29.ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім беру процесін ұйымдастырудың халықаралық жəне отандық тəжірибесі 2016-2017 оқу жылындағы жағдай бойынша республикада 3036 Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) бар, онда 211 мың бала білім алып, 52,7 мың мұғалім сабақ береді. ШЖМ жүйесін қайта құрудың қажеттілігі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген басым міндеттердің бірі болып табылады [3]. Ол нормативтік-құқықтық қолдау мәселелерін жетілдіруді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрлық қамтамасыз етуді, материалдықтехникалық жағдайын жақсартуды, мектептер желісін қайта құруды, білім сапасының мониторингін, мемлекеттік мектеп жанындағы интернаттар желісін кеңейтуді және нығайтуды, әлеуметтік серіктестікті дамытуды қамтиды. Бүгінгі таңда ШЖМ ауыл мектептерінің әдістемелік, материалдықтехникалық, кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі салдарынан барлық балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қанағаттандыра алмай отыр: ШЖМ-дің 42,5% бейімделген ғимараттарда орналасып отыр, ал олардың республика бойынша орта көрсеткіші – 26,9% құрайды; пәндік кабинеттері мен кең жолақты интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ШЖМ-дің үлесі болса одан көп, жоғары санатты мұғалімдердің үлесі – толық жинақты мектептермен салыстырғанда екі есе кем. ШЖМ-дің негізгі мәселесі – тиісті деңгейде әдістемелік қамтамасыз етілмеген біріктірілген сыныптар. Шағын жинақты мектеп дегеніміз – бұл білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып –жиынтықтары бар және сабақтарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар жалпы білім беру мектебі [6]. Тұрғындар саны аз әрбір елді-мекенде келесі білім беру мекемелерінің қызметіне кепілдік беріледі: білім алушылардың саны 5 бастап 40 адамға дейін жететін бастауыш ШЖМ; білім алушылардың саны 41 бастап 80 адамға дейін жететін негізгі ШЖМ; білім алушылардың саны 81 бастап 180 адамға дейін жететін орта ШЖМ [4]. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес ШЖМ-де: жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі; сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы оқушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс; сыныптардың толымдылығы 3-10 адам және одан жоғары; үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың сырғымалы кестесі қолданылады; бірінші және бітіруші сынып оқушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді. Әртүрлі жастағы білім алушыларды оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 6 екінші және үшінші сыныптарды; үшінші және төртінші сыныптарды, немесе екінші және төртінші сыныптарды; бесінші және алтыншы сыныптарды, алтыншы және жетінші сыныптарды; жетінші және сегізінші сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.