ТҮЙІНДЕМЕ
Демографияның алдына қойған негізгі мақсаты белгілі бір жердегі және
уақыттағы халықтың санын, құрамын, табиғи механикалық және әлеуметтік
қозғалысын, оның ӛзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтау, халықтың
орналасуын, кӛші-қонын,ӛмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын, ұлтын
және ұлттардың аралас қоныстануын, білім дәрежесін, экономика салаларындағы
атқаратын рӛлін, қоғамдық топтарға бӛлінуін және кӛрсеткіштердің ӛзгеруін ғылыми
ұйымдастырылған жүйеде зерттейді.
РЕЗЮМЕ
Главная цель демографии численность, состав, природно-механические и
социальные передвижение население в определенном месте, выявление причин
влияющих на его изменение, населенность народа, миграция, продолжительность
жизнь, переселение в город, населенность разных национальности, уровень
образование, определение роли в экономической сфере, исследование в научной
системе разделение на общественность и изменение показателей.
ӘОК. 325.1
Ә.58
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ МЕН ЖҦМЫС КҤШІН ЗЕРТТЕУ
Әміреұлы Ы.- э.ғ.к., доцент, Сихимбаева Б.-аға оқытушы
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Нарықтық экономика кезінде ұлттық байлықтың ұлғаюы мен халықтың тұрмыс
дәрежесінің жақсаруы негізінен екі себепке: еңбек ресурстарының сандық және
сапалық мӛлшері мен оларды тиімді пайдалану кӛрсеткіштеріне тығыз байланысты.
Еңбек ресурстары дегеніміз халықтың еңбекке жарамды бӛлігін айтады және
қандай қоғам болса да ӛндіргіш күштерінің негізін қалаушы бӛлігі болып саналады.
Демек, мемлекетіміздің экономикалық потенциалы халықтың саны мен оның еңбекке
жарамды жастағы бӛлігіне тікелей қатысты.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикамыз бойынша еңбекке жарамды
жастағылар қатарына,яғни еңбек ресурстарына 16-63 жасқа дейінгі еркектер мен 16-58
жасқа дейінгі әйелдер жатады. Ал қалған халық екі топқа бӛлінеді: еңбек жасына
дейінгілер (0-15 жастар аралығындағылар) және еңбек жасынан кейінгілер (еркектер 63
жастан, әйелдер 58 жастан және одан жоғарғылар,яғни зейнеткерлік жастағылар).
Бірінші топтағылар (0-15 жастағылар) әрқашанда еңбек ресурстарының ӛсуіне тікелей
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
164
әсерін тигізеді. Себебі, туу кӛрсеткішінің ӛсуіне байланысты біртіндеп халықтың
жалпы саны ӛседі. Осыған орай, еңбек ресурстары да кӛбейеді.
Еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуы негізінен халық санының ӛсуімен
қатар, оның жастық және жыныстық құрамының ӛзгеруімен анықталады. Демек,
республикамыз бойынша жылдан- жылға халықтың саны ӛскен сайын еңбек
ресурстарының мӛлшері де арта түсуде. Оны тӛменде берілген кесте кӛрсеткіштерінен
кӛруге болады:
1–кесте. Халықтың саны мен еңбек ресурстарының қҧрамы, мың адам
Жастық топтары
2005
2006
2007
2008
2009
Барлық халық, соның
ішінде:
15219,3
15396,9
15571,5
15776,8
16036,1
Еңбекке жарамды жастан
тӛменгілер
3982,1
3984,8
4011,6
4082,3
4172,8
Еңбекке
жарамды
жастағылар
9652,5
9824,3
9962,2
10084,2
10223,2
Еңбекке жарамды жастан
асқандар
1584,7
1587,8
1597,7
1610,3
1640,1
Кесте кӛрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, яғни 2009 жылды 2005 жылмен
салыстырсақ, онда халықтың жалпы саны 816,8 мың адамға немесе 105,4% артса, еңбек
ресурстарының мӛлшері 105,9% немесе 570,7 мың адамға ӛскен, ал басқа топтардағы
ӛсім азғана. Қазіргі кезде республика халқының 63,8% еңбек ресурстарын құрайды,
соның ішінде 64,8% еркектерден, 61,2% әйелдерден тұрады.
Еңбек ресурстарын зерттеу кезінде олардың жас аралық топтарға бӛлінуін және
оның үлесін жеке қарастырады. Осыған орай, республикада еңбек ресурстары
жастарына қарай үш топқа бӛлінеді:
1)16-29жастағылар– жастар тобы;
2)30-50 жастағылар– орта жастағылар;
3) 50 жастан жоғарғылар– егде жастағылар.
Орта жастағылар еңбек ресурстарының негізін қалаушылар болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек ресурстарының жастық құрамы бойынша бӛлінуі, олардың жас
жағынан үлесі арқылы жасарғандығын немесе қартайғандығын толықтай кӛрсетеді.
Еңбек ресурстары әрқашанда қозғалыста болып отырады, сондықтан оны
зерттеу үшін абсолюттік және қатысты шамаларды қолдана отырып, толықтыру мен
кему кӛрсеткіштерінің құрамын жеке қарастырады.
Еңбек ресурстарын табиғи толықтырғандар құрамын халықтың ішінде он алты
жасқа толған жас ӛспірімдер мен еңбекке тартылған зейнеткерлер жасындағылар
жатқызылады.
Еңбек ресурстарынан табиғи кеткендер құрамына зейнеткерлер жасына келіп
жұмыс істеулерін тоқтатқандар, еңбекке жарамды жастағылар ішінде еңбек ету кезінде
мүгедек болғандар, қайтыс болғандар, зейнеткерлер жасындағы жұмыс істейтіндердің
толық зейнеткерлікке шыққандары жатады.
Жалпы алғанда халықтың санын анықтайтын болсақ, онда еңбек ресурстарын да
анықтаған боламыз және олардың территория бойынша орналасуын, жастық-
жыныстық құрамын жеке қарастырамыз. Осыған орай еңбек ресурстарының тиімді
пайдалануы жұмыс күші ретінде кӛрсетіледі.
Жұмыс күшін тиімді пайдалану әлеуметтік- экономикалық кӛрсеткіштердің бірі
болып саналады. Себебі, қандай қоғам болса да ӛмір сүру үшін материалдық ӛндіріске
қажет және оны жүргізу екі себепке тығыз байланысты, яғни жұмыс күші мен ӛндіріске
жұмсалынатын қаржы мӛлшеріне. Осы екі себептің ішінде жұмыс күшінің атқаратын
рӛлі ӛте жоғары бағаланады.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
165
Жҧмыс кҥші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін, яғни қоғамдық ӛнімдерді
ӛндіруге және мемлекетіміздің ұлттық табысын дамытуға кӛмегін тигізетін еңбекші
халықты айтады. Ал іс жүзінде жұмыс күшіне қоғамдық ӛндірісте жұмыс істейтін
еңбек ресурстарының барлығы жатады. Демек, жұмыс күші жеке категория ретінде
еңбек ресурстарымен тығыз байланысты және оларды бір-бірінен бӛлек бӛліп қарауға
болмайтындығы. Бірақ, бұлардың арасында ӛздеріне тән ерекшеліктері де кездеседі.
Еңбек ресурстары мен оның жұмыс істейтін бӛлігінің жалпы мӛлшері жұмыс
күші санының сәттік кӛрсеткіштерімен сипатталады. Жұмыс күшінің саны мен еңбек
ресурстарын салыстыратын болсақ, онда олардың қандай бӛлігі еңбекпен
айналысатынын
және
аумақтық
экономика
салалары
бойынша
орналасу
заңдылықтарын қарастырады. Халықаралық стандартқа байланысты еңбек нарқын
бағалау кезінде халық тӛмендегідей санаттарға бӛлінеді: экономикалық белсенді және
экономикалық белсенді емес халыққа. Осының ішінде экономикалық белсенді
халықтың, яғни жұмыс күшінің атқаратын рӛлі ӛте жоғары бағаланады. Себебі,
экономикалық белсенді халықтың деңгейі арқылы еңбекке жарамды халықты
жұмыспен қамтамасыздандыру саясатын жүргізуге, кәсіби мамандарды тұтыну
мӛлшерін анықтауға, еркектер мен әйелдердің еңбекке араласу белсенділігінің
ұзақтығын есептеп шығаруға, еңбекке жарамды жасқа қосылатын жасӛспірімдер мен
зейнеткерлікке шығатын егде жастағылардың үлесін анықтау үшін қолданылады.
1982 жылға 13-ші Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысына сәйкес
экономикалық белсенді халыққа - еңбекке жарамды жастағы еңбек ресурстарының
ішінде тауарлар ӛндіру мен қызметтер кӛрсетуді қамтамасыз ететін жұмыс күші
жатады. Оның құрамына Халықаралық стандартқа байланысты 15 жас және одан
жоғары жастағылар жатқызылады,ал біздің Республикамызда еңбек шартын жасауға
16 жасқа толғандарға жол берілген. Кейде орта білім алған немесе жалпы білім беретін
оқу орнын тастап кеткен жағдайда 15 жасқа толғандарды ата-аналарының немесе
қамқоршының,қорғаншының келісімімен еңбек шартын жасаса алады.
Экономикалық белсенді халықтың ӛзі экономикамен шұғылданушылар (жұмыс
пен қамтылғандар) және жұмыссыздар болып екіге бӛлінеді.
Экономикамен шҧғылданушылар(жҧмыспен қамтылғандар) деп-еңбеке
жарамды жастағы жұмыс күшінің қандайда бір жұмыспен айналысатындарды, яғни
жалданып жұмыс істеушілер мен ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандарды айтады.
Жалданып жҧмыс істеушілер деп азаматтардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдары мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы
келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыратын, яғни жеке еңбек шартымен жұмыс
істейтін және оларға табыс немесе кіріс әкелетін жұмысты айтады.
Ӛзін-ӛзі жҧмыспен қамтығандар деп еңбекке, жұмыс орнымен кәсіпті
таңдауға қабілетін еркін пайдалану арқылы ӛздеріне кіріс әкелетін жұмыспен
қамтамасыз еткен еңбекке жарамды жастағы азаматтарды айтады.
Жҧмыссыздар деп еңбекке жарамды жастағы (15 жас және одан жоғары)
жұмыс күшінің ішінде қандайда бір себептерге байланысты қоғамдық ӛндіріспен
шұғылданбайтындарды, яғни жұмыс істемейтіндерді және халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) мына үш критериясына (жұмысы, табысы, кірісі жоқтары, жұмысқа
орналасу туралы ӛтінгені; белгілі кезең ішінде кез-келген жұмысқа тұруға дайын
екендігі) жататындарды айтады.
Статистикада жұмыссыздардың деңгейін анықтап ғана қоймай, сонымен бірге
олардың ішіндегі жастардың үлесін жеке қарастырады. Себебі қазіргі кезде жұмыссыз
жүрген жастарды жұмыспен қамту-бұл саяси проблемалардың бірі болып саналады
және оған 15-24 жас аралығындағы жастар жатқызылады. Осыған орай оларды зерттеу
кезінде бір-бірінен айырмашылығы бар 4 индикаторды пайдаланады және олардың
әрқайсысы әртүрлі аспектілерді қарастырады. Ол тӛмендегідей:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
166
1) жұмыссыз жастардың деңгейін анықтау үшін 15-24 жас аралығында жұмыссыз
жүрген жастар санын бӛлу керек экономикалық белсенді халықтың ішіндегі осы
жастағы жастардың санына;
2) жұмыссыз жастардың деңгейінің жұмыссыздар ішіндегі үлкен жастағылар
деңгейіне қатынасы;
3)жалпы жұмыссыз халықтың ішіндегі жұмыссыз жастардың үлесі;
4)жалпы жас халықтың ішіндегі жұмыссыз жастардың үлесі.
Экономикалық белсенді емес халық деп еңбекке жарамды жастағы жұмыс
күшін зерттеу кезінде қоғамдық жұмыстармен айналыспайтындар мен жұмыссыздар
санатына жатпайтындарды айтады және оның құрамына мыналар жатады:
оқушылар,оқу орындарының күндізгі бӛлімдерінде оқитын студенттер,зейнеткерлердің
барлық түрлері, мүгедектер,ӛзінің жеке меншігінен табыс табатындар,үй
шаруашылығымен
айналысатындар,түрлі
себептерге
байланысты
еңбекпен
шұғылданғысы келмейтіндер.
Қазақстан бойынша экономикалық белсенді емес халықтың саны ӛте үлкен және
жылдан-жылға кӛбеюде. Осыған орай оның үлесі де ӛсуде.
Тӛменде республика бойынша экономикалық белсенді және белсенді емес
халықтың соңғы бес жылдағы динамикасын 2-кестеде келтіреміз:
2- кесте. ҚР экономикалық белсенді және белсенді емес халқының динамикасы (15
жас және одан жоғары жастағылар)
Кӛрсеткіштер
2005
2006
2007
2008
2009
Экономикалық белсенді халық,
мың адам
7840,6
7901,7
8028,9
8228,3
8415,0
Экономикалық белсенді халықтың деңгейі,
%
69,9
69,4
69,7
70,4
71,1
Экономикамен шұғылданушылар, мың адам 7181,8 7261,0 7403,5 7631,1 7857,2
Экономикамен
шұғылданушылардың
деңгейі, %
91,6
91,9
92.2
92,7
93,4
Жалдамалы қызметкерлер,
мың адам
4469,9
4640,5
4776,6
4973,5
5199,4
Экономикамен
шұғылданушылардың
ішіндегі жалдамалы қызметкерлердің үлесі,
%
62,2
63,9
64,5
65,2
66,2
Ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандар,
мың адам
2711,9
2620,4
2626,9
2657,6
2638,8
Экономикамен
шұғылданушылардың
ішіндегі
ӛзін-ӛзі
жұмыспен
қамтығандардың үлесі, %
37,8
36,1
35,5
34,8
33,8
Жұмыссыздар, мың адам
658,8
640,7
625,4
597,2
557,8
Жұмыссыздардың үлесі, %
8,4
8,1
7,8
7,3
6,6
Экономикалық белсенді емес халық, мың
адам
3383,4
3476,9
3493,9
3463,2
3416,2
Экономикалық белсенді емес халықтың
үлесі, %
30,1
30,6
30,3
29,6
28,9
Кесте кӛрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда мына жағдайларды кӛруге
болатындығы: жылдан- жылға экономикалық белсенді халықтың саны ӛсуде және
жаңа
жұмыс
орындарының
ашылуына
байланысты
экономикамен
шұғылданушылардың деңгей жоғарлауда,ал жұмыссыздардың үлесі тӛмендеуде,яғни
2005 жылғы 8,4% -тен 2009 жылы 6,6% дейін. Бұл туралы еліміздің тұңғыш президенті
Н.Назарбаевтың 2011жылғы қаңтар айындағы халыққа жолдауында жұмыссыздықтың
деңгейін 5% дейін тӛмендетуді үкіметке тапсырма ретінде тапсырды.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
167
Жалпы алғанда республика бойынша еңбек ресурстары мен жұмыс күшін
зерттеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы, оның саны мен құрамын, орналасуы мен
ӛсіңкілігін қарастырып қана қоймай, сонымен бірге оны тиімді пайдалануды жақсарту
мүмкіндіктерін де қарастыратындығы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әміреұлы Ызғарбек, Кииков Е.М. Әлеуметтік экономикалық статистика /оқу
құралы/- Алматы, «Экономика», 2002-160 бет.
2. Қазақстанның статистикалық жылнамалығы- Қазақстан -2010.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада республика бойынша еңбек ресурстары мен жұмыс күшін зерттеудің
әлеуметтік-экономикалық маңызы, оның саны мен құрамын, орналасуы мен ӛсіңкілігін
қарастырып қана қоймай, сонымен бірге оны тиімді пайдалануды жақсарту
мүмкіндіктері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается социально-экономический значение исследования
рабочей силы и трудовых ресурсов по республике, их количество и состав,
формирование и рост, а также возможности улучшения эффективного использования.
333.474
Б 17
ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Байділдаева С.Б. - аға оқытушы, Альмуханова З.А. – аға оқытушы
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен
болып отыр. Атмосферадағы кӛмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат ӛзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады. Энергия
кӛзі ретінде кӛмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың
кӛбейіп, индустриялық революцияның ӛркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек
жүреді. Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның
кӛптеген бӛліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр кӛп жауып, жерді
топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп, аралдар мен жағалауларды мұхиттар
мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының ӛнімі нашарлап, халықтар
мекенін тастап, күн кӛрістің қамымен басқа жерлерге кӛшеді. Табиғатты қорғау
мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең
алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізінің ірі экологиялық апатқа
ұшырағанға дейінгі кӛлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған.
Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол
кездерде жылына 50-150 мың балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мӛлшерде бұлғын
терісі игерілген. 1966 жылдан бастап Арал ӛңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерiлетiн жер колемi бұрынғыдан Ӛзбекстан мен Тәжiкстан 1,5, Түрiкменстанда 2,4,
Казакстанда 1,7 есеге ӛстi. Ал Амудария мен Сырдария бойьндағы халықтың саны
1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының ӛсуіне орай суға деген
қажеттілік артты. Осыған орай 1960-1987 жылдар аалығында Аралға құйылатын су
мӛлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі ӛзен
бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта ӛсіру ісі қарқынды дамыды
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
168
(Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды.
Ӛзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-
1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде
Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін тӛмендеп, оның су айдыны 30-200 м-ге дейін
қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі ӛзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды
болмаған кӛрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды пайдалану 10-15 есеге ӛсті. Осындай
антропогендік факторлар Арал ӛңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған
теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы ӛте жоғары 2 млн. Тонна тұзды шаңдар
кӛтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашытлығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды ӛте кӛп қажет ететiн күрiш, мақта дақылдарын барынша кӛбейтiп жiберу;
- жердi игерудiң агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемдi пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жiберiлген қателiктер мен оны меңгерудiң
ғылыми тұрғыдан негiзделмеуi болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңiзi экожүйесiндегi тiршiлiк атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелдi. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан iстеген қателiгi
ретiнде дүниежүзiне белгiлi болды.
Арал ӛңiрiнде туындап отырған қазiргi экологиялық апаттар нышаны жыл ӛткен
сайын теңiз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып кетуге жақын.
Топырақтьң тұздануы ӛте жылдам жүруде. Арал теңiзiнде балық ӛсiру шаруашылығы
тоқтатылып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың
әлеуметтiк жағдайы тӛмендеп кеттi. Теңiз түбiнен кӛтерiлген улы тұздардың мӛлшерi
жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледi. Тiптен, тұзды шаңдар әсерi сонау Орта Азия
республикалары аумағына жетiп, ауыл шаруашылығына зардабын тигiзуде. Арал
ӛңiрiндегi климаттың ӛзгерiу шӛл белдеменiң табиғи ландшафттарын бiрте-бiрте
күрделi әрi қайтымсыз атропогендiк экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал ӛңiрiндегi антропогендiк факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүрлерiне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тiкелей әсер етуде. Жұмыссыз
қалған балықшылар әлеуметтiк жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға ерiксiз
қоныс аударуда.
Қазiргi Арал ӛңiрiнде адамдардың денсаулығы күрт тӛмендеп кеттi. Бұл ӛңірде
соңғы мәлiметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, ӛкпе-тыныс
жолдарының қабьнуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа ӛңiрiмен салыстырғанда
жоғары кӛрсеткiштi берiп отыр.
Арал теңiзiнiң болашағы дүниежүзi халықтарын толғандыруда. Оньң бiржола
жойылып кетуi Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес кӛптеген Шығыс елдерiнiң
тыныс-тiршiлiгiне
ӛзгерiстер
әкелмек.
Ал
ауытқушылықтар
антропогендiк
экожүйелердiң тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесi соңғы 10 шақты жылда
географ және эколог ғалымдар арасында жиi-жиi пiкiр таластар туғызады. Арал
мәселесi туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Ӛркениеттi елдер
қаржылай кӛмек кӛрсетуде. Олар негiзiнен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ,
Жапония, т.б. мемлекеттер. Арал теңiзiн құтқару жӛнiнде бiрнеше ғылыми болжамдар
мен жобалар бар. Олар:
1 Сiбiр ӛзендерiн Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария ӛзендерiнiң суын реттеу арқылы суды молайту.
З. Арал теңiзiн жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңiзiнiң суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
б. Арал теңiзiнiң ӛздiгiнен табиғи реттелуiн немесе толысуын күту.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
169
Әрине, бұл жобалар болашақтың iсi болғанымен, уақыт талабы оны
күттiрмейдi. Бәрi де қаражатқа тiрелуi мүмкiн. Ал оның iске асуы адамзат қауымының
бiлiмi мен бiлiктiлiгiне байланысты екенi анық.
Қазiргi кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негiзде
жұмыстар жасалуда. ―Арал тағдыры - адам тағдыры‖ болғандықтан оны сақтап қалу аға
ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш кӛлi - Қазакстандағы ең iрi экожүйелердiң бiрi. Кӛл Балқаш - Алакӛл
ойысында орналасқан. Кӛлемi - 5О1 мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км
аралығында. Ал ең терең жерi - 26 м. Бұл кӛлдiң 1970 жылдардагы сипаты болса, қазiр
мүлдем басқаша. Жетiсу ӛзендерiнiң iшiнде Iле, Қаратал, Ақсу және Лепсi езендерi
Балқашқа құяды.
Балқаш кӛлi шӛлейт және шӛл табиғат белдеурiнде орналасқандықтан оның
климаты шұғыл континенттi болып келедi. Су айдынының булануы ӛте жоғары.
Осыған байланысты судың деңгейi тез ӛзгерiп отырады.
Ұзақ жылдар тiршiлiгi тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы ӛзгере
бастады. Балқаш кӛлiнiң экологиялық жағдайының нашарлауына себеп Қаратал, Лепсi,
Ақсу ӛзендерiнiң мол суының Балқаш кӛлiне жетпей суармалы егiстерге жұмсалуы.
Оньң үстiне бұрынғы кездерде Аягӛз, Биен, Сарханд және Басқан ӛзендерi Балқашқа
құйып, оның табиғи су деңгейiн сақтап отырған.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш кӛлінің жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле ӛзені бойына салынған
Қапшағай су қоймасы да әсер етті. 1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле ӛзенінің
суын бӛгейтін Қапшағай бӛгеті салынды. Оған қосымша Іле ӛзенін қоректендіріп
отырған Шелек ӛзені Бартоғай бӛгетімен бӛгеліп, онда кӛлемі 300 мың м3 су
жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына
байланысты Шелек ӛзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990
жылдар аралығында Балқашқа құятын судың кӛлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы
мен соңғы сағасында Шарын күріш, Шеңгелді кӛкӛніс, Ақдала күріш алқаптары пайды
болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан
тепетеңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылу зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі ӛзгерістер
(әсіресе Қапшағайдың тӛменгі бӛлігі) ӛте сирек кездесетін Іле тоғайын, ӛзен
жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның
жойылуына себеп болды. Кӛлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі кӛтерілді. Ауа
райы ӛзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш кӛлі соңғы жылдары 2 метрге жуық тӛмендеп отыр. Сонымен кӛл жағалаулары
батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шӛлдерге айналуда.
Іле - Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау
соңғы жылдары 5 есе тӛмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар
балықтардың Іле бойындағы егіс, кӛкӛніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер,
тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім кӛлдер, аралдар, аңдар
мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын
терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және кӛл
жағасында тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген
аққу, бірқазан, кӛкқұтан, т.б. құстар қазір ӛте сирек кездеседі.
Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай ӛлке. Бұл
ӛңірде Шарын тау ӛзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар
мен тас мүсіндер және кӛне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы,
Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
170
бұл аймақта 3 млм-нан астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықоған,
Жаркент.
Бұл ӛңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш кӛлі бойындағы
Балқашмыс комбинаты, Приожер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері,
Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта
тұратын тұрғындарға ӛз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш кӛлін құтқару,
оның бугінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум ӛтті.
Онда Балқаш кӛлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның
негізгілері:
1. Іле ӛзені бойындағы ӛндіріс орындарында суды үнемді пайдалануды реттеу;
2. Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру;
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту;
4. Суармалы жерлердің кӛлемін шектеу.
Балқаш кӛлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су
экожүйелерінен айрылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған
экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені
кӛздің қарашығындай сақтау қорғау адамзат баласының парызы.
Каспий теңізі - жер шарындағы бірдін-бір тұйық су айдыны. Оның кӛлемі - 380 мың.
Км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқы дейін
196-435 км аралықты қамтиды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, кӛбіне
қайраңдардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан.
Каспий қайраңы ӛте ерекше табиғат туындысы, әрі ӛсімдіктер мен жануарлардың
қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген ӛсімдіктер мен жанурлар кӛптеп
кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы
эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі - бекіре тұқымдас балықтар. Олардың
5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежізілік қорының 70%-ы осы теңіздің
үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты ӛзінің табиғат
ерекшеліктерімен, фаунасы мен флорасының кӛптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда
ӛсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың
100-ден астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі.
Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3 -3,5 млн
құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы кӛздерін тӛмендегідей топқа бӛлеміз:
1. Физикалық ластану - радиактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар
және тербелістер;
2. Химиялық ластану - кӛміртегі ӛнімдері, күкірт, кӛмірсулар, шайынды сулар,
пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар;
3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,
қарапайымдылар, шектен тыс кӛбейіп зиян келтіретін жәндіктер;
4. Эстетиалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафттарының бүлінуі, орман-
тоғайлардың жоғалуы, т.б.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-
де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жӛніндегі конференциясы климаттың
ӛзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999
жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның ӛкілетті ӛкілі
Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап
(оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффектті» тудыратын
газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
171
ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997
жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды.
«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың ӛзгеруі жалпы әлемдік
кӛлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша
ықтимал қатер тӛндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың ӛзгеруі жӛніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын
бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған
газдардың шығарылғандығын қысқарту жӛніндегі сандық міндеттемелерді ӛзіне
жүктей отырып, I қосымшаның Тараны болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін
2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жӛніндегі сандық
міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізуі
қажет.
Толассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел
үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді
орналастыру мүмкіндігімен инвестор роліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына
және « таза даму» процестеріне қатысу, ӛндірістік энерготиімділігін арттыру үшін
кӛміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығындыларына квоталар
жӛніндегі перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекіткеннен кеін нақты жобалар мен іс-шараларды іске
асыруды кӛздейтін Қазақстан Республткасында қызған газдардың шығарындыларын
азайту жӛніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, экологиязациялау мақсатына сай
келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің
күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тағы бір шара -
табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сыйымды мӛлшерде ӛзіне-ӛзі шек қою.
Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие
берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар - экологиялық ғылыми сананы
қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық
құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз
табиғатты аялай білейік!
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бейсенова А.С. Задачи экогологического образования и воспитание в
Казахстане. –Алматы: АГУ им.Абая, 1991
2.
Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы.
3.
Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері. –Алматы,1999
4.
Шілдебаев Ж.Б.Қызықты экология. –Алматы, 2000ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер
қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматриваются экологические проблемы Республики
Казахстан.
УДК 796.50
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
172
Б-67
Достарыңызбен бөлісу: |