Наурызбаева Ш.Қ.
80
беделін арттыру, оның мәртебесін көтеру өзекті мәселе екендігі
дау туғызбаса керек.
Педагогтың орташа жалақысы экономикадағы орташа
жалақыға жетеді.
Педагогтардың 70%-ы кепілдік қаржыландыру принципі
бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді
шешу қажет:
– педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
сапасын қамтамасыз ету педагог кәсібінің беделін арттыру
кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогқа қойылатын
талаптарды арттыру.
Білім
сапасы
бірінші
кезекте
сапалы
даярланған
педагогтармен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі
әдістер арқылы білім алушыларға береді. 2016 жылдан бастап
жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін
қабылданып жатқан педагогтар біліктілігінің деңгейін растау
рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа
қабылдау
ережесі
әзірленеді,
ол
азаматтардың аталған
санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.
Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде
білім
беру
саласындағы
магистр
дәрежесінің
барлығы
көтермеленетін болады.
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтың
портфолиосында өз көрінісін табады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және
ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау
агенттіктері құрылады. Педагогтарды аттестаттау мұғалім
білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру
беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікірлерінен
тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: