Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚУ



Pdf көрінісі
бет39/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

8. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 
 
8.1. Білім беру мекемелері қызметінің басымдық 
бағыттарын таңдау 
 
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа 
дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген 
инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін 
көрсетіп отыр.
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге 
бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін 
қалыптастыру 
үшін 
өте 
қажет. 
Болашақтың 
табысты 
экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі 
ерекшеліктерді 
қоса 
алғандар 
бола 
алады. 
Сондықтан 
жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру 
Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады.
Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке 
жұмсалатын шығыс емес, экономикалық инвестиция деп түсіну 
қажет.
Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы 
көптеген дәлелдер бар:
– 
макро 
және 
микроэкономикадағы 
халықаралық 
зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз 
байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі 
инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін 
байланыс бірізді болмайды.
– зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, 
білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық 
кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын 
жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім 
беруді қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу 
көрсеткіштері де жоғары. Экономикалық ынтымақтастық пен 
даму ұйымының зерттеулері (ЭЫДҰ) еңбекке қабілетті жастағы 
тұрғындардың орташа білім деңгейін 1 жылға арттырудың
экономиканың 3-6%-ын және экономика өсу 
шапшаңдығының 1%-ға артатынын дәлелдеп отыр.


Наурызбаева Ш.Қ. 
66 
Осыған орай жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға 
дейін Қазақстан – білімді мемлекет, ақылды экономика және 
жоғары білікті жұмыс күші. Білім беруді дамыту мемлекеттің 
экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек.
Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: 
ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын 
жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру.
Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да 
әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың 
үлкен 
үлесін, 
жоғары 
әлеуметтік 
тығыздылық 
және 
интеграцияны, 
төменгі 
деңгейдегі 
құқық 
бұзушылықты 
қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалыптасуына 
ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, 
эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің 
қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Білім беру қызметінің барлық спекторының алдағы дамуы 
пайдасының дәлелді аргументтері осында.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды 
қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
(бұдан 
кейін 
– 
Бағдарлама) 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың 
ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс. 
Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың 
ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, 
білім 
беру 
қызметі 
субъектілерінің 
құқықтық-
ұйымдастырушылық 
формаларының 
және 
экономикалық-
қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен 
технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен 
мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені 
болып табылады.
Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы 
білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық 
дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік 
бермейді.


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет