Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


МЕДИАБІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

МЕДИАБІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ 
МЕДИАМӘТІННІҢ ҚҦРЫЛУ ҚАБЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ 
 
Игисинова А.С.- аға оқытушы, (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан Республикасының ―Білім туралы‖ Заңында ―Білім беру жүйесінің басты 
міндеттерінің  бірі:  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  күш  қуат 
мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  ӛмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-ӛрісін байыту‖, - деп 
атап кӛрсетілген. Осы міндетке сәйкес оқушының ой-ӛрісін дамытып, алған білімдерін 
ӛз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігі мен шығармашылық іс-әрекетке 
түсе алатын тұлға қалыптастыру екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. 
Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  білім  беру  тұжырымдамасында:  ―Білім 
берудің  гуманитарлық  сипаты,  онда  адам  тек  зерттеу  объектісі  ретінде  ғана  емес,  ең 
алдымен,  шығармашылыққа  құлшынысымен  оқушылардың  баурап  жететін  субъектісі 
ретінде кӛрінуімен бедерленеді‖, - делінген. Білім беруде оқушы мұғалімнің объектісі 
ғана  емес,  білімді  меңгеруде  жеке  субъект  ретінде  кӛрінеді.  Оқушыларының 
шығармашылығын  қалыптастыру  үшін  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі, 
шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі 
маңызды болмақ. 
«Медиабілім беру» медианың барлық түрімен (баспалық, графикалық, дыбыстық, 
экрандық  т.б.)  және  түрлі  технологиялармен  байланысты.  Ол  адамдарға  ӛздерінің 
әлеуметтік ойлауында бұқаралық қарым-қатынаста пайдалана білуге, басқа адамдармен 
қарым-қатынасқа  түскенде  медианы  пайдалана  білу  қабілетін  иемденуге  мүмкіндік 
береді; адамдарды мынандай білімдермен қамтамасыз етеді: 
1)
 
медиамәтіндерді құра білу, сыни тұрғыда ұғыну және талдай білу; 
2)
 
медиамәтіндердің 
кӛздерін, 
олардың 
саяси, 
әлеуметтік, 
мәдени 
қызығушылықтарын анықтау; 
3)
 
медианы таратушы медиамәтіндер мен құндылықтарды түсіндіру, талдау; 
4)
 
ӛзіңнің  жеке  медиамәтініңді  таратушы,  құрушы  және  оларға  қызығушылық 
танытқан аудиторияларды иемдену үшін сәйкес медианы таңдау; 
5)
 
қабылдау үшін де, ӛнім үшін де медиаға еркін кіруге мүмкіндік алу; 
Медиабілім  беру  еркін  ӛмір  сүретін,  ақпаратқа  құқылы,  демократияның  қолдауы 
құралы болып табылатын әлем елдеріндегі кез келген азаматтың негізгі құқығының бір 
бӛлігі  болып  табылады.  Медиабілім  беру  барлық  мемлекеттің  ұлттық  жоспарының 
кіріспесіне, қосымша «ӛмірлік» білім беру жүйесіне ұсынылады.  
Сонымен медиабілім беруді келесі негізгі бағыттарға бӛлуге болады: 
1)
 
медиабілім беру болашақ кәсіпкерлерге – журналисттерде (баспасӛз, радио, 
теледидар, ғаламтор), кинематографистере, редакторларда, продюсерлерде және т.б.; 
2)
 
медиабілім  беру  болашақ  университет  оқытушыларында,  педагогикалық 
институттарда,    ЖОО-ғы  оқытушылардың  дәрежесін  жоғарлату  үрдісінде  және 
медиамәдениет курсы бойынша мектептерде; 
3)
 
медиабілім  беру  қарапайым  мектептерде,  арнайы  оқу  орындарында,  ЖОО-да 
оқитын  оқушылар  мен  студенттерге  жалпы  білім  берудің  негізгі  бӛлігі  болып 
табылады; 
4)
 
медиабілім  беру  қосымша  білім  беру  мекемелерінде,  уақыт  ӛткізу 
орталықтарында  (мәдениет  үйлерінде,  мектептен  тыс  орталықтарда,  этетикалық  және 
кӛркем тәрбиеде т.б.); 
5)
 
оқушыларға,  студенттерге  теледидар,  радио,  ғаламтор  жүйелерінің  кӛмегі 
арқылы қашықтықтан медиабілім беру; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
140 
6)
 
ӛзбетімен/үздіксіз  медиабілім  беру  (адам  ӛміріндегі  барлық  нәрсенің 
теориялық  тұрғыда  орындалуы).  Сонымен  қатар  осы  бағыттардың  барлығында  медиа 
маңызды рӛл атқарады. 
Медиабілім  беру  тек  педагогика  мен  кӛркем  ӛнермен  ғана  байланысып  қоймай, 
ӛнертану,  мәдениеттану,  тарих,  құқық,  экономика,  психология,  сияқты  ғылым 
салаларымен 
де 
байланысады. 
Тұлға 
дамуындағы 
қазіргі 
педагогиканың 
қажеттіліктеріне  жауап  бере  отырып,  медиабілім  беру  оқушыларға  сабақ  жүргізуде 
әдістер  мен  формалардың  спектрін  кеңейтеді.  Баспасӛзді,  кинематографияны, 
теледидарды, видеоны, ғаламторды, компьютерді кешенді зерттеу түзетуге кӛмектеседі, 
мысалы, мынандай маңызды дәстүрлі кӛркемдік білім берудің бір жақты, әдебиеттерді 
оқуда  бір-бірінен  алыстатылған  әндер  немесе  шығармашылық,  нақты  шығарманы 
талдау  мазмұнындары  сияқты  маңызды  кемшіліктер.  Медиабілім  беру  оқытудың 
мәселелік,  эвристикалық,  ойындық  формаларының  ӛнімдеріне,  оқушылардың 
индивидуалдық  дамуына,  оның  ӛзінше  ойлауына,  шығармашылық  іс-әрекетке 
қызықтыру  арқылы  оның  шығармашылық  қаблетін  ынталандыруға,  медиамәдениет 
жайлы  білімді  меңгеруге,  медиамәтіннің  құрылымын  талдау  мен  түсіндіруге 
негізделген сабақтардың жүгізілу әдістерін қарастыру. Сонымен бірге медиабілім беру 
дәрістік  және  тәжірибелік  сабақтарға  негізделе  отырып,  оқушылардың  медиамәдени 
шығармашылықты  құру  үрдісінен  тұрады,  яғни,  аудиторияның  автономдық  нұсқау 
сияқты, дәстүрлі оқу пәндерінің интеграциялық үрдісіндегі сияқты медиамамандықтың 
негізгі  ішкі  тәжірибесін  арттырады.  «Мәдени  диалогты»  қолдау  үшін  құрылған  түрлі 
әлемдер  мен  ұлттардың  беделді  халықаралық  ұйымы  ЮНЕСКО  медиабілім  берудің 
басты мақсатын жүзеге асыруда белсенді әрекеттесуге тырысады: 
-
 
дамыған елдердің медиабілім берудегі әдістемесі мен әдістерін салыстырмалы 
талдау; 
-
 
медиабілім беру акцияларындағы тиімді бағалардың механизмдерін талдау; 
-
 
медиабілім беру аймағында ұзақ зерттеулерді жүргізу; 
-
 
оқытушылардың,  студенттердің,  саясаттан  тыс  ұйым  мүшелері  мен 
ассоциацияның  және  басқа  қызығушылық  танытқан  тұлғалардың  медиасаусттылығын 
ашу; 
-
 
оқу  жоспарына  сәйкес  ӛңдеулерде,  түрлі  елдерде  медиабілім  беруді  арнайы 
ресмилеу; 
-
 
медиабілім беру принциптеріне басшылық ететін қысқаша жинақты шығару; 
-
 
әртүрлі медиаагенствалармен, қайырымдылық қорларымен, оқу орындарымен, 
саяси  емес  ұйымдармен,  білім  беру  мен  тәрбиеге  қатысты  басқада  жеке  немесе 
қоғамдық ұйымдармен қызмет жасау; 
-
 
тәжірибешілер,  оқытушылар  мен  нұсқаушылар  үшін  ғаламторлық  медиабілім 
беру сайттарына түсіну мен талдау; 
-
 
оқу  орындарымен  байланысты  жергілікті  ұйымдар  мен  ұлттық  және 
халықаралық медиабілім беру форумдары; 
-
 
мамандандырылған медиабілім берудің фильмдері мен фестивальдер желісінің 
құрылуы; 
-
 
балалар  және  жастар  аудиториясына  негізделген  қоғамдық  медианы 
қолдайтын мақалалар; 
-
 
жастардың  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  енуі  мен  сапасына  кепілдік  беру 
үшін медиаагенствалардың әртүрлі іс-әрекеттерін бақылау. 
Біздің  ойымызша  ЮНЕСКО-ның  бұл  нұсқаулары  медиабілім  беру  үрдісі  әлі  де 
дамып  жатқан  бүгінгі  күнідегі  ӛзекті  мәселе.  21  ғасырдың  басында  біздің  елде  медиа 
саласында  мамандарды  дайындаушы  жоғарғы  және  орта  оқу  орындарының  шеңбері 
кеңіді. Ресейде жоғарғы сценаристер мен режисерлар курсынан, жалпы ресейлік қайта 
даярлау  институттарынан  басқа  Санкт-петербург  мемлекеттік  университетінің  кино 
және  теледидар,  Сергиевом  Посаде  мен  Санкт-Петербургта  киновидеоколледждер, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
141 
кинотехникумдар  нәтижелі  жұмыс  атқаруда.  Кинотехник  мамандығын  Воронеж 
индустриалды-педагогикалық  колледжінде,  Марий  радиомеханикалық  техникумында, 
Новосибирск  колледжінің  телекоммуникация  және  информатикасында,  Волжск 
политехникумында  алуға  болады.  21  ғасырдың  басында  алғаш  рет  медиабілім  беру 
мәселесіне  қатысты  жалпылама  жұмыстар  пайда  болды  (Е.А.  Бондаренко,  Л.С. 
Зазнобина, А.В. Спичкин, Ю.Н. Усов, А.В. Федоров, И.В. Челышева, Н.Ф. Хилько, А.В. 
Шариков). Медиабілім берудің жеке бағыттарына арналған қорғалған диссертациялық 
зерттеулер (В.В. Гура, Г.М. Евтушенко, Л.А. Иванова, Н.А. Леготина, М.Н. Фоминова, 
Л.К.  Шиян,  А.Я.  Школьник,  Е.В.  Якушина  және  т.б.).  2000  жылы  Ресейде  (А.А. 
Новикова)  американдық,  шетелдік  медиабілім  беру  тәжірибесі  қаралған  тұңғыш 
диссертация қорғалды. Медиабілім берудің ресейлік ӛкілдері медиабілім беру бойынша 
түрлі  халықаралық  қатысты  (Франция,  Канада,  Австрия,  Ұлыбритания,  Германия, 
Норвегия,  Испания,  Бразилия,  Греция,  Швейцария,  АҚШ  және  т.б.),  қазіргі  әлемдегі 
медиабілім  беру  мен  медиа  мәселесіне  қатысты  ӛз  жұмыстарын  француз,  американ, 
британ,  неміс,  бельгиялық,  канадалық,  австралиялық,  норвегиялық  журналдарда 
жариялады.  
Техникалық  құралдарды  оқыту  және  медиабілім  беру  лабораторияларының  күші 
арқылы  профессор  Л.С.Зазнобинаның  жетекшілігімен  1998  жылы  базалыққа 
негізделген, мектепте медиабілім берудің концепциясы жасап шығарылды. Медиабілім 
беру  концепциясы,  ЖОО-ғы  жаңа  «Медиабілім  беру»  мамандығы  бойынша  оқу 
жоспары мен бағдарламалар пакеті XXI ғасырдың басында жасалған. Дегенмен, ЖОО-
ғы  педагогикалық  оқу  үрдісін  түсіну  мен  арнайы  тіркеуге  қарамастан  «Медиабілім 
беру» мамандығындағы, кино/медиапедагогтарды даярлау жайлы сұрақтар бүгінгі күнгі 
Ресейде ашық болып отыр. Сонымен қатар педагогикалық ЖОО, университеттер үшін 
медиабілім беру бойынша жаңа мамандыққа деген қажеттілік бұрыннан пісіп жетілген. 
Осы  мамандықтар  бойынша  түлектер  Ресейдің  түрлі  университеттері  мен 
институттарында,  ең  алдымен  педагогикалығында,  медиабілім  беру  бойынша  әртүрлі 
арнайы курстар жүргізе алады.  
Сонымен  ЮНЕСКО-ның  анықтауы  бойынша  медиабілім  беру  21  ғасырдағы 
мәдени-педагогикалық  даму  саласындағы  басымдық  сияқты  медиапедагогиканың 
бүгінгі күнгі перспективасы жоғары.  
Медиабілім  беру  (ағылш.  media  education)  –  бұқаралық  қарым-қатынас  құралын 
баспасӛзді,  теледидарды,  радионы,  кинематографты,  ғаламторды  осы  саладағы 
жұмысшыларды кәсіби тұрғыдағы дайындығын, кез келген адамға қажетті ақпараттық 
технологияларды,  медиасауаттылықты  қалыптастыратын  –  қабылдау,  талдау, 
медиамәтіннің  құрылу  қаблеттерінің  дамуын  зерттейді.  Медиабілім  беру  кинобілім 
беруді ӛзіне қосады.  
Медиабілім  беру  концепиясы  Маршалл  Маклюэннің  қалыптастырған  «Средство 
передачи сообщения и есть содержание сообщения» принципінің идеясымен ұштасады. 
Сондай-ақ,  хабарламаның  мәнін  түсіну  үшін  сол  хабарлама  жүріп  жатқан  каналдың 
қалай  орналасқанын,  сол  каналға  келіп  жатқан  ақпараттың  ӛзара  әрекеттестігінің 
спецификасы неде екенін түсіну қажет. 
20  ғасырдың  60  жылдарынан  бастап  ЮНЕСКО  бүкіл  әлемде  медиабілім  беру 
концепциясын  ілгері  дамытып,  қолдап  отыр.  Қазіргі  әлемде  медиабілім  беру  кӛмек 
арқылы  тұлға  дамуының  үрдісі  мен  мәдени  қарым-қатынастың  медиамен, 
шығармашылықпен,  коммуникативтік  қаблеттермен,  сыни  ойлаумен,  талдаумен, 
медиамәтіндердің  бағасымен  қалыптастыру  мақсатында  бұқаралық  қарым-қатынас 
құралының материалы сияқты қарастырылады. 
Қазіргі  адамзат  үшін  қажетті  ақпаратты  қабылдау  дағдыларын,  визуальді 
бейнелердің  вербальді  кӛшірмесін  құрастыра  білу,  семантикалық  ерекшеліктерін 
түсіну, ақпараттық ағымдарды еркін пайдалану – бұның барлығы оқытудың медиабілім 
беру деңгейі мен оқыту нәтижелерінің арасындағы объективті байланысты күшейтеді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
142 
Медиабілім  беру  міндетінің  шешімін  базалық  білім  беру  міндетінмен  фактілі 
материалды  кез  келген  пәндік  курста  елеуге  болады.  Басқаша  айтқанда  олардың 
қиылысын  қамтамасыз  ете  отырып,  «сыртқы»  ақпараттық  ағымдар  мен  оқу  пәнінің 
қиылысу  орнын  кӛп  табу,  содан  кейін  дәл  сол  оқу  материалына  сәйкес  келетін 
медиабілім беру міндеттерін қойып, шешу қажет. Мектептік медиабілім беру үрдісінде 
оқушыға берілген әлем картиналарындағы коммуникативтік канал үзінділері бойынша 
бейне  мүмкіндіктері  мен  қандайда  бір  құралдық  тәсілдердің  кӛмегімен  пайда 
болатынын кӛрсете отырып, оқушы әлемді тануда қандай шектеулердің болатындығын 
анықтап отыруы туралы мағлұматта болуы керек.  
Оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы  ақпаратты  қолдану  әрқайсысының  жеке 
қалауына  байланысты,  және  олар  сирек  сәйкес  келетіндіктен  БАҚ  пен  мектептің 
арасындағы тұңғиық  ӛсуде. Бұл ӛте күрделі  мәселе, тек жас  ерекшеліктеріне ғана тән 
емес,  шын  мәнінде  ӛркендеудің  түрлі  қабаттарына  жатады.  БАҚ-тың  ықпалы  арқылы 
балалардың сӛзі мен әлемді түйсінуге деген кӛз карасының ӛзгеруіне септігін тигізері 
сӛзсіз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Жилавская  И.В.  Медиаобразование  молодежной  аудитории.  Томск:    Изд-во 
ТИИТ, 2009. 322 с. 
2.
 
Фатеева  И.А.  Медиаобразование:  теоретические  основы  и  опыт  реализации. 
Челябинск, 2007. 270 с. 
3.
 
Шариков  А.В.  Медиаобразование:  мировой  и  отечественный  опыт.  М.:  АПН 
СССР, 1991. 66 с.  
4.
 
Ястребцева  Е.Н.  Пять  вечеров:  Беседы  о  телекоммуникационных  
образовательных проектах. М: Проект Гармония,  2001.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазіргі  медиабілім  беру  жүйесінде  білім  алушылардың  қажетті 
ақпараттық технологияларды, медиасауаттылықты қалыптастыратын қабылдау, талдау, 
медиамәтіннің құрылу қаблеттерінің дамуын қарастырады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  проблемы  анализа,  восприятия  медиатекстов, 
формирующие  медиаобразованность  информационной  технологии  учащихся  в 
современной системе образования. 
 
 
 
ӘОК 338.89 
ЭКОНОМИКАЛЫК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Умбеталиева А.Д. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
биылғы  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Жолдауында  әдеттегідей  қол 
жеткізуге  тиісті  баршаға  ортақ  ұлы  мақсаттардың  дұрыс  жолдарын  бірлесе  отырып 
айқындау  қажеттілігі  баса  айтылып,  оның  ішінде  елдің  экономикалық  қауіпсіздігі 
жӛніндегі мәселе де тысқары қалмады.  
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  экономикалық  ӛсу  бастамасының  тенденциялары 
барынша  қалыптасқан  деуге  толық  мүмкіндік  бар.  Соған  сәйкес  мемлекеттің 
экономикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  оның  күрделі  стратегиялық 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
143 
экономикалық  -  әлеуметтік  мәселелерін  кешенді  түрде  шешудің  тиімді  жолдарын 
айқындау қажеттілігі туындайтыны сӛзсіз.  
Экономикалық қауіпсіздіктің басты мәселесі бұрынғы ауыр және теңестірілмеген 
экономика  негізінде  қалыптасқан  ұдайы  ӛндіріс  үлгісіндегі  қорды  мүмкіндігінше 
толықтай  жою  және  Қазақстанның  қазіргі  даму  жағдайына  сай  келетін  жаңа  үлгіні 
біртіндеп қалыптастыру болып табылады.  
Ұдайы  ӛндірістегі  жеке  салалар  мен  аймақтарға  ұзақ  мерзім  бойы  тиісінше 
инвестиция  болмауы  нәтижесінде  жалпы  жүйелік  –  құрылымдық  күрделі  мәселелер 
туындады. Айталық, еліміз экономикасының құрылымдық деформациясының күшеюі, 
аймақтардың 
экономикасының 
дамуындағы 
алшақтықтар, 
аймақаралық 
байланыстардың  әлсіреуі,  жекелеген  аймақтар  экономикасына  трансұлттық 
компаниялардың  (ТҰК)  әсер  –  ықпалының  болуы,  ғылыми  –  инновациялық  негіздің 
нашарлауы,  халықтың  әлеуметтік  дифференциациясының  тереңдеуі,  нақты  сектордың 
кейбір  салаларында  ӛндіріс  механизмдерінің бұзылуы  және  т.б.    Міне,  осы  мәселелер 
елдің  экономикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  ӛз  нұсқанын  келтіретіні  айқын 
болғандықтан, оларды зерттеу, қордаланған мәселелерді шешу жолдарын іздестіру ӛте 
ӛзекті тақырыпқа арналғандығына күмән келтірмейді.    
Осыған  байланысты  экономикалық  қауiпсiздiктiң  қатерлерiнің    аймақтауда 
күшеюін зерттеу қажеттілігі туындайды. Осы орайда республикамыздың әрбір аймағы 
еліміздің  шаруашылық  кешенінде  белгілі  бір  орын  алатынын,  олардың  бүтіндей 
экономикалық  бірлікті  құрайтынын  ескеру  қажет.  Ал,  әр  аймақтың  ӛзіндік  табиғи 
ресурстары,  олардың  орналасу  ерекшеліктері,  экономикалық  даму  деңгейі,  ӛзіндік 
шаруашылық  құрылымы  бар.  Соған  байланысты  мемлекеттік  экономикалық 
қауіпсіздікті  тұрғысында  жүргізетін  саясаты  біртіндеп  қалыптасып,  жүзеге  асыруға 
мүмкіндіктер жасалынады.  
Экономикалық  қауіпсіздік  ұлттық  қауіпсіздіктің  ең  бірінші  компоненті  деуге 
болады.  Экономиканы  либерализациялау  жағдайында  ол  мемлекет  дамуының 
процесстерi  арқылы  энергошикiзат  ресурстары  мен  металлдардың  әлемдiк  нарық 
сұранысының параметрлерiне аумақтық – салалық құрылымына бейiмделу сипатына ие 
бола алады. 
Нарықтық  қатынастар  аясының  кеңеюі,  елдің  экономикалық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  жүйесіндегі  соңғы  уақытта  жүргізіліп  жатқан  ӛзгерістер  аталмыш 
мәселенің  елдің  әлеуметтік-экономикалық  даму  жүйесі  мен  оның  рӛліне  айтарлықтай 
ықпалын  тигізетінін  кӛрсетеді.  Осыған  орай  ел  экономикасын  басқару,  олардың 
дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері ӛзекті бола түсері сӛзсіз.  
Елдің  экономикалық  қауіпсіздігін  кӛтеру  қазіргі  кезде  Қазақстанның 
экономикалық  ӛсу  жағдайының  тұрақтылығын  қамтамасыз  етудің  маңызды 
шарттарының біріне айналды.  Нарықтық экономика жағдайында елдің экономикалық 
ӛсуі  тұрақты  болу  үшін  оның  экономикалық  қауіпсіздігіне  қауіп  туғызатын 
проблемаларды ӛз уақытында анықтап және оларды ұтымды шешіп отыру маңызды рӛл 
атқарады.  Бұл  мәселе  әсіресе,  Қазақстан  аймақтарының  экономикалық  дамуындағы 
алшақтықтан  байқалады.  Сол  себепті  олардың  әлеуметтік  –  экономикалық  даму 
деңгейлерін  теңестіру  арқылы  тұтастай  елдің  экономикалық  қауіпсіздігіне  қол 
жеткізуге болатынын жүргізілген талдау жұмыстары кӛрсетіп отыр.  
Қазақстан  аймақтарында  экономикалық  ӛсуге  тежеу  болатын,  оның  ішкі 
ресурстарын  толық  пайдалануға  кедергі  келтіретін  проблемалар  қатары  жеткілікті. 
Сондықтан  аймақаралық  теңсіздікті  әрі  қарай  шиеленістірмей  шешу,  елдің  ішкі 
біртұтастығына  аса  ұқыптылықпен  қарау  –  экономикалық  қауіпсіздік  мәселесінің 
бірінші компоненті болып саналады.   
Қазақстан  экономикасына  нақты  қауіп  туғызған  қазақстан  тауарына  әлем 
нарығының  экспорты,  халықтың  басқа  елге  кӛшіп  кетуі,  жоспарлы  экономикадан 
қалған ӛндірістік потенциалдың ескеруі, экономика құрылымының әркелкілігі, тек қана 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
144 
шикізатты  ӛндіріп  және  оны  алғашқы  ӛңдеуге  негізделуі,  дамымаған  кӛлік 
инфрақұрылымы  сияқты  қиындықтар  біртіндеп  шешімін  тауып  келеді.  Дегенмен 
аймақтардағы  жұмыс  орындарының  да  әр  түрлі  болуы,  халықтың  ӛмір  сүру 
деңгейіндегі  күрт  алшақтықтар  әлеуметтік  сипаттағы  мәселелердің  ӛз  шешімін  табу 
керектігін  меңзейді.  Оларды  шешу  жолдарын  қазір  қолға  алмай  болмайтыны  мәлім, 
себебі  әлеуметтік  мәселелердің  елдің  экономикалық  дамуындағы  басты  кӛрсеткіш 
болып табылатыны сӛзсіз.   
Кез  келген  елдің  экономикалық  қауіпсіздігі  әр  аймақтың  ерекшеліктеріне, 
аймақтық 
қауіптің 
болуына 
байланысты. 
 
Қазіргі 
кезде 
Қазақстанның 
макроэкономикалық  тұрақтылыққа  және  экономикалық  ӛсуге  қол  жеткізуі  –  оның 
аймақтарында бірдей нарықтық жағдайлардың қалыптасуының, адамдардың ӛмір сүру 
деңгейінің жақсаруының нәтижесі болып табылады.    
Қазіргі  кезде  жүргізіліп  отырған  мемлекеттік  аймақтық  саясат  ел  аймақтарына 
әлеуметтік-экономикалық  саясатты  жүргізуде  оларға  үлкен  дербестік  берумен 
сипатталып отыр.  Ол дегеніміз аймақтарды басқаруда қолданылатын әдістерді ӛзгерту, 
ұзақмерзімді  мақсаттар  мен  басымдылықтар  жүйесін  құру,  жергілікті  мемлекеттік 
басқару органдары мен шағын және орта бизнестің және халықтың әріптестігін кеңейту 
болып табылады.    
Экономикалық қауіпсіздік, онда аймақтардың алатын рӛлі мәселелеріне қатысты 
ғылыми зерттеу жұмыстарын кӛптеген экономист  – ғалымдардың еңбектерінен табуға 
болады.  Әсіресе, П. Самуэльсон, М.Портер, В.Баумоль сияқты авторлар экономикалық 
қауіпсіздікті  ұлттық  экономиканың  бәсекеқабілеттілігін  арттыру  контекстінде 
қарастырған.    
Қазіргі  уақытта  ғылыми  әдебиеттерде  мемлекет  деңгейінде  экономикалық 
қауіпсіздік мәселесінің қалыптасуы мен оны бағалау дәрежесін айқындауға ресейлік Л. 
Абалкин, С.Глазьев, А.Гранберг еңбектері арналған.    
Экономикалық 
қауіпсіздіктің 
теориялық 
және 
әдістемелік 
мәселелері 
қазақстандық  Н.Назарбаев,  А.  Әлімбаев,  О.  Баймұратов,  А.  Қошанов,  О.  Сәбден, 
Е.Арын  сияқты  ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарда  бар.  Зерттеу  жұмыстарының 
негізінде алғаш рет 1998 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауіпсіздігі  туралы»  Заң  қабылданды,  республиканың  экономикалық  қауіпсіздігі 
Стратегиясы  әзірленді.  Олар  еліміздің  дербес  егеменді  ел  екендігін  кӛрсететін  негізгі 
фактор болды.     
Дегенмен,  экономикалық  қауіпсіздікті  аймақтық  деңгейде  зерттеу  жұмыстары 
барынша  аз.  Қазір  аймақтардың  экономикалық  қауіпсіздігі  жӛніндегі  мәселелерді 
белгілі  бір жүйеге келтіріп, терең зерттеп, оны елдің ұлттық  қауіпсіздігінің ажырамас 
бӛлігі ретінде қарау қажеттілігі туындап отыр.  
Нарықтық  экономика  жағдайында  елдің  және  оның  аймақтарының  әлеуметтік-
экономикалық  дамуына  кешенді  талдау  негізінде  экономикалық  қауіпсіздік  деңгейін 
кӛтеру жолдарын ғылыми негіздеу болып табылады.  
Экономикалық  қауіпсіздік  мәселесінің  ӛзекті  болуына  себепкер  бірнеше 
факторлар  бар,  солардың  ішінде  аймақтардың  әлеуметтік  –  экономикалық  дамуында 
айтарлықтай  алшақтық,  ӛндірістің  бәсекеқабілетті  болуына  әлемдік  нарық 
талаптарының барған ӛсе түсуі және т.б.  
Ұлттық  қауіпсіздік  мәселесі,  соның  ішінде  экономикалық  еліміз  егемендік 
алғаннан  кейін  ӛте  ахуалды  бола  түсті.  Экономикалық  қауіпсіздікті  сақтау  мәселесі 
аймақ деңгейінде шешілуі қажет болды. Себебі аймақтардың географиялық орналасуы, 
климаттық  жағдайы,  экономикасының  құрылымы,  халықтың  ұлттық  құрамы 
қауіпсіздікке ӛз ықпалын тигізеді.    
 Ұлттық қауіпсіздік ішінде экономикалық қауіпсіздік ерекше рӛл атқарады, оның 
мәні  салалардың,  аймақтардың,  кәсіпорындардың  ішкі  және  сыртқы  қауіптерге  тӛтеп 
бере 
алатындай 
қабілетін 
білдіреді. 
Экономикалық 
қауіпсіздіктің 
негізгі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
145 
параметрлердің  бірі  –  азық-түлік  қауіпсіздігі.  Қазіргі  кезде  шаруашылық  жүргізудің 
әлемдік  жүйесінде  азық-түлік  мәселесі  әлемнің  жеклеген  аймақтарында,  ең  алдымен 
дамышы  елдерде  олардың  жеткіліксіздігіне  келіп  шығады.  Мәселен,  астық 
шаруашылығы стратегиялық мәнге ие онім –астық ӛндіруші мемлекеттердің азық-түлік 
қорына үлкен роль атқарады. Ӛйткені, азық-түлік қауіпсіздігі экономикалық жүйе мен 
мемлекеттік қауіпсіздіктің алғышарты бола отыры, ұлттық қауіпсіздікті қалыптастыру 
негізін құрайды және ол астық рыногының жағдайымен сипатталады.  
Экономикалық  қауіпсіздік  әрбір  түрін  сипаттайтын  критерийлік  факторлар 
анықталды. Олардың қатары мынадай: технологиялық қауіпсіздік – бәсекеге тӛтеп бере 
алатын  ғылыми-техникалық  ӛнімдер  негізінде  дүниежүзілік  техника  нарығында 
тұрақты  қатысуымен  анықталады;  азық-түліктік  қауіпсіздік  –  сапалы  азықтың 
бұқаралық  тұтыну  мүмкіндігі  үшін  табиғи  –  шикізаттық  ресурстардың  болуы,  оны 
қолданылуымен  сипатталады;  қаржы  –  несиелік  қауіпсіздік  –  қаржы  жүйсінің 
тұрақтылығымен,  ұлттық  валютаның  құндылығымен,  алтын-валюта  қорларының 
кӛлемімен  және  тұрақты  экономикалық  ӛсуге  ӛажетті  жағдайлардың  болуымен 
кӛоінеді; ӛндрістік қауіпсіздік – ӛндірістік потенциалдық даму деңгейімен, техникалық 
–  ӛнімдерді  ӛндіру  тиімділігімен  сипатталады;  сыртқы  экономикалық  қауіпсіздік  – 
экономиканың  ашықтылығының  сақталуында;  инвестициялық  қауіпсіздік  –  ұлттық 
экономикалық  мүдделерді  ескере  отырып,  тартылған  күрделі  қаржыларды  тиімді 
қолдану  мен  қайтару  қабілеттілігіне,  инвестициялық  тартымдылығына  байланысты; 
энергетикалық  қауіпсіздік  –  ішкі  ӛнеркәсіптік  ӛндірісті  аз  энергиямен    және  энергия 
ӛндірудың жетістіктерімен қамтамасыз ете алуын кӛрсетеді; экологиялық қауіпсіздік  – 
табиғаттың  тазалығы,  оның  күйзеліске  ұшырамай,  адамзатқа  қызмет  ету  деңгейімен 
сипатталады. 
Республикамыздың реформа жайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу 
процесінің  одан  әрі  жүзеге  асырылуы  экология-экономикалық  проблемаларды  талдау 
мен  бағалауды,  қоршаған  орта  проблемаларын  зерттеуді  талап  етеді,  яғни  осы 
проблемалар  оның  әлеуметтік-экономикалық  әлуеттінің  маңызды  бір  бӛлігі  болып 
табылады.  Экономикалық  әлует  ситпаты,  экономикалық  және  әлеуметтік  сипаттағы 
нақты  шешімдер  қабылдау,  кӛптеген  экологиялық  және  экономикалық  процестерді 
болжау  үшін  негіз  болды.  Осыған  байланысты  жүргізілген  зерттеу  бірқатар 
қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: қоғам мен табиғаттың, адам мен оның мекен 
ету ортасының ӛзара байланыстылық проблемасы адамзаттың ең басты проблемасының 
бірі  екендігі;  ғылыми-техникалық  прогресс  адамның  ӛмір  үлгісіне  мәнді  ықпал  ете 
отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторының бірі болып табылатын 
қоғамның  табиғатпен  ӛзара  қатынасын  біршама  белсенді  ету;  экологиялық 
проблемалардың  экономикалық  аспектісі,  оның  ішінде  қоршаған  ортаның  теориялық 
проблемалары  экономикалық  теория  пәнінің  шекарасына  енеді.  Сондықтан  берілген 
мәселелердің теориялық-әдіснамалық негізделуі қажет. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  қазіргі  кезеңдегі  даму  жағдайында  экономикалық 
қауіпсіздік  пен  экологиялық  қауіпсіздікті  сақтаудың  маңызы  ерекше.  Сондықтан  да, 
экологиялық  қауіпсіздік  тұрғысынан  Қазақстанның  дамуындағы  экономикалық 
ӛзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді  бӛліп кӛрсетуге болады: экономикалық-
экологиялық  басқаруды  заңмен  қамтамассыз  етудің  трансакциялық  шығындарды 
тӛмендетудің  негізгі  факторларының  бірі  ретіндегі  мәні  кӛрсетілген.  Экологиялық 
басқарудың  залалсыздығын  (пайдалылығын)  сақтау  мақсатында  әрекете  етуші 
заңдарды  жетілдіру  бағытында  ұсыныстар  жасалды;  қоғам  мен  табиғаттың  ӛзара 
қарым-қатынас процесі немесе табиғат пайдалану процесі экономикалық ӛсудің жалпы 
проблемаларына  есеп  әсер  етпей  қоймайды.  Сонымен  бірге,  әр  түрлі  экономикалық 
проблемалар мен қиыншылықтар табиғатты тиімсіз пайдалану процестерінің нәтижесі 
екенін үнемі естен шығармауға тиіспіз. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
146 
Қазіргі  уақытта  экономикада  экологиялық  бағыттың  дамуы  қажет,  ӛйткені, 
экология-экономикалық  бағалаусыз  шаруашылықтың  даму  тенденциялары  туралы 
жорамалдау  мүмкін  емес.  Қоршаған  ортаның  элементтерін  дәстүрлі  экономикалық 
есептеулерге  уақытылы  кіргізе  алмау  қиындығы  туындап  отыр.  Сондықтан  адамның 
ӛндірістік іс-әрекетін экология-экономикалық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері 
қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет