Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесінің үлгілері



бет28/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Тест Жауаптары ШЖМ

51. Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесінің үлгілері.
«Бастауыш мектеп» журналдарында шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері таратылмай, жарияланбай келеді. Біздің қолымызға Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көкбастау шағын комплектілі бастауыш мектебінің әрі мұғалімі, әрі меңгерушісі Н.Ә.Базарабаеваның тәжірибесі тиді. Н.Ә.Базарбаева бір комплектілі мектепте жұмыс істейді, онда бір мезгілде, бір бөлмеде, бір мұғалімнің жетекшілігімен 1 сыныпта – 3 оқушы, 2 сыныпта – 3, 3 -іншіде 3, 4 – сыныпта 3 оқушы яғни, барлығы 12 оқушы оқиды.
Бір пәндік сабақ кестесі, соның негізінде бір пәндік жүйедегі сабақты өткізу жөніндегі мұғалімнің ой – пікірі мынадай: «… бір мезгілде барлық сыныптармен мазмұн жағынан бір тектес пәндер оқытылса, мұғалімге сабақ өткізу жеңіл, яғни мұғалім өз назарын математикадан ана тіліне немесе дүниетанудан қазақ тіліне ауыстырудан гөрі, қосудан көбейтуге немесе жай сөйлемнен құрмалас сөйлемге көшу мұғалімнің ойын бөлмей жұмыс істеуге ықпалын тигізеді.»
Бір пәндік жүйеде 4 сыныпта бірдей сабақ өткізу негізінде баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін ескерсек, онда математика пәні 2 сабақта өткізілгені тиімді екен. Мұнымен қатар 3 және 4- сыныптарда математика сабағы аптасына 5 рет, ал 1 және 2-сыныптарда 4 рет болады. Демек, мүмкіндігінше 3 пен 4, 1 мен 2 сыныптарын біріктірген қолайлы, өйткені 1 және 2 сыныптарда қосу және азайту, ал қалған екі сыныптағы оқу материалы көбінесе көбейту және бөлу амалдарымен байланысты. Сонда бұлай біріктіргенде 2 сынып оқушылары «Қайталау- білімнің атасы » деген қағиданы ұстану жағдайында болса, 1 сынып оқушылары «Алдын – ала оқыту» әдісін ұстану жағдайында болады
52. Шағын жинақты мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі.
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 – 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект – 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет