Р-1066680-MOV Ұлағат 00.09-07.21 Әдетте қазақ айтады «ақ тазының алғанынан,қара тазының шалғаны қызық»-дейді.Сөздің тура мағынасында: «ақ тазының алғанынан,қара тазының шалғаны қызық»- деген сек...Ақ тазылар ақ түсті мынау қылаң түсті тазылар көп жағдайда аңды қуып жеткен кезде жанына,жанынан шалып алады.Ал қара тазының алғырлығы шалымдылығы сондай,жетер жетпестен тек қақпақ қылып,іліп тастап отырады алдыңғы аяқпен өзі жүгіріп бара жатып,алдыңғы аяқпен іліп тастап отыратын. Сонда шалымдылығына қатысты берілген баға деп білемін. Енді бұл тазының қазақ танымындағы, қазақтың фольклорындағы,қазақтың әдебиетіндегі бір алар орны ғой.Дәл сондай орны болмаса,қазақ оны мақалдатып,тілге тиек етіп, сөзге қоспас еді.
Den2 С0148 /тақыр бас кісі/ 05.01 – 05.39 Бұрын ата-бабаларымыз айтқан ғой. Жарымадым тазының жарғағына деп. Бұл шашақ құлаққа қарағанда жарғақ құлақ өте сергек, оның үстіне бұл жүйрік келеді екен. Жарғаққұлақтың айырмашылығы аяғының мынандай түктері болмайды. Сонан кейін бұл қарда жүгірген кезде тоқтаусыз қуалайды. Қуалаған кезде ана шашаққұлақтың мына арасына мұз қатып қалады да тоқтап қалады. Жарғаққұлақта бұл жоқ болғандықтан тоқтаусыз жүгіреді.
05.45 – 05.57 Бір екі түлкі қашқан екен дейді. Баяғы аңыз ғой. Ата бабаның айтып кеткен. Сонда қашып келе жатқан түлкі бір біріне айтып жатыр дейді. Артта қуып келе жатқан тазы жарғақ па екен, шашақ па екен деп.
06.06 – 06.14 Шашақ болса шатып бұтып құтылармыз енді, жарғақ болса жан қалмайтын болды деп жаңағы түлкі қашып бара жатыр дейді. Сондай қызықтар, аңыздар болған екен.
ЗКТ: Мұндайда аңшылар «шашақ алар алмас, жарғақтан жан қалмас» дейді екен. Я,ни итбегілер. Яғни жарғаққұлақ тазы ерекше бағаланады. Сондай ақ, тазыларды тұқымына қарап құмай тазы, құны тазы, дүрегей тазы, қайың қаптал тазы деп те атайды. Таралу өлкесіне, териториялық ерекшелігіне қатысты да атаулары бар. Сібірлік, Түркістандық немесе таулық, далалық деп аймағына, жеріне қарай бөледі. Дала тазысының кеудесі мен бөксесінің биіктігі бірдей, өте жылдам, сүйегі жеңіл, нәзік болғандықтан қазақтар оны ши тазы деп де атайды. Ал тау тазысының бөксе жағы биік, аяғы сіңірлі, мойны жуан болады. Бұлар қасқыр аулауға бейім.