СИЛЛАБУС
Пән: «Медициналық микробиология»
Мамандық: 6B10107 – «Жалпы медицина»
Практикалық сабақтар 30 сағат
ОБӨЖ 15 сағат
БӨЖ 45 сағат
Барлығы 3 кредит/90 сағат
Курс 2
Астана, 2023 ж.
Силлабус «31» шілде 2015 жылғы №647 бұйрықпен бекітілген МЖМББС негізінде құрастырылды.
Дайындаған: профессор Асемова Г.Д.
Силлабус кафедра отырысында талқыланды және бекітілді.
«29» тамыз 2023 жылғы №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ М.Ө.Досмағамбетов
Оқытушылар туралы мәлімет:
№
|
Аты-жөні
|
дәрежесі/ лауазымы
|
Телефон нөмірі,
электрондық поштасы
|
1
|
Досмағамбетов Марат Өтеуұлы
|
м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі
|
+77014152238
dusmagambetov.m@amu.kz
|
2
|
Байдүйсенова Әлия
Өтешқызы
|
м.ғ.к., профессор
|
+77014773973
baiduissenova.a@amu.kz
|
3
|
Рахметова Нүрила
Беркенқызы
|
б.ғ.к., доцент
|
+77750690578
rakhmetova.n@amu.kz
|
4
|
Асемова Гүлжан
Даңқыбекқызы
|
м.ғ.к., профессор
|
+77016288300
asemova.g@amu.kz
|
5
|
Урекешов Бактыберген Садықұлы
|
м.ғ.к., доцент
|
+77022049942
bakhty64@mail.ru
|
6
|
Ажмуратова Мадина Асанқызы
|
м.ғ.к., доцент
|
+77710470745
azhmuratova.madina@mail.ru
|
7
|
Утегенова Айгүл Маратқызы
|
PhD доцент-зерттеуші
|
+77779848400
utegenova.a@amu.kz
|
8
|
Бекниязова Гулімшат
Алпысбайқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+77014583778
bekniyazova.g@mail.ru
|
9
|
Дүйсебекова Гүлбану Пралиевна
|
магистр, аға оқытушы
|
+77017568427
duisebekova.g@amu.kz
|
10
|
Акимбекова Гүлнара
Муханмадиқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+77472804458
akimbekova.g@amu.kz
|
11
|
Ботбаева Мадина Тұрлыбекқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+77019877332
botbaeva.m@amu.kz
|
12
|
Акимбекова Эльмира
Муханмадиқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+77477773927
akimbekova.e@amu.kz
|
13
|
Сарсенова Әйкерім
Григорий-Абатқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+77712447893
sarsenova.a@amu.kz
|
14
|
Сутимбекова Назгүл
Сеитбекқызы
|
Магистр, аға оқытушы
|
+7700 271 32 91
sutimbekova.n@amu.kz
|
2. Байланыс ақпараты:
Практикалық сабақтар «Астана медицина университеті» КеАҚ Астана қаласы, Сарыaрқа көшесі, 33 үй, 5-ші қабатында орналасқан Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының оқу зертханаларында өткізіледі. Тел. 8(7172)-44-41-84. Электрондық пошта: kaf.micro@gmail.com.
3. Саясат
Пән саясаты:
Микробиология базалық пән болғандықтан, оны білу әрбір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым ретінде теориялық және клиникалық медицинаның өзекті маңызды сауалдарын шешуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар теориялық білімдерді және келешекте кәсіби тәжірибеге қажет дағдыларды практикалық сабақтардан алып шығады. Білім алушыларға бірінші практикалық сабақтан бастап үлкен альбом, түрлі-түсті карандаштар, медициналық халат, калпақ, екінші ауыстыратын аяқ-киім қажет. Кафедраның негізгі талаптарының бірі, білім алушы практикалық сабақтарға, ОБӨЖ-ға міндетті түрде қатысуы қажет. Себепсіз қалдырған сабақтарды білім алушы аралық бақылауға дейін өтейді. Білім алушы сабаққа 15 минуттан көп кешігетін болса сабаққа жіберіледі, бірақ журналда «жоқ» белгісі қойылады және кейін өтеуі қажет. Білім беру қызметінің барлық түрлері (практикалық сабақ, ОБӨЖ, БӨЖ) аралық бақылауда бір жиынтық баға ретінде бағаланады.
Кафедраның оқу талабын (практикалық сабақтардан, ОБӨЖ, БӨЖ тапсырмаларын толығымен орындамаған жағдайда, аралық бақылаулар тапсырылмаса) орындамаған білім алушы қорытынды бақылауға жіберілмейді. Білім алушы практикалық сабақтардың барлығына қатысқанда және қатыспаған практикалық сабақтарды, ОБӨЖ, БӨЖ тақырыптарын уақытылы өтеген жағдайда және ЖРБ 50 баллдан асқанда пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.
3.2 Академиялық адалдық саясаты Университеттің барлық білім алушылары Академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындағаны үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі, емтихан жазу және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындаукезінде ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университет білім алушылары Академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет оқушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексімен анықталады (2019ж).
Академиялық адалдық принциптері:
1.адалдық-білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, лайықты орындауы;
2.автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау, бө-тен сөзді, ойды дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы;
3.ашықтық-ашықтық, өзарасенім, білімалушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеяларменашықалмасу;
4.білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу-пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5.теңдік-әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері
1.Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыруға енгізу).
2.Плагиат (өз еңбегі үшін басқа адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін беру, сондай-ақ өз атымен бөтен туындыны жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).
3.Көшіріп жазу (ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау барысында бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).
4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ ауыстыру, жалған құжаттарды, қолдан жасалған медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қолжеткізу; оқу құжаттарын, деректер мен есеп нәтижелерін қолдан жасау, электрондық және қағаз транскриптіндегі бағалау мен қол қою, барлық деңгейдегі және т. б. жұмыстар мен құжаттарда бағалардытүзету).
5.Бағаланатын жұмыстарды орындау, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейне немесе аудиожазба.
6.Жасыру (жұмысты жосықсыз орындау не осы Кодекстің нормаларын және білім беру процесіне қатысушылардың университеттің ішкі ережелерін сақтамауы туралы ақпаратты хабардар етпеу немесе дер кезінде жеткізбеу).
7.Академиялық ақпаратқа заңсыз қолжеткізу және оны тарату-емтихан немесе Бақылау жұмыстарына жауап беру; білім алушыларды бағалау кезінде қойылатын мәселелер туралы хабардар ету, бағаланатын жұмыстар үшін тиісті рұқсатсыз ішінара немесе толық материалды тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмаларды және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдануды қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын заңсызжолмен ұрлау.
8.Сабақ және қорытынды бақылау кезінде тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;
9. Пара берумен немесе алумен ұштасқан әрекеттерді жасау (сыйлықтар тарту, кез келген түрдегі сыйақы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерін беру үшін делдалдық қызметтер).
Достарыңызбен бөлісу: |