Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет33/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   636
жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы шырындар өндіру жөніндегі желі ашуды көздейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда салауатты өмір салты және пайдалы тамақтану тенденциясы дамуда. Адамдардың көпте-
ген бөлігі табиғи сусындарға таңдауын жасауда. Гипермаркеттердің  сөрелерінде, сусындар бөлімінде, әртүрлі маркалар 
өнімдерінің үлкен ассортиментін кездестіруге болады, дегенмен сусындардың қандай түрлері біздің ағзамызға пайдасын 
әкеледі?
Біздің компаниямыз бүгінгі нарықтың талдауын жүргізіп, бүгінгі сатып алушы сүт өнімдерінен бастап нан өнімдеріне 
дейін азық-түлік өнімдерін жақсы танып, біле бастағаны туралы қорытынды жасады. Дәл осы себептен, салауатты өмір 
салтының позициясын қолдай отырып, денсаулыққа зиянын тидірмей, сонымен қатар адам ағзасын пайдалы микроэле-
менттермен байытатын табиғи сусындарды ұсынамыз.
Ұлт денсаулығы көптеген факторларға тәуелді және бірінші кезекте, адам немен тамақтануына байланысты.
Таңқурай, алма, апельсин, жүзім, мүкжидек, қарақат – осылардың барлығы және көптеген басқа табиғи шырындар 
адамның күнделікті рационында болуы тиіс. Дәмдердің алуан түрлі гаммаларына ие бола отырып, бұл сусындар ыстық 
күні шөлді басып, сергітіп қана қоймай, сонымен қатар, адамның ағзасына тиімді әсер етеді. Табиғи көкөніс, жеміс және 
жидек шырындарында адам ағзасына қажетті барлық дәрумендер мен қоректік заттар бар, сол себептен көптеген ауру-
лардан емделу және алдын алудың жақсы құралы болып табылады. Шырындармен бірге алынатын дәрумендердің арқа-
сында адам ағзасы вирустар мен инфекцияларға төзімді, стресстік жағдайларға және қарқынды дене жаттығуларына аса 
тұрақты болады, оның барлық алмасу процесстері қалпына келеді. Органикалық қышқылдардың болуының арқасында 
шикі көкөніс, жеміс жән жидек шырындары асқазан-ішек жолының ауруларымен және зат алмасуының бұзылуымен ауы-
ратын адамдардың рационында таптырмайтын зат болып табылады. Дәрумендер мен органикалық қышқылдардан басқа, 
жаңа сығылған (шикі) шырындарда минералды заттар (калий, кальций, темір, мыс, магний, фосфор, марганец, молибден, 
бор, йод және т.б.) және олардың тұздары бар.
Табиғи шырындарда келіп түскен ас қорытуға және олардан бөлінген нәрлі элементтерді жұтуға ықпалын тигізетін 
күрделі заттар – өзектер, пектиндер және энзимдердің үлкен көлемі бар. Жемістер мен жидектерден дайындалған сусын-
дар ішектің жиырылуын жақсартады, сонымен ағзадан шлактар мен токсиндік заттардың шығуына ықпалын тигізеді. 
Дегенмен, жоғары температуралардың ықпалымен (47°С жоғары) энзимдер инертті болып, бұзыла бастайды, нәтижесінде 
шырын өзінің емдік күшін жоғалтады және шөлді басуға арналған қарапайым сусынға айналады.
Медиктер мен халық емшілерінің тәжірибесі «тірі органикалық су» түсінігінің табиғи сусындарға қатысты әділеттілі-
гін дәлелдеді. Табиғи шырындармен емделуді бастап, адам жақын арада оң нәтижелерін байқайды және дәрілер, миксту-
ралар және егулер туралы мәңгілікке ұмытады. Атап өтетін жайт, шырындарды дайындау барысында көкөністерді, жемі-
стер мен жидектерді өнеркәсіптік тәсілмен термикалық өңдеу өнімдердің барлық емдік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет