№
|
Практикалық сабақтың тақырыптары
|
Тақырыптың негізгі сұрақтары
|
Өткізу түрі
|
Сағат
саны
|
1
|
Бактериологиялық зертхана құрылысы. Жұмыс істеу ережелері. Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйеленуі. Бактериялардың морфологиясы.
|
Микробиологиялық зертхананың жабдықтары, жұмыс орнын ұйымдастыру. Микробиологиялық зертхананың жұмыс ережесі. Микроб туралы түсінік. Микроорганизмдердің жүйеленуі, жіктелуі және таксономиясы туралы түсінік. Прокариоттар мен эукариоттардың негізгі айырмашылықтары. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық зерттеу әдісі. Бекітілген жағынды дайындау техникасы. Бактериялардың күрделі бояу әдістері. Грам әдісімен бояудың техникасы мен механизмі. Ожешко бойынша спораларды бояу. Нейссер бойынша волютин дәндерін бояу. Капсуланы Бурри-Гинс әдісімен бояу. Нейссер бойынша бояу. Қышқылға тұрақты бактериялар. Циль-Нильсен бойынша бояу. Бактерия жасушасының тұрақты және тұрақсыз құрылымдары: нуклеоид, цитоплазма, ЦПМ, жасуша қабырғасы. спора, капсула, талшықтар және т.б. Бактериялардың қозғалғыштығын анықтау. «Ілінген» және «жаншылған» тамшы препараттары.
|
сабақ тақырыбын қысқаша талдау, шағын топтармен жұмыс, тест тапсырмаларын шешу, микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, тірек сигналдары мен символдарын қолдану
|
3
|
2
|
Бактериологиялық зерттеу әдісі. Аэробтар мен анаэробтардың таза дақылын бөлу. Микробтардың қоректенуі, тыныс алуы. Қоректік орталар. Бактериялардың биохимиялық белгілері. Бактериялардың идентификациясы.
|
Микроорганизмдердің зат алмасуы. Ауксотрофтар және прототрофтар. Микробтардың қоректенуінің түрлері. Қоректену механизмдері. Бактериологиялық зерттеу әдісі. Штамм және таза дақыл жөнінде түсінік. Бактерияларды өсіру шарттары және микроорганизмдерді өсіруге қолайлы температура. Бактериялардың өсуі және көбеюі. Аэробтардың және анаэробтардың таза дақылдарын бөлу әдістері. Микроорганизмдердің тыныс алу түрлері. Анаэробтарды өсіру әдістері. Қоректік орталардың жіктелуі. Бактериялардың дақылдық қасиеттері. R- және S-колониялар. Бактериялардың биохимиялық белсенділігі. Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі. Бактериялардың идентификациясы.
Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Адам микрофлорасының жасқа байланысты ерекшелігі. Физиологиялық және патологиялық процестердегі қалыпты микрофлораның ролі. Гнотобиология және гнотобионттар. Дисбактериоз. Пробиотиктер. Санитарлық микробиология. Ауа, топырақ және су микрофлорасы. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу әдістері.
|
сабақ тақырыбын қысқаша талдау, шағын топтармен жұмыс, тест тапсырмаларын шешу, микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, тірек символдарын қолдану
|
4
|
3
|
Стерилизация. Дезинфекция. Антибиотиктер. Инфекция. Бактериялардың патогендік факторлары.
|
Стерилдеу және дезинфекция әдістері. Микроорганизмдердің физикалық және химиялық әсерлерге сезімталдығы. Химиялық тәсілмен емдеу және сақтандыру жөнінде ұғым. Химиопрепараттардың негізгі топтары. Антибиотиктер жөнінде түсінік. Антибиотиктердің жіктелуі. Микробтардың дәрі-дәрмекке төзімділігінің генетикалық және биохимиялық механизмдері. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері.
Инфекция, жұқпалы процесс, жұқпалы ауру туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Жұқпалы процестің пайда болу шарттары. Патогендік және вируленттік. Микробтардың организмде таралу жолдары мен орналасуы. Рецидив, реинфекция, суперинфекция, екіншілікті инфекция. Биологиялық зерттеу әдісінің мақсаты. Өлген жануарларды бактериологиялық зерттеу.
«Иммунитет», «иммунды жауап» ұғымына анықтама. Иммунды жауаптың формалары. Бейспецификалық қорғаныш факторлары. Фагоцитоз. Лизоцим, комплемент.
|
сабақ тақырыбын қысқаша талдау, шағын топтармен жұмыс, тест тапсырмаларын шешу, микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, тірек символдарын қолдану
|
3
|
4
|
Антигендер, антиденелер. Серологиялық реакциялар негіздері. Жұқпалы аурулардың иммундыпрофилактикасы және иммундытерапиясы.
|
«Антиген» ұғымының анықтамасы. Антигендердің негізгі қасиеттері. Микробтардың антигендері. Антиденеледің табиғаты және құрылысы. Антиденелердің түрлері. Иммуноглобулиндер кластары. Антиген мен антидененің спецификалық байланысының механизмі. Антиденелердің пайда болу механизмі және динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Иммунологиялық ес.
Антиген мен антидененің негізгі қасиеттері. Иммундыглобулиндер кластары. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Иммунологиялық ес.
Серологиялық зерттеу әдістері. Агглютинация реакциясы, ПГАР, Кумбс реакциясы, преципитация реакциясы. Иммундыферментті талдау. Комплементті байланыстыру реакциясы. Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы. Иммунофлюоресценция реакциясы.
Иммунды терапия және иммунды сақтандыру туралы түсінік. Вакцинамен сақтандыру және емдеу. Аутовакциналар. Адъюванттар. Сарысумен сақтандыру және емдеу. Вакциналар мен иммуноглобулин препараттарының сапасын мемлекеттік бақылау.
|
сабақ тақырыбын қысқаша талдау, шағын топтармен жұмыс, тест тапсырмаларын шешу, микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, тірек символдарын қолдану
|
3
|
5
|
Грампозитивті және грамнегативті кокктар. Стафилококк, стрептококк, менингококк және гонокктардың жалпы сипаттамасы.
|
Жұқпалы аурулар кезінде материалды алу және микробиологиялық зертханаға жеткізу ережелері. Стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар. Жіктелуі. Биологиялық қасиеттері. Іріңді-қабыну үрдістеріндегі стафилококтар мен стрептококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. Стафилококты және стрептококты инфекциялар иммунитеттерінің ерекшеліктері. Стафилококты және стрептококты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы, арнайы сақтандыруы және емдеуі. Нейссерияларға жалпы сипаттама. Менингококтар, гонококтар. Биологиялық қасиеттері. Патогенді факторлары. Менингококты инфекциялардың клиникалық түрлері. Іріңді уретриттер мен жынысты бездер қабынуында, бленнореяда гонококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. Микробиологиялық диагностикасы, арнайы сақтандыру және емдеу.
|
Ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, тірек символдарын және Mind map қолдану бактериологиялық диагностика әдістері алгоритмін талқылау
|
4
|
6
|
Ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың жалпы сипаттамасы. Эшерихиялар. Шигеллалар. Сальмонеллалар. Тырысқақ.
|
Ішек бактериялары тұқымдасына жалпы сипаттамасы, жіктелуі мен адам патологиясындағы ролі. Эшерихиялардың сипаттамасы. Экологиясы. Ішек таяқшасының физиологиялық маңызы. Ішек таяқшасының санитариялық-көрсеткіштік маңызы. Ішек таяқшасының патогенді сероварлары. Ішектік коли-инфекцияның зертханалық диагностика ерекшеліктері, емдеу және сақтандыру.
Шигеллалардың жіктелуі. Шигеллалардың морфологиялық, дақылдық қасиеттері, биохимиялық және серологиялық қасиеттері. Диагностика әдістері. Дизентерияның алдын алу және емдеу.
Сальмонеллаларға жалпы сипаттама. Іш сүзегі мен парасүзектер қоздырғыштарының морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттері. Сальмонеллалардың серологиялық жіктелу принциптері. Диагностика әдістері. Капродақылды бөлу сызбасы.
Тырысқақ вибриондарының жіктелуі. Биоварлар. Хейберг триадасы. Сероварлар. НАГ – вибриондар. Холероген. Тырысқақтың зертханалық диагностика әдістері. Тырысқақты емдеу, арнайы сақтандырудың негізгі принциптері.
|
Ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, тірек символдарын және Mind map қолдану
|
3
|
7
|
Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары (Оба, туляремия, сібір түйнемесі және бруцеллез). Микобактериялар қоздырғыштары. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы сақтандыру және емдеу.
|
Аса қауіпті инфекцияларды зерттеудегі зертхананың тиісті жұмыс ережелері. Туляремия қоздырғышына сипаттама. Иерсиния туыстықтын бактериялары. Оба қоздырғышы. Бруцеллалардың жіктелуі, олардың сипаттамасы. Сібір күйдіргісі қоздырғышының сипаттамасы. Антропозоонозды инфекциялар кезінде алынатын материалдар. Туляремия, оба, сібір түйнемесі, бруцеллездің зертханалық диагностикасы. Хедделсон, Райт реакциялары. Диагностика, емдеу және сақтандыру үшін биологиялық препараттар.
Микобактериялардың жалпы сипаттамасы. Циль-Нильсен бояу әдісі. Туберкулез қоздырғышының сипаттамасы. Балалар мен ересектердегі туберкулездік процестегі аллергияның ролі. Туберкулин. Иммунитет. Туберкулездің зертханалық диагностикасы. Қақырықты байыту. Туберкулездің химиотерапиясы және ерекше алдын алу. Алапес қоздырғышы. Алапестің зертханалық диагностикасы. Алапесті емдеу және сақтандыру препараттары.
|
Ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, тірек символдарын және Mind map қолдану
|
3
|
8.
|
Вирустар. Құрылысы және жіктелуі. Респираторлы вирусты инфекциялар қоздырғыштары. Тұмау және коронавирустар туындатқан аурулардың зертханалық диагностика принциптері. Арнайы сақтандыру және емдеу.
|
Вирустар. Құрылысы және жіктелуі. Вирустардың репродукциясы туралы түсінік. Вирусологиялық зерттеу әдісінің кезеңдері. Вирустарды өсіру әдістері. Вирустарды анықтау (индикация) әдістері.
Ортомиксовирустар тұқымдасы. Адам тұмауы вирусы. Жіктелуі. Антигендік өзгергіштік. Инфекцияның көзі, таралу жолдары, патогенезі, иммунитет. Тұмаудың зертханалық диагностикасы. Интерферон. Коронавирустар қасиеттері, жіктелуі және зертханалық диагностикасы.
А (НАV) гепатит вирусы. В (НВV) гепатит вирусы. Вирион құрылымы. Жұқтыру жолдары. Аурудың патогенетикалық ерекшеліктері. Организмдегі вирустың персистенциясы. Бауырдың біріншілікті қатерлі ісігінің дамуындағы вирустың ролі. Иммунитет. Вакцинамен сақтандыру. С, G, D және Е гепатит вирустары. Гепатиттердің зертханалық диагностикасы.
|
Ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, тірек символдарын және Mind map қолдану
|
4
|
9
|
Герпесвирустар (альфа-, бета-, гамма-герпесвирустар). Адамның иммундытапшылық вирусы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы сақтандыру және емдеу.
|
Герпесвирустар, жіктелуі. Жел шешек пен белдемшелі герпес (варицелла-зостер) вирусының сипаттамасы. Қарапайым ұшық вирусы. Балалар мен ересектер патологиясындағы маңызы. Сақтандыру. Цитомегаловирус. Эпстайн-Барр вирусы. Арнайы сақтандыру. Емдеу. Герпесвирустардың онкогендігі. Ретровирустар тұқымдасы. Адамның иммунды тапшылық вирусы (АИТВ). Әртүрлі медициналық көмек көрсету кезінде дәрігер мен науқастың жұқтыру мүмкіндіктері. Иммунды жүйе жасушаларының зақымдалу ерекшеліктері. АИТВ-инфекциясы кезінде антидене мен спецификалық антигендерді анықтауға арналған серологиялық зерттеулер: ИФТ және иммуноблоттинг. Сақтандыру, емдеу.
|
Ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, тірек символдарын және Mind map қолдану вирусологиялық диагностика әдістері алгоритмін талқылау
|
3
|
|
|