Өндірістік жоспар. жабдық. Сізге қажет болатын жалғыз жабдық, ол тігін машинасы. Егер машина болса, оны сатып алу қажеттілігі жоқ.
Технологиялар. Бұл шекпендерді матадан емес, негізгі сипаты толық су өткізбейтін жасанды мата емес материалдардан тігеді. Мыса-
лы, қолшатырлар полиэстерден дайындалады. Осындай материалдардың беткі қабаты көбінесе судың бірден ағызатын
тегіс, сырғымалы, клеенкалы болып келеді. Жауын өткізбейтін шекпендердің сөзсіз артықшылығы басқа плащтарға қа-
рағанда, жүзпайыздық сенімділікпен жаңбырдан қорғайды. Мұндай плащтарды тек мақсаты бойынша пайдалану қажет
екенін ескеру керек, себебі олар «арнайы киім» түрі болып саналады. Басқа жағдайларға олар қолайсыз.
Мұндай плащты қарапайым полиэтиленнен бес минут ішінде тігуге болады. 2 метр полиэтилен алыңыз. Бірінші қа-
рапайым пішім жасау керек – ұзындығы 180 және ені 150 сантиметр тікбұрыш салыңыз. Кесіп алыңыз, төрт рет бүктеңіз
және кимоно суретін салыңыз. Сосын домалақ жолақ бойынша екі нүктені біріктіріңіз және жеңдері мен мойнын кесіңіз.
Одан кейін ортасынан кесіңіз. Шеткі тігістерді тігіңіз және оларды көлбеу көмкермемен бекітіңіз.
Капюшоны үшін екі жағы 40 сантиметрден екі квадрат кесу керек. Екі бұрышын кесіп, көлбеу көмкермемен тігу ке-
рек. Капюшонды қосып тігу үшін оны мойнына қойыңыз. Мойын ұзындығы капюшонның төменгі шетінің ұзындығына
сәйкес келуі керек. Әдемі болуы үшін жеңдерін, плащтың астын, шеттерін және капюшонды көлбеу көмкермемен өңдеуге
болады. Полиэтиленде мықты ұсталуы үшін пластиктен ілгектер тігу керек, ілгек астына ашық түйме салу керек. Бір-екі
тігістен кейін, плащты киіп көруге болады.
жоба есептер: – тігін машинасы (болмаған жағдайда) – 25 000 теңге.
– полиэстер – 1 м үшін 150 теңге.
Бір шекпен үшін 2 м мата* 150 теңге/м. = 300 теңге + шығыс материалы (жіптер), шекпеннің өзіндік құны шамамен
350 теңге құрайды. Ал бөлшек сауда бағасын 500-600 теңге деп қоюға болады.
Өнімді өткізу. Осындай жауын өткізбейтін шекпендерді көшелерде, автобус аялдамаларында, үлкен ғимараттардың есіктері жанын-
да тұрған адамдарға, адамдар жаппай жиналған орындарда, стадиондарда, кинотеатрлар жанында ұсынуға болады