Наурызбаева Ш.Қ.
60
кадрлық құрамын қалыптастыру мен жұмысқа қабілеттілігін
қолдап отыруға бағытталған, менеджердің қызметкерлер
бойынша жұмыстарының тәсілдері, рәсімдері және техникасы.
Жаңа
қызметкерлердің
ұйым
өміріне
араласуын
жеңілдететін процесс бейімделу деп аталады. Бейімделу
бірнеше рәсімдер арқылы іске асырылады:
бағдарлау
– ( жаңа жағдайға үйрену) – жаңа жұмыскердің
өзінің міндеттерімен және талаптарымен тәжірибелік түрде
танысуы;
бейімделу әрекеті
– жаңа жұмыскердің өзінің мәртебесіне
бейімделуі және оның тұлғааралық қарым-қатынасқа кіруі;
функционирлеу
– өндірістік және тұлғааралық мәселелерді
бірте-бірте жеңу және тұрақты жұмысқа көшу.
Осы рәсімдерідің кезектілігін сақтап пайдалану кезінде
бейімделу процесі 7-9 айға дейін орнайды, ал бұл рәсімдедің
бұзылуы бейімдел
у
процесін 1-1,5 жылға дейін созады.
Кадрлық резервті қалыптастыру әдісін
резерв типіне
(қызмет
түріне,
қызметкерді
алмастыру
жылдамдығына,
дайындық деңгейіне) байланысты қолданады.
Резерв тізімін жасау үшін мынадай әдістер қолданылады:
–
құжаттық
мәліметтерді
талдау
(есеп
берулер,
автобиография,
мінездеме,
қызметкердің
аттестациялық
нәтижесі);
– кәсіби бағытты, қажеттіліктерді, әрекет мотивтерін және
т.б. анықтау мақсатында сұхбат жүргізу;
– әртүрлі жағдайларды қызметкерлердің жүріс-тұрысын
бақылау;
–
тапсырманы
орындау
көрсеткіштері
мен
еңбек
нәтижелерін бағалау;
– қызметкерлерді топтау.
Достарыңызбен бөлісу: