Шахман нағЫМҰлы нағымов


Ү. Кейінгі орта ғасырлардағы рухани мәдениет



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#1097
1   2   3   4   5   6   7   8

 Ү. Кейінгі орта ғасырлардағы рухани мәдениет  
 
 
Алтын  Орданың  мәдени  қайта  өрлеу    кезеңіндегі  рухани 
мәдениеттің дамуы.  ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қазақ тілі одан әрі дамып, әдеби 
тілдер халық  тілдеріне жақындай  түсті.  Монғол  тілі  Қазақстанда  кең  тарай 
алмай,  Алтын  орда  хандары  тұсында  мемлекеттік  және  ресми  тіл  ретінде 
түркі  тілі  пайдаланылды.  Халық  арасында  бірнеше  диалектіден  тұратын  
қыпшақ тілі (ежелгі қазақ тілі) үстемдік етті. 
 
Монғол  шапқыншылығының  кесірінен  Қазақстанның  шаруашылығы, 
мәдениеті  күйзеліске  ұшырады.  Алайда,  Шыңғыс  хан  және  оның  әулеті 
құрған  империяда  ислам  діні  басты  дін  ретінде  дамып,  Қазақстан 
халықтарының  рухани  мәдениетінің  дамуына  игі  ықпал  етті.  Алтын  орда 
мемлекетінің  құрамында  болған  Дешті  Қыпшақта  ауыз  әдебиеті  мен  жазба 
әдебиет ерекше дамыды.  
 
ХІҮ-ХҮ  ғасырларда  түркі  әдеби  тілінің  екі  диалектісі  қарлұқ-ұйғыр, 
оғыз-қыпшақ  тілдерінің  құралу,  түзілу,  қалыптасу  процестері  жедел  жүріп 
жатты.  
 
ХІІІ-ХІҮ  ғғ.  қыпшақ  тілінде  көптеген  әдеби  ескерткіштер  жасалды, 
халықтың  ауыз  әдебиеті  дамыды.  Қыпшақтар  мен  басқа  да  түрік 
тайпаларының  өзіндік  суырып  салма  поэзиясы  болады.  Ауыз  әдебиетінің 
жұмбақ, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары сияқты түрлері қыпшақ тілінің 
«Кодекс  Куманикус»  атты  ескерткішінде  сақталған.  Сөздік  екі  дәптерден 
тұрады.  Біріншісіне  сөздердің  екі  тізімі  енгізілген.  Үш  бағанадан  тұратын 
бірінші  тізімге  латын,  парсы,  қыпшақ  тілдерінде  1560  сөз  жазылған. 
Негізінен  бұлар  теңізге  жақын  орналасқан  қалада  тұрып,  жұмыс  істеген 
көпестер  мен  қолөнершілердің  мұң-мұқтажын  бейнелейді.  Онда  базар, 
сауда, сатушы, төлем, сия т.б. сөздер кездеседі. Қыпшақ сөздігінде дәрігер, 
суретші, бақалшы, етші т.б. мамандық иелерінің аталуы көп нәрседен хабар 
береді.  Сонымен  қатар,  сөздікте  адамдардың  жеке  –  ақылды,  сұлу,  текті, 

 
34 
жомарт т.с.с. қасиеттері әңгіме болады.  
 
«Кодекс  Куманикус»  сөздігінің  қолжазбасы  Венеция  қаласындағы 
Әулие  Марктің  кітапханасында  сақталған.  Жазылған  жылы  деп  1303  жыл 
көрсетілген.  
 
ХІҮ-ХҮ  ғғ.  түрік  тілінің  қыпшақ  тобының  қыпшақ-ноғай  топшасы 
ішінен, қазақ тілі тазаланып шығады. Бұл топшаға қазақ тілімен бірге ноғай, 
қарақалпақ тілдері кіреді.  
 
Дешті-Қыпшақ  пен  Ноғай  ордасында  халық  жырауларының 
шығармашылық өнері өркендейді. Халықтың бірлік-ынтымағы мен Отанына 
махаббатын отты жырларына өзек еткен Сыпыра жырау мен Қодана-тайшы 
(ХІҮғ.), Асан қайғы мен Қазтуған (ХҮ-ХҮІ ғғ.) сияқты дарынды жыраулар 
есімі кеңінен белгілі. Қыпшақтың батырлар жыры туып қалыптасады. 
 
Оңтүстік  Қазақстанның  отырықшы-егінді  алқабында  ислам  басты 
дінге  айналады,  «Яссауйя»,  «Нахшбандийя»  сопылық  ағымдарының  әсері 
күшейеді,  көшпелі  халық  шаманизм  мен  ата-бабалар  рухына  табынатын 
күйінде қала берді.  
 
ХІҮ  –ХҮ  ғасырларда  Моғолстанда  тұратын  халықтардың  ауыз 
әдебиеті,  салт-дәстүрлері,  діни  сенім-нанымдары  одан  әрі  дами  берді.  ХҮ 
ғасырдың  орта  кезінде  Қазақстанды  мекендеген  Әбілхайыр  хан  иелігіндегі 
халықтың  бір  бөлігі  Шыңғыс  әулетінен  шыққан  сұлтандар  Жәнібек  пен 
Керейдің  басшылығымен  Моғолстан  жеріне  барып  қазақ  хандығын  құрды. 
Бұл  оқиға  дулат  руынан  шыққан  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарихи 
Рашиди» атты еңбегінен көрініс тапты. Белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд 
бұл  шығарма  туралы  былай  дейді.  «На  персидском  языке  написан 
исторический  труд  Мухаммеда  Хайдара,  по  отзыву  европейских  ученых 
единственный замечательный литературный труд». 
 
«Тарих  Рашидидің»  Қазақстан  тарихы үшін құндылығы  шығарманың 
қазақтар  жайында,  қазақ  атауы  жайында,  қазақ  хандығының  тарих 
сахнасындағы алғашқы қадамдарына арналғандығында болып табылады.  

 
35 
 
ХІҮ ғасырдың орта кезінен бастап, Қазақстан далаларында үстем дін 
болып, ислам орнықты. Оған ұлы ұлыс хандарының, әсіресе Өзбек ханның 
жүргізген  саясаты  ықпал  етті.  Көшпелілер    сырттай  мұсылмандықтың 
барлық  белгілерін  қабылдасада,  бұрынғы  табынған  ескі  сенім-нанымдарын 
пайдалана  отырып,  Тәңірі,  Алла,  Құдайды  бірдей  қабылдап,  белгілі  бір 
синкретикалық  діни  жүйе  құрды.  Ата-баба  рухын-аруақты  қастерлеу 
көшпенді санасында мықты сақталып қалды.  
 
Қазақстанда  исламды  насихаттау  мақсатында  сопылық  ағымдар 
Яссавиия мен накшбандия жұмыс істеді. Олар қыпшақ тілінде арнаулы діни 
трактаттар  жазып  халық  арасына  таратты.  Қазақтар  арасында  Мұхамбет 
пайғамбардан  бастап,  мұсылман  әулиелері  Арыстан  баб,  Ысқақ  Баб,  Қожа 
Ахмед  Яссауийдің  беделі  ерекше  зор  болды.  Арыстан  Баб,  Қожа  Ахмед 
Яссауий кесенелеріне, өзге әулиелердің кесенелеріне барып, түнеуге, рухани 
қуат алуға үлкен мән берілді. Көшпелі қазақтар араб, парсы елдерінің халық 
ағарту саласында жетістіктерін пайдаланып, «Мешіт-киіз үйлер», «Медресе-
киіз  үйлер»  ашты.  Оларды  ислам  дінінің  қағидалары,  «Құран»  т.б.  әдебиет 
араб  тілінде  оқытылды.  Осы  кезеңде  көшпенділер  арасында  шығыс 
поэзиясының  классиктері  Фердаусидің,  Рудакидің,  Низамидің  дастандары, 
О.Хайямның  рубаяттары  тарала  бастады.  Кейіннен  шығыс  поэзиясы 
қазақтың батырлары жырларының қалыптасуына негіз болды. 
 
ХІІІ-ХІҮ  ғасырлар  қыпшақ  тіліндегі  әдебиеттің  өркендеген  уақыты 
еді.  Бұған  ұлы  ұлыстағы  қалалық  өмірдің  жақсы  дамуы,  араб-мұсылман 
мәдениетінің,  араб жазуының  тарауы  әсер  етті.  Өкінішке орай, ол  кезеңнің 
әдеби ескерткіштері бізге аз жетті. Сондай ескерткіштердің бірі 1310 жылы 
жазылған  Насреддин  Рагбузидің  «Қисса  уль  Әнбия»  атты  еңбегі.  Бұл 
дастанның  мазмұнын  оғыз-қыпшақ  тіліне  аударған  Таяу  және  Орта 
Шығысты  мекендеген  араб-парсы  жұртшылығының  аңыздары  мен 
әңгімелері құрайды.  
 
Бұнда  халифтар,  пайғамбарлар  туралы  аңыздар,  космоногиялық 

 
36 
эпсаналар,  өлеңдер  мен  әндер  бар.  «Қиссауль  энбияның»  көптеген 
көріністері кейін қазақ ертегілерінен орын алды. ХІҮ ғасырда Өзбек ханның 
тұсында  өмір  сүрген  Құтбы  ақын  азербайжан  ақыны  Низамидің  «Хосроу 
және  Шырын»  атты  поэмасын  қыпшақ  тіліне  аударып,  таратты.    Осы 
кезеңде Қазақстанды мекендеген халық арасында қыпшақ және араб тілінде 
жазылған  М.Хорезмидің  «Мухаббат-наме»  поэмасы,  Сайф  Сарайидің, 
Дүрбектің т.б. шығармалары кең таныс болды.  
 
«Мухаббат-наме»  -  ХІҮ  ғасырда  түркі  тілдес  халықтар  тілінде  туған 
тамаша жазба  ескерткіштердің бірі.  Поэманың  араб  және ұйғыр  әліпбиінде 
жазылған екі нұсқасы белгілі.  
 
Дастанның  Сыр  өзенінің  жағасында  жазылғаны  туралы  автордың  өз 
сөзінен  білуге  болады.  Поэманың  композициясы  сұрақтар  мен  жауаптарға 
құрылған.  Негізгі  мазмұны  махаббат,  әділдік,  адамгершілік,  имандылық 
мәселелеріне  арналған.  Хорезми    өз  шығармасында  халықты  бабалар 
дәстүрін ұмытпауға, байлыққа мастанбауға, қарапайым болуға шақырады.  
 
Біздің  заманымызға  Сайф  Сарайидің    «Түркі  гүлістаны»  және 
«Жәдігернаме»  дастандары  жетті.  Сарайидің  бірінші  дастаны  тәжік  ақыны 
Саадидің «Гүлістан» поэмасының еркін аудармасы болып табылады. Бірақ, 
Сараи  Саадиді  сөзбе-сөз  аудармай,  оның  поэмасының  сюжетін  пайдалана 
отырып, Саади поэмасына жауап түрінде жазды.  
 
Сайып  келгенде,  Қазақстанда  орта  ғасырларда  рухани  мәдениет 
жоғары  деңгейде  дамып,  кейінгі  кезеңдердің  мәдениетінің  одан  әрі 
өркендеуіне игі ықпал етті.               
 
  
      

 
37 
Негізгі терминдер мен ұғымдар 
 
Қыпшақ тілінің таралуы 
«Кодекс Куманикус» - қыпшақ сөздігі  
М.Дулати және оның «Тарихи Рашидиі» 
Ислам діні – рухани құндылық ретінде 
Қасиетті әулиелердің даңқы 
«Мешіт-киіз үйлер», «медресе-киіз үйлер»  
Шығыс классиктері шығармаларының таралуы 
Хорезми, Құтбы, Сараи, Дүрбек және басқа ақындар шығармашылығы 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
 
1. Алтын Орда мемлекетінде қандай тіл қолданылды? 
 
2. Қыпшақтардың сөздігі «Кодекс Куманикуста» қандай мәселелер қамтылған? 
 
3. М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашидиі» не жөніндегі шығарма? 
 
4. Өзбек хан тұсында рухани мәдениет қалай дамыды? 
 
5.  ХІҮ-ХҮ  ғасырларда  қандай  ақындар  өмір  сүрді  және  олардың  шығармаларын 
атаңыз.   

 
38 
ҮІ. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің рухани құндылықтары  
                  (ХҮ-ХҮІІІғғ.)  
               
Орта  ғасырлардағы  қазақтың  рухани  мәдениетінің  мазмұны.  ХҮ-
ХҮІІІ ғасырларда қазақтардың басым көпшілігі көшпелі ғұмыр кешті. Олар 
бір  жаратушы  құдайға,  яғни  Аллаға  сенді.  Көшпелі  қазақтардың  ғасырлар 
бойы  жинақтаған  рухани  құндылықтары  арасында  жоғары  әділдікке,  өмір 
күшіне  сену,  сәттілік  және  даналық    көзі  ретінде  аспан  нұрына  «құт-
берекеге» сенушілік басты орын алды.  
Қазақ  жұртшылығының  шаруашылық  өмірінде  көшпелі  мал 
шаруашылығы  шешуші  роль  атқарып,  оның  бүкіл  тыныс-тіршілігінің  ең 
басты негізі болып табылды. Көшпелі мал шаруашылығы қазақтар үшін тек 
тамақ  асыраудың  ең  басты  жолы  болып  қана  қоймай,  олардың  барлық 
материалдық және рухани құндылықтарын анықтайтын факторға айналды. 
Көшпелі  әлемнің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  бүкіл  қоғамға  әскери 
сипаттың  тән  болуы.  Әрбір  көшпелі  -    туа  біткен  жауынгер,  құралайды 
көзден  атқан  мерген,  аттың  құлағында  ойнаған  шабандоз  болғандықтан, 
көшпелілердің орасан зор армияларының болуы ешкімді де таңдандырмаған.  
Көшпелілер  кез-келген  уақытта  ер  адамдарды  өз  араларынан 
шаруашылықтан  босатып,  әскер  қатарына  жіберіп  отырған.  Кәмелетке 
толған әрбір жасөспірім дайындалған жауынгер болды.  Бұған жас ұрпақты 
мақсатты тәрбиелеу жүйесі, әскери жаттығулар, әскери-спорттық жарыстар, 
жалпы  көпшілік  болып  жабыла  аң  аулау,  әскери  қимылдарға  үнемі  қатысу 
игі әсер етті. 
Діни  сенім-нанымдарда,  көркемсурет  және  зергерлік  өнердегі  «Аң 
стилінде»,  халық  ауыз  әдебиетіңің  батырлар  жырларында  әскери  өнерді 
мадақтау  айқын  көрініс  тапты.  Қолданбалы  өнерде,  ең  әуелі  қару-жарақты 
әсемдеуге ерекше көңіл бөлінді. 

 
39 
Қазақтың  ежелгі замандарда қалыптасқан ауыз әдебиетінде, ертегілер 
мен  батырлар  жырларында  «толарсақтан  саз  кешіп»  ел  қорғаған 
батырлардың ерлік істері мадақталып, халайыққа үлгі етілді. Сонау ноғайлы 
заманынан, ғасырлар қойнауынан келіп жеткен бұл жырлардың кейіпкерлері 
Ер  Тарғын,  Ер  Қосай,  Қарасай-Қазы,  Орақ-Мамай,  Алпамыс,  қарақыпшақ 
Қобыландылар  көшпелі  халықтың  мұң-мұқтажын  жоқтаған,  оны  сыртқы 
жаулардан қасықтай қаны қалғанша қорғаған қас батырлар еді.  
Көшпенділер  мәдениетінің  өз  нысандары  болды.  Ол  нысандар 
көшпенділердің  өздерін  қоршаған  ортаға,  әлемге,  өмір  салтына  деген 
философиялық көзқарастарынан туындады. Әлем мен тұрмыс философиясы 
бір-бірінен  бөлектендірілмей,  бірлестіре  қарастырылды.  Әрбір  нәрсенің, 
заттың  өз  мәні,  мағынасы,  философиялық  анықтамасы  болды.  Қазақтар 
тұрмысынан  адам  мен  космос  арасындағы  байланыс  анық  көрініс  тапты. 
Адам  мен  Космостың  бірлігі  өмір  бастамасымен,  бабалармен  байланыстың 
көрінісі  ретінде  санаға  сіңірілді.  Қазақтардың  осындай  ұғымдарымен  аға 
буынды сыйлау және бабалар рухына табыну байланысты болып табылады. 
Сондықтан ғасырлар бойы қазақтар арасында «Жеті ата» ұғымы, «үш жұрт» 
ұғымы, жалпы бір ру адамдарының бір-біріне деген ыстық ықыласы, қажет 
болған  жағдайда  бір-біріне    көмектесуге  дайын  тұруы  берік  қалыптасты. 
Өздерінің  балаларына,  ет-жақын адамдарына  туысқандық сезімін көшпенді 
қазақтар  «айналайын»  деген  сөзбен  жеткізді.  «Айналайын»сөзі  –  «өзіңнен 
айналдым»,  «Өзіме  сенің  ауруларыңды  қабылдадым»  деген  мағынаны 
білдірді. Аспан мен Жердің арасында өмір сүрген көшпенділер табиғаттың 
шын мәнісіндегі перзенттері болып, табиғатпен етене араласып өмір сүрді. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан ертегілері мен аңыздарында көшпенділер 
өздерін  «аспанның  адамы»  етіп  көрсетті.  Көшпенділер  арасында  берік 
қалыптасқан  Аспан  мен  Жердің  үйлесімдігі  идеясын  кезінде  Ш.Уәлиханов 
жазды.  

 
40 
Көшпенді  қазақ  өмірінде  ер  жігітке  тән  жүректілік,  батырлық, 
қайсарлық, өжеттік т.б. қасиеттер ерекше қастерленіп, ондай қасиеттерге ие 
адамдар  ал  арасында  «қаһарман»,  «мәрт»,  «азамат»  атанды.  «Қазақ»  деген 
атаудың өзі «нағыз», «қас» деген мағынадан туындаған болуы керек.  
Көшпенді  қазақтардың  өркениетке  қосқан  зор  үлесі  –  олардың  ХІ 
ғасырдан бастап қолданған киіз үйлері.  
Қазақтардың киіз үйінің құрылысы көптеген нысандық роль атқарған, 
Шеңбер  формалы  киіз  үй  -  Әлем  мен  Космос  арасындағы  байланысты 
бейнелеген.  
Қазақтар  мәдениетіне  тұрмыстың  төртмәнділік  жүйесі  тән  болған: 
айдың төрт жолы, дүниенің төрт бағыты, төрт зілзала.  
Қазақ  қоғамының  шаруашылығы,  тұрмыс-салты  адамдар  арасында 
демократиялық  қарым-қатынастардың берік  орнығуына  ықпал  еткенін  атап 
өткен жөн. 
Көшпелі мал шаруашылығы және оған байланысты көшпенділік өмір 
қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тілі жөнінен біртұтастығын қамтамасыз 
етуге  жағдай  жасады.  Өйткені  қысы-жазы  төрт  түлік  малға  жайлы  қоныс 
іздеп  шарқ  ұрып  көшіп-қонып  жүрген  қазақтарға  ағайындық,  туысқандық 
қатынастардың  берік  орнығуы  игі  нәтижелерге    қол  жеткізді.  Тек  осындай 
ынтымақтық  пен  туысқандықтың,  сондай-ақ  басқа  түскен  қиындықтарды 
бірге көтерудің арқасында көшпенді қазақтар табиғаттың тылсым күштеріне 
төтеп бере алды.  
Төрт  түлік  мал  ішінен  қазақтар  жылқы  малын  ерекше  қастерлеген. 
Қазақ  жылқылары  аудандарына  қарай  адай,  батыс  қазақстандық,  жетісулік 
және  найман  жылқысы  болып  бөлінді.  Жылқыларды  қазақтар  сыртқы 
пішініне, жүрісіне, қасиетіне қарай «қазанат», «жорға», «жабы» деп бөлген. 
Батырлар  мінетін  жылқы  малына  халық  «арғымақ»,  «тұлпар»,  «сәйгүлік»  
тәрізді ат беріп, ерекше қастерлеген. 

 
41 
Қазақ  өзінің  әлеуметтік  тұрмысын  төрт  түлік  малсыз  –  жылқы,  түйе, 
қой  және  сиырсыз  көз  алдына  елестете  алмаған.  Сондықтан  қазақ 
амандасқанда,  ең  әуелі  «Мал-жаның  ама  ба?»  деп  сұрайтын  болған.  Оның 
мәнісі:  қазақ  үшін  мал  жай  ғана  мал  емес,  бүкіл  тіршілігінің  көзі,  мал 
болмаса, оның күні қараң, малсыз ол өмір сүре алмайды, сондықтан да қазақ 
малды әрқашан өз өміріндегі құндылықтар арасында бірінші кезекке қоятын 
болған.  
Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  түсінігінше  төрт  түлік 
мал  дүниенің  төрт  бағытын:  жоғары-төменді,  оң  мен  солды  бейнеленген. 
Төрт  түлік  малдың  ең  қасиеттісі  болып  жылқы  саналған.  Ол  жоғары 
дүниенің  нысанын,  даналық  әлемін,  бабалар  әлемін  бейнелеген. 
Қазақтардың  осынау  түсінігі  бала  туу,  үйлену  және  жерлеу  дәстүрлерінен 
айқын  көрініс  тапты.  Ат  –  ақыл-ойдың  нысаны,  жоғары  әлем  нысаны, 
сондықтан  ол  адамды  о  дүниеге  кетерде  бірге  шығарып  салуы  қажет  деп 
санап,  жылқыны  иесімен  бірге  жерлейтін  болған.  Сый-сияпат,  кәделі 
жерлерде,  құдалық-қонақтықтарда  халық  ер-азаматтарға  ат  мінгізіп,  шапан 
жапқан.  
Жылқы: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, кулық, бесті бие, ат 
сәурік, айғыр деп ажыратылады.  
Көшпенділер  түйе  малын  өсіруге  де  ерекше  мән  берген.  Ол  түсінікті 
де. Түйе - өте көнбіс, күшті жануар. Көшпенділер қоныстанған Еуразияның 
орасан зор кеңістігін алып жатқан шөл және шөлейтті аймақтарда бір аптаға 
дейін  су  ішпей,  қомына  орасан  ауыр  жүкті  артып  алып,  мыңқ  етпей  жүре 
беретін түйеден басқа жануарды іздеп табу қиын. Ал, оның дәмі тілдің ұшын 
иіретін,  хош  иісті,  көп  ауруға  шипа  болатын,  тоқтығы,  тамақтығы  керемет 
шұбатын қайда қоясыз? 
Қазақстанның солтүстігі мен шығысынан басқа аймақтарында түйенің 
екі түрі – қос өркешті (бактриян) және бір өркешті түйе өсірілді.  

 
42 
Түйе  малы  жасына  және  жынысына  қарай,  бота,  тайлақ,  буыршын, 
науша,  інген,  атан,  бура  деп,  қасиетіне  қарай,  мая,  желмая,  нар,  аруана, 
жампоз, қоспақ, үлек, т.б. болып бөлінеді.  
Қой:  қозы,  марқа,  тоқты,  бағлан,  тұсақ,  азбан,  ісек,  саулық,  қошқар 
болып; ешкі: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке болып жіктеледі. 
Сиыр  жасына  қарай  былай  аталады:  бұзау,  баспақ,  торпақ,  тана, 
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.  
Халық ұғымы бойынша әрбір малдың өз иесі болған, мысалы түйенің 
иесі, пірі Ойсылқара, жылқының пірі Қамбар ата, сиырдың пірі Зеңгі баба, 
қойдың пірі Шопан ата, ешкінің пірі Шекшек ата аталған. Бұл түсініктер мен 
аңыздар  бізге  ғасырлар  қойнауынан,  сонау  көне  түркілер  заманынан,  одан 
кейін  ноғайлы  кезеңінен  келіп  жеткен  деуге  негіз  бар.  Олай  дейтініміз, 
Қазақстан  мәдениетінің  «аспан  астындағы  мұражайы»,  362  әулиенің  отаны 
саналатын  Маңқыстау  өңірінен  табылған  қорымдық-қауымдық  тас 
ескеткіштер  арасынан  төрт  түлік  мал  пірлерінің  тас  мүсіндерін  де,  тасқа 
ойылып,  қашалып  салынған  суреттерін  де  көптеп  кездестіреміз.  Олардың 
арғысы ХІ ғасырдың, бергісі ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың туындылары. 
Мал  шаруашылығының  қыр-сырын  жете  меңгерген  көшпенділер  мал 
өнімдерін  тұрмыстық  салада  молынан  қолданды.  Жылқы  сүйегін  өңдеп 
қобди  сандықтар  бетін  өрнектеді.  Күзеп  алған  мал  жүнінен  мықты  арқан 
есті. Сиыр мүйізінен тарақ, тақта жасады. Қой жүнінен киіз, текемет басып, 
кілем, сырт киім тоқыды, түйе жүнінен шекпен, кеудеше, шұлық тоқылды.  
Сөйтіп,  көшпелілер  өз  тұрмысына  мал  баласын  ерекше  қастерлеп, 
оның  басын  көбейтуге,  қамқорлап-бағуға  барынша  күш-жігерлерін  салып 
отырды.  
Жануарлар  нысандары.  Қазақ  өзінің  әлеуметтік  тұрмысын    төрт 
түлік  малсыз:  жылқы,  түйе,  қой  және  сиырсыз  көз  алдына  елестете 
алмаған. Сондықтанда қазақ амандасқанда, ең әуелі  « мал-жан аман ба?» 
деп сұрайтын болған. Оның мәнісі: қазақ үшін  мал жай  ғана ал емес, бүкіл 

 
43 
тіршілігінің  көзі,  мал  болмаса,  оны  күні  қараң,  малсыз  ол  өмір  сүре 
алмайды, сондықтан да  қазақ малды  әрқашан өз өміріндегі  құндылықтар 
арасында бірінші кезекке қоятын болған. 
Ғасырлар бойы  қалыптасқан  қазақ халқының түсінігінше төрт түлік 
мал  дүниенің  төрт  бағытын,  адамның    төрт  мінезін,  төрт  бағыттары: 
жоғары-  төменді,  оң  мен  солды  бейнелеген.    Төрт  түлік    малдың  ең 
қасиеттісі болып жылқы саналған.  Ол жоғары дүниенің нысанын, даналық 
әлемін, бабалар әлемін бейнелеген. Қазақтардың осынау түсінігі  бала туу, 
үйлену,  жерлеу  дәстүрлерінен    айқын  көрініс  тапты.  Ат-  ақыл-ойдың  
нысаны,  жо,ары  әлем  нысаны,  сондықтан  ол  о  дүниеге    кетерде    бірге 
шығарып  салуы  қажет  деп  санап,  жылқыны  иесімен    бірге  жерлейтін 
болған.  Сый-  сыяпат,  кәделі  жерлерде  ,  құдалықтарда    халық  ер- 
азаматтарға  ат мінгізіп, шапан жапқан. 
Жылқы,  құлын,  жабағы,  тай,  құнан,  байтал,  дөнен,  құлық,  бесті  бие, 
ат, сәурік, айғыр деп ажыратылады. (С. Кенжеахметов). 
Көшпенділер  түйе  малын  өсіруге  да  ерекше  мән  берген.  Ол  түсінікті 
де.  Түйе-  өте  көнбіс,  мықты  жануар.  Көшпенділер  қоныстанған 
Еуразияның  орасан  зор  кеңістігін  алып  жатқан  шөл  және  шөлейтті  
аймақтарда  бір аптаға дейін  су ішпей, қомына орасан  ауыр жүкті артып 
алып, мыңқ етпей жүре беретін түйеден басқа  жануарды іздеп табу қиын. 
Ал  оның  дәмі  тілдің  ұшын    иіретін,  хош  иісті,  шипа  болатын,  тоқтығы, 
тамақтығы керемет шұбатын қайда қоясыз? 
Қазақстанның солтүстігі мен шығысынан басқа  аймақтарында түйенің 
екі түрі- қос өркешті (бактриян) және бір өркешті түйе өсіріледі. 
Түйе  малы  жасына    және  жынысына    қарай  бота,  тайлақ,  буыршын, 
науша,  інген,  атан,  бура  деп,  қасиетіне  қарай  мая,  желмая,  нар,  аруана, 
жампоз, қоспақ, үлек т.б. болып бөлінеді. 
Қой  қозы  , марқа,  тоқты,  бағылан,  тұсақ,  азбан, ісек, саулық,  қошқар 
болып; ешкі лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке болып жіктеледі. 

 
44 
Сиыр  жасына  қарай  былай  аталады:  бұзау,баспақ,  торпақ,  тана, 
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа. 
Халық ұғымы бойынша  әрбір малдың өз иесі болған, мысалы, түйенің 
иесі,  пірі-  Ойсылқара,  жылқының  пірі-  Қамбар  ата,  сиырдың  пірі-  Зеңгі 
баба,  қойдың  пірі-  Шопан  ата,  ешкінің  пірі-  Шекшек  ата  аталған.  Бұл 
түсініктер  мен  аңыздар    бізге  ғасырлар  қойнауынан,  сонау  көне  түріктер 
заманынан,  одан  кейін    ноғайлы  кезеңінен  келіп  жеткен  деуге    негіз  бар. 
Олай дейтінімі, Қазақстан мәдениетінің « аспан астындағы мұражайы», 362 
әулиенің  отаны  саналатын    Маңғыстау  өңірінен  табылған    қорымдық- 
қауымдық  тас  ескерткіштер  арасынан  төрт  түлік    мал  түрлерінің    тас 
мүсіндерін  де,  тасқа  ойылып,  қашалып  салынған  суреттерін  де  көптеп 
кездестіреміз. Олардың арғысы XI ғасырдың, бергісі XVIII-XIX ғасырдың 
туындылары.  
Мал шаруашылығының қыр- сырын  жете меңгерген  көшпенділер мал 
өнімдерін  тұрмыстық  салада    молынан  қолданды.  Жылқы  сүйегін  өңдеп, 
қобди сандықтар  бетін өрнектеді. Күзеп алған мал жүнінен  мықты арқан  
есті.    Сиыр  мүйізінен    тарақ,  тақта  жасады.  Қой  жүнінен    киіз,  текемет  
басып,  кілем,  сырт  киім  тоқыды,  түйе  жүнінен  шекпен,  кеудеше,  шұлық 
тоқылды. 
Сөйтіп,  көшпелілер    өз  тұрмысында    мал  баласын  ерекше  қастерлеп, 
оның басын көбейтуге, қамқорлап- бағуға барынша күш- жігерлерін салып 
отырды. 
Көшпелілер  өмірі  және  тұрмысының  өз  мәні  мен  сәні  болды.  Олар 
көктеуге, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу сәттерін асыға күтетін болған. 
Себебі көшпелілер  көбіне  шағын ауыл-ауыл, ру-ру болып  томаға-тұйық 
өмір  кешкен.  Ал  көшіп-  қонудың    нәтижесінде  оларға  бір-бірімен  
көрісудің, амандасудың  сәті түсті, көбіне жылап көрісетін болған. Мүмкін 
қазақ  халқының    ұлттық    ерекшеліктерінің  бірі-  қонақжайлығының  сыры 
да  осымен    байланысты  болар.  Өмірлерінің  көп  бөлігін  табиғат-  анамен, 

 
45 
төрт  түлік  малмен  бірге    өткізген  қазақтардың    тұрмысын,  мінез-құлқын  
ұлы суреткер Абай өзінің атақты «Жаз» атты өлеңінде  былай суреттеген. 
Жаздыкүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын, бәйшешек 
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге 
Көшіп ауыыл қонғанда: 
Шұрқырап жатқан жылқының, 
Шаоғыннан жоны қылтылдап, 
 Ат, айғырлар, билер. 
Бүйірі, шы,ып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Арасында құлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап. 
Жоғары төмен-үйрек- қаз. 
Ұшып тұрса сымпылдап. 
Қыз- келіншек үй тігер, 
Бұрала басып былқылдап
Ақ білегін сыбанып,  

 
46 
Әзілдесіп сыңқылдап. 
Мал ішінен айналып, 
Көңілі жақсы жайланып,- 
Бай да келер ауылға, 
Аяңшылы жылпылдап. 
Сабадан қымыз  құйдырып, 
Ортасына қойдырып, 
Жасы үлкендер бір бөлек, 
Кеңесіп, күліп сылқылдап. 
Жалшы аңдыған жас бала 
Жағалайды шешесін: 
Ет әпер деп қыңқылдап. 
Көлеңке қылып басына, 
Кілем төсем астына, 
Салтанатты байлардың 
Самаурыны бұрқылдап. 
Білімділер сөз айтса, 
Бәйгі атындай  аңқылдап, 
Өзгелер басын изейді, 

 
47 
Әрине деп мақұлдап. 
Ақ көйлекті, таяқты 
Ақсақал шығар бір шеттен: 
Малыңды әрі қайтар деп, 
Малшыларға қаңқылдап. 
Бай байғұсым десін деп
Шақырып қымыз берсін деп, 
Жарамсақсып, жалпылдап. 
Шапандарын белсенген, 
Асау мініп теңселген, 
Жылқышылар кеп тұрса, 
Таңертеннен салпылдап. 
Мылтық атқан, құс салған, 
Жас бозбала бір бөлек 
Су жағалап құтыңдап. 
Қайырып салған көк құсы, 
Көтеріле бергенде, 
Қаз сапырса жарқылдап. 
Өткен күннің бәрі ұмыт, 

 
48 
Қолдан келер қайрат жоқ, 
Бағанағы байғұс шал 
Ауылда тұрып күледі, 
Қошемет  қылып қарқылдап.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет