Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы



Pdf көрінісі
бет34/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   636
жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы:
қаржыландыру көзі, мың тг.
сомасы 
Кезеңі 
Үлесі 
Жеке қаражаттар
2.500
2019
45%
Қарыздық қаражаттар
3.000
2019
55%
барлығы 
5.500
100%
Өнімнің сипаты:
Біздің өніміміз – құрамына жеміс және жидек, қант және су кіретін сауда маркасы бар морс. Біз ГМА, бояғыштар және 
консерванттар қолданбаймыз, бұл басқа сусындар өндірушілерінің алдындағы маңызды артықшылық болып табылады. 
Біздің өніміміз ескі технология бойынша жасалған және сапа стандарттарына сәйкес келеді. Тек қана шыны ыдысқа құй-
ылады. 
Қазіргі таңда біз морстың 6 түрін ұсына аламыз:
1. Қызылжидек морсы. Құрамында темір және марганец, А, В1, В2, В9, РР, С және Е дәрумендері бар. Қызылжидек 
жалпы әлдендіреді, жараларды жазады, ыстықты түсіреді.
2. Қара бүлдірген морсы. Қара бүлдірген морсы нәрлі және емдік заттардың толық жинағынан тұрады, олардың ішінде 
сахароза, глюкоза, фруктоза (5% дейін), лимон, шарап, алма, салицил және басқа органикалық қышқылдар, В, С, Е, К, 
Р, РР тобының дәрумендері, А провитамині, минералды заттар, өзек және басқа макро- және микроэлементтер бар. Қара 
бүлдірген асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалпына келтіреді, жүйке жүйесін тыныштандырады және жалпы әлден-
діретін құрал болып табылады;
3. Мүкжидек морсы. Мүкжидек морсының дәрумендік бөлігі B (B1, B2, B5, B6), PP, К1 тобының дәрумендерімен 
және С дәруменінің үлкен көлемімен ұсынылған. Мүкжидекті ыстықты басатын құрал ретінде және жалпы ағзаның күшін 
көтеру үшін қолданады. 
4. Қарақаттан жасалған морс. Оның жидектерінде C, В1, В2, В6, В9, D, Е, К, Р, А дәрумендері, пектиндер, кароти-
ноидтар, қант, органикалық және фосфор қышқылы, илік заттектер, эфир майы, К тобының дәрумені, фосфор, темір және 
калий тұздары бар. Сусынның осы түрі иммунитетті көтереді, қантамырларды нығайтады және қан қысымын қалпына 
келтіреді, қабынуға қарсы әрекеті бар;
5.  Көк  жидек  морсы.  Радиоактивті  сәулелердің  ықпалынан  қорғайды,  қантамырлардың  қабырғаларын  нығайтады, 
жүрек жұмысын қалпына келтіреді, ішектің және ұйқы безінің саулығын жақсартады, жүйке, сонымен қатар, ми жасуша-
ларының ескіруін баяулатады. 


20
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
6. Таңқурай морсы. Ыстықты басатын қасиетінен басқа, таңқурай морсы қан тоқтататын және улы заттарға қарсы әсері 
бар, тәбетті жақсартады. Таңқурай тонусқа және тері түсіне оң әсерін береді, себебі оның құрамында А, Е, РР дәрумендері 
және В тобының дәрумендері бар. 
Біздің бағамыз баламалы өнімнің түрлеріне қарағанда айтарлықтай төменірек! Біз Қазақстан нарығында табиғи мор-
стардың жалғыз өндірушісіміз! Сонымен қатар, келешекте шетелдік мемлекеттер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет