Үй жағдайларындашошқа ұрғашыларын ұрықтандыру Жыныстық әуестік пайда болғаннан кейін 12 сағаттан соң шошқа ұрғашысын еркегімен шағылыстырады немесе жа-
санды ұрықтандырады. Дәл осындай уақыттан кейін шағылыстыруды қайталайды.
Шошқа ұрғасында жыныстық айналым әрбір 17 – 24 күн сайын қайталанады. Осыны ескере отырып, шағылыстыру
(немесе ұрықтандыру) сәтті аяқталғанына көз жеткізу үшін 17 күннен кейін ұрғашыны мұқият бақылайды. Егер кейін-
гі апта ішінде әуестік белгілері байқалмаған жағдайда, ұрғашы жүкті екенін білдіреді. Кері жағдайда шағылыстыруды
қайталау қажет, бірақ енді басқа қабанмен. Егер ұрғашының бірінші шағылыстыру кезінде 3-4 жыныстық әуестік болса,
шошқа ұрғашысы жақсырақ ұрықтанады және жүктілік көпұрықты болатыны байқалған.