Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы



Pdf көрінісі
бет7/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы. 
Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы 
жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр.Менеджменттің теориясы мен 
практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін) Алғашқы 
қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, 
басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан 
өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды. 
Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп 
сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі 
«үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару 
өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік 
басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын 
анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні 
жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын 
əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философ-
басқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр 
Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын 
дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір Əл-
Фарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға
жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген. 
Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен 
əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. 
Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта 
жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы 
басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты 
басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі 
моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды 
басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын 
адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып 
табылады деген тұжырым айтты.[3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет