Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет91/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Басшы имиджі- басшының сырт келбетін, өзі басқаратын топтың 
өкiлдiк функциясын орындау деңгейін, сөз мəдениеті, мəнерін бейнелейді.
Бихевиоризм - адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап 
ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория. 
Делегирлеу - белгілі бір ұйымдық мақсаттарға қол жеткізу үшін 
басшылардың функцияларын басқа басшыларға немесе қызметкерлерге беру 
процесі. 
Диагностика- (грекше diagnostikos - тануға қабілетті) - мақсатты 
зерттеуде, алынған нəтижелерді түсіндіріп, қорытынды (диагноз) түрінде 
жалпылама сипаттайтын адамның қасиеттерін, сипаттамаларын жəне жай-
күйін тану жəне бағалау үдерісі. Диагностика адам қызметінің басқа 
бағыттарын бағалау үшін қолданылады.
Жоспарлау– белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті 
ресурстарды тиімді бөлу, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар кешені 
тізбесі, ұжым мүшелерінің жалпы мақсаттарға жету үшін күш-жігерлерін бір 
бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді. 
Инновация - 
нарық талап ететін процестердің немесе өнімдердің, 
жүйенің тиімділігін сапалы арттыруды қамтамасыз ететін жаңашылдықты 
енгізу. 
Консенсус -
шешімдер қабылдау кезінде қақтығыстарды шешу əдісі, 
егер мүдделі тараптардың басым көпшілігіне негізгі қарсылық болмаса 
ортақ, 
біріккен келісімге келу.
Коучинг – (ағылш.coaching)– тəлім ету, дайындау, жаттықтыру, 
коучтың (бағыттаушы адам, тəлімгер) көмегі арқылы кəсіби мақсаттарға қол 
жеткізуді жүзеге асыратын тренинг əдісі, ашық сұрақтарға негізделген 
диалог.


136
Коммуникация- ақпараттың субьектіден субьектіге берілуі. 
Көшбасшы (ағылш «leader» – жүргізуші, бірінші, алдыға жүруші) – 
команданың немесе топтың беделді, белсенді мүшесі, ол топтық мақсатқа 
жетуді анықтап, ұйымдастыратын, өзі алдыда жүретін жəне басқаларды 
артына ерте білетін адам.
Көшбасшылық - тиімді басшылықтың маңызды компоненті, 
басқарудың əртүрлі көздерін неғұрлым тиімді үйлестіруге негізделген жəне 
ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдарды ынталандыруға бағытталған 
басқарудың ерекше түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет