Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

 
ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
Международные стандарты финансовой отчетности. - М.: Аскери, 1999.   
2.
 
Абленов Д.О.. Аудит: теория и практика, Алматы,-Экономика, 2005 
3.
 
Подольский Г.Б., Поляк Г.Б., Савин А.А. Аудит. М.: ЮНИТИ, 2001. 
4.
 
Скобара  В.В.  Аудит:  методология  и  организация.-М.:  Издательство  «Дело  и 
сервис»,1998 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  вопросы  организации  и  методика  проведения 
операционного аудита финансово-хозяйственной деятельности предприятий.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  кәсіпорындардың  қаржы-шаруашылық  қызметіне  жүргізілетін 
операциялық  аудитті  ұйымдастыру  сұрақтары  мен  оны  жүргізу  тәсілдері 
қарастырылған.  
 
 
 
ӘОК. 325.1 
Ә.58 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒИ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН 
МИГРАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Әміреұлы Ы.-э.ғ.к., доцент, Киіков Е. М. -э.ғ.к., доцент, Баймурзаева М.-
оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Халықтың  жалпы  санының  ӛсуі  (кемуі)  екі  себепке  байланысты:  табиғи 
қозғалысқа,  яғни  туғандар  мен  ӛлгендер  санының  айырмасына  және  кӛші-қон 
(миграция)  қозғалысына,яғни  кӛшіп  келгендер  мен  кӛшіп  кеткендер    кӛрсеткіштер 
қалдығына.  Халықтың  табиғи  қозғалысына  сонымен  бірге  некелесу  мен  ажырасу 
кӛрсеткіштері де жатқызылады. 
 Осы  аталған  кӛрсеткіштердің  барлығы  статистикалық  есепте  абсолюттік  шама 
ретінде  беріледі.  Бірақ,  ол  даму  (кему)  процестерін  толықтай  сипаттай  алмайды. 
Сондықтан  қатысты  шаманы  қолданады,  яғни  1000  адамға  шаққандағы 
коэффициенттерді  есептейді  және  оның  ӛлшем  бірлігі  промильмен  (  %
0
)  кӛрсетіледі 
және оны есептеу кезінде сол уақыттағы халықтың орташа жылдық саны қолданылады.     
Демек, туу, ӛлу, некелесу, ажырасу, табиғи ӛсім (кему) және миграциялық ӛсім (кему) 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
156 
коэффициенттерін  есептеу  кезінде,  зерттеуге  алынған  жыл  ішінде  болған  белгі 
кӛрсеткіштерінің  нақты  сандарын  бӛлеміз  халықтың  орташа  жылдық  санына  және 
кӛбейтеміз 1000. 
 Тӛменде  туудың,  ӛлімнің  және  табиғи  ӛсімнің  жалпы  коэффициенттерінің 
есептелінген  кӛрсеткіштері 1- кестеде келтірілген:   
1-кесте.  Халықтың  тууының,  ӛлімінің  және  табиғи  ӛсімінің  жалпы 
коэффициенттері 
       Жылдар 
1000  адамға шаққанда, %
0
 
     туғандар 
    ӛлгендер 
     табиғи ӛсім 
2000-2005 
(орташа жылдық) 
             16,4 
10,2 
6,2 
2005 
18,4 
10,4 
8,0 
2006 
19,7 
10,3 
9,4 
2007 
20,8 
10,2 
10,6 
2008 
22,7 
9,7 
13,0 
2009 
22,5 
9,0 
13,5 
2005-2009 
(орташа жылдық) 
20,8 
9,9 
10,9 
Кесте  кӛрсеткіштеріне  талдау  жасайтын  болсақ,  онда  туу  коэффициентінің  ең 
тӛменгі  шегіне  жеткені  2000-2005  жылдар  болды  (орташа  жылдық  16,4  %
0
),  ал  ӛлім 
коэффициентінің ең жоғары шегі 2005  жыл (10,4%
0
). Осы кӛрсеткіштерді алдыңғы бес 
жылмен салыстыратын болсақ, онда оның азда болса да ӛскендігін кӛреміз.Себебі,1995-
2000  жылдары  орташа  туу  коэффициенті-14,3%
0
,  ӛлу  -10,3%
0
  болды.      Осының 
салдарынан табиғи ӛсім тӛмендеді,яғни бар болғаны 4,0%
0
.  Бірақ, 2005 жылдан бастап 
туу коэффициенті жылдан-жылға біртіндеп ӛсе бастады, ал ӛлім коэффициенті азаюда. 
Осыған орай, халықтың табиғи ӛсімі де біртіндеп ӛсуде. Әрине бұл қуанарлық жағдай, 
бірақ  60-80  жылдармен  салыстырғанда  ӛте  тӛменгі  кӛрсеткіш  болып  табылады. 
Мысалы,  60-жылдары  республика  бойынша  орташа  туу  коэффициенті  29  %

,ал  ӛлу
   
коэффициенті  6,2%
0
  болды.Соның  салдарынан  табиғи  ӛсімде  жоғары  болды.  Демек, 
бұл  үш  кӛрсеткіш  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және  туғандардан  ӛлгендердің 
кӛрсеткіші  неғұрлым  тӛмен  болатын  болса,  онда  халықтың  табиғи  ӛсім  дәрежесі  де 
соғұрлым үлкен болады.  
 Жалпы  туу  коэффициентін  есептеу  кезінде  барлық  халықтың  орташа  жылдық 
саны  алынады  және  ол  туу  деңгейін  жуық  шамамен  сипаттайды.  Себебі,  халықтың 
орташа  жылдық  санының  құрамына  бала  кӛтермейтіндер,  яғни  еркектер  мен  жас 
балалар  және  егде  жастағылар  есепке  алынады.  Сондықтан  демографиялық 
статистикада  туу  коэффициентін  дұрыс  есептеу  үшін  шартты  түрде  15-49  жас 
аралығындағы  бала  тууға  қабілетті  жастағы  әйелдердің  орташа  жылдық  санын 
қолданады  және  бес  жас  аралықты  топтық  кӛрсеткіштерін  есептеу    арқылы  оның 
арнайы туу коэфициентін анықтайды. 
Туудың  жасына  қарай  коэффициенттерін  қолдану  арқылы  бірнеше 
кӛрсеткіштерді  есептеуге  болады,  яғни  арнайы  жиынтық,  брутто  және  нетто 
коэффициенттерін. Оны тӛменде берілген 2- кесте кӛрсеткіштерінен кӛруге болады: 
                                2- кесте. Туудың жас коэффициенттері 
Аналардың 
жас топтары 
                1000 әйелге шаққандағы  туғандар саны 
   2005 
2006 
  2007 
2008 
2009 
15-49 жастағылар 
 
64,7 
 
64,1 
     
     73,2 
 
80,7 
 
80,4 
15-19 
26,7 
26,0 
29,3 
31,3 
31,0 
20-24 
139,4 
140,2 
146,5 
158,2 
156,1 
25-29 
132,8 
133,2 
147,6 
160,5 
157,0 
30-34 
87,1 
87,2 
101,8 
112,0 
110,0 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
157 
35-39 
45,9 
46,1 
55,9 
60,7 
60,5 
40-44 
10,2 
10,6 
12,8 
14,9 
15,2 
45-49 
0,5 
0,5 
0,6 
0,7 
0,7 
Жиынтық 
коэффициенті 
 
2,2 
 
 
2,4 
 
2,5 
 
2,7 
 
2,6 
Брутто 
коэффициенті 
 
1,074 
 
1,171 
 
1,220 
 
1,318 
 
1,269 
Нетто 
коэффициенті 
 
1,037 
 
1,141 
 
1,184 
 
1,283 
 
1,232 
      
Республика бойынша 2009 жылы бұл кӛрсеткіш орта есеппен бір анаға шаққанда 
2,6  баладан келді, соның ішінде қалада  -2,1,  ауылда  -2,9.  Демек, бала тууға қабілетті 
15-49 жас аралығындағы әрбір әйел орта есеппен ӛмірге үш баладан алып келген деген 
ұғым. 
Осы  есептеліген  туудың  жиынтық  коэффициентін  (2,6)  туғандар  арасындағы 
қыздардың  үлесіне  (48,8%)  кӛбейтетін  болсақ,  онда  қазіргі  кездегі  туу  деңгейі 
сақталғанда бала тууға қабілетті 15-49 жас аралығындағы әрбір әйелдің ғұмыр бойына 
туатын  қыз  балаларының  орташа  саны  шығады  немесе  оны  халықтың  ұдайы  ӛсіп-
ӛнуінің брутто-коэффициенті деп атайды 
 Халықтың  ұдайы  ӛсіп-ӛнуінің  нетто-коэффициенті  деп  жасына  қарай  туу  мен 
ӛлімнің осы кездегі деңгейінде анасының оларды туғандағы жасына дейін ӛмір сүрген 
бір әйелдің ғұмыр бойына туған қыз балаларының орташа санын айтады.  
Халық статистикасында ӛлімді зерттеу кезінде негізгі бір кӛрсеткішке жататыны 
нәрестелік  ӛлім,  яғни  тірі  туылғандардың  ішінде  бір  жасқа  дейінгі  шетінеген 
балалардың  деңгейін  анықтау  болып  табылады  және  соңғы  2005-2009  жылдар 
аралығында  1 жасқа дейінгі шетінеген балалардың нақты саны біршама ӛскен.Мысалы, 
2005  жылы  1  жасқа  дейінгі  шетінегендердің  саны  4213    бала  болса,  2009  жылы  бұл 
кӛрсеткіш  6516  балаға  дейін  жоғарлаған.  Осы  кӛрсетілген  кӛрсеткіштің  негізгі  ӛсуіне 
мына  себептер  үлкен  әсерін  тигізуде,яғни  перинталдық  кезеңде  пайда  болатын 
жағдайлар(61,1%),  туа  біткен  ауытқулар  (16,3%).  Бұл  дегеніміз  жасқа  толмаған  жас 
нәрестелердің  77,4%  осы  екі  ауырудың  салдарынан    қайтыс  болатындығы.Демек, 
кейінгі жылдары бала мен анаға берілетін дәрігерлік кӛмектің тым тӛмендегендігі деген 
ұғымды білдіреді.  Халықтың ӛлімін қарастырғанда ӛлу себептерінің негізгі жіктеліміне 
үлкен кӛңіл бӛлінеді және оны нақты, қатысты шама ретінде сипаттайды. 
Егер  2009  жылғы  ӛлгендерді  себептері  бойынша  жеке  қарастыратын  болсақ, 
онда  оның  үлкен  үлесі  қан  айналымы  жүйесінің  ауруларынан  -50,3%,  ал  содан  кейін 
жазатайым  жағдайдан,  уланудан  және  жарақаттан  -12,9%,  қатерлі  ісіктерден  -11,8%, 
басқалай ауру түрлерінен -25,0%. 
Халықтың ішінде ӛлім кӛрсеткіштерін зерттеу кезінде, олардың ӛлу себептерінің 
негізгі  жіктелімін  кӛрсетіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  жас  бойынша  ӛлу  кӛрсетішін 
жеке кӛрсетеді. Демек, жастық құрамы бойынша ӛлу коэффициентін анықтайды немесе 
оны статистикада ӛлім кестесі деп атайды. Осы ӛлім кестесі арқылы республика және 
облыстар бойынша барлық халық, соның ішінде қалалық және ауылдық, еркектер мен 
әйелдер үшін кӛрсеткіштер бӛлек есептеледі. Демек, бұл кестенің халық ӛліміне талдау 
жасауға  маңызы  ӛте  жоғары  болып  табылады  және  алдағы  уақытта  халықтың 
туғандағы ӛмірінің орташа күтілетін ұзақтығын анықтауға қолданылады. 
Халықтың  туғандағы  ӛмірінің  күтілетін  ұзақтығы  деп  туған  ұрпақтың  бүкіл 
ғұмырында  әрбір  жастағы  ӛлім  деңгейі  осы  кӛрсеткіш  есептелген  жылдардағыдай 
саналғанда  ӛмір  сүретін  орташа  жас  саны.  Соңғы  5  жыл  ішінде  республика  бойынша 
бұл кӛрсеткіш 2,7 жасқа ӛсті (2000-65,9, 2009- 68,6),яғни адам ӛмірінің ұзара түскенін 
кӛрсетеді. Егер жыныстық жағынан қарастыратын болсақ, онда әйелдердің орташа ӛмір 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
158 
сүру  ұзақтығы,  еркектерге  қарағанда  -9,9  жасқа  артық  (2009  жылы  еркектер-63,6,  ал 
әйелдер - 73,5 жас). Демек, еркектерге қарағанда әйелдер ұзақ ӛмір сүреді. 
Халықтың  табиғи  қозғалысына  некелесу  мен  ажырасу  кӛрсеткіштері  де 
жатқызылады. Бұл кӛрсеткіштер АХАЖ органдары жасаған азаматтық хал актілерінің 
екінші  данасындағы  жыл  сайынғы  статистикалық  деректерге  негізделген.    Некелесу 
кӛрсеткіші  2005  жылдан  бастап  2009  жылға  дейін  абсолюттік  мӛлшері  123,0  мың 
адамнан  140,8  мың  адамға,  яғни  114,5%  ӛскен,  ал  некелесу  коэффициенті  8,1%
0
  ден 
8,8%
0
 дейін кӛбейген.  
Жоғарыда  кӛрсетілген  некелесу    коэффициенті  барлық  халыққа  есептелуіне 
байланысты, ол шындықты сипаттай алмайды. Себебі оның құрамында он алты жасқа 
дейінгі балалар есепке алынған. Біздің республикамызда неке туралы заңға байланысты 
еркектер  мен  әйелдер  үшін  некелесу  жасы  18  жас  болып  белгіленген.  Ал  жергілікті 
ӛзін-ӛзі  басқару  органдары  некеге  тұратын  адамдардың  ӛтініші  бойынша  16  жасқа 
толмағандарға  некеге  тұруға  рұқсат  бере  алады.  Осыған  орай,  некелесудің  арнайы 
коэффициенті  бӛлек  есептеледі,  яғни  16  жастан  асқандардың  орташа  жылдық  саны 
арқылы.  
Ажырасу  немесе  некенің  бұзылу  коэфициентін  есептеу  үшін  жыл  ішінде 
ажырасқандардың,  яғни  некеде  тұрғандарын  бұзғандардың  санын  халықтың  орташа 
жылдық санына бӛледі.Осыған орай тӛменде республика бойынша соңғы жылдардағы 
некелесу мен ажырасу туралы кӛрсеткіштерді кесте арқылы келтіреміз: 
Миграция деп бір елді мекенді жерден екінші жерге қоныс аударып жылжуын 
айтады.  Қазіргі  кезде  оны  кӛші-қон  қозғалысы  деп  атайды  және  демографиялық 
процестерге әсерін тигізетін құбылыстардың бірі болып табылады. Кӛші-қон қозғалысы 
халықаралық және ішкі немесе ӛңіраралық қоныс аудару болып екі түрге бӛлінеді. 
  
3-кесте.  Қазақстан  халқының  некелесу  мен  ажырасу  кӛрсеткіштерінің 
динамикасы 
Жылдар 
Некеге 
тұрғандар 
мен 
ажырасқандар саны,мың адам 
1000 
адамға 
шаққандағы 
коэффициенттері, %

некелескендер 
ажырасқандар 
некелесу 
ажырасу 
2005 
123,0 
32,4 
8,1 
2,1 
2006 
137,2 
36,8 
9,0 
2,3 
2007 
146,4 
36,1 
9,5 
2,3 
2008 
135,6 
38,0 
8,6 
2,3 
2009 
140,8 
39,5 
8,8 
2,5 
 
Халықаралық  кӛші-қон қозғалысы дегеніміз республика шекарасынан ӛткен 
және  тұрақты  жерін  басқа  мемлекеттерге  немесе  республикаға  ауыстырған  адамдар 
жатады.  Оны  статистикада  эмигранттар  (басқа  елге  қоныс,  тұрақ  аударғандар)  мен 
иммигранттар  (тұрақты  немесе  ұзақ  уақыт  тұруға  келген  шетелдіктер),ал  екеуінің 
арасындағы  айырмашылықты  халықаралық  кӛші-қон  қалдығы  деп  атайды.  2004 
жылдан бастап бұл кӛрсеткіш бірінші рет оң қалдық болып келеді. 
Ішкі  немесе  ӛңіраралық  кӛші-қон  қозғалысы  деп  республика  ішінде  қоныс 
аударуды  айтады.  Мұнда  «ауылдан  қалаға»,  «қаладан  қалаға»,  «қаладан  ауылға», 
«ауылдан  ауылға»  қоныс  аударғандар,  яғни  тұрақты  тұрғылықты  жерлерін 
ӛзгерткендер жатады. Осыған орай облысаралық және облысішілік, ауданаралық және 
ауданішілік  белгілері  бойынша  есепке  алынады.  Кӛші-қонның  бұл  түрі  республика 
халқының жалпы санының ӛзгеруіне ешқандай әсерін тигізбейді. Себебі, келгендер мен 
кеткендер  әрқашанда  бір-біріне  тең  болады,  ал  ӛзгеріс  тек  ішкі  ӛңірлерде 
кездеседі.Тӛменде  кӛші-қон  кӛрсеткіштерінің  абсолюттік  шамасын  4-кестеде 
келтіреміз: 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
159 
4-кесте.  Қазақстанның  2005-2009  жылдар  аралығындағы  кӛші-қоны,  мың 
адам 
Жылдар 
Республика бойынша кӛші-қон 
Соның ішінде халықаралық кӛші-қон 
келгендер 
кеткендер  кӛші-қон 
айырымы 
иммигран 
ттар 
эммигран
ттар 
кӛші-қон 
айырымы 
2005 
386,3 
383,5 
 2,8 
68,3 
65,5 
 2,8 
2006 
373,4 
350,8 
22,7 
74,8 
52,1 
22,7 
2007 
361,8 
328,7 
33,0 
66,7 
33,7 
33,0 
2008 
365,1 
354,2 
11,0 
53,4 
42,4 
11,0 
2009 
390,8 
389,7 
  1,1 
46,4 
45,3 
  1,1 
 
Кесте  кӛрсеткіштеріне  талдау  жасайтын  болсақ,  онда  2005  жылдан  бастап 
республика  кӛлемінде  кӛші-қон  айырымы  оң  белгіге  ауысты  және  ол  халықаралық 
кӛші-қон қалдығына тікелей байланысты. 
Кӛші-  қон  есебі  кейде  халық  санағы  және  арнайы  ішінара  зертеулер  кезінде 
жүргізіледі.Демек, сол елді мекенде тұру ұзақтығы туралы мәселе 1970,1979,1989,1999 
және  2009  жылдардағы    жүргізілген    халық  санақтарының  бағдарламаларына 
енгізілген. 1989,1999 және 2009 жылдарда  жүргізілген  халық санақтарында туған жері 
туралы, ал осы елді мекенде туылмаған тұлғалар үшін қайдан келгендері,яғни қалалық 
немесе  ауылдық  елді  мекеннен  келгені  және  осында  қай  жылдан  бастап  тұрып 
жатқандығы туралы сұрақтар   кӛрсетілген.   
  
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Әміреұлы Ы.Ә., Киіков Е.М., «Әлеуметтік экономикалық статистика»  
оқу құралы «Экономика» 2002. 
2.
 
Қазақстанның статистикалық жылнамалығы Қазақстан 2010 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада,  жалпы    туу  коэффициентін  есептеуде  барлық  халықтың  орташа 
жылдық саны алынады және  туу деңгейін жуық шамамен сипаттау қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  учитывается  среднегодовая  численность  всего  населения  при 
исчислении коэффициента  общий  рождаемости  и  рассматривается  приблезительная  
величина 
 
 
 
ӘОК. 312.95 
Ә 58 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Әміреұлы Ы.-.э.ғ.к., доцент, Оспанбек Т.- оқытушы 
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
  «Демография»  деген  термин  гректің  екі  сӛзінен    құралады:  «демос»-  халық 
және  «графия»-  жазамын,  сипаттаймын  деген  ұғымды  білдіреді.  «Демография» 
терминін француз ғалымы А.Гийяр 1855 жылы «Адамдар статистикасының элементтері 
немесе  салыстырмалы  демография»  атты  еңбегінде  бірінші  рет  қолданған.  Ал  1882 
жылы  «Бірінші  халықаралық  гигиена  және  демография»  атты  Женева  Конгресінің 
сессиясында бұл термин  ғылыми түрде талқыланды және іс жүзінде ӛмірде қолданыла 
басталды. Сӛйтіп, демография нақтылы тарихи әлеуметтік жағдайда халықтың ӛсіп-ӛну 
заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым  болып  табылады  және  әр  мемлекет  бойынша  жеке 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
160 
зерттеледі.  Себебі,  әр  мемлекеттің  ең  басты  байлығы  –  оның  халқы  болып  саналады. 
Халық-  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  қозғаушы  күші,  бар  байлық  пен  игілікті 
жасаушы.  Сонымен  қатар,  жалғыз  материалдық  молшылық  ғана  емес,  рухани 
байлықтардың бар кӛзі, сол жасампаз да, еңбеккер халықта жататыны белгілі.  
Демографияның    алдына  қойған  негізгі  мақсаты  белгілі  бір  жердегі  және 
уақыттағы  халықтың  санын,  құрамын,  табиғи,  механикалық  және  әлеуметтік 
қозғалысын,  оның  ӛзгеруіне  әсерін  тигізетін  себептерді  анықтау,  халықтың 
орналасуын,кӛші-қонын,ӛмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын, ұлтын 
және  ұлттардың  аралас  қоныстануын,  білім  дәрежесін,  экономика  салаларындағы 
атқаратын  рӛлін,  қоғамдық  топтарға  бӛлінуін  және  т.б.  кӛрсеткіштердің  ӛзгеруін 
ғылыми  ұйымдастырылған  жүйеде  зерттейді.  Осы  аталған  кӛрсеткіштер  ағымдағы 
есепке  алу,  ішінара  бақылау  жүргізу  және  әрбір  он  жылда  бір  рет  жүйелі  түрде 
жүргізілетін  халық санағының деректері бойынша алынады.  
Халық  санағы  сол  елдің  аумағында  орналасқан  халықтың  демографиялық, 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  толықтай  сипат  ұйымдастыру  және  оны  сапалы 
түрде  жүргізу  ӛте  күрделі  және  үлкен  қаржы  жұмсауды  қажет  ететін  жұмыс  болып 
саналады.  Бұрынғы Кеңес ӛкіметі кезінде халық санағы  1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 
1989  жылдары  жүргізілді.  Осының  ішінде  кейінгі  30  жылда  (1959-1989)  жүргізілген 
санақты Бүкілодақтық халық санағы деп атады.  
ТМД  елдері  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  БҰҰ  ұсынысына  сәйкес  2000  жылы 
дүние  жүзі  халық  санағын  ӛткізу  туралы  ұсынысына  байланысты  және  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  1996  жылғы  11  желтоқсандағы  №1519  қаулысына  сәйкес 
1999  жылдың  25-  ақпаны  мен  4-наурызы  аралығында  алғашқы  Ұлттық  халық  санағы 
ӛткізілді.  Санақ  бағдарламасына  алдыңғы  ӛткізілген  санақтар  материалдарының 
салыстырмалылығын  қарастыра  отырып  23  сұрақ  енгізілді,  оның  18  сұрағы 
демографиялық-әлеуметтік  сипатта,  ал  қалған  5  сұрағы  халықтың  тұрғын  үй 
жағдайлары туралы. Бұл жүргізілген алғашқы Ұлттық халық санағының материалдары 
толықтай ӛңделді және мерзімді бапасӛз беттерінде, анықтамаларда және тақырыптық 
жинақтарда жарияланды. 
БҰҰ  шешіміне  байланысты  2005-2014  жылдар  аралығындағы  мерзімге 
жоспарланған  халық  және  тұрғын  үй  қоры  санақтарының  2010  жылғы  Бүкіл  дүние 
жүзілік бағдарламасына сәйкес және осыған орай Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 
2005  жылғы  №  19  хаттамасы  бойынша  2009  жылдың  25  ақпаны  мен    6  наурызы 
аралығында  екінші  Ұлттық  халық  санағын  ӛткізу  туралы  қаулы  қабылданды  және  ӛз 
кезеңінде  ӛткізілді.  Бұл  санақтың  бағдарламасына  халықтың  ақпараттандырылу 
деңгейі,  компьютерлік  бағдарламарды,  электрондық  почта  және  интернетті,  тілдерді 
меңгеру дәрежелері туралы қосымша сұрақтар қосылды. Халықтың табысы мен кәсібі, 
кӛші-қон  белсенділігі  туралы  сұрақтар  кеңейтілді.  Респонденттердің  жүру,  есту, 
кӛру,сӛйлеу  барысында  кӛретін  қиындықтары  туралы  сұрақтар  қосылды.    Санақ 
жүргізу  барысында  халық  нақты  және  тұрақты  тұратындар  болып  екіге  бӛлінеді.  
Нақты  халыққа    -  санақ  кезінде  сол  елді  мекенде  немесе  аумақта  тізімге  (есепке) 
алынған  барлық  адамдар  жатқызылады.  Тҧрақты(тҧрғылықты)  халыққа  -  сол  елді 
мекенде  немесе  аумақта  тұрақты  тұрып  жатқандар  мен  түрлі  себептерге  байланысты 
тұрғылықты  мекен-  жайында    санақ  кезінде  жоқ  болған  адамдар  жатады.  Нақты 
халықтың    саны  әрқашанда  тұрақты  тұратындар  санынан  артық  болады  және  бұл 
кӛрсеткіштерді есептеу әрбір елді мекендер бойынша жеке анықталады. 
Халықтың  саны  әрқашанда  уақыт  ӛткен  сайын  ӛзгерісте  болып  отырады,  яғни 
туғандар  мен  ӛлгендер  және  кӛші-қон  фактілері  арасындағы  кӛрсеткіштер 
қосындысына  байланысты.  Мұны  кейде  халықтың  табиғи  және  миграциялық 
қозғалысы  депте  атайды.  Осыған  орай  тӛменде  соңғы  бес  (2005-2009)  жылдар 
аралығындағы  халық санының ӛзгеру компоненттерін кестеде  келтіреміз: 
                    

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
161 
Халық санының ӛзгеру компоненттері, мың адам 
 
Жылд
ар 
Жыл 
басын- 
дағы 
халық 
саны 
Туған 
дар 
Ӛлген 
дер 
Табиғ
и ӛсім 
Келге
н 
дер 
Кеткен 
дер 
Кӛші- 
қон 
айыры
мы 
Жалп
ы 
ӛсім 
Жы
л 
аяғы
н- 
дағы 
хал
ық 
сан
ы 
2005 
15074,

278,9 
157,1 
121,8 
373,4 
350,8 
22,6 
144,4 
1521
9,2 
2006 
15219,

301,8 
157,2 
144,6 
361,8 
328,7 
33,1 
177,7 
1539
6,9 
2007 
15396,

321,9 
158,3 
163,6 
365,1 
354,2 
10,9 
174,5 
1557
1,4 
2008 
15571,

356,6 
152,7 
203,9 
390,8 
389,7 
 1,1 
205,0 
1577
6,4 
2009 
15776,

357,5 
142,8 
214,7 
406,3 
398,7 
7,6 
222,3 
1599
8,7 
2005-
2009(
орта
ша 
жыл-
дық) 
 
15407,

 
323,3 
 
 
153,6 
 
169,7 
 
379,5 
 
364,4 
 
15,1 
 
184,8 
 
1559
2,5 
             
Берілген  кесте  кӛрсеткіштеріне  талдау  жасайтын  болсақ,    онда  тӛмендегідей 
қорытынды жасауға болатындығы: 
 а) 2005  -2009 жылдар аралығында Республика халқының орташа жылдық  саны 
15500  мың  адам  болды.  Егер  2009  жылғы  халықтың  жыл  аяғындағы  санын  2005 
жылмен салыстыратын болсақ, онда оның 779,5 мың адамға немесе 105,1%  ӛскендігі 
байқалады;  
ә)  жылдан-жылға  туғандар  мен  ӛлгендер  саны  арасындағы  айырмашылықтың 
біртіндеп ӛсуіне байланысты табиғи ӛсім де кӛбеюде,яғни 848,4 мың адамға ӛскендігі; 
б)  соңғы  жылдары  келгендер  мен  кеткендер  арасындағы  айырмашылық,  яғни 
кӛші-қон  (миграция)  қалдығы  аз  болсада  оң  нәтижеге  қалыптасты.Демек,осы  жылдар 
аралығында  елімізге  1897,4  мың  адам  келген  болса,  1822,1  мың  адам  кеткен.Соның 
салдарынан 75,3 мың адамға халықтың саны кӛші-қон арқылы ӛскен. 
Қазақстанда  ғасырлар  бойы  келе  жатқан  дәстүрлі  жағдай  ондағы  тұратын 
халықтың  қоныстану  тығыздығының  тӛмендігі,  яғни  бір  шаршы  километрге  5,9 
адамнан  келетіндігі.  Қазіргі  кезде  2724,9  мың  шаршы  км.  бар  аумақтан  табиғи 
байлықтар  мен  ӛндіргіш  күштердің  шоғырлану  дәрежесіне  байланысты  халықтың 
орналасуы  мен  оның  тығыздығы  да  әр  түрлі.  Мысалы,  тығыздығы  жағынан  бірінші, 
екінші  және  тағы  басқалай  орындарды,  халықтың  30,8%  құрайтын,  тұруға  қолайлы 
оңтүстік  табиғи-экономикалық  облыстардың  алатындығы.  Соның  ішінде  Оңтүстік 
Қазақстанда-19,0, Алматы-7,1,Жамбыл -6,9 адамнан, ал ең тӛменгі кӛрсеткіштер батыс 
және Қарағанды облыстарына (Маңғыстау-2,2, Ақтӛбе-2,3,Қызылорда -2,7, Қарағанда-
3,1,Атырау -3,9,Батыс Қазақстан -4,0 адамнан) келетіндігі. 
Қазақстан  дүние  жүзі  бойынша  жер  аумағы  жағынан  алдыңғы  ондыққа 
(тоғызыншы орын) кіретін мемлекет болып саналады,яғни мыналардан кейін: 1) Ресей-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
162 
17075,  2)  Канада-9976,  3)Қытай  -9597,  4)  АҚШ-9363,  5)  Бразилия-8512,  6)  Австралия-
7678, 7) Индия-3288, 8)Аргентина -2777, 9) Қазақстан-2725 мың  шаршы киллометр. Ал 
халқының  саны  мен  тығыздығына  байланысты  аз  мемлекеттер  қатарына  жатады. 
Демек,  әлем  бойынша  60  орынды  иемденеді.  Бірақ,  Қазақстанның  басқа 
мелекетттермен  салыстырғандағы  ерекшелігі  сол,  ондағы  тұратын  халықтың  кӛп 
ұлттылығы,яғни  мұнда  130-ға    жуық    ұлттар  мен    ұлыстар  орналасқан.  Соңғы  2009 
жылы  жүргізілген  санақтың  нәтижесі  бойынша(10230  мың  адам)  немесе  16010  млн. 
адамның 
63,9% 
-қазақтардың,23,7%-орыстардың,2,9%-ӛзбектердің,2,1%-
украиндардың,1,4%-ұйырлардың,  1,3%-  татарлардың,  1,1%-  немістердің  үлесіне 
тиетіндігі.  Демек,  Республикада  тұратын  ұлттардың  басым  бӛлігін  қазақтар  мен 
орыстар құрайды (87,6%),ал қалған 12,4% басқа ұлттар мен ұлыстардың үлесіне келеді. 
Егер  1897  жылғы  санақ  деректерімен  салыстыратын  болсақ,  онда  барлық 
халықтың(4333 мың) 82%-қазақтардың, ал (472 мыңы) немесе 11%-орыстардың үлесіне 
келген болса,1959 жылғы жүргізілген халық санағының деректері бойынша республика 
халқының (9295 мың) 2795 мыңы немесе 30,1% қазақтардың, 3974 мыңы немесе 42,8% 
орыстардың  үлесіне  келген.Қазақ  халқының  осы  жылдар  аралығында  ӛсудің  орнына 
кемуі  30-жылдардағы  қолдан  жасалынған  ашаршылық  зұлматпен,37-жылдардағы 
репрессияның салдарынан болған деп түсінуіміз тиіс. 
Халықтың  саны  қалалық  және  ауылдық  болып  бӛлінеді.  Қазіргі  кезде  86 
қалада,оның  ішінде  2  республикалық,  39  облыстық,  45  аудандық  маңыздағы  қалалар 
мен  174  қала  тектес  поселкелерде  8662,4  мың  адам  немесе  барлық  халықтың  54,1% 
қалалық  жерлерге,  ал  7347,2  мың  адам  немесе  45,9%  ауылдық  жерлерге  орналасқан. 
2005-2009  жылдар  аралығында  қала  халқы  бар  болғаны  0,6%  ӛскен  және  оның  ӛсуі 
табиғи  ӛсімімен  қатар  қалаға  ауылдық  жерлерден  қоныс  аудару  салдарынан  болған 
жағдайларға байланысты немесе оны урбанизация деп те атайды.  
Халықтың  жынысы  мен  жастық  құрамы  туралы  кӛрсеткіштер  халық 
құрылымының негізгі сипаттамасы болып саналады және оны есептеу әрбір күнтізбелік 
жыл басталғанда жалпы халық санын есептеу кезінде жүргізіледі. Халықтың жыныстық 
құрамын  жеке  қарастыратын  болсақ,  онда  2009  жыл  басындағы  деректер  бойынша 
15776,5 мың адамның  7590,6 мыңы немесе 48,1% еркектердің, ал 8185,9 мыңы немесе 
51,9%  әйелдердің  үлесіне  келеді.  Демек,  әйелдердің  саны  еркектерге  қарағанда  595,3 
мың адамға артық. Бұл айырмашылық қала тұрғындарының ішінде ӛте үлкен(581,7 мың 
адам), ал ауыл тұрғындарында  еркектердің саны әйелдерге қарағанда  бар болғаны 13,6 
мың  адамға  ғана  аз.  Осының  салдарынан  республика  халқы  ішінде  еркектер  мен 
әйелдер  арасындағы  арасалмақта    жастық  құрамы  ішінде  ӛзгеріске  ұшырауда.  Дүние 
жүзі  бойынша  жаңадан  туған  балалардың  ішінде  қыздарға  қарағанда  ұл  балалар 
санының кӛп болып келетіндігі барлығымызға мәлім. Мысалы, 100 қыз балаға 105-106 
ұл  баладан  ӛмірге  келеді.  Бірақ  түрлі  себептерге  байланысты  30  жастан  кейін 
еркектердің  артық  саны  біртіндеп  жойылып,  әйелдердің  саны  жағынан  басымдылығы 
кӛріне бастайды. 
Егер  Қазақстан  халқын  2009  жылғы  деректер  бойынша  жастық  құрылымына 
қарай  жеке  қарастыратын  болсақ,  онда  тӛмендегідей  үлестік  кӛрсеткіштерді 
кездестіреміз:  бала  жастағылар,яғни  4  жасқа  дейінгілер  -9,6%  (60жылдары  бұл 
кӛрсеткіш-  11,6%  болған),  5-14  жастағылар  (жеткіншектер-16,8  және  14,6%)  15-29 
жастағылар  (жастар  тобы  -27,6  және  27,5%),  30-57  жастағы  әйелдер,  30-62  жастағы 
еркектер(орта  жастағылар-  40,1  және  37,9%),  егде  жастағылар  (зейнеткерлер 
жасындағылар-7,7  және  10,4%).  Демек,  орта  жастағылардың  үлесі  ӛскен,  ал  егде,яғни 
зейнеткерлер  жасындағылардың  үлесі  кеміген.Оның  себебі  зейнеткерлікке  шығу 
жасының  жоғарлауы салдарынан болған жағдай деп түсінуіміз керек. 
Халықты  зерттеу  кезінде  негізгі  бір  құрылымына  жататыны  отбасының  саны, 
орташа  мӛлшері  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  республика  халқының  орташа  отбасы 
мүшелерінің  саны  4  адамнан  тұрады,соның  ішінде  қалада-  3,6,  ауылда  -4,6  адамнан. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
163 
Демек, қала мен ауыл отбасылар мүшелерінің арасында айтарлықтай алшақтықтың жоқ 
екендігін байқауға болатындығы.Себебі, отбасы халық санын ӛсірудің негізгі кӛзі,яғни 
қоғамымыздың  бастапқы  ұясы  болып  саналады.  Сондықтан  бұл  кӛрсеткіштердің  де 
атқаратын рӛлі ӛте жоғары бағаланады. 
Қорыта  келе,  Қазақстан  халқының  саны  біртіндеп  жылдан-  жылға  ӛсуде  және 
соңғы  жылдардағы  ӛсуі  тек  қана  табиғи  ӛсімнің  салдарынан  туындаған  жағдай  деп 
ұғынуымыз тиіс, соның ішінде қазақ ұлтының туу кӛрсеткішінің жоғары болуынан. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Әміреұлы  Ы.Ә.,  Киіков  Е.М.,  «Әлеуметтік  экономикалық  статистика»  оқу  құралы 
«Экономика» 2002. 
2. Қазақстанның статистикалық жылнамалығы Қазақстан 2010 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет