жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы: № атауы Өб сомасы 1
Ғимараттар мен құрылыстар салу
7 000 000
2
Алабалық шабақтарын сатып алу
теңге
3 000 000
Жалпы инвестициялар
теңге
10 000 000
Соның ішінде, қаржыландыру көздері бойынша
3
Қарыз қаражаттар (Шабақтар мен жемдер сатып алу)
3 000 000
Өнім сипаты құбылмалы алабалық (Parasalmo mykiss Walbaum) – жасанды жағдайларда өсіру үшін белсенді пайдаланылатын
тынықмұхиттық алабалықтар (Parasaimo) тұқымына жататын албырт тұқымының алғашқы объекттерінің бірі. Бұл балық
өз атауын арқасындағы қара дақтармен сұр түсі және бүйір сызығы бойындағы кең құбылмалы жолағынан алған. Оның
еті адамның толыққұнды тамақтануында үлкен маңызы бар протеиндерге, қанықпаған май қышқылдарына, микроэле-
менттерге және дәрумендерге бай. Алабалықтың қоректі қасиетін диеталық тамақтануда пайдалануға кеңес беріледі. Ала-
балық еті жүрек жұмысына оң әсерін беретіні, көз көруін жақсартатыны, еркектік қауқарды арттыратыны дәлелденген
және сол себептен көптеген ұлттық тағамдардың рецепттерінде бар. Құбылмалы алабалықтың алуан түрлерін арнайы
дайындалған көлдерде, ағынды су тоғандарында бассейндерде және қамбаларда өсіруге болады. Аса келешекті және эко-
номикалық қолайлы түрі алабалық шаруашылығының тоғанды немесе бассейнді әдісі болып табылады. Бұған қолайлы
климаттық жағдайлар, тұщы судың молшылығы, энергеиямен қамтамасыз етілу, ыңғайлы көлік байланыстары, маман-
дар мен бос жұмыс күшінің болуы ықпалын тигізеді. Алабалықтың тауарлық өнімін алудың аралас тәсілдерін қолдану
келешекті іс, мысалы, бассейндік типтегі арнайы модульдерде уылдырық және көшет материалдарын алу, бассейндерде
тауарлық өнімді өсіру және су тоғандарының арнай қоршалған учаскелерінде ірі көлемді тауарлық балықты алу. Осының
барлығы қазіргі таңда құбылмалы алабалық – балық шаруашылығының, әсіресе, қамбалық балық шаруашылығының ке-
лешекті объекттерінің бірі екенін көрсетеді.