Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Бірлескен жұмыс топтары (жобалау топтары, жоспарлау топтары)



Pdf көрінісі
бет88/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Бірлескен жұмыс топтары (жобалау топтары, жоспарлау топтары) 
Зерттеу мұғалімдердің кəсіби қоғамдастығының негізгі қағидаттарының бірі. Негізгі 
идея-тəжірибеге негізделген зерттеу- фактілер жəне деректер арқылы басқарылатын 
оқу. Қауымдастық ішіндегі зерттеуге бірлескен жұмыс тəсілдерін əзірлеу жатады. 
Бірлескен жұмыс арқылы жаңа білімді бірлесе құруға қатысатын қоғамдастықтарда 
зерттеу жобалары мектептер арасында инновациялық педагогикалық 
əдістемелерді таратудың жиі қолданылатын тəсілдері болып табылады (Church et al, 
2006).[49,33] Бірлескен зерттеулер оқыту тəжірибесін алмасудың тиімді құралы. 
Бірлескен жұмыс топтары бірлескен жұмыс пен оқыту əдістемелерін бірлесіп 
əзірлеу жолдарын ұсынады. Басшылық етуші топтар негізгі қызметті бағыттайды, 
жоспарлайды, басқарады, бақылайды, ресурстарды бөледі, мүдделі адамдарды 
тартады. Олар мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері болуы мүмкін. 
Үйлестіруші топтар, қауымдастықтың əртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті 
реттейді. Қауымдастық ішіндегі іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды. 
Үйлестіруші топтың басшылығында мектептің ІІ, ІІІ деңгей бойынша 
сертификатталған мұғалімдері болады. Дамытушы топтар, оқыту мен оқу үрдісін 
жетілдіруді жүзеге асырады. Оқу бағдарламаларын əзірлейді, жаңа стратегиялардың 
қабылдануына қолдау көрсетеді. [33,51] Кəсіби қоғамдастық жұмысына тəуелсіз 
сарапшылар болады, олар қоғамдастық көшбасшыларына кеңес береді, кəсіби 
қоғамдастық ішінде жүргізілген зерттеулердің, ғылыми жобалардың бірізділігін 
(əсіресе жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық) қамтамасыз етеді, жаңа идеялар 
мен білімге қолдау көрсетеді.[50,104]
Кəсіби қоғамдастық ішінде жүретін оқытудың барлық түрлері қоғамдастыққа 
қатыстырылған барлық мектептердің «атынан» іске асырылуы тиіс. [49,32] Қазіргі 


130
жаһандану заманы талаптары мұғалімдерден бірлескен жұмысты, жаңа ойлармен 
алмасуды оқыту ықпалын күшейтуді, мұғалімнің кəсіби дамуын жүйелі түрде 
дамытып, жетілдіріп отыруды талап етеді. Кəсіби желілік қауымдастық жұмысы 
мұғалімнің кəсіби қызметін жаңа арнаға бұру, кəсіби ізденіс пен шығармашылық 
өсуге бастау көзі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет