бизнестің негізгі мақсаттары: • киім өндіру нарығында орнығу;
• кіріс ақшалай ағындарының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету;
• заңды жұмыс орындарын құру және бюджетке салық төлемдерін ұлғайту арқылы оң әлеуметтік әсерге қол жеткізу;
• клиенттерге қолжетімді және сапалы өнім ұсынуын қамтамасыз етеді.
Өнім сипаты Өндірілетін өнім тізбесі № атауы сату бағасы Өзіндік құны (шикізат шығындары) Тауарды немесе қызметті өткізу көлемі сомасы, бағасы, теңге сомасы, өзіндік құны, теңге 1
Футболка
1500
700
5000
7 500 000
3 500 000
2
Худи
3500
2800
3000
10 500 000
8 400 000
3
Толстовка
3500
2800
3000
10 500 000
8 400 000
4
Свитшот
2500
1800
5000
12 500 000
9 000 000
жалпы: 16 000 41 000 000 29 300 000
Футболка – дененің үстіңгі бөлігін жабатын, трикотажды материалдан тігілген, алдында немесе
артында кесілген жері жоқ, сол себептен түймесі әрі жағасы жоқ киім түрі. Қол жеңі қысқа немесе
ұзын болуы мүмкін. Футболка тігілетін трикотажды мата - 100% мақта. Классикалық футболка - ол
ақ түсті футболка. Бірақ басқа да түстер қолданыла алады.
Ху́ди (ағылш. hoodie, hood «капюшон» сөзінен) – жұмсақ мақта-мата трикотажынан немесе фли-
стен тігілген капюшоны бар свитер түрі. Көбінесе худиді толстовкамен байланыстырады, дегенмен
оның алдында түймесі және кейбір басқа айырмашылықтары бар. Худи аноракпен ұқсас – ол да ка-
пюшоны бар жеңіл күртеше, ол да бас арқылы киіледі; анорак секілді үлкен жапсырмалы қалталары
және капюшонында тартпалы баулары бар.
Толстовка (әлемде ағылш. Tolstoyblouse, Tolstoyshirt немесе фр. blouse à la Tolstoï ретінде таны- мал) – жазушы Л.Н. Толстойдың атымен аталған киім түрі.
Бастапқыда «толстовка» – кең, ұзын, кейде инішінде қалың жинамалары бар, әртүрлі тегіс боялған
маталардан тігілген, сыртқа киілетін ерлер киімі. Л.Н. Толстойдың жанкүйерлері мен ізбасарлары-
ның арасында танымалдылыққа ие болып, толстовка пішіні мен пайдаланылуы айтарлықтай өз-
герістерге ұшырады және заманауи киім ретінде «толстовка» – бұл қалың трикотаждан жасалған,
іш киімнің сыртынан киілетін кеудеше. Негізгі мақсаты – жылу сақталуына ықпал етеді. Толстов-
каларға жеңі ұзын өнімдер, сонымен қатар, жилеттер жатқызылады. Бүгінгі таңда толстовка салқын
уақытта жылы киімдердің көп таратылған түрлерінің бірі болып табылады.
свитшот(sweatshirt) – толстовка секілді пішілген свитердің түрі. Атауы «sweater» (свитер) және
«shirt» (жейде) деген ағылшын сөздерінің қосылысынан пайда болған. Свитшоттар қалың трикотаж-
дан, кейде ішінде түгі бар флистен, полартектен тігіледі.
Мақсатты тобы: • 4-35 жас аралығындағы жас адамдар
• 36-55 жас аралығындағы ересек адамдар
инвестициялар Тауарлар өндірісіне инвестициялар көлемі 10 000,00 мың теңгені құрайды. Инвестициялық кезең мерзімі 36 айды
құрайды. Жобаны қаржыландыру қарыз капиталының есебінен жүргізілетін болады.