Р-1066681-MOV Ұлағат 09.37- 13.23 Жарғақ тазылардың мына алдыңғы сирақтағы тырнақ бекітетін ана жіліңшіктері бар емес па?,-солардың күштілігі сондай бұл байлауда тұрғанда да,үйшікте тұрғанда да тырнағының үстіне басып тұрады.Бұның ерекшелігі сонда.
Қазақтың танымындағы қазақтың жырындағы,аңызындағы жарғақ тазының сипаты бөлек. Егер жар....мысалға жаңа шашақ құлақ тазыны : -«сырттан»- деп айтады дедік қой.Ал жарғақұлақ тазыны: –«құмарлан»- деп айтқан.Яғни құмарлан деген сөз бұл- Сыр бойының жырауларының бір екінің бірінің демей ақ қояйын ,жоқ дегенде бір 40-50 пайыз жыр термесінде : «құмарлан»- деген сөз кездеседі.Осы –«құмарлан»- сөзінің түбірін, негізін қазбалаған кезде бізге таныс болған,бізге кездескен дерек яғни ол тазының нақ жарғақ құлақ тазының арланына,сырттанына,алғырына, жүректілігіне,жүйріктігіне қатысты айтқан екен. Бұл да біздің қазіргі танымнан жойылып бара жатқан сөздің бірі.
ЗКТ: Аңшылық дәстүрде тазымен немесе бүркітпен саятқа шыққан адам жол-жөнекей бөгде кісімен ұшырасса бірден «байлансын ақ» деп айғайлайды екен. Ал бұл сөзді кездескен жоллаушы бірінші айтса аңшылар»майлы шұжық айлансын ақ» деп жауап берген. Бұл көлденең кезіккен адамның тіл-көзі тазы мен бүркітке тимесін деген ниеттен туған. Бұл да бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің бірі. Сондай ақ кәнігі аңшылар тазының болмыс-бітіміне қарап оның алғырлығын білген. Жүйрік тазының төс сүйегі кең, кеуделі болып, төсі төмен салыңқы келеді. Сондықтан олар жатқанда дұрыс жата алмайды. Балық кеуде болады да, төс сүйегі жер тіреп жатқызбайды. Бұл тазының жүрегі үлкен екенін көрсетеді. Жүрегі үлкен жануар ұшқыр болады.
Den2 С0204 Жігіт 00.08 – 00.40 Ептілігінде. Бұлар мысалы, мысалы төбеттерде бар. Жүгіре алатын төбеттер де бар қасқырға жабыса кететін. Бірақ оларда ептілік болмайды да. Қасқыр да оңай емес қой. Бәленбай тісі бар. Опырып жібереді бір жерін. Ал бұлар боксер сияқты ғой. Атака жасайды, епті. Ұстатпайды. Ерекшелігі сода бұның. Әйтпесе ойлайсың, мынандай арық тазылардан қалай жеңіледі деп. Олар сол жанды жерінен, шабынан, тірсегінен, құлағынан...
00.48 – 01.00 Құлағынан ұстап тұрады бір тазы. Қасқыр жылқы сияқты құлағынан ұстағанда тырп ете алмай қалады екен. Сол құлағынан ұстап тұрған кезде басқа иттерге мүмкіндік көп. Тамақтауға, тірсегін, шабын айырады.
ЗКТ: Аңға түсу үшін әрине әуелі күтім керек. Бүркіт сияқты тазы иттің де қоясын түсіру деген болады. Қоя дегеніміз жеген тамағынан, жүн-дұрқасынан иттің асқазанында түйншектің түйіліп қалуы. Оны түсірмесе ит жүгірмейді. Сары майға немесе тоң майға аттың қылын орап жұтқызады. Сонда ит қоясын тастайды. Кейбір тазылар көк шөп жеп өз қоясын өздері түсіретін сәттер де болады.