Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет6/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
мотивациялық 
(тұлғаның 
құндылықтық 
бағдарлары, 
қажеттіктері мен сұраныстары); əрекеттік (игерілген əрекет түрлері мен 
амалдары); танымдық (іс–əрекет барысында бағыт беруді қамтамасыз ететін 
білімі) деп ажыратуға болады. Мотивациялық ресурстары дамуының 
көрсеткіштері - оқушының тұлғалық сапалары, əрекеттік ресурстары 
дамуының көрсеткіштері – метапəндік (құзыреттілік) нəтижелері, ал 
танымдық ресурстар дамуының көрсеткіштері - пəндік нəтижелері деп 
қарастырады. Тұлғалық нəтижелер – оқушылардың білім беру үрдісінде 
қалыптасқан құндылықтар жүйесі, олар оқушының өзіне, өз біліміне сыни 


8
көзқарасы, оқытудағы өз ролін бағалауы, танымдық зеректігі, т.б. анықтайды. 
Метапəндік нəтижелерді классификациялаудың бірнеше түрлері бар, білім 
алушының ізденушілік мəдениеті: жалпы оқу мəдениеті, ақпартпен жұмыс 
істеу мəдениеті, зерттеу жүргізу мəдениеті; жобалау мəдениеті: оған жобалау 
əрекетінің алгоритмін білу, жобалау жəне оны жүзеге асыра алу мəдениеті 
жатады; коммуникативтік мəдениет: өз пікірін білдіре алу, өзгелерді тыңдай 
алу, дискуссия жасай білу, конфликттерді шеше білу, бағалай білу жатады. 
Пəндік 
білім 
нəтижелері 
құрылымының 
компоненттері 
ретінде 
алынатындар: фактілер мен нақты мəліметтер;тірек ұғымдар; себеп– 
салдарлық байланыстар; заңдар мен заңдылықтар; ережелер мен қағидалар; 
идеялар мен теориялар; əдістер; мəдениеттанымдық мағлұматтар, 
құндылықтар мен дəстүрлер; проблемелар мен гипотезалар.Сонымен, пəндік 
нəтижелер– білім алушылардың оқылатын жеке пəндер деңгейінде игеретін 
əлеуметтік тəжірибенің нақты элементтері болып табылады. 
Оқушының проблемаларды өз бетімен шешу қабілеттерін дамытуда 
аталған тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерін біріктіретін 
интергативтік нəтижелердің маңызы зор. Білім берудегі интегративтік 
нəтиже білім алушының білімділік деңгейін көрсетеді. 
Білімділік – тұлғаның игерілген əлеуметтік тəжірибесін пайдалана 
отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін 
көрсететін жалпы білім нəтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге 
қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар:
Сауаттылық–оқу 
əрекетіндегі 
проблемаларды 
шеше 
алу 
қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей 
өз əрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– 
қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды
Функционалдық сауаттылық – қоғамдық ортадағы əлеуметтік рөлдерді 
(оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар 
арасындағы, қызмет бабындағы рөлдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын 
шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. 
Кұзіреттілік – өмірлік жəне кəсіби жолын таңдаудағы проблемаларды 
шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі.
Білім берудің жаңа нəтижелеріне жету – ол білім нəтижелерінің жаңа 
компоненттері тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерді меңгеру 
негізінде жүзеге асырылады. Білім нəтижелері білім беру мақсатын 
айқындайды, М.Фулланның айтуынша «білім берудің нəтижеге бағытталған 
мақсатын нақты белгілеу арқылы оқыту мен бағалау үрдістеріне мақсатқа қол 
жеткізетін өзгерістер енгізуге болады».
ХХІ ғасырдың басынан бастап білім нəтижелерінің əлеуметтендіріле 
бастағаны байқалады. Егер, əлеуметтендіру үрдісін адамның өмірде 
кездесетін сан алуан проблемаларды шешуге қабілеттілігін дамыту деп 
қарастырсақ, бұл жағдайда білім беру мəні білім алушылардың əлеуметтік 
тəжірибесін, өз мүмкіндіктерін пайдалану негізінде проблемаларды шешуге 
қабілеттілігін арнайы дамыту болып табылады. 


9
Жаңа білім парадигмалары жалпы білім беретін мектептерде білімнің 
жаңа мақсатын, міндеттерін, басымдылықтарын, келесі құндылықтарын: 
көпжылдық тарихы мен ұлттық тағылым, салт- дəстүрлер; педагогикалық 
шеберлік пен кəсібилікке негізделген білім бағдарламаларының сапасы; 
мектептегі қолайлы жағдай мен ұстаз беделінің кепілі болып табылатын білім 
беру жүйесінің мəдениеті; мектептің тұрақты дамуы, стратегиялық даму 
басымдықтары негізінде анықтайды. Бəсекелестік қағидасын басшылыққа 
ала отырып, мектептің Стратегиясында келесі бес басымдық анықталған: 
инновациялар, тұрақты даму, көптілділік, аймақтық инновациялық жүйеге 
ену жəне кəсіпкерлік ойлау, бұл оқу орнын сапалы өзгерту бағытындағы 
негізгі бағдар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет