99
К. Хұсайыновтың пікірінше: «основная неточность В.В. Радлова
при выделении дифтонгов и трифтонгов казахского языка состоит в
том, что он не замечает консонантно-разделительного характера
сонантов
j и
w вследствие чего среди материалов ученого часто
можно встретить и сочетание двух несомненых, не существующих
в
казахском языке» /15,87/.
Егер соңғы көзқарастарға жүгінсек қазақ тілінде, соның ішінде
байырғы қазақ сөздері құрамында
и және
у тәрізді дауысты
дыбыстар жоқ. Сол себепті де үш дауысты дыбыс түгел, екі
дауыстының тіркесін де қазақ тілінде бөле жара сөз ішінен көрсету
мүмкіндігі жоқ. Ал
у мен
и дыбыстары тіркесіп келетін
а, ы, ә, е
дыбыстарының
ау, иы (қиын).
әу, ие қосындылары дифтонгтан
гөрі «
жалған дифтонг«» деген терминге лайық тәрізді. Егер де
и
мен
у дауысты дыбыс ретінде қарастырылатын болса, (80 жылдарға
дейін солай деп қарастырылып келген) онда қазақ тілінің
фонетикалық екі үлкен зандылығына қайшы келер еді. Яғни, сөз
құрамында екі дауысты дыбыс қатар тұрып, сөз ішінде дауыстыға
басталатын буын түрі болар еді. Осы жай С. Мырзабеков
оқулығында кеңінен талданып, әбден түсіндірілген болатын.
Сондықтан В. Радловтың дифтонгті дыбысқа келтірген
уат, уан,
қуан, жуан, дуадақ, жуас сөздері, трифтонгқа келтірген
әуес, сүйеу
тағы басқа сөздері қазақ тілінде бұндай құбылыстың бар екендігін
дәлелдей алмаса керек. Оны жоғарыда ғалым келтірген сөздерге
транскрипция жасау арқылы көз жеткізуге болады, мысалы,
уат
[ұуат], уан [ұуан], қуан [құуан], жуан [жұуан] т.басқалары.
Қорыта айтатын болсақ, сөздің шын мәнісіндегі дыбысталу
мүмкіндігін қалпына келтіру нәтижесінде байырғы тілде тіпті де
дифтонг жоқ деуге әбден болатын тәрізді.
Олай деуіміздің екі басты
себебі бар. Біріншіден, В.Радлов кейбір өз мысалдарында өз пікірін
жоққа шығарғысы келген тәрізді болып көрінеді. Ол қырғыз-қазақ
тілінде
е әрпі
йе болып айтылады деп ескертеді және дифтонгтарға
ğіек (жиек), ğіеп (жиен), biе (бие), šіе (шие) сөздерін алады. Егер
ғалымның өз пікірлерін негізге алсақ жоғарыдағы сөздер
жійек,
жійен, бійе, шійе болып айтылмай ма? Екіншіден, өзінен кейінгі
ғалымдар сияқты В.В. Радлов та мысалдарының көпшілігін түркі
тілдеріне араб, парсы тілдерінен енген сөздерден алғандығының өзі
де бұл екі құбылыстың қазақ тілі үшін жат екендігін дәлелдей
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: