Шахман нағЫМҰлы нағымов


Қазақ  оюлары  нысандар    ретінде



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#1097
1   2   3   4   5   6   7   8

       Қазақ  оюлары  нысандар    ретінде.  Қазақ  халқының  асыл  мұрасы, 
үлкен  өнерінің  бір  түрі-  қолөнер  туындылары.  Қолөнер  бұйымдарын 
жасауда  шеберлер  артына    көптеген  мұра    қалдырып  кеткен.  Халық 
таланттары қол- өнер жұмыстарына биік талғаммен  қарап, қолданылатын 
орнына қарай өзіндік нақыштарын дәлме-дәл таба білген.          
      Ою тарихы- адамзат тарихы, адамның қоршаған ортаны тануына, сана- 
сезімнің  жетілуіне,  эстетикалық    тәрбие  алуына,  ұрпақтан-ұрпаққа    асыл 
мұралар қалдыруына үлкен үлес қосатын өмірмен өзектес. 
    Ою-  нағыз  шежіре.  Ғасырлар  бойы  ата-  бабамыздың  тарихын  шашау 
шығармай,  бүгінге  дейін    жеткізген  өнерінің  бірден-  бір  куәсі.  Кейінгі 
ұрпақ    осы  оюлар  арқылы    мыңдаған    жылдар  желісіндегі    тіршіліктің 
тынысын,  адамзаттың  әдет-  ғұрпын  мәдениетін,  кәсібін,  оның  бастан 
кешкен    барша  қайғы  -мұңы    мен  таңдай    қақтырар,  тамсантар  дәуір  мен 
гүлденген  шағын,  табиғаттың  мың  құлпырған  бояуын    және  жан-
жануарлар  дүниесін    танып  біледі.  Сондықтан  да    ою  өнеріне    жай  
кездейсоқтықтан    туған  нәрсе    деп  қарамай,    оған  көп    көңіл  бөліп, 
ұрпақтан-ұрпаққа    жалғастыру-  борышымыз.  Өйткені,  бүгінгі    өнердің 
бастау бұлағы  сол өнерден сусындап, содан нәр алып отыр емес пе? 
      Қазақ  халқының  арасында    дамыған    қолөнер  салалары-  киіз  басу, 
тоқыма  тоқу,  күнделікті  тұрмыста    басты  орын  алады.  Ою-өрнекті    киіз 
басу,  әсіресе,  ерекше  ұлттық    өрнектермен    тоқылған  алаша,  сырмақтар, 
қолдорба,  қоржындар  жасау  жоғары    дәрежеге  жетті.  Қазақтың  ұлттық 
қолөнер    туындылары    көрнекті  бұйымдары    кең-байтақ  қазақ  даласынан  

 
49 
әрі асып, тіпті шетелдерге  де әйгілі  болды. Ұлттық оюдың адам баласына  
тигізер    үлкен  әсері  бар.  Ол  адам ойын    бір  жүйеге икелтіреді,  сондай-ақ  
жүйке қызметін реттеп, ашуды, қайғыны  басуға ықпал етеді. 
       Қандай  ою-өрнек  болмасын  кездейсоқ  жасалынбайды,  сол  себепті    де 
оған  шығармашылық  туынды  ретінде  қарау  қажет.  Ою-өрнекте    адамның 
ой-арманы  мен  қиялы  тоғысып  жатады.  Мысалы,  халық    шеберлерінің 
қолынан  шыққан    қолдорбаға  назар  аударыңызшы.  Жіті  қараған  адам 
дөңгелек,ілгек,  төрт  құбыла,  үшбұрыш    пішіндер    мен  таңбаларды  көрер 
еді. 
       Енді  сол  таңбалардың    мәніне    тоқталайық.  Дөңгелек,  бұл  адам 
баласының әлем ғылымы ұғымынан туған, әлем кеңестігінен  алынған ай, 
күн,  жер  негізі.  Ежелден  қазақ  халқы  айға,  жерге  табынғаны  мәлім. 
Мысалы,  «ескі  ай  есірке,  жаға  ай  жарылқа».  Шеңбер  (дөңгелек)-  үзілмес 
бағыт, мәңгіліктің нысаны. Шеңбер арқылы  ата-бабаларымыз ұрпағының 
үзілмес мәңгілікке  жалғасатынына  сенді және солай болып та келеді. 
      Қазақ  оюындағы  ілгекке    ұқсас  белгі-  «өмір  жолы».  Адам  баласы 
дүниеге келгеннен  кейін дөңге де шығады, ойға да түседі. Мұның өзі  адам 
баласының өмірі  ешуақытта  тақтайдай жазық емес екендігін айна- қатесіз 
дәлелдейді. Ағартушы  Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай « бұл дүние- бір 
күн базар, бір күн мазар». 
     Ою- өрнектерінде  квадраттық (шаршылық), төртбұрыштық элементтер 
көп  кездеседі.  Оның    да  мәні  бар.  Төрт  құбыла  -  дүниенің  төрт  бұрышы. 
Атам қазақ дүниенің  қай бұрышында жүрсе де, амандық тілеумен өткен. 
Ал  үшбұрыш  (тұмар)  ұғымына  келсек,  жер  үсті  аспан  болса,  онда    үш 
бұрышымыз  аспан,  жер,  су  белгісіне  келетін  сияқты.  «Аспаның  ашық 
болсын,  суың  таза  болсын,  денсаулығың  мықты  болсын»  деген  тілеулер  
қазақта  көп  айтылады. Осындай деректерге  сүйене отырып, ұлттық ою- 
өрнегіміздің өзіндік  ерекшеліктері мен қасиеттерін жас ұрпаққа ұғындыра  
білу, халқымыздың төл өнерін насихаттау- ұлттық парызымыз. 

 
50 
       Атбегілік  және  құсбегелік-  көшпенділер    тәжірибесі.    Көшпенділер 
өмірі  мал  шаруашылығымен    тығыз  байланысты  болғандықтан,  олардың 
арасында    малды  емдеудің  шеберлері  мен  жүйрік  аттарды    әр  түрлі  
жарыстарға,  бәйгелерге  дайындайтын  атбегілер  өсіп  жетілген.  Әсіресе, 
атбегілер  халық  арасында    үлкен  беделге,  сенімге  ие  болып,  бүкіл  елдің, 
тайпаның, рудың абыройын ақтайтын, сәйгүліктерді  жарыстарға ерінбей- 
жалықпай,  алдын  ала,  үлкен  шеберлікпен    дайындайтын  болған.  Бұл 
жөнінде  көркем әдебиетте бірқатар мысалдар  баршылық. Мысалы, Ілияс 
Жансүгіровтің  «Құлагер»  поэмасында    XIX  ғасырдың  аяғында    Ереймен 
өңірінде  өткен  Сағынай байдың асы туралы, осы асқа Қазақстаннан және 
көршілес  елдерден  келген  атышулы  тұлпарлар  мен  оларды  дайындаған 
атбегілер  жөнінде  тамаша  суреттелген.  Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  
Абайдың «Аттың сыны» өлеңінде: 
 Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, 
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. 
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, 
Ой желке, үңірейген болса сағақ. 
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, 
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. 
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік 
Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ. 
Тығылмай һәм сүрінбей жүрсе көсем, 
Иек қағып, еліріп жүрсе әсем. 
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, 

 
51 
Разы емен осындай ат мінбесем 
Аяңы тымақты алшы кигізгендей, 
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей. 
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс 
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей,- 
дегеніне    қарағанда,  тұлпарлардың  өте  сирек  кездескендігін,  халық 
айтқандай «мыңнан тұлпар» болатынын байқауға болады. 
      Көшпелілер    өркениетінің  тағы  бір  құндылығы-  аңшылық  және 
құсбегілік.  Ең  алдымен,  аңшылық-саятшылық  көшпелілер  үшін  күнкөріс, 
тіршіліктің  өзекті  бір  саласы  болып  келген;  сондай  -ақ  ол  әскери 
жаттығудың, шынығып- шыңдалудың тамаша үлгісі болған. 
      Ел  ішіндегі  ит  жүгіртіп,  құс  салған,  қақпан-тұзақ  құрып,  тор  жайған 
жалғыз-жарым  аңшылықты  айтпағанда,  көшпелілер  арасында    бүкіл  ру- 
тайпа  болып  қотарыла    көтерілетін,  сөйтіп  байтақ  өңірді    қаумаласа  
сүзетін    аңшылық  дәстүрлері  болған.    Мұндай  жойқын    аңшылықтың  із- 
сорабы, белгі-айғағы ретінде Үстірт үстіндегі  «Құпия сызық» деп жүрген 
әйгілі  қалта  ауыз  ұра    қазбаларды,  кезінде    Шоқан  Уалиханов    таңдана 
жазған,  күні  бүгінге    дейін  ізі  сайрап  жатқан  Іле  өзені  мен  Тарбағатай 
арасындағы ұраны да айтуға болады. 
      Қазақ  аңшылары  өзінің  тәлім-тәрбиесінің    арқасында  аңшылық-
саяхатшылық  үшін  жүйрік  ат,  қыран  құс,  құмай  тазы  сияқты  жан  -
жануарлардың  тілін  таба  баптап,  қалауына  көндіре  алған.  Осылардың  
ішінде    қыран  құстарды  баптаудың  ғасырлар  бойы  жинақталған  мол 
тәжірибесін  шын  мәнісіндегі  әрі  өнер,  әрі  терең  біліктілік  десе  де 
болғандай. 

 
52 
      Қазақ  арасында  аңшылықтың  кең  тараған  түрі-  бүркітпен  аң  аулау, 
бүркір ұстап саятшы болу, аңшылққа ден қою. Бүркіт деп қазақ аңшылары 
жыртқыш  құстардың  ішіндегі    аса  тектісін,  адам  қолына  тез  үйренгішін 
атаған.  Сонымен  бірге  қайратына  сай  қырандылығы,  жүректілігі, 
қиырдағыны тез байқағыш, сезгіштігі де өзге құстарға қарағанда бүркіттің 
ерекше қасиетін көрсетеді. 
      Қазақ 
құсбегілері  ұстаған  бүркіттердің  «Алтайдың  ақиығы», 
«Қарағайдың  қызыл  балық  сарысы»  немесе  «Қанішер  қара»,  «Түменнің 
сары құсы» деп аталуы да бүркіттің ерекшелігіне қарай қалыптасқан ұғым. 
      Қазақ  құсбегілері  қолындағы    құстың  мекен-жайына,  мінезіне,  әлді-
әлсіздігіне,  алғырлығына,  сырт  бітіміне  қарай  ат  қояды.  Мәселен, 
«Ақшегір»,  «Күйшіл»,  «Күн  табан»,  «  Шүңірек»,  «Кекшіл»,  «Садақ  сан», 
«Ақиық»,  «Қанды  балық»,  «Шәулі»,  «Сарсүмбі»,  т.б.  Қазақ  құсбегілері  
бүркіт атын жасымен да атайды. Бір жас- балапан құс, екі жас- түбіт, үш 
жас-  тірнек,  төрт  жас-  тастүлек,  бес  жас-  мұзбалық,  алты  жас-  көктүбіт, 
жеті жас-қана, сегіз жас- жаңа, тоғыз жас- майтүбіт, он жас- барқын, он бір 
жас-  баршын,  он  екі  жас-  шөгел,  осылайша  он  бес  жас,  жиырма  жасқа 
дейін атала береді. 
      Дұрыс  бауланып,  жақсы  бап  көрген  бүркіт  түлкі,  қарсақ,  қоян  алады. 
Ал, кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі. 
      Арқа  құсбегілері    ителгіге  қоян,  үйрек  алдырса,  Сыр  бойының 
құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. 
     Құсбегілер  лашынды    жоғары  бағалаған.  Сұңқар  тұқымдастарының 
ішінде  ақ  сұңқарды  сиректңгң  үшін  мәртебе  көріп,  қолға  түсіруге 
құмартса, лашынға қыранның алғырлығы үшін қызығады. Лашын кекті де 
қомағай  құс.  Сонымен  қатар,  қазақтар  аң  және  құс  аулау  үшін  жыртқыш 
құстар  арасынан    сұңқарды,  тұйғынды,  тұрымтайды  қолға  үйретіп, 
пайдаланған. 

 
53 
      Қорыта  айтқанда,  көшпенділердің  өмірінде    өзге  халықтар  үлгі  
тұтатындай көптеген құндылықтар болған. 
      Оларды  қысқаша  жүйелейтін  болса:  материалдық  мәдениет  құрамына 
кіретін киіз үйлері, көркем қолөнері, ас-суы, шаруашылығы мен аңшылық, 
құсбегілік  тәжірибелері.  Рухани    мәдениетін    құрайтын  құндылықтар 
арасынан  әдет-ғұрыптарын,  салт-  дәстүрлерін,  ерекше  қонақжайлылығын, 
халықтың ауыз әдебиеті мен музыка өнерін атауға болады деп есептеймін.         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
54 
Негізгі терминдер мен ұғымдар 
 
 «Айналайын» ұғымы 
Әскери дәстүрлер  
«Қазақ» - еркін адам 
«Мәрт», «қаһарман», «азамат» ұғымдары  
Қазақ киіз үйі құрылысының философиялық мәні   
«Жеті ата», «Үш жұрт» ұғымдары  
Төрт түлік малдың қазақ үшін мәні 
 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда  қазақтардың сенім-нанымдары туралы айтыңыз.  
2. Көшпенділердің өздеріне тән қандай ерекшеліктері болды?  
3. Көшпенділер арасында адамдардың қандай қасиеттері бағаланды? 
4. Көшпенділер мәдениетінің қандай нысандары (символдары) болған?    

 
55 
ҮІІ. Қазақтардың салт-дәстүрлері, туысқандық 
қатынастары 
 
 
 
Қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің  аса  маңызды  бөлігін  ғасырлар 
бойы жинақталған салт-дәстүрлері құрайды.  
 
Дәстүрлер  –  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  қасиеттерін 
қалыптастыруға  бағытталған  күрделі  қоғамдық-қатынастар  жүйесі.  Ол  – 
қасиеттерге  отанға  және  өз  халқына,  оның  тарихына,  мәдениетіне  деген 
махаббат, оны қорғауға дайын болу, достыққа адалдық, бірлікке, ынтымаққа 
тырысу,  туысқандықты  жаңарту,  антқа  адал  болу,  аманат  сақтау,  түп-
тамырыңды білу, ата-баба аруағын сыйлау, үлкендерді құрметтеу, әке үйін, 
«қара шаңырақты» дәріптеу, қонақжайлық, құдалық дәстүрлері т.б. жатады. 
Сондай-ақ дәстүрлер құрамына ұлттық және діни мейрамдар да кіреді.  
 
Үйлену дәстүрлері.  
 
Қыз  айттыру.  Ата-аналар  болашақ  қалыңдықты  баласы  кәмелетке 
толмай  тұрып,  өздеріне  тең,  құрметті,  текті  жарнұядан  іздеген.  «Қыз 
айттырудың»  бірнеше  түрлері  болған.  Ертеде  көңілдес,  дос  адамдар 
балалары  дүниеге  келмей  тұрып-ақ  бір-бірімен  «құда»  болысқан.  Бұны 
«атастыру» деп атаған. Балалары бесікте жатқанда құда болу «бесік құда» 
деп аталған. Бұлардан басқа құда болудың «қарсы құда», «сүйек жаңарту» 
т.б.  түрлері  болды.  Балаларды  үйлендіру  «құда  түсуден»  кейін  жүзеге 
асырылды. 
 
Құда  түсу.  Құда  түсу  –  қазақ  халқының  ежелден  ұмытылмай  келе 
жатқан  міндетті  дәстүрі.  Жігіттің  әкесі  жақын  жұрағаттарымен  қызға  құда 
түсуге  келеді.  Қыз  әкесі  құдалардың  келуінен  алдын-ала  хабардар,  өзінің 
ағайындарын  жинап,  құдаларды  үлкен  салтанатпен  қарсылап  алады.  Қыз 
әкесі  «қош»  айтқаннан  кейін  екі  жақ бір-біріне дәстүрлі  сый-сияпат  –  құда 
аттанар, ат байлар, құйрық-бауыр т.б. көрсетеді.  
 
Бата  аяқ.  Құдалар  арасындағы  соңғы  келісім.  Екі  жақтың  алғашқы 

 
56 
құда  түсудегі  келісімінен  кейін,  күйеу  жігіттің  әкесі  қалындық  ауылына 
келіп, той уақыты, қалың мал мөлшері, кәде-жора туралы келіседі. Бұл «бата 
аяқ» деп  аталады.  «Бата  аяқ»  кезінде  ауқатты  адамдар  ірі сыйлықтар  тарту 
еткен.  Олар  бес  жақсы,  орта  жақсы  болып  бөлінген.  «Бес  жақсыға»  -  түйе 
ботасымен, бие құлынымен, бағалы зат немесе алтынның, күмістің құймасы 
кірген.  
 
Қалың мал. Құдалықтың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, күйеу жігіт 
жағы қалыңдықтың әкесіне мал түрінде қалың мал төлеген. Оның мөлшері 
құда болушылардың тұрмысына байланысты болған. Кедей құдалар 5-6 бас 
мал төлесе, ауқатты адамдар 200-500, кейде 1000 басқа дейін жылқы берген. 
Бұдан басқа той малы, анасына сүт ақы, өлген адамдар, тірі адамдар ақысы 
(өлі-тірі)  т.б.  кәделер  болған.  Қыз  жағынан  келетін  жасаудың  құны  мен 
мөлшері де қалың малдан кем болмаған. Қалың мал төлеу кезінде мүлтіксіз 
орындайтын  «құрықбау»,  «қосақбау»,  «келін  тілі»  т.б.  жоралғылар  болған. 
Бұлар – мал бағатын адамдарға берілетін төлемдер.  
 
Киіт.  Құдалар  кетердің  алдында  қалыңдықтың  әкесі  оларға 
сыйлықтар  тартатын  болған.  «Киітке»  -  мал  және  бағалы,  жағалы  киімдер 
тарту  етілген.  «Киітті»  қалындық  жағынан  еріп  келген  құдаларға  да  тарту 
етіп,  екі  жағы  сыйлық  беру  жөнінен  кем  түспеуге  тырысқан.  Біздің 
заманымызда  қалың  мал  төлеу  дәстүрі  жойылғанмен,  киіт  беру  дәстүрі 
сақталып қалды.  
 
Сүт ақы.  Ананың  ақ  сүті  үшін  төленетін  төлем.  Қыз  жағында  өтетін 
тойда қалыңдықтың анасына күйеу жағы тарту етеді.  
 
Құйрық-бауыр. Бауыр мен құйрықтан тұратын салттық қонақасы. Бұл 
құдалық  бекітілді  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  салттан  кейін  шегінуге, 
яғни,  құдалықтан  бас  тартуға  болмайды,  ондай  жағдайда  келісімді  бұзған 
жақ қалың малды кейін қайтарады.  
 
Қынаменде.  Күйеудің  ұрын  келуі.  Құда  түсіп,  уәде  пісіп,  қалың  мал 
төлеген  соң,  күйеудің  атастырған  қалындығын  алғаш  көруге  келген  тойы 

 
57 
қынаменде деп аталады. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен қынаменде жас 
жұбайлардың  шаттық  кешіне,  жастардың  махаббат  мұратына  жету 
символына айналады. Мұны кей жер қалыңдық ойнау, кей жерде ұрын келу 
деп атаған. 
 
Тойбастар. Тойдың сәні тойбастарды әнші жігіт не қыз бастайды. Той 
бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі рахмет айтып, сый-сияпат ұсынған. 
Тойбастарды бұрын елге белгілі ақындар мен әншілер басқарған . Мысалы, 
Баймағанбет  сұлтанның  Ақыл  атты  қызы  ұзатылғанда  тойбастарды  атақты 
ақын  Шернияз  бастаған.  Бұлардан  басқа  «Жар-жар»,  «Беташар», 
«Аушадияр»,  «Неке  қияр»,  «Сыңсу»,  «Қоштасу»  т.с.  сияқты  жоралғылар 
орындалған. 
 
Тәрбие, үлгі дәстүрлері. 
 
Шілдехана.  «Шелдехана»  -  жаңа  туған  балаға  арналған  той.  Кешке 
жиналғандар  сәбиге  құтты  болсын  айтып,  ән  салып,  домбыра  тартып 
тойлайтын болған.  
 
Кіндік  кесер.  Қазақтарда  «кіндік  шеше»  ұғымы  бар.  «Кіндік  кесу» 
рәсімі ең құрметті әйелге, ақыл тоқтатқан әжеге тапсырылады. Бұдан кейін 
ол  әйелге  «кіндік  кесер»  жоралғысы  тапсырылады.  Кіндік  кескен  әйел  ол 
жанұяның  ең  құрметті  адамына  айналып,  баланың  екінші  анасы  саналады. 
Жаңа босанған әйелге әкелінетін ет тағамы «Қалжа» деп аталады. 
 
Ат  қою.  Қазақтар  осы  салтанатты  рәсімге  ерекше  мән  берген.  Әдемі 
аттар  мен  атақты  адамдардың  есімдерін  беру  арқылы  соларға  балам  ұқсас 
болса  екен  деген  пиғылды  аңғару  қиын  емес.  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырларда  өмір 
сүрген  адамдардың  көпшілігіне  «бай»  атын  (Мырзабай,  Иманбай,  Оңайбай 
т.б.) беру ата-аналардың дәулетке ұмтылысы, балам бай болса екен сияқты 
армандарының  нәтижесі  деп  түсіну  қажет.  Сонымен  қатар,  ат  қоюға  бала 
туған  кезде  қалыптасқан  әртүрлі  жағдайлардың  ықпалы  аз  болған  жоқ. 
Мысалы, Наурызда туғандар – Наурызбай, жайлауда туғандар – Жайлаубай, 
айтта  туғандар  Айтбай  т.с.с.  болып  кете  берген.  Баласы  тұрмағандар 

 
58 
балаларына  құлаққа  түрпідей  тиетін  аттар  қойып,  сол  арқылы  ұрпағын 
сақтап  қалуға  тырысқан.  Күшікбайлар,  Түлкібайлар,  Қасқырбайлар  осыдан 
келіп,  шыққан.  Ылғи  қыз  туған  ата-аналар  ұл  көру  арманына  қыздарына 
Ұлболсын, Ұлтуған, Жаңылсын, Ұлмекен аттарын қойып жетпек болған. 
 
Бесікке салар. «Бесік» - халық ұғымында қасиетті және бала үшін өте 
ыңғайлы  ұя.  Салт  бойынша  бесікке  баланы  ру  анасы,  жұрттың  бәріне  аса 
құрметті жасамыс ана салады. Салт дәстүрлі «Бесік жырымен» қабат жүреді. 
Бесікке бала салынғаннан кейін, әжеге «бесік салар» сыйы тарту етіледі.  
 
Қырқынан  шығару.  Туғанынан  бастап  қырық  күн  өткен  соң,  әйелдер 
баланы  суға  түсіріп,  шашын  және  тырнақтарын  алады.  Әйелдерге  баланың 
ата-анасы сыйлықтар тарту етіп, жиналғандарды дастарханға шақырады.  
 
Тұсау  кесер.  Бұл  салтанатты  бала  жүре  бастаған  кезде  өткізеді. 
Жіңішке  ала  жіппен  баланың  аяғын  тұсаулағаннан  кейін,  шапшаң,  пысық 
көп балалы саликалы адамға тұсау кесуді сеніп тапсырады. Салт ән-күймен, 
өмірде  баланың  ісі  оңға  бассын  деген  игі  тілектермен  қоса  жүргізіледі. 
Ертеде тұсауы кесілген балаға ат және ер тарту етілген.  
 
Базарлық.  Алыстан  жолаушылап  келген  адамның  жақындарына  және 
таныстарына әкелетін аса қымбат емес сыйлары.  
 
Бастаңғы. Ата-аналар үйден жолушылап кеткенде, ересек балалардың 
өз қатарына ұйымдастыратын жастар кеші. Ол ойын-сауыққа толы болған.  
 
Енші.  Әке  үйінен  бөлініп,  отау  тігетін  балалардың  үлесі.  Ол  дүние 
және мүліктен тұрған. 
 
Көгентүп. Егер қонаққа туыс адам немесе жақсы таныс баламен келсе, 
үй иесі балаға мал (бұзау, құлын, қозы) тарту еткен.  
 
Ашамайға мінгізу. Бұл салтанатты дәстүрдің бала тәрбиесі үшін үлкен 
маңызы бар. Бала 6-7 жасқа келгенде, туысқандар жиналып, оны ерттелген 
атқа  мінгізеді,  қолына  қамшы  береді,  оған  жігіт  болдың  дейді.  Атасы  бата 
беріп, әжесі шашу шашады, арты үлкен тойға ұласады.  
 
Сүндет  тойы.  Тақ  жасқа  (3,5,7)  келген  балбаны  піштіреді.  Үлкен 

 
59 
тойға көп адам жиналып, салтанат иесіне ат немесе басқа сый тарту етіледі.  
 
Аманат.  Жанұялық  қымбат  заттардың  біреуге  белгілі  бір  уақытқа 
сақтауға берілуі. Аманат сақтау үлкен адамгершілік белгісі саналған. Халық 
сөзі «Аманатқа қиянат қылма» тегін айтылмаған. Аманат дәстүрі ел басына 
күн  туған  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  жылдары  басталып,  өз 
жалғасын  Кеңестік  саяси  қуғын-сүргін  жылдары  тапқан  шығар  деп 
пайымдауға болады. Ертеде аманатқа балаларын да беріп отырған.  
 
Ат  тергеу.  Ұлттық  дәстүр  бойынша  келіндер  атасының, 
қайнағасының,  қайынсіңлісінің  атын  атамай,  әртүрлі  жағымды  есімдер 
қойып  («Бай  ата»,  «Мырза  қайнаға»,  «Еркежан»,  «Көркем  жігіт»  т.с.с.) 
атайтын болған. 
 
Айып. «Айып, айып төлеу» - кінә, кінәлі болу, соған байланысты айып 
төленеді.  Барымта,  қылмыс  жасағаны  үшін  қылмыскерге  айып  төлеткен. 
Айып  түрлері  көп,  олар  жасалған  қылмысқа  байланысты  қолданылады. 
Ауыр қылмыс үшін «тоғыз айып», яғни, түйеден бастап тоғыз мал төлеткен. 
Әсіресе, ұрлық қатаң жазаланған.  
 
Әмеңгерлік.  Жанұяда  қайтыс  болған  адамның  әйеліне  сол  адамның 
інісінің  немесе  ағасының  үйленуі.  Бұл  шараның  астарында  балаларды  өзге 
руға жібермеудің амалы жатқанын түсіну қиын емес.  
 
Туысқандық  қатынастар.  Туысқандық  тығыз  қатынастар  қазақтар 
арасында  берік  сақталды.  Күнделікті  өмірде  олар  бір-біріне  үнемі  рухани 
және  материалдық  көмек  көрсетіп  отырды.  Қыздарын  тұрмысқа  берерде, 
ұлдарын үйлендіргенде, жақын-жуықтары қайтыс болғанда немесе төтенше 
табиғат  апаттары  болғанда,  қолдарынан  келген  көмектерін  аямады.  Бұндай 
көмектерді «жылу», «немеурін», «үме», «асар» деп атаған.  
 
Қазақтар арасындағы туысқандық қатынастар әке жағынан ғана емес, 
ана  жағынан  да  ұсталып  отырды.  Қыздан  туған  балалар  –  «жиен»,  ол 
балалар  үшін  анасының  әке  жұрты  «нағашы»  деп  аталды.  Ғасырлар  бойы 
қалыптасқан дәстүрлер бойынша жиендерді ренжітпеуге тырысқан, олардың 

 
60 
ондай-мұндай  еркеліктерін,  қылжақтарын  көтерген.  Тіпті,  жиендерге  үш 
ретке  дейін  бағалы  заттарды  қалап  алуға  рұқсат  етілген.  Жиендер  де  өз 
кезектерінде  нағашыларымен  жылы,  туысқандық  қарым-қатынаста  болуа 
тырысқан.  Нағашы-жиенділер  арасында  әдемі  әзіл-оспақ,  ойнау  табиғи 
жағдай болып саналған. Қазақтар – табиғатынан әзіл-оспақты, ойын-күлкіні 
сүйетін  халық.  Қазақтар  арасындағы  туысқандық  қарым-қатынастардың 
басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  ойнауға,  әзілдесуге,  қалжындауға  болатын  
ағайын-тумалардың  болуы.  Ондай  ағайындар  категорияларына  «нағашы-
жиен»,  «балдыз-жезде»,  «жеңге-қайны»,  «жеңге-қайыңсіңлі»,  «бажалар» 
жатады.  Тіпті,  бұндай  ойнауға  тиісті  адамдар  ғана  емес,  үлкенді-кішілі 
адамдар  да  әзіл-оспақпен  бірін-бірі  іліп,  шалып  жатады.  Әйтпесе  «Әзілің 
жарасса, атаңмен ойна» деген мәтел қайдан шыққан? Сол жиендер жөнінде: 
«Жиен ел болмас, желке ас болмас» немесе «Жиен ел болады, малы болса, 
желке  ас  болады,  майы  болса»  деген  мақалдан,  туысқандық  иерархиядағы 
теңсіздікті,  яғни,  жиендердің  қыздың  баласы  болғандықтан,  ұлдың 
баласындай дәрежеде болмайтынын байқауға болады.  
 
Құда  болудың  және  некелік  одақтардың  нәтижесінде рулар  арасында 
өзіндік  байланыстар  қалыптасты.  Құдасын  «құдайдай»  сыйлаған  қазақтар 
құдалардың  арасындағы  туысқандық  қарым-қатынастарды  «Құда  мың 
жылдық,  күйеу  жүз  жылдық»  деген  мәтелмен  баянды  етті.  Қазақтар 
күйеулерін  де  ерекше  қастерлеп,  құрметтеген.  Күйеулерін  сыйлаудың 
мысалы  ретінде  батыс  қазақтарының  арасына  кең  тараған  «Пайғамбар  да 
күйеуін  сыйлаған»  деген  мәтелді  еске  алуға  болады.  Бір  ру  екінші  румен 
алғаш  рет  құда  болысқаннан  кейін,  балаларының  бақыты  баянды  екеніне 
көздері  жеткен  соң,  «алтынды  шыққан  жерден  қаз»  дегендей,  сол  румен 
тағы да құда болуға тырысқан. Бұндай ағайыншылық түрі «сүйек жаңарту» 
атына ие болды. Апалы-сіңілілі қыздардан туған балалар – бір-біріне «бөле», 
апалы-сіңлілі қыздарға үйленген адамдар бір-біріне «бажа» саналды. Бұлар 
өте  сыйласқан  ағайын-тумаға  айналып,  қазақтардың  арасында  «малда  бота 

 
61 
тату, адамда бажа тату» деген мәтелдің шығуына себепші болды. 
 
Сонымен 
қатар, 
«жезделер 
мен 
балдыздар», 
«қайнылар», 
«қайнағалар», «қайынбикелер», «абысындар», «енелер», «аталар»  - қазақтар 
арасындағы  ет-жақын  туысқандықты  анықтайтын  адамдар.  Олардың 
әрқайсысының  қазақ  қоғамында  өзінің  орны,  несібесі,  жол-жоралғылары 
болды. 
 
Әйелдер  үшін  күйеуінің  туған-туысқандары  мызғымас  беделге, 
құрметке  ие  болған.  Жас  келіндер  күйеуінің  әкесін  «ата»,  анасын  «ене», 
ағаларын  «қайнаға»,  олардың  әйелдерін  «абысын»,  інілерін  «қайны», 
қарындастарын  «қайынсіңлі»,  апаларын  «қайынбике»  деп  атап,  олардың 
әрқашанда  бабын  табуға  тырысқан.  Әсіресе,  атасы  мен  қайнағаларын, 
қайныларын ерекше құрметпен, олардың аттарын атамай, өздері ат қайған.  
 
Әрбір қазақ азаматының үш жұрты - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын 
жұрты болған. Ол үш жұртын бірдей құрметтеп қастерлеген. 
 
    
Негізгі терминдер мен ұғымдар 
 
Дәстүрлер мен салттар 
Отбасылық қатынастар  
Тиым салулар  
Қазақ санасының тарихшылдығы  
Ата-бабасын жеті ұрпақтан білу  
Үш жұрт ұғымы 
 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
 
1. Дәстүрлер дегеніміз не?  
2. Үйлену дәстүрлерін атаңыз  
3. Тәрбие, үлгі дәстүрлеріне қандай дәстүрлер жатады?  
4. «Аманат» дегеніміз не?  
5. Туысқандық қатынастар туралы әңгімелеңіз 

 
62 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет