Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет82/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

12.2. Суық қарудың сот сараптамасы 
Суық қаруды зерттеу сот сараптамасының 
объектілері 
суық қару 
немесе металдан жасалған өнімдер, суық қаруға ұқсас қылмысқа қатысты 
қарулар жатады.


95 
Аталған объектілердің криминалистикалық сараптамасының 
заты
заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтайтын 
қылмыстық немесе әкімшілік істердің мән-жайлары, фактілі деректері. 
Сараптама арқылы алынған фактілі деректер кісі өлтіру, денсаулығына зақым 
келтіру, қару және оның айналымы туралы заңдылықтарды бұзу істері 
бойынша кеңінен қолданылады.
 
Сот сараптамасымен шешілетін
міндеттер
келесі топтарға бөлінеді, 
олар

идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық) және 
идентификациялық. 
Классификациялық міндеттер 
келесі сұрақтарды шешеді: 

жәбірленушінің (сезіктінің) киімінде табылған бөлшектердің табиғаты 
қандай, олар суық қаруға жатады ма ? 

сезіктіден алынған зат (пышақ, кастет т.с.с.) суық қаруға жатады ма ? 

сезіктіден алынған заттар суық қарудың қандай типіне жатады ? 

өнімдер (пышақ, кастет т.с.с.) қолмен жасалған бұйымдардың тобына 
жатады ма ? 

пышақтың (кастет т.с.с.) тұтқасы қандай металлдан немесе құймадан 
жасалған ? 

оқиға болған жерден алынған зат суық қарудың қандай типіне жатады ? 
Диагностикалық, ситуациялық міндеттер 
келесі сұрақтарды 
шешеді: 

тасушы-объектіде (жәбірленушінің киімі т.с.с.) металлданудың іздері 
бар ма ? 

Н.,К. есімді сезіктіден алынған заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) 
қандай тәсілмен жасалған ? 

нақты заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) және жәбірленушінің киімі 
өзара үйкелген жоқ па ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет