Р-1066643-MOV Серік 3. 43 – 4.08 Жаздыгүні енді бұлар тұрады. Жілік майын толтырамыз бірінші. Сосын қоясын түсіреміз. Қоясын түсірген деген кәдімгі сары май.Өзіміздің сары майды аттың қылына ұсақтап турап, сары май береді. Ішіндегі, өкпесіндегі, асқазанындағы қоясын түсіреміз. Сосын ақырындап жүгіртіп-жүгіртіп, бабына келтіріп, осы сентябрь айынан бастап уже аңға шығара бастаймыз.
4.14-4.24 Ішін тазалайды. Ішкі құрылысын бүтіндей тазалап шығарады ғой. Ол бір жұмадай уақытты талап етеді.
4.26-4.45 Оны жегізу үшін ашықтырамыз біз әдейілеп.Үш күн. Солай екі күнде ол жей қоймайды. Үш күн ашыққанан кейін, аш қалпында береміз де, сары майды жаңағы қоясын түсіру үшін.Сары май деген өте пайдалы.Ішінің бәрін тазалап шығарады.
4.49-5.12 Жүгіргенде енді ол көңілден шықпайды....(іііі )..Ол өзінің жүгірісін көрсете алмайды.Қоясын түсірмеген ит....(іііі..). Бір аңшылықта да бір өзі адамның (..ііі) керемет бір әсер алатын кездер болады.Ұшып бара жатқан қоянды мысалы жете алмай қалғанда, қапыда қаласыз. Қоясы түскен ит, бабы келген ит жетеді оған.
Den2 С0205 Жігіт 00.57 – 01.44 Тазыны баққанымда енді қасқырда ит баласынан осы тазы деген ерекше түсетінінін байқадым. Сол үшін еркектерін бақтым. Ірілеу, оратша ірілеуін бағуға тырыстым. Енді осылардан кейін ұрғашы тазы бағып жатырмын. Қалай болатынын болашақта көреміз. Бірақ енді күшік кезінен оның бір ерекшелігі байқалады өзінің. Пысықтығы. Онан кейін еркектерінің миы қанша дегенмен кеш кіреді екен. Сен қой дегенді, қанша ұрып тастасаң да тәрбиелегенде қамшымен ол қайтіп ұмытып ктеді оны. Ал оларды айғай зекіген, мен ұрып көрген жоқпын, тыңдайды сразу. Өте милы болады екен.
ЗКТ: «Жетелеп қосқан тазы түлкі алмас» деген сөз бар. Бұл итті баулуға қатысты айтылған болса керек. Жалпы аңшы итті күшігінен тәрбиелейді. Бұрын аң қуып әбден машықтанған үлкен иттермен ере жүріп ауызданады. Әдетте тазы қашқан аңды көрсе бірден қууға әуес. Сол топқа ілесіп, аңға тісі бір тисе кейін үйреншікті әдетке айналып кетеді.