56
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
16. пВХ жабындысы бар М/М қолғапТарын Өндіру
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: пвх жабындысы бар м/м қолғаптарын өндіру цехін құру.
Өнімі: Өндірілетін өнімнің негізгі түрі қолғап жасайтын жабдықты сатып алумен ПВХ жабындысы бар м/м қолғаптар
болады.
Жоба құны: 3 360 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 12 ай.
жоба тұжырымдамасы
Осы бизнес-жоспар аумақта пвх жабындысы бар м/м қолғаптарын өндіру жобасына инвестициялар салу мақсат-
тылығының экономикалық негіздемеге арналатын болады.
Бизнес-жоспарда инвестициялық есептеу жүргізу үшін барлық қажетті ақпарат, соның ішінде, табыстар мен шығын-
дардың, жобаны іске асыру барысында орындалуы тиіс күрделі салымдардың негізгі баптары жиналған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы нарығының негізгі сипаттамаларының сипаты, сонымен қатар, сұраныс және
ұсыныс көлемінің, баға көрсеткіштерінің қарқыны ұсынылған. Осы көрсеткіштердің негізінде жобаны іске асыру кезеңін-
де нарықты бұдан әрі дамыту болжамы жасалған.
Жоба тиімділігін экономикалық негіздеу мақсатында есептеулер жүргізу үшін деректердің негізгі көздері:
• «Инвестициялық жобаларды бағалау және қаржыландыруға оларды іріктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»,
• БАҚ және Интернеттің ашық дереккөздерінен алынған ақпарат;
• Қазақстан нарығына жүргізілген
зерттеулер нәтижелері;
• ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық деректері және баспасөз релизі.
ПВХ жабындысы бар м/м қолғаптарды өндіру бойынша молықпаған сұранысты және қызметті ұйымдастыру мүмкін-
дігінің болуын ескере отырып, кәсіпкер осы бизнес-жоспарды дайындады.
Ұсынылған инвестициялық жобаны іске асыру арқылы бизнес ұйымдастыру, қызметтің таңдалған түрінің табы-
стылығын негіздеу – ПВХ жабындысы бар м/м қолғаптарын дайындау, қолған жжасайтын жабдықты сатып алумен бай-
ланысты толық инвестициялық шығындарды жабу.
Компанияның тарихы
Бүгінгі таңда кәсіпкер кейінгі созумен 1 (бір) жыл мерзіміне өз қолғаптарын өндіретін алаңы 150 ш.м үй-жайды жалға
алуға келісім алды.
жоба мақсаты
Жоба мақсаты ПВХ жабындысы бар м/м қолғаптарын өндіру болып табылады.
жоба сипаты
Тұрмыстық тоқылған бессаусақты қолғаптар тоқыма жабдығында фабрикалық жағдайларда үш немесе төрт жіптен
дайындалады. Жаңа жабдықты қолданудың арқасында қолғаптарды тоқу 1 дюймге жеті немесе он инемен жүргізіледі.
Бұл салыстырмалы
жұқа жіпті пайдалана отырып, материалдың барынша тығыз болуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: