224
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Дамудың жоғары қарқындары салон бизнесінің саласын жаңа ойыншылар үшін тартымды етеді, ал нарықтағы бәсеке-
лестік қызметтер санын ұлғайту есебінен ұсталады.
Қазақстанның сұлулық салондарының нарығында бәсекелестің маңызды деңгейі жоқ: «массаж кабинетінің» жалпы
саны өте аз, ол халық сұранысын қанағаттандыра алмайды, себебі үлкен бөлігі – бұл қосымша процедураларға клиенттің
сұраныстарын қанағаттандырмайтын классикалық шаштараздар.
Бизнестің осы саласының бәсекелестігі және инвестициялық тартымдылық жағдайларында
салондарды сатып алу-са-
ту саны өсуде. Мұның барлығы салондардың сатылу үлесі үздіксіз түрде өсуіне әкелуде. Осы қарқынды үрдіс күшті
инвесторларға идеальды нұсқасын табуға, ал нарыққа – табысты дамуға мүмкіндік береді. Салондарды сатып алатын
адамдардың негізгі бөлігін келесі топтарға бөлуге болады:
• межелес салада бизнес сатып ала отырып, өз қызметін әртараптандыратын кәсіпкерлер. Массажды кабинеттерді де-
коративтік косметика және бет және дене күтімінің құралдарын сататын ұйымдар сатып алады;
• жұмыс жатқан салондар
иелері өз желілерін кеңейтіп, қосымша салондар сатып алады;
• жоғары табысқа және
жылдам өтемділігіне есеп жасап, осы бизнеске ставка жасаған жаңа кәсіпкерлер;
•
бұдан басқа, көптеген қалталы ер-кәсіпкерлер әйелдерінің басқаруы үшін салондар сатып алады.
Салон бизнесінің құрылымы соңғы уақытта айтарлықтай өзгерді. Салондар көлемі ұлғаюда. Онда қызметтер түрлері
көбеюде, соның ішінде, сыртқы келбетті ретке келтіруге мүмкіндік беретін және де басты проблемалар – терінің қарта-
юымен, дене пішімінің жас өзгерістерімен, шаш түсуімен, целлюлитпен және тіпті шаршаумен және стресстермен толық
күресетін медициналық қызметтер пайда болуда.
Массаж кабинеттерінде соңғы 5-10 жылда келушілерге көбінесе қолмен жасалатын массаж және бетке жасалатын
жеңіл манипуляциялар ұсынылған. Бірақ қазір сұлулық салондар нарығы жаңа ұсыныстарға толы: бетті жасартуға, дене
пішімін қалпына келтіруге, целлюлит, қауқарсыз шаштар, жастық безеулері, әжімдерге бағытталған косметологиялық
процедуралардың алуан түрлері, бүгін сұлулық индустриясы ақша жасайтын
проблемалар саны өте көп.
Соңғы жылдары танымалдылықты жаулап алған жетекші бағыттардың бірі anti-age (қартаюмен күрес) және денеге,
денсаулыққа күтім болып қалуда.
Клиенттер үй күтімі тиімділігі жағынан массаж процедураларымен салыстыруға келмейтіні түсінуде, оның үстіне,
массаждан кейін адам күш қосылғанын және әңгімелесуден кейін жақсы эмоциялар қосылатынын сезеді.
Салондар жұмысы «қожайын – жалданбалы қызметкерлер» принципі бойынша құрылады. Осылай, салон иесі кәсіп-
керлік туралы жеке куәлік алады және патенттері (жеке патенттері) бар қызметкерлерді жұмысқа алады, қызметкер салон
үшін емес, бірінші кезекте өзіне имидж жасайды және жұмыс орнынан кеткен жағдайда өзімен барлық клиенттерді алып
кетеді. Жоғары деңгейдегі кабинеттер Эконом-класс кабинеттері секілді бөлінеді. Мұндай кабинеттер қызметтерге ерек-
ше талаптарсыз, табысы орта кең топқа есептелген.
Бұрын сұлулық салондарына өте қалталы адамдар ғана бара алған, қазір әл-ауқат өсіміне байланысты мұндай қызмет-
тер көптеген адамдарға қолжетімді. Сарапшылардың болжамы бойынша, жақын арада кәсіби «атаулы» массаж кабинет-
тері ашыла бастайды – талантты мастерлер
өздеріне инвесторларды табады, ал бұл бәсекелестің тағы бір бұтағы.
Қазіргі таңда массаж кабинеттерінің саны ұлғаюда, дегенмен біздің аумақта осы саладағы кәсіптер үшін арнайы дай-
ындықтан өтетін жер жоқ. Тәжірибесі бар мамандарға арналған курстар бар және олар облыс шегінен тыс жүргізіледі,
көптеген жағдайларда мастер-класстар ақылы негізде жүргізіледі. Осы салада жұмыс жасайтын көптеген мамандар өзді-
гінен білім алған адамдар немесе тәжірибелі маманның бастамасымен білім мен тәжірибе алған немесе аумақтан тыс
оқыған адамдар. Бұл ретте аумақ халқының саны және оның әл-ауқаты өсім тенденциясына ие, тиісінше, көрсетілетін
қызметтерге талаптар жоғарлауда. Сұлулықпен байланысты қызметтерін саласы үшін кәсіби мамандар сұранысын қа-
нағаттандыратын уақыт келді. Осы жобаның мақсаттылығы түсінікті, себебі төлеуге қабілетті тұтынушылардың өсіп келе
жатқан саны көрсетілетін қызметтер сапасына және оларды көрсететін мамандарға жаңа талаптарды қояды. Сондықтан
жоба нарық тұтынушыларын қанағаттандырудың 100% әлеуетіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: