Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет109/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   341
біріншіден,  тілдік  бірліктердің  дыбысталу  немесе  айту  процесінде  жұмсалып,  сөйлеу 

ағымына  түсуі;  екіншіден,  тілдік  қатынас  дыбысталу,  айту  арқылы  жүзеге  асатындықтан, 

мән-мағынаның  есту,  тыңдау  арқылы  қабылдануы;  үшіншіден,  тілдік  бірліктерді 

коммуниканттар өз мүмкіндігіне қарай іріктеп қолдана алуы; төртіншіден, коммуниканттар 

арасында  сұрақ  қою, жауап  беру,  қарсы  пікір  айту  арқылы  қостау  әрекетінің    жүзеге  асуы. 

Сөйлеу  лингвистикасын  зерттеуші  ғалым  Н.А.Ильясова  «адамдардың  сұрақ  қоюы,  жауап 

қайтаруы, қарсы пікір айтуы арқылы қостау әрекеті көрініс табатын сөйлеудің түрін ауызша 

сөйлеу  деп  атаймыз»,-дейді  [2,  117].    Осы  тұжырымның  негізін  басшылыққа  ала  отырып, 

іскери  қарым-қатынастағы  сөйлеуді  ауызша  сөйлеу  формасындағы  тілдік  қатынас  деп 

танимыз.  Тілдік  қатынас  теориясын  зерттеуші  ғалым  Ф.Оразбаева:    «Тілдік  қатынасты 

дыбыстық және графикалық таңбалардың  әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар 

жүйесі  тілдік  қатынастың  жазбаша  түрі  болады  да,  тілдің  дыбысталу  жүйесі  тілдік 

қатынастың ауызша түрі болып табылады»,-дейді [ 3, 234]. Ғалымның тұжырымынан тілдік 

қатынастың екі түрін көріп отырмыз. Олар: ауызша және жазбаша тілдік қатынастар. Ғалым 

ауызша  тілдік  қатынасқа  тән  мынадай  ерекшелікті  атап  көрсетеді:  «Ауызша  тілдік  қатынас 

адамның  сөйлеу  қабілетіне  қарай  өзгеріп  отырады  және  мұнда  тілдік  қатынастың  әртүрлі 

қызметі /эмоциялық, экспрессивтік,  байланыстырушылық т.б./ іске асады» [3, 235].  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Ауызша  тілдік  қатынастағы  эмоциялық  қызмет  психологиялық  белгіні  айқындаудың 

бірден-бір  көрсеткіші  болып  табылады.  Психологиялық  белгі  сөйлеу  әрекетінде  болатын 

процестер арқылы анықталатыны баршаға белгілі. Тілдегі психологизм мәселесі аса күрделі, 

сан  қырлы  зерттеулермен  толығып  келеді.  Сөйлеу  әрекетінің  теориясы  ретінде  орнығып, 

психолингвистика  ғылымы  да  қалыптасты.  Іскери  қарым-қатынастағы  сөйлеудің 

психологиялық  белгісі  соның  бір  бөлшегі  деп  тануға  болады.  Психологиялық  зерттеулерде 

индивидуалды  психологизм  және  әлеуметтік  психологизм  бағыты  орныққаны  да  белгілі. 

Іскери  қарым-қатынастағы  сөйлеуде  индивидуалды  психологизм  мәселелері  айқын  көрініс 

табады.  Индивидуалды  психологизмнің  негізін  салған  ғалым  Герман  Пауль  «Принципы 

истории языка» атты еңбегінде индивидуалды психологизмнің басты ерекшеліктеріне талдау 

жасайды.  Сөйлеу  әрекетіндегі  дыбыстау  мен  оның  образы,  акустикалық  қасиеті,  онымен 

байланысты  сезімдердің  көрініс  табуы  индивидуалды  психологизмге  тән  ерекшеліктер 

екенін  айтады.  Тілдік  элементтердің  сөйлеу  әрекеті  барысында  ғана  адам  санасында 

ассоцацияланатынын  алға  тартады.  Индивидуалды  психологизм  айтылым,  тыңдалым 

кезіндегі  психикалық  процестерді  анықтайтын  категориялар  деп  таниды.  Мұндай 

психологиялық  категориялар  сөйлеу  ағымы  кезінде  аса  байқала  бермеуі  мүмкін  екенін 

айтады  [4].  Психолингвистиканың  негізін  қалаған  немістің  көрнекті  ғалымы  Г.Паульдың 

тұжырымдары  негізінде  іскери  қарым-қатынастағы  сөйлеудің  психологиялық  ерекшелігін 

былайша  сипаттауға  болады:  іскери  қарым-қатынастағы  сөйлеудің  психологиялық  белгісі 

айтылым,  тыңдалым  әрекеті  барысындағы  психологиялық  процестерден  көрініс  табады. 

Оған  сөйлеуші  мен  тыңдаушының  ойды  жеткізу  барысындағы  ішкі  психологиялық 

дайындығы,  ақпаратты  қабылдау  кезіндегі  тыңдаушының  сезімі,  сұрақ  қою,  жауап  беру, 

қарсы  пікір  айту  барысындағы  коммуниканттардың  эмоционалдық  жай-күйі  т.б.  сияқты 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

114 



 

психологиялық  процестерді  жатқызуға  болады.    Бұл  психологиялық  процестер 

индивидуалдық тәжірибе арқылы әрбір коммуниканттың жан-дүниесінен өтеді. Әр адамның 

сөйлеу  әрекеті  әлеуметтік  ортада ғана жүзеге асатындықтан  индивидуалды  психологизмнің 

өзі  әлеуметтік  сипатқа  ие  болады.  Әрбір  коммуникант  әлеуметтік  ортаның  мүшесі. 

Сондықтан  коммуниканттар  арасында  интерпсихикалық  процестер  алмасып  отырады.  

Қазіргі ғылыми танымда бұд процесті актуализациялық құбылыс деп қарастырылып келеді. 

А.А.Залевская  актуализацияның  бұл  түрін  интерпсихикалық  (әлеуметтік)  танымнан 

интрапсихикалық (индивидуалдық) танымға өту тұрғысында түсіндіреді.  Ғалым табиғи тіл 

адамның  өзіндік  өңдеуінен,  индивидуалдық  тәжірибесінен  өтіп,  таным  мен  пікіралысудың 

өнімі  ретінде    баршаның  назарына  іліккенін,  егер  тілді  психикалық  процесс  деп  танысақ, 

ақпарат көзін оның эксперименті деп танитынын айтады [5]. Ғалымның «Пора отказаться от 

устаревшего дуалистического подхода к языку и когниции, взамен которого надо определить 

новые  концептуально-теоретические  рамки  для  когнитивных  исследований  языка. 

Построенная  в  этих  рамках  теория  должна  быть  в  состоянии  объяснить  язык  как 

биологически,  социально  и  экологически  обусловленное  интеракциональное  поведение,  в 

котором  рождается  интеллект.  Предметной  областью  наук  о  языке  должна  стать 

биологическая  реальность  языка  –  в  этом  залог  преодоления  методологического  застоя  и 

выхода  когнитивной  науки  на  новые  рубежи  познания»  [5,  61]  деген  тұжырымын  ескере 

келе,  іскери  қарым-қатынастағы  психологиялық  процестерді  осы  мақсатта  айқындаған  жөн 

деп  санаймыз.  Олай  дейтін  себебіміз,  іскери  қарым-қатынас  интеллектуалдық  қабілетті 

қажет етеді. Интеллектуалдық қабілет жекелеген адамдардың жан-дүниесінде қабылдау, есте 

сақтау,  елестету,  ойлай  алу,  бейелей  алу,  көңіл  аудару  т.б.  сияқты  танымдық  қасиеттердің 

болуы.  Бұл  –  өмірдегі  жаңа  тапсырмаларды  ұтымды  орындауда  көрініс  табатын  ақыл-ой 

жұмысының  нәтижесі.  Іскери  қарым-қатынас  жаңа  тапсырмаларды,  жаңа  міндеттерді 

орындау  үшін,  жаңа  мақсаттарға  жету  үшін  жасалады.  Тілдік  қатынасқа  түсуші 

коммуниканттардың  әрқайсысының  өзіндік  мүддесі  болады.  Сондықтан  іскери  қарым-

қатынастағы сөйлеу индивидуалды-психологиялық ерекшелікке ие. Іскери қарым-қатынаста 

интеллектуалды    қабілет,  ақыл-ой  жұмысы  аса  маңызды  орын  алады.  Интеллектуалдық 

қабілетін  дамыту  арқылы  адам  кәсіби  шеберлікке  қол  жеткізетінін  С.Л.Рубенштейн, 

Б.М.Теплов, В.Н.Дружинин т.б. сияқты психолог ғалымдар концептуалдық тұрғыда дәлелдеп 

берген  болатын.  Олай  болса,  іскери  қарым-қатынастағы  психологиялық  белгіні  қарым-

қатынасқа  түсушілердің  өзіндік  мақсат-мүддесіне  байланысты  анықтаймыз.  Қарым-

қатынастың бұл түріндегі психологиялық белгі мынадай факторлар арқылы анықталады:  

1) 

Түсіне алу; 



2) 

саралай алу (умазаключение); 

3) 

ойлау операцияларын жүзеге асыра алу. 



Түсіне  алу  сөйлеу  ағымындағы  сөздер,  сөйлемдер  арқылы  айтылған  заттар  мен 

құбылыстардың  мәнін-мағынасын,  олардың  байланысын,  қарым-қатынасын  анықтауға 

қызмет атқарады.  

Саралай алу тілдік қатына барысында талданып жатқан заттар мен құбылыстарды аса 

жауапкершілікпен зерттеу үшін, логикалық тұрғыда шешім шығара алуға қызмет атқарады.  

Ойлау  операцияларын  жүзеге  асыра  алу  іскери  қарым-қатынаста  талқыланып  жатқан 

мәселені  анализ  жасауға,  салыстыруға,  нақтылауға,  классификациялауға,  синтез  жасауға 

қызмет атқарады.  

Іскери  қарым-қатынаста  сөйлеудің  мәдени  белгісі  этикалық  нормалар  арқылы 

анықталады.  Этикалық  норма  ресми  статуста  сөйлеу,  уақыт  мөлшерін  дұрыс  пайдалану, 

моральдық  нормаларды  сақтау,  байланыс  орнатуда  этикеттік  жағдаяттағы  тілдік 

қолданыстары  пайдалану  т.б.  сияқты  заңдылықтарды  реттейді.  Сондықтан  реттеушілік 

қызмет атқарады.  

Ресми  статуста  сөйлеу  істің,  кәсіптің  басы-қасында  жүрген  басқарушы  адамдардың, 

істі-кәсіпті  жүргізіп  отырған  кәсіби  қызметкерлердің,  әлеуметтік  мәселесімен  айналысатын 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

115 



 

қызметшілердің  барлығына  ортақ.  Алайда,  коммуниканттардың  кәсіби  дәрежесіне  қарай 

«жоғарыдан  төмен»,  «төменнен  жоғары»,  «вертикальды»,  «горизантальды»  іскери  қарым-

қатынасқа байланысты ресми статуста сөйлеудің өзіндік ерекшеліктері болады. 

 Келіссөз  жүргізу  барысындағы  іскери  қарым-қатынасқа  ресми  статусы  жоғары 

коммуниканттар  (басқарушылар)  түседі.  Іскери  қарым-қатынастың  бұл  түрінде  олар 

басшылық статусқа сай  тілдік этикеттерді  қолданады.  

Іске,  кәсіпке  байланысты  әңгімелесу,  пікіралысу  барысындағы  қарым-қатынас  бәріне 

ортақ мәселені шешу үшін жүзеге асады. Қарым-қатынастың бұл түрінде басшылардың да, 

қызметкерлердің  де  ресми  статусы  теңесіп,  горизантальды  байланыс  орнайды.  Барлық 

коммуниканттар кәсіби маман статусы деңгейіндегі этикалық қолданыстарды пайдаланады.  

 Іскерлік  кеңес  жүргізу  барысындағы  қарым-қатынаста  кеңес  беруші  коммуникант 

кәсіби құзіреттілікке ие маман статусы деңгейіне сай сөйлеу этикетін қолданады.  

Іскери қарым-қатынастағы сөйлеу этикеті тек кәсіби мамандардың арасында ғана емес,  

оларға  қызмет  жасайтын  әлеуметтік  топ  мүшелерімен  сөйлесу  барысында  да  жүзеге  асады. 

Белгілі бір істі, кәсіпті басқарып отырған басшы өзінің қарамағындағы күзетші, еден жуушы, 

аспазшы  т.б.  сияқты  қызметшілерімен  де  тілдік  қатынасқа  түседі.  Қатынастың  бұл  түрін 

вертикалды қатынас деп атайды. Вертикалды қатынаста басшы да, басқа коммуниканттар да 

ресми  статустағы  тілдік  этикеттерді  қолданбайды,  моральдық  нормадағы  этикеттік 

қолданыстарды пайдаланады. Мысалы, сәлемдесу, алғыс айту, өтініш білдіру т.б.  

Уақыт  мөлшерін  дұрыс  пайдалану  мәдениеті  іскери  қарым-қатынастағы  аса  маңызды 

мәселе.  «Сөйлеу  уақытын  мөлшерлі  пайдалану  –  ұлттық  мәдени  дәстүрлермен,  кәсіби 

этикалық  ұстанымдармен  айқындалатын  бекітілген  өлшемдерге  бағыну»,  –  дейді 

А.С.Қыдыршаев [6, 25]. 



 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Іскери  қарым-қатынас  мемелекетаралық,  ұлтаралық  байланыстар  деңгейінде  болған 



жағдайда,  әр  мемелекеттің,  ұлттың  дәстүріне  сай  уақыт  сөйлеу  уақытының  регламенті, 

пікіралысу  уақытының реглементі, т.б. мөлшері белгіленеді. Бүкіл айтылатын ой-пікіріңізді 

сол  белгіленген  уақытқа  сыйғызып  жеткізу  мәдениеттіліктің,  парасаттылықтың  белгісіне 

жатады.  

Іскери қарым-қатынаста моральдық нормаларды сақтаудың жолын көрсететін бірнеше 

факторларды  ерекше  атауға  болады.  Іскери  қарым-қатынасқа  бір-біріне  симпатиясы  немесе 

антипатиясы  бар  коммуниканттар  түсе  береді.  Іскери  қарым-қатынас  ресми  қатынас 

болғандықтан  олар  ішкі  сезімдерін  білдірмеуі  тиіс.  Іскери  қарым-қатынастың  вертикалды 

түрінде  әлеуметтік  статусы  жоғары  және  төмен  деңгейдегі  адамдар  тілдік  қатынасқа  түседі 

дегенбіз. Осы жағдайда әлеуметтік статусы жоғары адамдардың өктем сөйлеуіне болмайды, 

әлеуметтік  статусы  төмен  адамдар  субординация  сақтап  сөйлеуі  тиіс.    Іскери  қарым 

қатынаста коммуниканттардың кез келгеніне инвективті лексикадағы тілдік қолданыстарды 

пайдалануға  тыйым  салынады.  Дәлірек  айтқанда,  былапыт  сөздер,  қарғыс  сөздер,  балағат 

сөздерге мүлдем жол берілмейді. Жаргондар, архаизмдер, диалектілер де ресми сипаты жоқ, 

баршаға түсінікті емес сөздер болғандықтан, оларды да қолдануға болмайды. Іскери қарым-

қатынаста  мұндай  фактілер  орын  алып  жатса,  моральдық  норманың  бұзылуы  болып 

табылады.  Моральдық  норма  адамгершілік  борышты  сақтау,  ешкімді  қорламау  қызметін 

атқарады. 

Іскери қарым-қатынаста этикеттік жағдаяттарды назарда берік ұстау және оны қолдану 

аса  маңызды  мәселеге  жатады.  Этикеттік  жағдаяттағы  тілдік  қолданыстарға  сәлемдесу, 

рұқсат  сұрау,  кешірім  сұрау,  ілтипат  көрсету,  мадақтау  т.б.  жатады.  Бұлар  іскери  қарым-

қатынас  барысында  позитивті  орта  қалыптастыруға,неготивті  эмоцияның  деңгейін 

төмендетуге зор ықпал етеді.  

Қорыта  келгенде,  іскери  қарым-қатынас  барысында  сөйлеу  ресми,  мәдени, 

индивидуалды-психологиялық, динамикалық сипатымен ерекшеленеді.  



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

116 



 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы. Мектеп,  – 1987. 

– 124 б. 

2  Ильясова  Н.А.  Тілдік  бірліктердің  коммуникативтік-танымдық  мәні.  Ғылыми 

монография. Алматы. ТОО «Нұр-ДиАС» баспасы, 2017. – 328 б. 

3 Оразбаева Ф. Тілдік қатынастың теориялық негізі // Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. 

Алматы, «Ан Арыс» баспасы. 2009. – 368. 

4  Пауль  Г.Принципы  истории  языка  /пер.  С  нем.  под.ред.  А.А.  Холодовича.  Вст.ст. 

С.Д.Кацнельсона  (с.  5-21)  Ред-р.  З.Н.Пертова.  М.:  изд-во  иностранной  литературы,  1960.  – 

500 стр. 

5  Залевская  А.А.  Введение  в  психолингвистику:  учебник  2-е  изд.  испр.  и  доп.  М.: 

Российск. гос. гуманит. ун-т, 2007. 560 с. 

6 Қыдыршаев А.С., Төлегенова Д.Қ. Іскерлік шешендіктану қағидалары. Орал. – 2007. – 

68 б. 

 

К.Н. Шохаева  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет