жалпы 680 000 197 988 68 000 41 401 570 599 8 559 5 840 қызметкерлерге қойылатын талаптар Қызметкерлер құрамына талаптар қою барысында жоба бастамашысы бағалаудың келесі алғышарттарын ескереді:
• кәсіптік дайындық және біліктілік деңгейі, соның ішінде, теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар;
• кәсіби этиканы білу және сақтау;
• кәсіби қызметке қатысты нормативтік және нұсқамалық құжаттарды білу.
Кәсіпорын қызметкерлер құрамы міндетті түрде кәсіпорынның ішкі тәртібі және жұмысын ұйымдастыру ереже-
лерімен танысу мақсатында нұсқамадан өтеді.
Қызметкерлер құрамының функционалдық міндеттері, құқықтары және біліктілік талаптары ұйым басшысы бекіткен
қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген.
Жоба бастамашысы қызметкерлердің теориялық дайындығы және тәжірибелік дағдылары негізінде олардың білім-
дерін жетілдіру, біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру шараларын жүйелі түрде ұйымдастырады. Бүкіл қызметкер-
лер құрамы жұмыстың қауіпсіз әдістеріне дайындықтан өткен.