Шапка: Ұлт қазынасы зкт



бет10/11
Дата01.10.2022
өлшемі41,51 Kb.
#41079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТАЗЫ сценарий

Р-1066643-MOV
Серік
16.33—17.16
Оны жоқ... Қазақстанда тазы көп. Бәрі ауыл- аймақты жерде.Мысалы қазір выставкаға барып, менің мынау тазыларымның барлықтарында құжаттары бар.Выстовкаға барған кезде,ол жердің бәрі жаңағы ақылы өтеді де,оған сол ауылды жердегі тазылар көбінесе келе алмай қалады.Әйтпесе тазы көп Қазақстанда.Ол 5-6 мың тазы бар қазір.Оның бәрі құжатталмаған.Құжатталмағанның әсерінен болып тұр да оның бәрі.Құжаттандыру керек тазылардың бәрін.Келген кезде мысалы жаңағы бір кісіде 10 тазы бар бір үйде.Кейбіреулерде 20 тазы ұстайтын жігіттер бар. (17:18-17:34)- 2 тазы.Құрып кеткенде ауылда бір үйде 2 тазы бар.Оны олар құнт жаңағыдай әкеліп, выстовкаға өткізіп,выстовканы өткізіп,құжаттандырса, жылдамырақ болар еді негізі барлығы жаңағы поттенттеуіміз.


ЗКТ: Иә, бүгінде ең маңыздысы осы құжаттандыруда болып тұр. Қазақы тазы мен төбетті сақтап, көбейту, тұқымын асылдандыру, ресіми құжаттау әлі күнге жолға қойылмай келеді. Сондықтан халықаралық кинология қауымдастығында «қазақы төбет», «қазақы құмай тазы» тіркелмеген. Бұл ретте мемлекеттік қамқорлық керек дейді аңшылар.


Den2
С0185 /толықтау жігіт. Ауыл әкімі/
06.11 – 06.31
Тазыны тұқымын түрлендіру керек бізге. Жақсы жақсы тазылар әкелу керек. Өзіміз енді бұрыннан қалада жүргендіктен басқа да қазақстанның қалаларындағы тазыларды бағатын жігіттермен араласып тұрамыз. Солардан тұқым алуымыз керек. Оларға біз тұқым беруіміз керек. Сөйтіп аралыстырып барып тұқымын көбейтсек тазымыз көбейеді.
03.02 – 03.12
Білмеймін енді, осыны жанымдай сүйгендіктен осының спортын дамытсам деген, тазының енді бір шетінен патентін ала алмай жатырмыз ғой, соны алып ары қарай бір үлесімді қоссам деген ойдамын ғой.


ЗКТ: Ежелгі наным-сенім бойынша адамның басына қонған құт пен шаңыраққа келген ырыс көбіне ит болып келеді. Сол үйге құтпан ит немесе алғыр тазы бітеді де ол адамның барлық тілеуін жүзеге асырып, мұратына жеткізеді дейді. Тазы иттің алғаш рет аң алуын «тырнақалды» деп атап, оның құрметіне ауылдастары жиналып, қайырлы болсын айтып, қуанышқа кішігірім той жасаған. Итті жеті ырыстың біріне балаған. Әдетте жақсы иттің күшігін алғанжа қарғыбау ақысын беріп, күшікке сүт жалатып алатын болған. Әйгілі тұқымның қарғыбауы да қымбатқа түседі. Сондықтан «иттің шені қарғыбау» деп оған дәулет-дәрежесіне қарай қарғыбау таққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет