5. Пәннің мақсаты Модульдің/пәннің мақсаты білім алушыларда адамдардың жұқпалы және жұқпалы емес патологияларындағы микроорганизмдердің рөлі, шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктері мен экологиясы, клиникалық диагнозды дәлелдеудегі микробиологиялық әдістердің мүмкіндігі, антимикробтық емдеу және жұқпалы процестердің арнайы сақтандыруы туралы заманауи білім принциптерін қалыптастыру; иммундық жүйенің дені сау организмнің тіршілігіндегі және иммундық патологиялық процестердің дамуындағы маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру, студенттерде ғылыми және медициналық ойлау қызметін дамытуға ықпал ету, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету.
6. Оқытудың соңғы нәтижелері А. Білу және түсіну: ЖБК -1, ЖБК -2 микроорганизмдердің негізгі биологиялық қасиеттерін (морфологиялық, физиологиялық, антигендік);
адам организмінің қалыпты микрофлора өкілдерін;
организмнің бейспецификалық және спецификалық антимикробтық қорғаныс факторлары;
жұқпалы иммунология және аллергология негіздерін;
адамның кең таралған жұқпалы ауруларының патогенезі, микробиологиялық диагноз қоюдың әдістері мен принциптерін;
асептика, антисептика, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық негіздерін.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу: ЖБК -1, ЖБК -2, ПК-2 микробиологиялық зертханаларда техника қауіпсіздігі және эпидемияға қарсы талаптар ережесін қолдануда;
емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлер мен емделушілердің жұқпалылық қауіпсіздік ережелерін сақтауда;
микробиологиялық зерттеулер үшін емделушілерден материал алуда;
патологиялық материалдардан (ірің, нәжіс, қан және т.б.) микроскопиялық препараттар дайындауда және иммерсиялық жүйемен сәулелі микроскопта қарауда;
бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдылығын, биосубстраттарда антибиотиктердің концентрациясын анықтауда;