейбір  санаулы  сөздерде  ғана  кездестіруге 
болады.  Ал  үш  дауысты  дыбыстың  сөз  құрамында  қолданылуы 
қазақ  тілінің  ішкі  фонетикалық  зандылығына  қайшы  болуын 
ескерсек,  тілімізде  бұл  құбылыстың  жоқтығына  да  күмәніміз 
болмаса  керек.  Алайда  В.В.  Радлов  бұл  дыбыстардың  ерекше 
тіркесімін  өз  еңбегін  де  сипаттай  отырып  былай  дейді: 
«Трифтонгтар  түркі  тілінің  дыбыстық  құбылысына  жатады.  Бұнда 
жалпы  үш  дауысты  дыбыс  тіркесіп,  екі  буынға  бөлініп  айтылады. 
Трифтонгтар Тара-татар диалектісінде кейбір сөздерде және Қазақ-
қырғыз  тілінде  кездеседі.  Атап  айтсақ,  Қазақ-қырғыз  тілінде:  иаі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет