Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Басқарудың либералдық стилі



Pdf көрінісі
бет75/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Басқарудың либералдық стилі ұжымды басқаруда басшының 
белсенділік танытпауымен сипатталады. Мұндай басшы «ағыспен жүзеді», 
жоғарыдан нұсқау күтеді немесе ұжымның ықпалына түседі. Тəуекел жасауға 
бармайды, «бас сұқпайды», шиеленіскен дау – дамайларды шешуге 
ұмтылмайды, өзінің жеке жауапкершілігін азайтуға тырысады. Жұмысты 
шашыратып жібереді. Ол жұмысты сирек бақылайды.Басшы ағыммен жүреді, 
жоғары жақтан бұйырықты күтеді немесе ұжымның ықпалына ұшырайды. 
Тəуекелге бой алдырмайды, өзінің басшылық жауапкершілігін сезінбейді. 
Жұмысты анда-санда бір бақылап, тексереді, өз бетімен, шығармашылықпен 
еңбек ететін адамдарға сүйенеді.[18] Басқарудың бұл стилі қызметкерлері 
дербестік жəне шығармашылығымен ерекшеленетін ұжымға қолайлы болып 
табылады. 
«Жақсы» немесе «жаман» басқару стильдері болмайды. Нақты 
жағдайлар, қызмет түрлері, бағыныштылардың жеке ерекшеліктері жəне басқа 
да факторлар əр стильдің жəне басшылықта басым стильдердің оңтайлы 
арасалмағын анықтайды. Ұжымдардағы басқару тəжірибелерін зерттеу 
көрсеткеніндей, іскер басшы жұмысында жоғарыда аталған басқарудың үш 
стилі белгілі бір деңгейде кездеседі. Басқарудың əкімшілік əдістері 
авторитарлық стилге тəн болса, əлеуметтік-психологиялық əдістері 


112
демократиялық стилге, либералдық стилде басқару əдістерін таңдауда жүйенің 
жоқтығын танытады.[19] 
Басқару стилін бөліп қарау себептері жыныстық сипаттамаларға емес
тұлғалық ерекшелік пен темпераментке байланысты. Табысты топ - 
менеджерлер – ер адам, əйел де – тек бір басқару стилін негізге алмайды. 
Əдетте олар интуитивті немесе саналы түрде басқару стратегиясының алуан 
түрін біріктіреді.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Кəсіби этикаға анықтама беріңіз. 
2. Басқару этикасының қағидалары басшыны неге міндеттейді? 
3. Менеджерге қажетті басқару этикасы ережелері қандай? 
4. Басқарудың қандай стилдері бар? 
5. Басқарудың демокартиялық стилі қандай қарым-қатынастарға 
құрылған? 
6. Басқарудың авторитарлық стилін ұстанатын басшының əрекеті қандай 
болады деп санайсыз? 
7. Либералдық стилдегі басшының негізгі рөлі қандай? 
8. Басшылық стилін таңдағанда қандай факторлар ескерілуі керек? 
9. Басшының жекелеген қасиеттерінің басқару стиліне əсері бар ма? 
Болса қалай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет