Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет458/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   636
ахуалдық тәуекелдер:
Табиғи апаттар тәуекелі – өндірістік қуаттылық пен жабдықты табиғи апаттардан сақтандыру тәуекелдің осы түрімен 
күресудің тиімді әдісі, бірақ ықтималдылық деңгейі төмен.
әлеуметтік жағы
Жобаны іске асыру барысында келесі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің шешімі көзделген:
жаңа жұмыс орындарын құру, ол қызметкерлерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді;
• халықты осы саладағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;
• Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа аударымдардың түсуі. 
67. аЯқ КиіМ дҮКені
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: аяқ киім және ілеспелі өнімдерді жекелеп сату мақсатында аяқ киім дүкенін ашу.
Өнімі: Қызметтің негізгі өнімі көбінесе отандық өндірушілердің ерлер және әйелдер аяқ киімін сату болады.
Жоба құны: 5 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 7 ай.
жоба тұжырымдамасы
Осы бизнес-жоспардың мақсаты – Алматы облысының тұрғындары үшін аяқ киім және ілеспелі өнімдерді жекелеп 
сату мақсатында аяқ киім дүкенін ашу. Дүкен өнімінің негізін көбінесе отандық өндірушілердің ерлер және әйелдер аяқ 
киімі құрайтын болады. Дүкен орташа бағалы сегментке және орташадан төмен сегментке қызмет көрсетеді.
Аяқ киім дүкенінің мақсатты тобы жекелеп сатып алушылар, олардың 65% – қаланың 18 және 50 жас аралығындағы 
әйел тұрғындары.
Аяқ киім аса танымал тауарлардың бірі. Ай сайын орташа статистикалық тұтынушы киім мен аяқ киімге 45,5 мың тең-
ге жұмсайды. Қазақстан климатының ерекшелігі аяқ киімді маусымға байланысты ауыстыруға мәжбүрлейді, сондықтан 
аяқ киім сату бизнесі өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Аяқ киім дүкенін ашудың негізгі артықшылықтары тауарға сұраныс 
және 100-300% сауда үстемесімен қамтамасыз етілетін пайданың жоғары деңгейі.
Жобаны іске асыру аясында ерлер және әйелдер аяқ киімін сату жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда ерлер және әйелдер аяқ киіміне сұраныс жоғары қарқындармен өсуде, оның өсімі халық көлемінің өсімі-
не тең (ИЖТМ ақпараты бойынша).
Дүкен сұранысқа ие ерлер мен әйелдердің сапалы аяқ киімінің кең ассортиментін ұсынатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет