Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет415/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

.. 4’ v* чЛи*
X
I
Л* У^0***-4
n
A
lAU**
ÜJ* • .j/iJ •^"*«
1
»
-Cj>U4» 
UJurWr-
w
>W 
j
**
si. 
J\ uwu 
v-^-oM.4/^
vv-Л 
Jr- ,*■

“-f
лу 
-rf
V'J' 
* * •***
U, 
*** Jr'*1*?
.1 t. 
-
А +Л

. 1. I. -ЧІ I i 
. ЬМОі- Ы * V . / A U J i
.. - .
l-» t 
* *
*» \А >С**** »MW ✓ * UJl 
iy. JXX

J"*' 
Л JL , '
J— 

JA M «UA 
i
A-OJ» 
• 
jj
.’ 4
іі
..1
..JU 
r
U.,- ,V>. 
J

 •
 •* 
• •
 ■ 
U* -лил. одь
V4J*«A
■Ml 
J,, *.
• 
**&*?'*+■ **&&
■ д -и л ***»«' 
JM
■A

-Дл
Л*Л» . 
l i .l v
— I
>r
vH** 
йЫ>
/м. U*- J
j
4>! i
Д А * ^ *-J*'
сЛ-* л»- VM о/
—V 
•»wjj
u u , t
<ЧЛ
a>‘»l U.A I*/» .*•*>»
—*»♦ J> -vJA 
-
ул

uA * 
-^**1
w**A*-A .#■> UA Jn ч*Ч*і
—* crO- 
^ «I.
с,иь,^ *. 4^.>wAa»Aj»
-- ...
“W > A-eV oA * 
I b jIJ \ & * А л*» И»»
Ai* «
vj
A> 
M
l I Avil a** > * -vÄ'

_ _
1
Д /*r оЧМ
*»1 A*
....
• 
Ar».

•*•// и>-/
’ -jW 
^
•»-
ЛЙ 

 rf.irt ^

**!>«*
> j •/ Mjv M f сіЦА W
»» 
u4W
л. j 
ißt"*
A O
j
>
•A 
■ S'-fti'*Aßi,ß
u> Аии «.,* tUUr»/ tr A» 
U»V WA c j^ y
j j
I
j ä
J>1
V M 3- 
^
u » - >-•» 
v^1
JM 
>/l J#*»U

er 
* *A 
vr* *V A* -CrM
У І.
1,1
(.ІіиД .jJlC
„ 
-1 еАгЧиА
W
A/fc,
J-t 
А
М
ТімДЛ 

е> .иАи JA to.! «AU,T
w l сЛ-V
J-, *.W
»t Jtjl ^
<1 —
, • jl
_•*•*! W > 'A
«"Д У-АЬ ^
sfi'jlt
■P <*А*ДД> J'A .AW
y^AW-ДК/У/
мммл«/ <•/>/
■ *V /bt^iuU j>
***• Д **jl
«Қазақ» газеті.
706


теуші К. А табаевтың деректері көрсетіп оты рғандай, «Қ азақ» газетінің 
беттерінде ж арияланған, бүгінгі күні қолда бар ж ән е «Қазақ» басылымы 
жинағында келтірілген материалдардың жартысынан астамын солар ж аз- 
ған .1І8Тек А. Бөкейхановты ң өзі «Қазақ» үшін 200-дей макала жазыпты.
Бағдарламалық мақалада (авторы А. Байтұрсынов) газет «ұлттың көзі, 
құлағы ж әне тілі» деп аталған. Редактордың пікірінш е, газет адамдардың 
мүдделеріне қызмет етуге, білімді таратушы, халықтың қорғаушысы, оның 
рухани тәлімгері болуғатиіс. Сонымен, А. Байтұрсымов нағыз жалпыха- 
лықтық басылым құруды ойлады ж әне оны ж үзеге асырды.
Газетті оның негізін калаушылар «Қазақ» деп атады. Халықтың өз атын 
қалпына келтіріп, олар сол аркылы отарш ылар тарапы нан бүратаналарға 
менсінбей қарауға қарсы наразы лы қ білдірді, қазақтар арасы на ұлтж ан- 
дылык мактаныш ж әне бірлік идеясын таратты.
Г азеттің б ірін ш і н өм ірін де б асы лған б ағд ар л ам а л ы қ м ақал асы н д а 
А. Байтүрсы нов отарш ы лды қ реж им жағдайлары ндағы үлтты ң тағдыры 
туралы мәселені аш ы қ қойды. Ол былай деп жазды: «Ө зіміздің өзін дік 
ерекш елігімізді сақтап қалуымыз үшін біздің бар күш пен күралды жұм- 
сап, оқу-ағартуға ж ән е ортак м әдениетке ұмты луымыз каж ет; бүл үшін 
біз әдебиетті ана тілінде дамытумен айналысуды бірінш і борыш деуге 
міндеттіміз. Өз тілінде сөйлейтін ж әне өз әдебиеті бар халыктың ғана дер- 
бес өмірге үміттенуге кұқылы екенін еш қаш ан ұмытпау керек».119
«Қазак» газеті XX ғасырды ң басындағы азатты к козғалы сы ны ң стра- 
тегиясын аныктап берді. Ә. Бөкейханов былай деп атап өтті: «Ж уы к арада 
далада, бәлкім, қазақ арасында белең алып келе жаткан екі саяси бағытка 
сөйкес екі саяси партия ұйы м дасты ры латы н сы ңайлы . О ларды ң бірі 
ұлттык-діни партия деп аталуы мүмкін ж ән е де казактарды баска мұсыл- 
ман халықтарымен біріктіру оны ң мұраты болып табылады. Баска бір ба- 
тыстык бағыт қырғыз даласы ның болашағы — осы сөздің кең мағынасын- 
да — батыс мәдениетін саналы түрде іс ж үзіне асыруда деп біледі».120
«Казак» газеті екінші бағыттың ой-пиғылын көрсетті. Ол түжы ры мда- 
малық проблемаларды көрсеткен кезде соны негізге ала отырып жазды . 
Ең алдымен Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсы нов к а зак халкы ны ң өркениет, 
түрік дүниесі тарихы нда алатын орны н аны ктап берді. Халықты топтас- 
тыру, оны ң ежелгі мәдениетін ж ән е дем ократи ялы к Ресей кұрамы ндағы
казак ұлттық мемлекеттігін кайта түлету проблемалары газет қы зм етінің 
өзегіне айналды. «Ш аруаш ылықтағы өзгерістер» деген сериялы м ақала- 
ларында Ахмет Байтұрсы нов казак халкы ны ң эволю циялы қ даму ж олы н 
қорғап, адам зат өркен и етін ің эволю ц иясы н ж өне м әдени ет тарихы н 
көрсетті.
«Қазақ» газеті өз беттерінде халы кағарту, кітап шығару м әселелеріне 
басымдық берді. XIX ғасырдың екінш і жартысындағы ұлы ағартуш ы лар- 
дың дәстүрлерінде тәрбиеленген к азак демократияш ы л зиялы лары Ш ы - 
ғыс пен Батыс ағартуш ы ларыны ң тәж ірибесін ж инақтап, тұтас доктри на 
жасады. Мысалы, И. Гаспринскийдің жаңа өдіспен оқыту туралы идеясы- 
ның өзін кабылдай отырып, олар оны түрік-татар үстемдігі идеологиясы - 
нан, оқытуды дінмен косудан тазартты. Егер И. Г аспри н ски й дің ізба- 
сарлары ж аңа әдіспен дауыстап окытудан татар мәдениеті мен ж азуы ны ң 
үстемдігін тануға карай жүрсе, казак дем ократтары А бай, Ш оқан ж ә н е 
ЬІбырай ағартуш ы лы ғы нан отарш ы лды қ реж имді қирату, қ а за қ мемле-
707


кеттігін қайта туғы зу идеясы на бет алды. Бұл эволю цияда А. Байтұрсы- 
н овты ң ғы лы м и -п едагоги калы қ ізденістері ерекш е рөл атқарды, соны ң 
арқасы нда ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ тіл інің фонетикасы, синтаксисі, 
этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениеттарихы дамытылды. «Осы 
ты ны мсыз еңбегімен, — деп жазды XX ғасырдағы ұлы ойшылдың 50 жасқа 
толған күнінде М. Д улатов, — Ахмет Байтұрсы нов қазакты ң сөз өнерін 
жоғары сатыға көтеріп, ұлттық мектеп пен туған әдебиет үшін берік іргетас 
калады ».121
«Казак» газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә. Бөкейханов бас- 
таған көрн екті білгірлері отарш ы лды кты ң мәнін, қазак ш аруалары ны ң 
құнарлы ж ерлерін алып қою арқы лы қоны с аудару қоры құры луыны ң, 
ш аруалардың ж ерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. «Казақ» газеті 
Ә. Бөкейхановтың жер мәселесі жөніндегі тұжырымдамасын корғады, онда 
егіншілікпен ұштастырылған көшпелі мал шаруашылығын, қауымды қжер 
пайдалану н егізінде ж ер алқаптары ны ң тұтастығын, олардың құнарлы - 
лығын сақтау көзделген еді. Ж ер үлесінің болмашы жағдайында отырық- 
ш ы лы ққа көш у, егінш ілік, агроном ия тәж іри бесі, диқан ны ң күнделікті 
титықтататы н еңбегінің қаны на сіңген етенелігі болмаған жағдайда орыс 
деревнясы үлгісіндегі ауы лдар құру казақ ш аруалары на мал шаруаш ы- 
лығы кәсібін ен бірж ола айы рылу, Баш құртстан мен Қ останай уезінде 
болғаны ндай, м ұктаж ды қтан жерді қоны с аударуш ыларға сату қатерін 
төндірер еді.
«К азак» газеті мұсылман діні мәселесі бойынш а ғылыми негізделген 
так ти к а ұстанды. Ол к а за к халкы н ы ң артта қалған бөлігінің діншіл 
екеніне, А лланы ж ән е оны ң «жердегі өкілдері» молдаларды шын жүрек- 
тен кадірлейтініне көңіл бөлді. Газет редакциясы «мұсылмандар одағы- 
ны ң кадеттік бағдар ұстанатынын ескерді. Ә. БөкейУанов пен баска да ав- 
торлар 1905—1907 жылдардағы револю циядан кейін бүкіл Ресейде орын 
алған куатты мұсылман қозғалы сы м ен есептесіп отырды. Қ озғалы сты ң 
қай тапқа жататы ны на қарамастан, елдегі 20 миллион халық түрінде тірегі 
болды. М ұсы лм андарды ң бірінш і съ езінің карары нда мүсылмандардың 
прогресшіл бөлігі «озық қоғамның мұраттарына» косылатыны ж әне «орыс 
халқымен бірдей тең (саяси, азаматтық, діни) күкықтарды» пайдаланғысы 
келетіні атап ө тіл д і.122
Біркатар мұсылмандар съездерінің жұмысына катысқан Ә. Бөкейханов 
бір-біріне жалғасты бірнеш е мақалалар жазып, онда «Казак» оқырманда- 
рына адамгершілік проблемаларын ж өне оларды Ресей жағдайында шешу 
жолдарын ұғыныкты етіп түсіндірді. «Қазақ» газеті діни қызбалыкты қоз- 
дырған ж ок, керісінш е, империя құрамы ндағы түрлі ұлттардың дінге 
сенуш ілерін топтасуға шакырды. Газет көзі аш ы қхалы қтарды ң ф ранцуз 
революциясы мен өзге де бурж уазиялы қ революциялар рухындағы тендік, 
жеке адамға еш кімніңтиіспеуш ілігі, дін ұстану еркіндігі жөніндегі мұрат- 
тарын ескерді. «Қазак» газеті бұхаралық, хиуалық, казанды қ молдаларды, 
оларды ң озбы рлы ғы н, патриархатты қ-рулы к соқы рсенім дердің тірегіне 
айналған әдет пен ш ариғат догмалары н әш кереледі, татарландырудың, 
арабтанды руды ң к азақ тілі дамуы на, оны ң рухани келбетіне теріс ы кпа- 
лы н ашып көрсетті. «Қазақ» газеті дінді мектеп пен мемлекеттен бөлуді 
жақтап, діни экстремизмге карсы шықты, сонымен бірге жыныс, дін уста­
ну, ұлт айырмаш ылығына карамастан, барлы қ ресейліктердің заң алдын-
708


да тең ек ен ін ж а р и я л а п , ж е к е ад ам н ы ң бас б остан д ы ғы мен о н ы ң
еркіндігіне қол сұқпауды қорғады.
«Қазақ» газеті беттеріндегі ж арияланы м дарды ң едәуір бөлігі тіл мен 
өдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мөселелеріне, ры- 
нокты қ жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арнал- 
ды. Газет өзініңны саналы жарияланымдары аркылы ұлтты ңтарихи сана­
сын қалыптастырды, А бай сияқты аса көрн екті тұлғаларды ң өмірі мен 
қызметі үлгісімен ұлтты қ м ақтаны ш қа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, 
Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқы ны ң қамы н ойласты руға, 
оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Га­
зет дем ократиялы қ, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінш і кезекте ана 
тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік, ұлттық эконом иканы ң бай болуы қажет 
екенін дәлелдеді. А. Байтұрсынов былай деп атап айтты: «басқалардан қа- 
лып қоймау үшін біз сауатты, бай ж ән е күш ті болуға тиіспіз. Сауатты 
болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсіби л ік керек. М ығым болу үшін 
бірлік керек. Осы бағытта жүмыс істеу керек».123 Газетке қатысып түрған 
бүкіл авторлар ұжымының А. Байтұрсынов бағдарламасына толы қ қосыл- 
ғанын атап өткен жөн.
«Қазак» шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халы қаралық жағ- 
дайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, 
елдегі ж өне шетелдегі дем ограф иялы қ жағдайды аш ып көрсетіп, бүкіл 
түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалы сы ны ң тағдырын қадағалады. Га­
зет М емлекеттік Д уманы ң жұмысына, оны ң мінберінен к азак халқы ны ң 
мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекш е мүдделілік танытты.
И м п ери али ста соғыс, дүние жүзін халы қаралы қ капиталды ң жетекш і 
елдері арасында кайта бөлісу басталған кезде газет ө зін ің мазасы зданға- 
нын жасырмады. Ал м азасы здануды ң негізі бар еді. 1916 жы лғы 16 мау- 
сымдағы казақ ж ігіттерін тыл ж ұмыстары на алу туралы патш а Ж арлы ғы
жай түскендей болды. Газет Ж арлы кка дейін де, одан кейін де казактарды 
арм ияға ш акы ру туралы мөселені талкы лап , оларға к а зак әск ер л ер і 
мөртебесініңберілуін талап етті. Ол халыктан империяның боданы ретінде 
оның ерте болсын, кеш болсын, өз отандастырының Отан корғау жөніндегі 
тағды рына ортактасуы на тура келетінін жасы рмады . 400 мы ңды к армия 
жасактай алатын ұлтка айналған соң ол соғыста жеңген жағдайда империя 
құрамында дербес автономияға дәмелене алар еді.
Газет нақ сол баламаны негізге алып ж әне көп адам ны ң кұрбан болуы 
жөнінде орынды қауіптеніп, 1916 жылғы оқиғалар ж өнінде де принципті 
көзкарас үстанды. Ол казактарды майданға алу мерзімін кейінге калды - 
руға дейін бары п, ж анж алды ш еш удің бейбіт ж олдары н іздестіруді, 
өкіметпен келіссөздер жүргізуді ұсынды. «Алаш» партиясы мен А лаш ор- 
да бостандықты жеңіп алуға ж ән е казак мемлекеттігін қайта туғызуға та- 
рих берген мүмкіндікті кайткен күнде де ақырына дейін пайдалануға ұмты- 
лып, тағдырлы шешімдер кабылдаған екі оры с револю циясы кезеңіндегі 
«Қазақ» газетінің рөлі баға ж еткісіз еді.
«Қазак» газеті казак халкы тарихы ны ң бетбүрысты кезең ін де ш ы ға- 
рылды. Ол тұжырымдылығымен, жоғары көсем сөзділігім ен, казақ ө д еб и
тілінің мағыналылығымен, өз халкының көкейкесті мүдделеріне адал кы з- 
мететуімен ерекшеленді. М. Әуезовтің 1913—1918 ж ы лдар аралығындағы 
кезенді «К азақ газетінің дәуірі» деп атағаны кезд ей соқ ем ес.124 Ол 1922
709


ж ы лы м әд ен и ет қ а й р а тк ер л ер ін е аш ы қ хаты нда («Қ азақтағы қалам 
қайраткерлерін е. А ш ы к хат») казақты ң баспасөзі тарихында «Казак» 
газетін қоспағанда, халы қтәрб и еш ісі миссиясын орындаған, өз бағытын 
қатесіз аны қтаған, ұлтты қ рухты асқактатқан бірде-бір басылым болған 
емес деп атап ө т т і.125
К әсібі ж өн інен адвокат, «Айқап» ж урналы ны ң жұмысына белсене 
каты сқан қоғам кайраткері К. Тоғысов 1916 жылдың караш асы нда Таш - 
кентте апталы қ «Алаш» газетін шығара бастады. Оны К. Тоғы совтың өзі 
редакциялады, ресми шығарушысы оның әйелі Мэриям Тоғысова болды.126 
Бастапкы кезенде газет өкімет орындарына көзқарасы жөнінен адал бол­
ды, тек 1917 жылғы 24акпаннан бастап (№ 12) өзін револю циялык-демок- 
рати ялы к басы лым ретінде кө р с етті.127 М әселен, К. Тоғысов «Ж оғалсын 
Романовтар» деген бір мақаласында әрбір халыкегеменді, демократиялык 
елде өмір сүруге кұкылы деп пайымдады. Газет Акпан революциясын қызу 
құттықтады.
«Алаш» газеті әйелдердіңтең кұкықтылығын қорғады. Оны ңбеттеріне 
белгілі ж урналистер, жазушылар: Т. Ж омартбаев, А. Барж ақсин, Б. Май- 
лин, Ж . Аймауы тов, ж аңа ж аза бастаған М. Әуезов шығып тұрды .128
К а за к мерзім ді б асп асө зін ің тарихы нда ап талы к «Сарыарқа» газеті 
елеулі із қалды рды . О ны ң редакторлары Р. М әрсеков, X. Ғ аббасов б ол ­
ды. Газет 1917 ж ы лды ң екінш і ж арты сы нда Семей каласы нда шығып 
тұрды. О ны ң беттерінде Ә. Бөкейхановты ң, А. Байтұрсы новтың, М. Ду- 
латовты ң, Р. М әр сек о в тің , X. Ғаббасовты ң, Ә. Е рм ековтің, М. М алды- 
баевты ң, Ж . А қбаевты ң ж ә н е «Алаш» козғалы сы ны ң баска да көптеген 
көрн екті кай р аткер л ер ін ің м акалалары басылды. Онда А лаш ты ң гимні 
(авторы С. Торайғыров), Ж . Аймауытовтың, М. Әуезовтің, С. Д өнентаев- 
ты ң, Ғ. К араш евты ң, I. Ж ансүгіровтің , Б. М айлиннің көсем сөздік мате- 
риалдары ж ары қ көрді.
Газет Ә. Ермековтің «Ж асасын Алаш , ж асасы н !» деген мақаласын жа- 
риялады, онда екінш і бүкілқазак съезінің (12. 12. 1917) Алашорда автоно- 
миясын жариялау туралы шешімі, сондай-ақ жалпықазак-қырғыз съезінің 
шешімдері (X. Ғаббасовты ң «Алаш автономиясы» деген мақаласы) салта- 
натты түрде мәлімделді.
Ә. Бөкейхановтың Семейге келуі туралы материал даусыз ынта-ыкылас 
туғызады, бүл материалда ол к азак автономиясы туралы мәселеге өзінің 
көзкарасы н егж ей-тегжейлі баяндайды .129
Егер газеттің елдегі біртұтас ақпарат өрісі бұзылған, тарихтың бетбұ- 
рысты күрделі кезеңінде жұмыс істегенін ескерсек, «Сарыарка» газетінің 
маңызы зор.
С өйтіп XX ғасы рд ы ң басы нда и м п ери ян ы ң К азак стан сиякты алып 
ш ет ай м ағы н д а қ а за қ т а р Р есей д ің ан а тілін д е газеттері, ж урн алдары
мен к ітап тар ы бар 24 (ор ы стар д ан б аск а) хал қы н ы ң б ір ін е ай налды . 
Х ат-хабарларды ң географ иясы өте аукымды болды — мейлінш е әр түрлі 
ж анрд ағы ж а зб а ш а хаб ар л ар келіп түсп еген ауы лдар мен болы стар іс 
ж ү зін д е б олған ж о к . Д е м о к р а т и я л ы к қ а з а қ б асп ас ө зі рев о л ю ц и я, 
М ем лекеттік Д ум а, он ы ң мұсылман ф ракци ясы , мұсылман съездері ту ­
ралы , и м п ер и я н ы ң сы р ткы ж ә н е іш кі са яса ты , со н ы ң іш інде он ы ң
о тар ш ы л д ы к саясаты туралы ж азды . Ол ш ет ай м актард ы ң ғасы рл ар 
бойындағы ұйқы дан оян ы п ж аткан халы қтары ны ң мүдделерін көрсетті,
710


ө р к ен и етті д ү н и еж ү зіл ік қоғам ж үй есін д егі о н ы ң б олаш ағы турилы
арм ан дарға берілді. Ал алда х алы қты ң тұтас ғасы р б ойы н дағы
к и м і і
тағды ры н белгілеп берген К азан р ев о л ю ц и я сы , ал а с а п ы р а н д а р меи 
ө згер істе р тұр еді.
4. XX ҒА С Ы РД Ы Ң БА С Ы Н Д А ҒЫ ҚАЗАҚ Ә Д ЕБИ ЕТІ
Ресейдегі XX ғасырдың басындағы револ юциялық қозғалыс ұлттық шет 
аймақтарды ң, соны ң ішінде К азақстан н ы ң да ж ағдайы на әсерін тигізді. 
Саны аз ұлттык зиялы лар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бо- 
станды қ үшін, халықты ғасы рлар бойындағы үйқы дан ояту үш ін, қос 
езгіден: патша өкіметінің отарш ылдық бүғауынан ж әне ж ергілікті патри- 
архатты қ-рулы қ зорлы к-зом бы лы қтан қүтылу үшін күрес бастады. З и я ­
лылар халықты тәуелсіздік ж олы на ш ығарды, білімді, ғылымды, өнерді 
меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақхалқы н ы ң өмірін бейнелеуге ж әне 
оның мүдделерін қорғауға өз үлесін қосқан қазақ әдебиетінің рөлі соңғы 
орында қалған жок- Қ азақж азуш ы лары мен ақындарының алдыңғы қатар- 
лы бөлігі Абайдың ағартушылық, дем ократиялы қ дәстүрін жалғастырып, 
оларды отарш ылдыққа кдрсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. 
Үлттық қозғалы сты ң басында тұрған Ахмет Байтұрсы нов пен М ірж ақы п 
Дулатовтың әдеби-ш ығармаш ылық, қоғамды к-саяси қы зметінің револю - 
циялы қ-дем ократиялы к бағытта болтаны айқы н. Олар ұлт-азатты к идея- 
сына ш ы ғармаш ы лы қ қы зметінде ғана емес, өздерін ің қоғам ды қ-саяси
қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкілхалықтық 
револю ци яға қаты суы , к о н сти ту ц и я л ы қ -д ем о к р а ти я л ы қ п ар ти я н ы ң
съ езінде қ азақ тар д ы ң тәу е л сізд ігін талап етуі, бүл идеяны «Қ азақ» 
газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сон д ай -ақ 
патша өкіметі қүлағаннан кейін Алаш автоном иясы н құруға әр ек ет ж а- 
сауы айғақ болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов (1873—1938) - XX ғасы рды ң басы ндағы қ а за қ
әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байыт- 
қан ақын. О ны ң «Маса» деген п оэти калы қ ж инағы (О ры нбор, 1911) ха- 
лы қты ң ауыр, құқы қсы з ж ағдайы на, оны отарш ы лды қтан азат етуге, да- 
мудағы м еш еулікке, наданды ққа арн алған , екінш і ж ағы н ан , туы нды
білімге, ғылымға, м әдениетке ш ақы ру болып табылады. А қы н н ы ң отан- 
дастары ны ң бойында жоғары азам атты қ сезімді оятуға ұмтылысы зор. 
Егер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет