Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛЫМЕН 
ЖЕТІЛДІРУ 
 
Оспанбек Т.К.-оқытушы, Қалыбекова Д.Б. - аға оқытушы 
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Қазақстан 
экономикасын 
ауыр 
дағдарыстан 
шығарудың 
әртүрлі 
бағдарламаларын  талдау,  дамудың  мәртебелі  жалғыз  жолы  –  экономиканы 
инновациялық тәртіпке кӛшіру қажет екендігі бәрімізге мәлім. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
224 
Кейінгі  кездері  құлаққа  сіңе  бастаған  «тегі  бӛлек»  инновация  термині  ӛзінің 
қолданыс аясын кеңейтумен қатар, ӛндірістің ажырамас «атрибутына» айналып келеді.  
Қазіргі  әлемдік  экономикада  инновацияның  алатын  орны  орасан  зор. 
Инновациялық  тәжірибені  ӛндіріске  қолданбастан  бәсекеге  қабілетті  ӛнім  алу  мүмкін 
емес  екенін  дамыған  елдер  ертерек  түсініп,  бар  күшті  осы  салаға  жұмсаған,  жұмсап 
келеді де.  
Біз 
экономиканы 
диверсификациялауға 
бағытталған 
индустриалдық-
инновациялық стратегияны іске асырып жатырмыз. Бұл болашақтың бағдарламасы. 
Біздің стратегиялық міндетіміз-бәсекеге қабілетті  елдердің қатарынан лайықты 
орын алу. Сондықтан да біз индустриялық-инновациялық бағдарламаға әлі де болса кӛп 
жұмыс арнауымыз керек.  
Қазақстан    үшін  инновациялық  саясаттың  басты  мақсаты  шикізаттық  бағыттан 
бас тартуға ықпал ететін экономика саласының әртараптандыру жолымен қол жеткізу. 
Индустрия-инновациялық  саясаттың  басымдықтары  басымдығы  тек  шикізат 
орталығымен  ғана  шектеліп  қана  қоймай  «ӛндірістен-ӛндіріске»  принципін  ұстану 
керек. Бұл дегеніміз- шикізат шығара отырып, одан дайын ӛнім шығаруға ұмтылу.  
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму 
деңгейіне  шығаруға  себепші  болып  отыр.  Содай-ақ  экономиканың  даму 
парадигмасының  ӛзгеруіне  байланысты,  батыстың  алдыңғы  қатарлы  елдері 
шаруашылық  іс-әрекеттің  материалдық  емес  саласын  жеделдетіп  дамытуымен 
ерекшеленетін  «жаңа экономикаға» кӛшті.  «Жаңа экономика»  аясында шынайы түрде 
білімге,  яғни  экономикалық  ӛркендеудің  жаңа  сапалық  түрін  қамтмасыз  ететін 
жаңартушылар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субьектілері 
құрылды. 
Елбасымыз  Н.Назарбаев  ӛзінің  «Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан»  атты  
жолдауында  жоғары  технологияларды  енгізуге  және  инновацияларды  қолдауға  
бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу керек деген болатын. Ол дегеніміз- 
ӛзіміздің  бәсекелестік  артықшылықтарымызды  негізге  ала  отырып,  технологиялар 
алмастыруларын белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан жаңа технологиялар 
әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді 
ӛндіріске  енгізумен  шұғылданатын  конструкторлық  бюролар  мен  жобалау 
ұйымдарының  желілерін  құруға  жәрдемдесу  қажет.  Жоғары  технологиялар 
саласындағы 
жобаларды 
қаржыландыру, 
қазақстан 
ғалымдарының 
үздік 
әзірлемелерінің  «сыртқа»    кетуге  жол  беруге  болмайды.  Қазақстан  бизнесінің 
инновациялық  белсенділігін  кӛтермелеу  және  ғылыми-зерттеу  мен  конструкторлық 
күш қуаты жеке меншік сектордан ӛріс алуы керек- дейді. 
Жаңалық-бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасты, қолданбалы 
зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген  нәтижесі және ол осы іс-әрекеттің ғылыми 
әрі  техника  жетістіктерін  тәжірибелі,  нарықтық  тұрғыда  пайдаланудың  аралық 
қорытындысы болып табылады. Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа ӛнімге айналған 
соң, соңғысы инновация болады.  
Инновация- бұл жаңа тәжірибелік (практикалық) құралдарды құру, тарату және 
пайдаланудың кешенді үрдісі. 
Инновация-  бұл  жаңа  идеяларды,  ұсыныстарды,  ғылыми-  техникалық 
шешімдерді тәжірибеге енгізу, пайдалану және жүзеге асыру.  
Инновация-бұл ӛндірістік, қаржылық, коммерциялық және әкімшілік сипаттағы 
ұйымдастырушылық-техникалық  және  әлеуметтік  экономикалық  шешімдерді,  жаңа 
ӛнімдер  мен  қызметтер  түрлерін,  жаңа  технологиялар  түріндегі  жаңашылдықтарды 
тиімді пайдалану.  
Инновация-бұл жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде ӛндіріске енгізілген 
обьект.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
225 
Қазақстанның  ғылыми-технологиялық  саясаты  инновациялық  үдерістерді 
жандандыруға,  жаңа  технологиялық  құрылымдарды  енгізуге,  ұлттық  ғылыми-
техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен ӛндіріс арсындағы алшақтықты жоюға, 
индустриялық  қызметті  ынталандыруға,  озық  шетел  технологиясының  нақты 
трансферті  мен  халықаралық  стандарттарды  енгізуді  қамтамасыз  етуге  бағытталуы 
керек. 
Сонымен  қатар  инновациялық  қызметті  нарықтық  реттеу  міндетті  түрде 
мемлекеттік  қолдауға  сүйену  тиіс,  оның  басты  мәні  осы  процестерді  ынталандыруда 
(стимулдауда)  және  оларды,  әсіресе  бастапқы  кезеңдерінде,    дамытуға  ыңғайлы 
құқықтық және қаржылық жағдайлар жасауда жатыр. 
Аса  маңызды  мәселе  –  қоғамда  инновациялық  мәдениет  қалыптасуы  қажет. 
Инновациялық  ӛндіріс  үшін  мамандар  дайындайтын  институттар  осындай  мәдениетті 
құру жолында маңызды қадам болып табылады. Ғылымға жастарды тарту қажет, олар 
шығармашылық  жағынан  да,  материалдық  жағынан  да  мүделлі  болуы  тиіс.  Тіпті 
нарықтық  құрылымы дамыған және қаражат-  қаржылары мол Батыс  Европа елдері де 
инновациялық кідіріске ұшырай отырып, оны жеңудің жолдарын іздестіруде. 
Әлемдік  экономиканың  дамуы  біздің  елімізде  ӛндірістік  кәсіпорындарға  жаңа 
талаптар  қоя  бастады.  Соның  ішінде  негізгі  болып  табылатыны  инновациялық 
тұрғысынан  жаңаланған,  сонымен  бірге  нарық  талаптарына  сай  келетін  ыңғайлы 
ӛнімдер  ӛндіру.  Инновацияның  кәсіпорын  ӛндірісінде  кӛрініс  табуы  біздің 
мемлекетіміздің белгіленген басты мақсаттарға да сәйкес келеді. 
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы ӛзгерістер жылдамдығы, 
сондай-ақ осы ӛзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты ӛседі. Сондықтан, 
кәсіпорынның  стратегиясы  осы  ӛзгерістерден  артықшылықтар  алу  мүмкіндігін 
шаруашылықты  жүргізу  үшін  барлық  қосымша  мүмкіндіктерді  қамтитындай  болу 
керек. 
Сонымен  елімізде  инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдаудың  мақсаты 
инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 

инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүделерді сақтау 

ұлттық  экономиканың  бәсекелестік  қабілетін  арттыру  және  ұлттық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметтің басымдығы 

мемлекет  тарапынан  қолдау  кӛрсету  кезінде  инновациялық  қызмет  субьектілерінің 
теңдігі  

инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми техникалық 
қызмет  субектілері  мен  кәсіпкерлік  субьектілерінің  тұрақты  ӛзара  іс-қимылын 
қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік 

инновациялық қызметті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. 
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметтің басымдығы ретінде, мысалы  2010 жылы  
1-2  желтоқсанда  Астана  қаласындағы  ЕҚЫҰ  Саммиттін  айтуға  болады.    Қазақ  «Елу 
жылда  ел  жаңа»  дейді.  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Ұлы  мақсаттарды  ӛзінің  алдына 
ұлы  халық  қана  қоя  алады»  деген  Тәуелсіздік  күнінің  салтанатты  жиналысында 
сӛйлеген сӛзінде; біз жиырма жылға жетер жетпес уақытта  жүз жылға бергісіз жолды 
артта қалдырдық.  
Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық беделді ұйым ӛкілдерінің басын  
қосқан Саммит- соның айшықты айғағы.  
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның келелі кеңесі еліміз ғана 
емес, әлем жұртшылығы үшін елеулі оқиға болды.  
Сонымен  қатар  Астана  Саммиті  ЕҚЫҰ-ның  барлық  елдері  үшін  біріктіруші 
табыс  болды.  Біз  ЕҚЫҰ-ға  тӛреағалық  аясында  ӛзіміздің  іс-қимыл  бағдарламамызды 
орындадық. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
226 
Тұңғыш  рет  ЕҚЫҰ-ның  еуразиялық  векторы  белгіленді,  мұның  ӛзі  бүкіл 
еуразиядағы қауіпсіздікті берік етті. 
Бұл  дегеніміз  біздің  еліміздің  және  оның  әрбір  азаматының  қауіпсіздігі  алдын-
ала ұзақ жылдарға берік болады дегенді білдіреді.  
Сондай-ақ  мемлекет  ұлттық  экономиканың  бәсекелестік  қабілетін  арттырып 
және  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етіп,  инновациялық  қызметтің  маманданған 
субьектілерін  құруға  қатысып  қана  қоймай,  олардың  тиімді  жұмыс  жасауы  мен  оң 
нәтижелерге қол жеткізуіне де ерекше назар аударады. 
Мемлекет  инновациялық  қызметтің  мамандандырылған    субьектілерін  құруға 
қатысып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс жасауын қадағалап отыру керек. 
Ал  инновациялық  инфрақұрылым-  бұл  инновациялық  қызметті  жүзеге  асыру 
үшін қажетті жүмыстарды орындайтын және қызмет кӛрсететін ұйымдар жиынтығы.  
Қазақстанның  ұлттық  инновациялық  жүйесінің  негізгі  ұйымдық  институттары 
ретінде  ұлттық  инновациялық  қорды,  технологиялық  бизнес-  инкубаторлар  мен 
технопарктерді  тағы басқаларды айтуға болады. 
Елдегі  жалпы  инновациялық  белсенділікті  арттыру,  соның  ішінде  жоғары 
технологиялық  және  ғылымды  қажетсінетін  ӛндірістерді  дамытуға  жәрдемдесу 
мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылды.  
Қазақстанның  ұлттық  инновациялық  жүйесінің  негізгі  ұйымдық  институттары 
ретінде  ұлттық  инновациялық  қорды,  технологиялық  бизнес-инкубаторлар  мен 
технопарктерді айтамыз.  
Елдегі  жалпы  инновациялық  белсенділікті  арттыру,  соның  ішінде  жоғары 
технологиялық  және  ғылымды  қажетсінетін  ӛндірістерді  дамытуға  жәрдемдесу 
мақсатында  ұлттық  инновациялық  қор  құрылды.    Оның  негізгі  міндеттеріне  мыналар 
жатады. 

Инновациялардың  құрылуын  және  енгізілуін  қаржыландыруды  жүзеге  
асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына 
бақылаусыз қатысу; 

Инвестицияланатын  компаниялардың  жарғылық  капиталына  үлестік  бақылаусыз 
қатысу  және  қаржылық  лизинг  арқылы  инновациялар  құруды  және  енгізуді 
қаржыландыру; 

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту 

Сыртқы нарықтарға отандық ьинновацияларды жылжыту; 

Инновациялық  технологияларды  ауыстыру,  қарызға  беру  және  дамыту,  оларды 
коммерцияландыру  мен  енгізу  саласында  халықаралық  ынтымақтастықты  дамыту 
болып итабылады.  
Қазіргі  адамзат  ӛмірін  ақпараттық  технологиясыз  елестету  мүмкін  емес. 
Компьютер  ӛмірімізге  дендеп  еніп,  ғаламтор  күнделікті  тұрмысымыздың  ажырамас 
бӛлігі  болды.  Жұмысқа  қабылдау  кезінде  де  жұмыс  берушілердің  барлығы  дерлік 
компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Егер дамыған елдерде адамның ақыл-ойының 
ең нәтижелі   жемісі  компьютерде еркін жұмыс істей  алатын адамдардың саны жалпы 
халықтың  80-90-пайызын  құраса,  ал  Қазақстанда  ел  Үкіметі  республика  аумағында 
қалыптасқан  ақпараттық  теңсіздікті  тӛмендетпек  ниетте  «Электронды  Үкімет» 
жобасын жасаған болатын. Бұл жобаның мақсаты, агенттік Қазақстанда бірінші болып 
ІТ- сертификат (ай-ти- ақпараттық технология) әдістемелерін енгізу арқылы оқу орнын 
бітірген  түлектерді,  сондай-ақ  жұмысқа  қабылданатын  мемлекеттік  қызметкерлерді 
міндетті түрде компьютерлік біліктілік тұрғысынан тестілеуге кірісті. Бұл ӛз кезегінде 
ел  ішінде  осы  саладағы  білім  алу  деңгейін  ынталандыруы  тиіс  шара  болатын.  Ең 
бастысы  бұл  бағдарлама  аясында  барлық  облыс  орталықтарында  бюджеттік  сала 
қызметкерлері  мен  дәрігерлер,  мұғалімдер  ӛздерінің  компьютерлік  білімдерін 
жетілдірді.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
227 
Сондықтан  әрбір  қазақстан  азаматы,  мына  ақпарат  заманында  ғылым  мен 
техниканың  соңғы  жетістіктері  қолданылатын  ӛндіріс,  сауда,  қызмет  кӛрсету  саласы 
ролінің  артуына  байланысты  еліміздің  бәсеке  қабілеттлігін  арттыру  туралы  кӛп 
айтылып қана қоймай ӛз үлестерін қосса, бұл бір үлкен іс болар еді.  Қоғамдық ӛндіріс 
салалары да, еліміздің ӛзі де білім беру жүйесі де  бәсекелестік қатынастарға тӛтеп бере 
алатын жағдайда ғана бәсекеге қабілетті болмақ. Бүгінгі таңда кез келген елдің бәсекеге 
қабілеттілігі білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне келіп тіреледі. Сондықтан барлық 
дамыған  елдерде  білім  беруге  жіті  назар  аударылып  отыр.  Осыдан  келіп  білім  беру 
үрдісіндегі түрлі кӛзқарастар  бәсекелестік жүріп жатыр.  
Қазақстан  үшін  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігі  әлемдік  білім  беру 
кеңістігінде болып жатақан ӛзгерістер әсерінен ғана туындап отырған жоқ. Бұл  мәселе 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  Стратегиялық  бағдарламасындағы  ұлттық 
идеядан туған болатын. Бұл идея Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында  бүгінгі 
күн  талабына  сай  нақтыланды  және  оларды  іске  асыру  жолдарын  іздестіруге 
міндеттеді.  Бұл  істің  барлығы  жаңа  буын  кадрларын  даярлауды  талап  етеді.  ХХІ-ші 
ғасырда  білімді  адам  ғана  табысты  болмақ.  Кӛрнекі  ғалым,  жазушы,  әрі  педагог 
Ыбырай Алтынсарин сӛзімен айтсақ «Адамды құстай ұшырып, отынсыз тамақ пісіріп, 
сусыздан  сусын  ішірген»  адамзаттың  интелектуалдық  мүмкіндігінің  шексіздігі  осы 
ғасырда  одан  сайын  айқындала  түсуде.  Сондықтан  да  ХХІ  жүз  жылдық  ғаламдық 
инновацияның  ӛркендеу ғасырына айналатыны айдан анық.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан-2030.  Барлық  қазақстандықтардың  әл-ауқатын  арттыру, 
гүлденуі  және  қауіпсіздігі.  Ел  президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы  /Егемен 
Қазақстан 21 қазан 1997. 
2.Н.Ә.Назарбаев «Жаңа кезең- жаңа экономика» / Егемен Қазақстан16 желтоқсан 2004. 
3.Н.Ә.Назарбаев  «Ұлы  мақсаттарды  ӛзінің  алдына  ұлы  халық  қана  қоя  алады»  /Дала 
мен қала 20 желтоқсан 2010. 
4.Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық 
даму бағдарламасы. 20 мамыр 2010. 
5. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы- 
Алматы «Экономика» 2008.    
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Қазақстанның  ғылыми-технологиялық  саясаты  инновациялық  үдерістерді 
жандандыруға,  жаңа  технологиялық  құрылымдарды  енгізуге,  ұлттық  ғылыми-
техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен ӛндіріс арсындағы алшақтықты жоюға, 
индустриялық  қызметті  ынталандыруға,  озық  шетел  технологиясының  нақты 
трансферті  мен  халықаралық  стандарттарды  енгізуді  қамтамасыз  етуге  бағытталуы 
керек. 
 
РЕЗЮМЕ 
Научно-технологическая  политика  Казахстана  должна  быть  направлена  на 
развитие инновационных процессов, введение новых технологий, усовершенствование  
позиций  национально  научной-техники,  на  устронение  пространство  между  наукой  и 
производством, 
на 
стимуляцию 
индустриальной 
функций, 
на 
внедрение 
международного  стандарта  и  трансфертности  модеренизированной  импортной 
технологии. 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
228 
ӘОК ОК 386.2C-86 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЗЕЙНЕТАҚЫ  ЖҤЙЕСІНІҢ  
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ  МОДЕЛІ 
 
Сихимбаева Б.Н. - аға оқытушы, Жақыбаева О.А. - аға оқытушы 
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Қазақстандағы  зейнетақы  жүйесi  жәрдемақы  және  ӛтемақы  тӛлемдерiнiң 
бiрыңғай  кең  жүйесiнiң  бiр  бӛлiгi  болып  табылған.  Жәрдемақы  алу  құқығы  жалпыға 
бiрдей  болатын,  сонымен  бiрге  кәрiлiк  бойынша  зейнетақыдан  бӛлек  әлеуметтiк 
зейнетақылар,  кӛптеген  арнайы  зейнетақылар,  сонымен  қатар,  мемлекет  алдындағы 
ерекше еңбектерi үшiн зейнетақылар және т.б. тӛленетiн. 
Мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi ұрпақтардың ынтымақтастық 
қағидасына  негiзделген.  Ол  кезде  зейнеткерлерге  тӛленетiн  ағымдағы  зейнетақылар 
жұмыс  iстейтiндердiң  ағымдағы  зейнетақы  жарналарынан  iске  асады.  Жоспарлы 
экономика  жағдайында  оның  қызмет  етуi  тиiмдi  болатын.  Нарықтық  экономикаға 
ӛтумен  және  бұл  процеспен  байланысты  жаңа  шаруашылық  қатынастардың 
қалыптасуы,  сонымен  қатар,  нарықтық  қатынастардың  дамуына  үлгiрмей, 
құрылымында, ұйымдастыры- луында және қызмет етуiндегi кемшiлiктердiң болуы бұл 
жүйенiң икемсiз болуына әкелдi. 
Зейнетақы  жүйесiндегi  жұмыс  берушiлердiң  аударатын  мiндеттi  зейнетақы 
жарнасының  ставкасы  жалақы  қорының  25,5%-ын  құрайтын,  ол  экономика  үшiн 
ауыртпалықты  туғызатын.  1990  жылы  басталған  ӛндiрiс  кӛлемiнiң  тӛмендеуi  және 
бартердың  таралуы,  кәсiпорындардың  берiлген  аударымдарды  жүзеге  асыру 
мүмкiндiгiн қысқартты. 
Әрекет  еткен    зейнетақымен  қамсыздандырудың  ―ынтымақтастық‖  жүйесi 
зейнетке  шыққан  адамдарға  зейнетақының  тӛленуi  жұмыс  iстейтiндердiң  мiндеттi 
зейнетақы  жарналары  есебiнен  жүзеге  асырылатын.  Бұл  жүйенiң  ерекшелiктерi 
мыналар болып табылады: 
- зейнетақымен қамтамасыздандырудағы мемлекеттiк монополия; 
- мiндеттi зейнетақы жарналарының жақсыздығы;  
- зейнетақы қаражатының жүйе iшiнде қайта реттелуi. 
Бұндай  жүйе  жоспарлы  директивтi  экономика  жағдайында,  еңбекке  жарамды 
халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттiк аппарат тарапынан жаппай бақылау 
және  зейнеткерлер  мен  жұмыс  iстейтiн  азаматтардың  арасындағы  қалыптасқан 
арақатынас  жағдайда  тиiмдi  болған.  Сондықтан  зейнетақы  жүйесi  зейнетақының 
жоғары деңгейiн қамтамасыз  ететiн, оның кӛлемi  жұмыстың соңғы  жылдары  алынған 
жалақы кӛлемiне, еңбек стажына және жасқа тәуелдi болатын, ал кӛптеген жеңiлдiктер 
кӛлемi зейнетке шығуды тартымды ететiн. 
Экономикалық  жағдайдың  ӛзгеруi  қалыптасқан  зейнетақы  жүйесiнiң  қызмет 
етуiнiң  бұзылуына  әкелдi.  Зейнетақы  жүйесi,  бiр  жағынан,  кӛптеген  зейнеткерлердiң 
минималды  қажеттiлiктерiн  қамтамасыз  етуге  қабiлетсiз  болды,  екiншi  жағынан, 
экономикаға ауыртпалық тигiздi. 
Бӛлу  қағидасына  негiзделген  Қазақстанның  реформаға  дейiнгi  зейнетақы 
жүйесiне  бiрқатар  кемшiлiктер  тән  болатын. Зейнетақы  реформасын  ӛткiзу  моментiне 
тӛленетiн  зейнетақы  және  жәрдемақылар  ӛзiнiң  әлеуметтiк  мiндетiне  жауап  бермедi: 
еңбек табыстары жоқ азаматтардың лайықты ӛмiр деңгейi қамтамасыз етiлмедi. 
Мемлекеттегi  зейнетақымен  қамтамасыздандырудағы  қалыптасқан  жағдайдың 
себептерi кӛп, оның кейбiреуiн атап шығайық: 
1.  Келешек  зейнетақыға  салынатын  жарналар  деңгейi  мен  тӛленетiн  зейнетақы 
деңгейi  арасындағы  айқын  қатынастың  жоқтығы.  Жарналар  зейнетақы  қорына  жұмыс 
берушiмен  жақсыз  жүзеге  асырылатын.  Бұл  кезде  әрбiр  жұмыскер  оның  кәсiпорны 
зейнетақы  қорына  үнемi  қаражаттар  аудару,  аудармауына  тәуелсiз  зейнетақы  алу 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
229 
құқығына  ие  болатын.  Ӛз  кезегiнде,  мемлекет  жұмыскердi  оның  жұмыс  берушiсi 
зейнетақы  жарналарының  аударуын  жүзеге  асырмауына  қарамастан  зейнетақы  алу 
құқығынан айыра алмайтын.  
2.  Зейнетақы  жарналарының  жоғары  ставкасы.  Жалақы  қорынан  25,5% 
кӛлемiндегi жарналар кәсiпорындар үшiн ауыртпалық тигiзетiн, ол жұмыспен қамтылу 
деңгейiнде бiлiнетiн. Одан кейiнгi  жарналар деңгейiнiң ӛсуi  қайтымсыз болатын және 
мiндеттi  жарналардан  бас  тартуға  алып  келуi  мүмкiн  болды,  ал  оның  салдары 
зейнетақы түсiмдерiнiң қысқаруына әкелетiн едi. 
3.  Зейнетақы  жарналарының  жинақталуының  тӛмен  деңгейi.  Кәсiпорындардың 
жекешелендiрiлуi,  шағын  және  орта  бизнестiң  дамуы,  тӛлемдердiң  натуралдануы, 
аударымдарды  жасырудың  әр  түрлi  нысандары  (формалары)  жарналардың 
жинақталуының тӛмендеуiне әкелетiн. 
4.  Зейнетақы  жарналарының  дербестендiрiлген  есебiнiң  жоқтығы.  Зейнетақы 
жүйесiнiң  тiршiлiк  қабiлетi  үшiн  тӛлем  сомасының  жарналар  сомасына  сәйкес  келуi 
қажет.  Сонымен  бiрге  зейнетақы  нақты  еңбек  стажына  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
тӛлемдердiң зейнетақы қорына түскен жылдары да есептелуi керек. Дербестендiрiлген 
есептiң  жоқтығы  жұмыс  берушiлер  мен  жұмыскерлердi  бақылауын  жоғалтуға  алып 
келедi,  ол  жауапкершiлiк  ауыртпалығын  мемлекет  тартады.  Сонымен  қатар, 
зейнетақымен қамсыздандыру жарналарын тӛлемейтiн жасырын жұмысбастылық орын 
алатын. 
5.  Жағымды  демографиялық  жағдайға  қарамастан  зейнеткерлер  санының  кӛп 
болуы.  Зейнеткерлер  санының  бiр  жұмыскер  санына  тәуелдiлiк  коэффициентi 
Қазақстан  үшiн  ӛте  жоғары  болатын.  Негiзiнен  бұл  жеңiлдiктер  бойынша  зейнетке 
шығу құқығына ие болған адамдар санының кӛп болуынан туындаған. 
6.  Жеке  әдiлеттiлiктiң  елеулi  жетiспеушiлiгi.  Халықтың  әр  түрлi  топтары 
арасында  аймақтық,  жыныстық,  жастық  және  профессионалдық  зейнетақылық 
субсидиялану жағдайлары кӛп болды. 
7.  Зейнетақыны  есептеудегi  шиеленiскендiк  пен  күрделiлiк  орында  зейнетақы 
есебiндегi кӛптеген бұзушылықтарға алып келетiн. 
Әрекеттегi  зейнетақы  жүйесiнiң  сақталуы  оның  дағдарысының  шиеленiсуiне 
және зейнетақы тӛлеудiң созылуына алып келуi мүмкiн болды. Сондықтан әрекет еткен 
зейнетақы  жүйесi  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтiк  қатынаста  қағидалы 
ӛзгерiстердi  қажет  еттi.  Зейнетақымен  қамсыздандыру    жүйесiнiң  реформалануы 
мемлекеттiң  экономикалық  дамуына  мүмкiндiк  туғызады,  ол  ӛз  кезегiнде  барлық 
зейнеткерлердi материалды жағынан қамтамасыз етуiн жақсартады. 
Экономикалық  құлдырау  қазақстандық  зейнетақымен  қамтамасыз  етудегі  бӛлу 
жүйесiнде  қиын  жағдайды  шиеленiстiрдi.  Бiрақ  проблемалар  түбiрi  зейнеткерлердi 
қамтамасыз  ету  және  ауыртпалық  коэффициентiнiң  жоғары  болуы  жұмыс  iстейтiн 
азаматтар  жүктемесiнiң  жоғары  шекке  жетуiнде  жатыр.  Кейiнгi  жарналар 
ставкаларының ӛсуi тӛлемдерден бас тартудың жалпыұлттық сипатқа ие болуына алып 
келуi мүмкiн едi. 
Жұмыс  iстейтiн  халыққа  жүктелетiн  ауыртпалықтың  тӛмендеуiн  зейнетақыға 
шығу  жасын  кӛтеру  және  жеңiлдiктер  мен  профессионалдық  зейнетақыларды  тӛлеу 
шығындарын  азайту  жолымен  жетуге  болады.  Зейнетақымен  қамсыздандыру 
шығындарын қысқартудың үшiншi тәсiлi тӛленетiн зейнетақы кӛлемiнiң  тӛмендеуiнен 
тұрады. 
Барлық 
бұл 
шаралар 
танылмаған 
және 
қоғамдағы 
әлеуметтiк 
шиеленусiшiлiктiң  нығаюына  алып  келедi.  Одан  басқа,  зейнетке  шығу  жасын  кӛтеру 
зейнетақымен  қамсыздандыру    бӛлу  жүйесiнiң  мәселелерiн  түбегейлi  шешпейдi.  Ал 
зейнетақы  кӛлемiнiң  тӛмендеуiн  нақты  вариант  ретiнде  қарауға  болмайды.  Сонымен, 
шиеленiсудiң тӛмендеуiне алып келетiн бiр жолғы шаралар қысқамерзiмдi жоспардағы 
берiлген  мәселелердi  шешудiң  тәсiлi  ретiнде  қарастырылуы  мүмкiн,  бiрақ  олар 
қалыптасқан  жағдайлардан  түбегейлi  шығудың  амалы  бола  алмайды.  Қалыптасқан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
230 
жағдайды  есепке  алумен  бiрге  зейнетақымен  қамсыздандыру    жинақтаушы  жүйесiне 
кӛшу  ұзақ  мерзiмдi  болашақтағы  шығындарды  қаржыландыру  проблемасы  және 
макроэкономикалық  позиция  тұрғысынан  артықшылығы  болды,  себебi  ол  ұлттық 
жинақтардың артуына әкеледi және экономикалық ӛсудi ынталандырады. 
Зейнетақы  жүйесiнiң  қалыптасуының  халықаралық  тәжiрибесi  мынаны 
кӛрсетедi:  халықтың  жалпы  салықтардан  мемлекеттен  зейнетақы  алуына  негiзделген 
бӛлу  жүйесi    мемлекетте  жұмыскерлер  саны  кӛп  және  зейнеткерлер  саны  аз  болған 
демографиялық  жағдайда  ӛзiн  ақтай  алады.  Демографиялық  жүктеменiң  артуы  – 
еңбекке жарамды адамдар мен еңбекке жарамсыз адамдардың қатынасының тӛмендеуi 
(дәлiрек  айтсақ,  зейнеткерлер  мен  жұмыс  iстейтiн  халық)  –  мемлекеттiң  әлеуметтiк 
шығындарының ӛсуiне алып келедi. Егер Чили, Канада, Жапония мемлекеттерiнде бiр 
зейнеткерге  5-тен  7-ге  дейiн  жұмыс  iстейтiндер  келсе,  Швейцария,  Германия,  АҚШ, 
Нидерланды мемлекеттерiнде  – 4-тен 5-ке дейiн болса, ҚР-да 1997 жылғы мәлiметтер 
бойынша  жуықтап  алғанда  1,8  адам  келетiн.  1998  жылғы  мәлiметтер  бойынша  бұл 
қатынас 1:1 тең (Зейнетақы тӛлеу жӛнiндегi мемлекеттiк орталыққа түскен аударымдар 
нәтижелерi  бойынша). Бұл табылған ақша тӛлемдерiн жүзеге  асыруының тоқтауынан, 
ӛндiрiстiң тоқтауынан, салықтарды уақытында тӛлемеуден және тағы басқа себептерге 
байланысты. 
Жинақтаушы жүйесiне кӛшу – бұл кез келген экономика үшiн панацея емес. Жас 
халық  және  халықтың  жұмыс  iстейтiн  адамдар  саныны  кӛп    болған  жағдайда  бӛлу 
жүйесi  оптималды  болып  табылады.  Мысалға,  КСРО-да  Сталин  уақытында  30-
жылдары зейнетақы жасына дейiн жеткендердiң бәрiне жоғғары зейнетақыларды тӛлеу 
үшiн  шамалы  жарналар  да  (5-6%)  жетуi  мүмкiн  болатын.  Африканың  кӛптеген 
мемлекеттерi  қазiргi  кезде  бұндай  жағдайда  болып  отыр  және  жинақтаушы  жүйесi 
қанағаттанарлықсыз жұмыс iстеуi кездейсоқ емес. Қазiр Қытайда бӛлу жүйесi енгiзiлiп 
жатыр.  Бұл  халықтың  жас  болуына  байланысты,  мемлекет  халықының  9%-на  жуығы 
зейнет жасындағы адамдарды құрайды. 
Халықтың 
қартаю 
шамасынан 
бӛлу 
және 
жинақтаушы 
жүйесiнiң 
артықшылықтары мен кемшiлiктерiнiң қатынасы күрт ӛзгередi. Жинақтаушы жүйесiнiң 
оның арзандылығындағы артықшылықтар еңбекке жарамды халыққа жүктемесiнiң ӛсу 
мӛлшерiнде  кӛрiнедi.  Орталық  және  Шығыс  Еуропаның  бүкiл  дерлiк  мемлекеттерi 
жинақтаушы жүйесiне кӛшудi қарастырып жатыр немесе қарастыруды бастады. Бiрiншi 
Латвия болды, оған Польша және Венгрия қосылды. Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнен 
бұл  реформаны  бiрiншi  бастады.  Бүгiнгi  күнге  бұл  КСРО  елдерiнiң  iшiнде  зейнетақы 
саласындағы ең радикалдысы болып табылады. 
Қазақстандағы  әлеуметтiк  қорғау  және  әлеуметтiк  қамтамасыз  ету  жүйесiнiң 
реформалануы  1996  жылы  басталды,  ол  кезде  әрекеттегi  зейнетақы  заңына  ӛзгерiстер 
енгiзу  туралы  алғашқы  заңнамалық  инициативалар  пайда  болды.  Бiрақ  онымен  бiрге 
зейнетақы  жүйесiне  түбегейлi  ӛзгерiстер  емес,  тек  аз  ғана  түзетулер  енгiзiлуi 
қарастырылды.  Кәрiлiк  басталған  кездегi  әлеуметтiк  қамтамасыз  етудiң  нарықтық 
жүйесiн құруға мүмкiн беретiн терең реформалардың қажеттiлiгi мәлiм болды. ―ҚР-ғы 
зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы‖  жаңа  заң  Парламентпен  1997  жылы  маусым 
айында  қабылданып,  мемлекет  басшылығымен  қол  қойылды,  ал  1998  жылы  қаңтар 
айынан ӛз күшiне ендi. 
Зейнетақы  реформасын  ӛткiзу  моментiне  мемлекеттегi  әлеуметтiк  шиеленiсу 
ӛзiнiң  критикалық  нүктесiне  жеттi.  Зейнеткерлер  ӛз  зейнетақыларын  бiр  жылға  жуық 
ала  алмады.  Қарыз  36  млрд.  теңге  сомасын  асырды.  Мемлекеттiң  оны  қайтаруға 
мүмкiндiгi  болған  жоқ.  Ақша  орнына  зейнетақыларды  тауар,  ӛнiм  түрiнде  тӛлеу 
тәжiрибеде жүзеге асты. 
Бiрақ  бұл  жағдай  проблемаларды  шешкен  жоқ.  Зейнеткерлер  қарсылық 
акцияларына шыға бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығудың тиiмдi шараларын табу 
кезi  келдi.  Тек  зейнеткерлер  алдында  қарызды  ӛтеу  ғана  емес,  сонымен  бiрге  жаңа 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
231 
экономикалық  талаптарға  бейiм  және  барлығына  түсiнiктi  әлеуметтiк  қамтамасыз 
етудiң жаңа, нарықтық жүйесiн құру керек болатын. 
Үкiмет қалыптасқан жағдайдан шығу жолын ұсынды. 1997 жылы наурыз айында 
зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесiнiң  реформалану  концепциясының  жобасы 
жасалып,  жарияланды.  Бүкiлхалықтық  талқылау  кезiнде  айтылған  ескертулер  мен 
ұсыныстар есебiнен концепция әрi қарай жасалынып аяқталды. 
Заңды қабылдау кезінде зейнеткерлер алдында қарыз ӛтелiнiп, натуралды тӛлеу 
жойылды,  зейнетақыны  жеткiзу  жүйесi  ӛзгертiлдi.  1998  жылы  қаңтар  айындағы  жаңа 
жинақтаушы жүйесiнiң басталуы ӛте жауапты болды. Еңбек және халықты әлеуметтiк 
қорғау министрлiгi мәселелердiң толық кешенiн шешудi қамтамасыз етуi қажет болды: 
бүкiл  жаңа  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесiн  ұйымдастыру,  оның  қызмет  етуi 
үшiн нормативтi базаның жасалуы мен қабылдануы, ең маңыздысы – халық, кәсiпорын, 
ұйым,  еңбек  ұжымдарының  басшылары  арасында  жаңа  зейнетақы  жүйесiнiң  мәнiн, 
механизмiн түсiндiру. 
Бұл  мүлдем  жаңа,  жинақтаушы  қағидасына  негiзделген  жүйе  мемлекет,  жұмыс 
берушi және адам арасында зейнетақы үшiн жауапкершiлiктi қайта бӛлуге алып келдi. 
Егер  бұрын  жалақының  25%-дық  аударымдары  зейнетақы  тӛлеуге  ―жалпы  қазанға‖ 
кететiн болса, онда қазiр 25%-дың 10-ы жұмыскердiң жеке шотында дербестендiрiледi 
және олардың жеке меншiгi болып табылады. 
Реформа  барлық  зейнеткерлердiң  толық  қайта  тiркеуiн  ӛткiзуiн,    мемлекеттiң 
әрбiр  жұмыс  iстейтiн  азаматтардың  барлығына  мәлiметтер  жинауды  талап  еттi,  әр 
жұмыскерге  әлеуметтiк  жеке  код  (СИК)  берiлдi.  Олардың  дербестендiрiлген  есебi 
Зейнетақы  тӛлеу  жӛнiндегi  мемлекеттiк  орталықта  (ГЦВП)  сақталынған  уникалды 
мәлiметтер  базасына  негiзделген.  Жұмыс  берушiнiң  зейнетақы  жарналарын  ГЦВП-ға 
аудару  кезiнде  ӘЖК  (СИК)  негiзiнде  жинақталу,  ӛңделу  және  жеке  шоттарға  жалақы 
және  жұмыскерлер  стажы  туралы  мәлiметтер  енгiзiлдi.  Бұндай  базаның  болуы 
зейнетақыны  белгiлеу  үшiн  ұсынылған  жалақы  және  стажы  туралы  справкалардың 
ГЦВП-ның  орталықтандырылған  мәлiметтер  базасында  сақталған  мәлiметтермен 
салыстырылып тексерiледi. 
Жоғарыда айтылып кеткендей, ынтымақтастық жүйесiнде зейнетақы жарналары 
жұмыс берушiден тiкелей жiберiлiп, ол жерден зейнетақы тӛленетiн, жаңа жинақтаушы 
жүйесiнде  жұмыс  берушi  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  арқылы  жарналарды  әр 
жұмыскердiң жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) аударады. 
Зейнетақымен  қамтамасыз  ету    жүйесiнiң  реформалану  процесi  ақырындап 
мемлекеттiк  ынтымақтастық  жүйесiнен  жинақталған  зейнетақы  қаржаттарының 
дербестендiрiлген  есебiн  жүргiзу  жүйесiнiң  тиiмдi  жұмыс  iстеуi  кезiндегi  белгiлi 
тiркелген  мiндеттi  жарналар  және  ерiктi  қосымша  салымдар  жүйесiне  кӛшу,  аяғында 
мемлекеттiк  емес  жүйеге  ӛтумен  сипатталады.  Кәрiлiктi  мемлекеттiк  ынтымақтастық 
қамсыздандыру    мемлекеттiк  және  мемлекеттiк  емес  жинақтаушы  қамсыздандыруға 
ӛту  кезеңiнде  параллельдi  қызмет  етедi  және  жүзеге  асырылатын  жарналар  мен 
зейнетақы  тӛлемдерi,  ӛздерiнiң  зейнетқы  болашағына  азаматтардың  жеке 
жауапкершiлiктiң    орнатылуымен  ұрпақтардың  ынтымақтастық  пен  жақсыздық 
қағидасы  бiртiндеп  ығыстырылады.  Зейнетақы  кӛлемi  мемлекеттiк  ынтымақтастық 
зейнетақы  жүйесiнен  жұмыс  iстеген  стажына  (реформа  ӛткiзу  уақытына,  яғни  1998 
жылы 1 қаңтарына дейiн 6 айдан кем емес) сәйкес зейнетақы және жеке жинақталған 
қаражаттардан (мiндеттi және ерiктi) тұрады. 
Мүгедектiк,  асыраушыны  жоғалту  бойынша  зейнетақылар  және  тағы  басқа 
әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылдан бастап әлеуметтiк жәрдемақы есебiнде мемлекет 
мiндеттемесi  болды  және  бюджеттiң  шығындар  бӛлiгiне  аударылады.  Азаматтардың 
(реформа  басталған  уақытқа  10  жылдан  кем  емес  еңбегi  бар  және  реформа  басталған 
кейiн  қызметiне  қайта  кiргендердi  қосқандағы  әскери  қызметтегi  адамдар,  IIМ  және 
Мемлекеттiк  тергеу  комитетi  (ГСК)  қызметкерлерi)  ЖЗҚ-ғы  мiндеттi  жарналар 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
232 
есебiнен  жинақталған  қаражаттар  есебiнен  тӛленетiн  зейнетақы  келешекте 
зейнетақымен  қызмет  етуде  негiзгi  болып  табылады.  Бұл  зейнетақының  қағидалы 
ӛзгешелiгi  әр  жұмыс  iстейтiн  ӛзiнiң  болашақ  зейнетақысының  кӛлемiн  ӛзi 
анықтауында. Зейнетақы кӛлемi толығымен нақты тұлғаның зейнетақы жарналарының 
кӛлемi мен ұзақтығына, сонымен бiрге зейнетақы активтерiн инвестициялаудан түсетiн 
қосымша  дивидендтер  кӛлемiне  тәуелдi  болады.  Бұл  зейнетақы  дербестендiру 
қағидасына негiзделген, ол бӛлек азаматтар категориясына артықшылықтарды жояды. 
Жинақталған  зейнетақы  қаражаттарының  құнсыздануын  және  салымдарды 
жоғалту  тәуекелдерден  құтылу  және  зейнетақының  бiрдей  (адекватты)  кӛлемiн 
қамтамасыз  ету  мақсатымен  жаңа  зейнетақы  жүйесiнiң  қатысушыларының  қызметiн 
реттеу және бақылауды жүзеге асырудан бӛлек, ӛзiн қаржыландыратын зейнетақымен 
қамсыздандыру жүйесiнiң құрылуы мен дамуына жағдай туғызатын ортаны жасау үшiн 
мемлекет  жұмыскелердiң  жинақтаушы  жүйесiне  аударатын  мiндеттi  зейнетақы 
жарналарын  орнатты.  Жинақтаушы  жүйесiнiң  тағы  бiр  ерекшелiгi  зейнетақы 
қаражаттарының  жинақталуын  салымшылардың  тек  жарналары  есебiнен  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  олардың  әр  түрлi  қаржы  құралдарына  инвестициялаудан  түсетiн 
инвестициялық табыс есебiнен де жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызады.  
Дұрыс  басқарылатын  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесiн  жүргiзу 
республикадағы  экономикалық  реформаның  процесiне  оң  әсерiн  тигiзедi,  еңбек 
нарығындағы  ынталандырудың  құрылуына  әкеледi,  экономиканың  формалды  емес 
сектордың  кӛлемiн  тӛмендетедi,  жинақтарды  ынталандырады  және  бағалы  қағаздар 
нарығының  дамуына  оң  жағынан  әсер  етедi.  Зейнетақы  реформасы  жекешелендiру, 
еңбек  нарығының  реформасы  және  бағалы  қағаздар  рыногының  дамуымен  қатар 
экономикалық дамудың табысты, маңызды элементi болып табылады. 
Зейнетақы  жүйесiнiң  табысты  реформалануы  үшiн  1997  жылы  үкiмет  келесi 
жылдың  басынан  зейнетақы  жүйесiнiң  тұрақты  қызмет  етуiн  фискалды,  инсти-
туционалды,  заңды-нормативтi  шаралары  iске  асты,  яғни  қаржыландырудың  тiзбектi 
жоспары  жасалған,  сәйкес  институттар  құрылды,  адекватты  заң  және  негiзгi  реттеушi 
ережелер жасалды, сәйкес ақпараттық жүйе құрылды . 
Қазақстанда жаңа және дербес инвестициялар класының, яғни ЖЗҚ қалыптасуы 
мен қызмет етуi туралы айтады. Бiрақ жинақтаушы зейнетақы қорлардың потенциалы 
iшкi  институционалды  инвесторлар  ретiнде  толық  кӛлемде  пайдаланылмайды. 
Негiзiнен  зейнетақы  активтерi  мемлекеттiк  бағалы  қағаздарға  инвестицияланған 
(жалпы кӛлемнен 80%-нан артық). 
Зейнетақы  активтерiн  табысты  инвестициялау  үшiн,  капитал  салымы  кезiнде 
таңдау  кең  мүмкiндiк  беретiн  қаржы  құралдарының  ассортиментiн  кеңейтудi 
жалғастыру қажет. Әлi онша дамымаған отандық бағалы қағаздар нарығы  жинақтаушы 
зейнетақы жүйесiнiң дамуын тежейдi. 
Егер  азаматтардың  жинақталған  зейнетақы  қаражаттары  болашағы  бар  халық 
шаруашылығының  салаларына  салу  есебiнен  жоғары  инвестицицялық  табысты 
әкелетiн  болса,  онда  реформа  оң  нәтижелердi  бере  алады.  Осы  табыстардың  ӛсуi 
пропорционалды әлеуметтiк ӛсуге де алып келедi. 
Сонымен,  отандық  капитал  рыногының  дамуы  –  Қазақстандағы  зейнетақы 
реформасының табысты жалғасуының қажеттi шарты. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  ‖Қазақстан  Республикасындағы  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы‖  Қазақстан 
Республикасының Заңы. 
2. Алибаев А. Накопительные пенсионные системы и их проблемы // РЦБК. – 2009. 
3.  Коржова  Н.  Пенсионная  реформа:  цель  достигнута  //  Қаржы-қаражат.  Финансы 
Казахстана. - 2010. 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
233 
ТҮЙІНДЕМЕ 
  Мақалада  Қазақстан  Республикасының  зейнетақы  жүйесiнiң  институционалды 
моделi қарастырылған 
 
РЕЗЮМЕ 
Статье  рассматривается    институциональная  модел    пенсионная  система 
Республики Казахстан и учеными и  просветителями. 
 
 
 
ӘОК 386.2 С-86 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет