231
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Ассортиментті сұраныстарға және клиенттің таңдауына сәйкес қалыптастырған, сонымен қатар, сәнді тенденциялар-
ды және аумақ климатын ескерген жөн. Сонымен қатар, дүкен ассортименті дүкен өлшемдерін ескере отырып анықта-
лады. Осы жағдайдағы басты шарт – витриналарды толық толтыру, бірақ тауарлардың тым көп болмауы. Жартылай бос
стендттер сатып алушыларды қашыруы мүмкін, ал шашылған витриналарда бағдар алу өте күрделі. Ілеспелі тауарлар
(аяқ киім күтіміне арналған құралдар, шұлықтар, белдіктер, үй аяқ киімі және т.б.) туралы да ұмытпау керек – олар са-
тылымдарды 5-7% ұлғайтады.
Экономикалық дағдарыс аяқ киім дүкендерінің сатылым деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, олардың ассортиментіне
әсерін тигізді. Бүгін аяқ киім дүкендері жаңа жағдайларға бейімделуге және сатып алушылардың сұраныстарын қанағат-
тандыруға қабілетті ассортиментті оңтайландыруға тырысады. Дағдарысты аяқ киім дүкенінің ассортименті қандай бо-
луы тиіс? Аналитиктер дағдарыс кезеңінде аяқ киім сатылымын жақсарта алатын бірнеше факторларды атап өтті:
• экологиялылығы. Барлық табиғи заттарға сән және салауатты өмір салты аяқ киім сегментін айналып өтпеді. Көп-
теген сатып алушылар өзінің денесіне күтім жасайды және аяқ киімге жоғары талаптар қояды. Бұл санат инновациялық
технологиялармен (мысалы, су кірмейтін қабат), спорттық және ортопедиялық аяқ киім үлгілерімен ұсынылған;
• анатомиялық ерекшеліктерді ескерумен жасалған аяқ киім. Жыл сайын ыңғайлы аяқ киім таңдау үрдісін қиындата-
тын қандай да бір стандартты емес анатомиялық сипаттамалары бар адамдар саны өсуде. Мұндай сатып алушылар үшін
аяқ киімді сатып алудың басты алғышарты оның ыңғайлылығы болады, сондықтан ассортиментке стандартты емес өл-
шемдердегі, анатомиялық ұлтарақтары бар
аяқ киімдерін кіргізу қажет;
• сәнді аяқ киім. Аяқ киім сән ықпалына қатты тәуелді тауарлар санатына жатады. Сондықтан ассортиментті қалып-
тастыру барысында трендтерді ескеру керек. Ассортиментті талапшыл сатып алушылардың назартын тартуға қабілетті
жарық, сәнді үлгілермен түрлендіру керек. Дегенмен, ассортимент негізін классикалық үлгілер құрауы керек. Ассорти-
мент бөлігі сатылмаған жағдайда, сәннен шыққан өнімнен гөрі болашақта классикалық аяқ киімді сату жеңілірек болады.
Осылай, дұрыс ассотименттік саясат сатып алушыларды тартуға және тіпті экономикалық дағдарыс кезеңінде биз-
нестегі позицияларын ұстауға мүмкіндік береді. Аяқ киімді жекелеп сатуда ең маңыздысы – нарықтың өзгеріп тұратын
тенденцияларына жедел ілесу үшін барынша икемділікке ие болу.
Осы дүкеннің ассортименті әртүрлі материалдардан (жасанды былғары, таза былғары, тоқыма, резеңке) жасалған аяқ
киімнің кең қатарынан тұратыны көзделген. Бұл ретте, акцент классикалық көпқызметті аяқ киімге жасалатын болады.
Тауарды сатып алуға орташа есеппен 700 мыңнан 1 млн. рубльге дейін қажет болады.
Дүкенде сатып алушыларға қызмет көрсету форматы – жеке.
Сонымен, жоба келесі бәсекелестік артықшылықтары бар аяқ киім дүкенін ашуды көздейді:
• ассортимент құбылмалдылығы. Ассортименттік қатар тек қана классикалықтан тұмай, сонымен қатар, сатып алушы-
лардың әртүрлі санаттарының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін сәнді үлгілерден де тұратыны көзделген;
• ассортиментте экологиялық және
анатомиялық аяқ киімнің болуы;
• баға саясаты. Ассортименттің үлкен үлесі әртүрлі нұсқаларда ұсынылған бюджетті тауарлар құрайды;
• үздік сервис, сыпайы
және құзіретті кеңесшілер;
• клиенттердің адалдық жүйесі. Осы дүкенде жеңілдіктердің дисконтты жүйесі және әртүрлі акцияларды үнемі өткізу
көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: