ЗКТ: Жеті қазынаның бірі саналатын тазы туралы мәлімет жазба деректерде кездеседі. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінде «тайған» сөзіне «тазы, алғыр ит» деген анықтама берілген. Қазақ жерінде тазының тұқымы сонау сақ заманында болған. Оған дәлел тасқа қашалып салынған суреттердегі тазыға ұқсас иеттердің болуы. Бұл шамамен 2500 мың жыл бұрын бейнеленген таңбалар.
ЗКТ: Мақмұт Қашқари сөздігінде тайған деп аталады дедік. Көршілес қырғыздар әлі күнге тайған деп атайды. Өзге түркі халықтары тазы немесе тази дейді. Ал, «саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы» атты еңбекте аңшы итті тазы деп атауының мәні парсылардың «таза, алғыр, шапшаң, жүйрік» сөзімен түбірлес және осы мағынадан шыққан делінеді. Ал, ел арасында құмай тазы туралы ол сары ала қаздың жұмыртқасынан жаралады, керемет батыл әрі шапшаң болады дейтің аңыз-әңгімелер бар. Ол жайында Әбубәкір Дибаев, Сәкен Сейфулииндер жазып қалдырған.
Р-1066679-MOV Ұлағат 00.58- 4.29 Бұл тазының тазы деп аталуына қатысты әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер бұның тазалығына қатысты,тұқымының жалпы өзінің дегдарлығына қатысты таза деген сөзден шықты дейді,ал енді, енді біреулер мынау ит ала қаздың жұмыртқасынан яғни құмайдан шыққан деп айтып жатады. Ал шындығында құмай деген сөз қазақ үшін ең жүйрік аң әлемде –гепарт. Гепарттың таза қазақша баламасы,сондықтан сол әлемдегі ең жүйрік аңға бағалауының өзі бұл- тазының шынайы құндылығы екенін көрсетеді және әдетте қазақтың жеті қазынасына берен мылтық,қыран бүркіт,ұшқыр тазы деп айтып жатқаны..құмай тазы деп кей келеді кей деректерде.
Ілгеріде мынау қазақтың өркениетіне, мәдениетіне қалалық өркениет қалыптаспай кірікпей тұрған уақытта 1 тазы, 2 тазы тұтас ауылды,елді мекенді асырағанын тарихи деректерден білеміз.Ашаршылық замананында қаншама тазылар қазақтың қаншама елін, отбасын аман алып қалды.