Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Материалдарды рәсімдеуге дайындау



Pdf көрінісі
бет48/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137
Материалдарды рәсімдеуге дайындау: 
Сот-қолжазба сараптамасына жіберілетін материалдар: 
1)
зерттелетін объектілер: құжаттар – заттай дәлелдемелер (қолжазбалық 
мәтіндер, олардың үзінділері, қолтаңбалары, өзгеше жағдайларда 
жазылған сандық жазбалар, символдар); 
2)
салыстырмалы материалдар.
Сараптама тағайындаудың алдында тергеуші, сот құжаттарды нақты қарап 
шығуы керек. Қараудың нәтижесі зерттеудің нақты объектісін анықтауға 
(қолтаңба немесе қолжазба), қолжазбадағы (қолтаңба) жазбалардың 
ерекшеліктерін, белгілердің тұрақты деңгейін, қолжазбаның салыстырмалы 
үлгілерінің санын және сарапшы алдына қойылатын сұрақтардың 
дұрыстығын белгілеуге мүмкіндік береді. Жеке жағдайларда сараптаманы 
тағайындау туралы қаулыда сараптаманың пәніне қатысты мән-жайлар 
болуы қажет (құжатты, үлгіні орындаған жағдай, құжатты орындаған 
адамның құжатты орындаған кездегі денсаулығы) т.с.с. 


62 
Сот-қолжазба сараптамасын тағайындағанда сот, тергеуші зерттеуге 
жататын тікелей объектіні көрсетуі керек: толық мәтін немесе олардың 
үзінділері, сандық жазбалар, қолтаңбалар, символдар. Егер, сараптама 
реквизиттері жоқ қолжазбаларға қатысты тағайындалса, оның басты және 
қорытынды сөздері және олардың мөлшері жазылады (беттің саны т.с.с.). Сот 
сараптамасын тағайындау туралы қаулыдағы қолжазбаның үзіндісін зерттеу 
кезінде оның мәтіндегі сөздік мазмұны мен орналасу орны көрсетіледі. Егер 
сараптамаға қаулыдағы (ұйғарым) қолтаңбаны зерттеу жатса, онда кімнің 
атынан құжат орындалғандығы, оның құжатта орналасу жері (жолы, 
графасы) көрсетіледі. 
Егер, зерттеу объектісі қолтаңба болып табылса және бұл құжатты 
орындаған тұлғаны анықтау қажет болса, онда сарапшыға сұрақ қояр 
алдында онда аталған қолтаңба кімнің атынан жасалған, оның аты-жөні т.с.с. 
көрсетілуі керек.
Тергеуші, сот сараптаманы тағайындаған соң сарапшыға зерттелуге 
жататын объектіні (мәтін, қолжазба мен қолтаңбаның үзінділері) ұсынуы 
керек. Сараптамаға зерттелуге жататын құжаттардың түпнұсқасы берілуі 
керек. Аталған талаптар көшірмелер арқылы қолжазбалардың өзгеруіне
қандай жағдайлар әсер еткендігін анықтау үшін керек (кейбір кезде анықтау 
мүмкін емес). 
Сот-қолжазба сараптамасына зерттелуге жататын материалдардан 
басқа 
салыстырмалы 
материалдар 
да 
ұсынылады. 
Сот-қолжазба 
сараптамасының міндеттерін шешу үшін салыстырмалық үлгінің үш түрі
ұсынылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет