190
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
55. алабалық Өсіру және саТу
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: балық өсіру шаруашылығын құру және жаңа ауланған алабалық сату, тұрғындар-
дың алабалық аулауын ұйымдастыру.
Өнімі: жаңа ауланған алабалық.
Жоба құны: 10 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 4 жыл.
жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы балық аулау шаруашылығын құруды және жаңа ауланған алабалықты сатуды, тұрғындардың
алабалықты аулауын ұйымдастыруды көздейді.
Республикада балық өнімін тұтыну Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынған нормасынан 20 есеге төмен
болып қалуда және өмір ұзақтығына тікелей әсерін тигізеді. Облыста сарқылу шегінде тұрған ірі су қоймалары болға-
нымен, халық көбінесе экспортталған, консервіленген және қатты мұздатылған балықты тұтынады, әдетте оның сапасы
төмен болады. Қазақстан балық шаруашылығын және балық аулауды қарқынды дамыту үшін бай балық шаруашылығы-
ның су қорына және қолайлы жағдайларға ие.
Республика халқының болжамды өсуін ескере отырып, ғылым ұсынған нормаға сәйкес (адам басына 14,6 кг), ха-
лықтың балық және балық өніміне сұранысын қанағаттандыру үшін аулау, тауарлық балық өсіру және балық импорты-
ның көлемін жылына 272,0 мың тоннаға дейін өсіру қажет.
Республикаға балық пен балық өнімі 43 шетелдік мемлекеттен келеді. Балықтың негізгі жеткізушілеріне Ресей, Нор-
вегия және Қытай жатады.
Достарыңызбен бөлісу: