Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
179 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  халыққа  жолдауындағы 
индустриялды-инновациялық  даму  бағдарламасының  ұлттық  экономиканың  тиімді 
дамуындағы орны  қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается роль эффективного развития национальной экономики 
инновационно-индустриальной  программы  в  свете  ежегодного  послания  Президента 
Республики Казахстан. 
 
 
 
 
336.41 
Б 668 
ЖАПОНИЯ БАНК ЖҤЙЕСІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Б. Бихондиев – э.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Е.Е.Нургумаров  – магистр (Алматы қ-сы, «Қайнар» Университеті) 
 
Қазіргі  кезде  Жапонияда  6200-ден  астам  коммерциялық  қаржы  –  несиелік 
қйымдар  қызмет  істейді.  Бұл  елдегі  банк  бизнесі  зор  мемлекеттік  іс  болып  саналады. 
Сондықтан  кейінгі  кезеңде  бірде  бір  банктердің  дәрменсіздігі  мен  банкротқа  ұшырау 
жағдайлары  болмапты.  Әрине  бұл  мемлекеттің  банктік  бақылау  мен  қадағалау 
саласындағы, сонымен бірге әлсіз банктерді қолдау саясатының нәтижесі. 
Жапонияда  банктік  операцияларды  жүзеге  асыру  құқығын  беретін  мемлекеттік 
лицензияны алу ӛте күрделі. Дегенмен елде банктердің тапшылығы байқалмаған. 
 Жапонияның  банк  жүйесін,  оның  басты  элементтері  болып  табылатын  бір 
префектура  шеңберінде  қызмет  ететін  қалалық  деп  аталатын  11-ірі  жеке  банктер,  64 
жеке  банктер  және  ұзақ  мерзімді  несиелеумен  айналысатын  3  үлкен  жеке  жергілікті 
банктер  құрайды.  «Қалалық  банктер»  негізінен  елдегі  ірі  бизнес  пен  компанияларға 
қызмет кӛрсетеді. 
Жапонияның  несие  жүйесінің  ажырамас  бір  бӛлігі  –  47  сақтандыру 
компаниялары, сондай-ақ  220 – қор компаниялары құрайды, олар ӛздерінде орасан кӛп 
қаржылық  құралдарды  шоғырландырған  және  оларды  бағалы  қағаздарды 
инвестициялау үшін пайдаланады. 
Тек  бағалы  қағаздар  операцияларымен  ғана  айналысатын  компаниялардың 
болуы – Жапонияның банк жүйесіне тән басты ерекшелігі.Басқа елдердің заңдарымен 
салыстырғанда Жапония заңдарының ерекшелігі – банктер мен қор компанияларының 
ӛкілеттігі  айқын  жіктелген,  бұл  олардың  бір  бірінің  операцияларына  араласуына  жол 
бермейді. 
Жапон мамандары мына сыныптаманы қолданады:  
1.Жапония банкі(орталық банк); 
2.Коммерциялық банктер;   
3.Мамандандырылған  несиелік  институттар(шағын  және  орта  бизнестің,  ауыл 
шаруашылығының,  орман  және  балық  шаруашылығының,  салаларының  қаржылық 
компаниялары, басқадай жеке қаржылық компаниялар, үкіметтің несиелік мекемелері, 
пошта – жинақ кассалары). 
Елдің банк жүйесінде Жапония банкі ерекше роль атқарады, ол 1882 ж. Орталық 
банк ретінде құрылған. Осы ӛзінің құрылу кезңінен бастап бір рет ӛз мәртебесін 1942 
ж.  басқару  шешімдерін  қабылдайтын  жоғарғы  орган  –  Саясат  жӛніндегі  Кеңестің 
құрылуына  байланысты  ӛзгертті.  Кеңесте  мүшелікке  кіргендер:  банк  басқарушысы, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
180 
қаржы  министрлігінің,  ӛнеркәсіп  пен  жеке  банк  бизнесін  жоспарлау  жӛніндегі 
агенттіктің ӛкілдері. 
Жапония  банкінің  жарғылық  капиталының  55%  -ы  үкіметтің,  ал  45%-ы  жеке 
компаниялардың  үлесінде  және  банкке  ерекше  эмиссиялық  құқық  берілген.  Бұл  банк 
ресми  есептік  пайыздық  мӛлшерлемені  белгілейді,  «банктердің  банкі»  және  үкіметтің 
банкирі  қызметтерін  атқарады.  Ол  ақша  саясатын  жасайды  және  оны  іске  асыруды 
қаражаттармен 
қамтамасыз 
етеді, 
депозиттік 
институттардың 
резевтерге 
қажеттіліктерін  анықтайды,  банктер  мен  басқадай  несиелік  институттардың 
қызметтерін бақылау мен қадағалау жасауды жүзеге асырады. 
Жапония банкінің – орталық банк ретінде ерекше ролі «Жапония Банкі туралы» 
заңымен  бекітілген  және  ол  елдің  бүкіл  банк  жүйесіне  (оның  ішінде  мемлекеттік 
банктер бар: 2 -банк және 9-банктік корпорациялар) басшылық етеді. 
Мемлекеттік 
мамандырылған 
банктер 
мен 
мемлекеттік 
қаржылық 
корпорацияларының  ерекше  мәртебесі  бар.  Мамандырылған  банктер:  Жапонияның 
импорттық банкі және Жапонияның даму банкі, қаржылық корпорациялары: халықтық 
қаржылық корпорация; шағын бизнестің аржылық корпорациясы және т.б. 
  Мемлекеттік қаржылық компаниялар басымдылықты жобаларды, соның ішінде 
ауыл  шаруашылығын,  шағын  бизнесті,  елдің  айрықша  аймақтарын  дамытуға 
байланысты қаржыландыруға арналған қаражаттарды нысаналы мақсатпен және тиімді 
пайдалануға мүмкіндік береді. 
Түрлі елдердегі 2000 астам банктер мен корреспонденттік қатынастар орнатқан 
елдегі  коммерциялық  банктің  ең  ірісі  «Токио  Банкі»  мемлекеттік  қызметтердің 
барлығын  атқарады.  Бұл  банкке  жапон  заңнамаларына  сәйкес  валюталық 
операцияларды жүргізу жүктелген. 
Жапониядағы  коммерциялық  банктер,  яғни  «негізгі  банктер»  (қалалық, 
аймақтық  және  шетелдік)  деп  аталатындар  ӛз  клиенттеріне  кӛптеген  операциялар 
жүргізіп және қызмет түрлерін (300 астам) кӛрсетеді. Оларға жататындар: депозиттерге 
қаражаттарды  қабылдау,  шағын  және  орта  бизнестерге,  ірі  корпорацияларға, 
федералдық  және  жергілікті  басқару  органдарына  қысқа-,  орта-,  және  ұзақ  мерзімді 
ссудаларды  беру;  қаржылық  және  трасталық  ,  электрондық  қызметтер  кӛрсету,  жол 
чектерімен операцияларды жүргізу. 
Жапонияның  несие  жүйесі  туралы  толық  түсінік  алу  үшін  халықтың  ұсақ 
жинақтарын  шоғырландыруға  арналған  пошта  –  жинақ  кассаларын  айтпай  кетуге 
болмайды.  Негізінде  қызметтің  мұндай  түрімен  қалалық  банктер  де,  жергілікті  және 
басқа да банктер айналысады. Бірақ бір таңқаларлығы жапондық жинақ кассалары жеке 
клиенттерге  жеке  банктерге  қарағанда  қызмет  кӛрсетулердің  кӛптеген  түрлерін 
ұсынады, бұл жағдай орта тұрмысты адамға несиелер алуға және жинақтарды сақтауға 
ұтымды жағдайлар туғызады. Сондықтан да, пошта ведомствосына әкімшілік тұрғыдан 
бағынатын  мемлекеттік  пошта  –  жинақ  кассалары  орасан  кӛп  қаржы  ресурстарын 
ӛздеріне шоғырландыра алады. 
Сонымен, әлемдегі ӛркениетті елдердің банк жүйесінің мол тәжірибесін зерттеп, 
оларды  ӛз  экономикамызға  қолданатын  болсақ,    Қазақстан  Республикасы  банк 
жүйесінде  ашылмаған  кӛптеген  резервтер  мен  игерілмеген  мүмкіншіліктер  елдің, 
ұрпақтың игілікті ісіне айналар еді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Мэнкью Н.Г. Принципы Экономикс. 2-е изд. сокращ. – СПБ: Питер, 2000. 
2.Банковское дело.  Учебник – 2-е  изд. перераб.и доп./ Под ред. О.И.Лаврушина. – М: 
Финансы и статистика, 2003.   
3.Банковское  дело.    Учебник./  Под  ред.  д.э.н.,  проф.  Г.Г.Коробовой.  –  М.:  Экономить, 
2003. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
181 
4.Ғ.Сейтқасымов  және  т.б.  Қазақстанның  банк  жүйесі.  Оқу  құралы.  –  Алматы, 
Экономика, 2008. 
5.Кураков  Л.П.,  Тимирясов  В.Г.,  Кураков  В.Л.  Современные  банковские  системы: 
Учебное пособие – 3-е изд., перераб. и доп. – М.:Гелиос АРВ, 2000. 
6.Деньги.  Кредит.Банки:  Учебник  для  вузов  ./Под.  ред.акад.  РАЕК    Е.Ф.Жукова  –  2-е 
изд., перераб. и доп. – м., 2003. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  нарықтық  экономиксы  дамыған  Жапония  елінің  банк  жүйесінің 
тәжірибесі зерттеледі. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  анализируется  опыт  банковской  системы  Японии  развитой  рыночной 
экономики. 
  
 
 
УДК 796.50 
Б-66 
ҚОНАҚ ҤЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ 
 
Ботаева А.Т.- оқытушы, Баймурзаева М.С. – оқытушы 
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Бүгінгі  таңда  қонақжайлылық  индустриясы  экономикамыздың  дамуының 
әлеуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі 
туризмнің  маңызды  құраушысы  ретінде  жүреді.  Ал  туризм  болса  әлеуметтік  – 
тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты 
рӛлді  алады,    әлемдік    ұлттық  ӛнімнің    1\10  бӛлігін  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  кезде 
әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік 
капиталдың  шамамен  7%,    салық  түсімдерінің  5%,  тұтынушы  шығындарының  11% 
келеді.  Бұл  кӛрсеткіштер  әрине  туризм  индустриясының,  оның  ішінде  қонақ  үй 
саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм 
тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекет аралық байланыстардың 
әлеуметтік  және  мәдени  дамуына  ықпалын  тигізіп,  халықтың  танымдық  деңгейін 
кӛтереді.  
Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші 
салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық  қызметтің сферасы  ретінде қонақ үй 
бизнесі  қаржылық  ауытқуларға  шалдығуда.  Қонақ  үй  кәсіпорындары  қазіргі  кезде 
қонақ  үй  қызметтеріне  қалыптасқан  ӛзгерістерді  жете  тусіну  үшін  бұл  ауытқуларды 
ескеру қажет.  
Қазіргі    нарықта  бәсекелестіктің  ӛршелене  тусуі  жағдайында    бәсекелестердің 
қызметіне  талдау  жасау  маңызды  орынға  ие  болады,  яғни  ӛзінің  қызметін  негізгі 
бәсекелестер  қызметтерімен  салыстырып  отырып,  артықшылықтар  мен  кемшіліктерді 
анықтауға болады.  
Артықшылықтар  мен  кемшіліктерді  ескере  отырып  қонақ  үйдің  бәсекеге 
қабілеттілігін  жоғарылату  мақсатында,  кіршіксіз  беделді  қалыптастыруда,  басқаруды 
ұйымдастыруды  жетілдіруде  маңызды  аспект  ретінде  менеджмент  және  маркетинг 
құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған.  
Қонақ үй  - бұл қызметті ӛндіру мен ұсынуға байланысты күрделі шаруашылық 
кешен.  
Дүниежүзілік  туристік  ұйымның  анықтамасы  бойынша    қонақ  үй  –  белгілі  бір 
нӛмер санынан тұратын, бірыңғай басшылығы бар, қызмет жиынтығын ұсынатын және 
ұсынылатын  қызметтердің  түріне,  сапасына  және  нӛмерлердің  жабдықталуына 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
182 
байланысты  класстар  мен    категорияларға  топтастырылған  коллективтік  орналастыру 
құралы. Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада 
қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар 
осы  саладағы  қызметшілердің  жұмыс  бағдарлары  нақты  болғаны  жӛн.  Қонақ  үй 
қызметінің саласы - бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы 
арасындағы  байланыс,  яғни  қызмет  кӛрсетушілердің  күш  жігері  демалушыларға 
арналып  қонақтардың    ойын  жаулап  алу  мақсатында  ауқымды  дәрежеде  қызмет 
кӛрсету.Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй - ақылы ӛз үйі. Ал үй ішінде 
адам ӛзін жақсы сезіну, кӛтеріңкі кӛңілде болу, оны әрқашан кӛтеріңкі кӛңілмен күтіп 
алатындығына,  оның  барлық  сұраныс  түрлерін  қанағаттандыратындығына    сенімді 
болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы 
үйге қайта-қайта келу тілегін қалыптастыру    керек.  Қонақ  үйлердің  негізгі  мақсаты    - 
туристер үшін сапалы қызмет кӛрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй 
ӛзінің деңгейін әлемдік  дәрежеге кӛтере алады.  
Қонақ үй  кәсіпорындарының барлық экономикалық кӛрсеткіштері  құндық және 
натуралды, сандық және сапалық, кӛлемдік және үлестік деп бӛлінеді. 
Құндық-табыс,  шығын  жалақы  кӛлемі.  Натуралды-қызмет  бірлігімен 
кӛрсетіледі. Сандық- бірлік кӛрсетіледі. Сапалық- жоғары, ортаңғы, тӛменгі. Кӛлемдік- 
белгілі  бір  кӛлемде  қызмет  кӛрсетеді.  Үлестік-  қандай  кӛлемнің  үлесі.  Маркетингтік 
талдау мақсатында қолданылатын кӛрсеткіштерді келесі жүйеге келтіруге болады. 
1.  Қонақ  үй  персоналы  санын  және  сапасын  кӛрсететін    кӛрсеткіш  табысқа  жету 
формасы. 
2.  Қонақ  үй  кәсіпорындарының  табыстарының  динамикасын  және  құрылымын,  
шамасын сипаттайтын кӛрсеткіштер
А) Бір тәулігіне сатылған орналасқан орынның орташа бағасын анықтау. 
Б) 
Қонақ 
үй 
кәсіпорнының 
табыстарының 
ӛсуінің 
типі                                                             
3. Қонақ үй кәсіпорындарының шығындарының динамикасын және қурылымдарының  
шамасының сипаттарын кӛрсетеді
А) Кӛрсететін  қызметтердің орташа ӛзіндік құны 
Б)  Қызмет кӛрсететін персоналдардың орташа жалақы мӛлшері 
В) Тұрақты және айнымалы шығындардың  ара-қатынасы 
4. Қонақ үй кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кӛрсеткіштер: 
А)  Номерлердің  жүктемелілігінің орташа коэффиценті 
Б)  Күн сайынғы номерлерді ӛткізудің орташа шамасы 
В)  Белгіленген тарифтер 
5.    Қонақ  үй  кәсіпорындарының  қызметкерлеріне  сұранысты  сипаттайтын 
кӛрсеткіштер:    
А)    Сұраныстың икемділігі 
Б)     Сұранысқа әсер ететін факторлар 
6.   Қонақ үйлердің баға сапасын сипаттайтын кӛрсеткіштер: 
А)   Тәуліктік тариф    
Б)    Нарықта қалыптасқан қонақ үй қызметтерінің тарифтері мен бағалары 
В)   Жекелеген бәсекелестердің тарифтері мен бағалары 
7.   Тауардың қызметтің бәсеке қабілеттілігін сипаттайтын  кӛрсеткіштер: 
А)        Кәсіпорындардың  рейтингтік  бағасы    және  әлемдегі  ең  жақсы  қонақ  үй 
қатарына кіру дәрежесі 
8.  Қызмет  кӛрсету  бойынша  қонақ  үйлердің  қызметінің  тиімділігін  сипаттайтын 
кӛрсеткіштер: 
А)   Жұмыс шығындарының қаншалықты пайдалылығы  
Б)   Рентабель  ӛтімділігі, қайтымдылық , тиімділік  
9.    Қонақ үйлердің қаржылық қызыметінің  нәтижесін  сипаттайтын кӛрсеткіштер:  
 А) Сату кӛлемі, табыс кӛзі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
183 
 Б)Тұтынушылардың орташа шығындары 
Қонақ  үй  шаруашылығының  табысының  құрылымын  анықтайтын  негізгі 
факторлар:қонақ үй қызметінің бағасы,нӛмерлік қордың жүктелуі,қонақ үй табысының 
құрылымы.  
 Қонақ  үй  шаруашылығының  қаржылық  ресурстары    деп  –  ұдайы  ӛндірісті 
немесе  ұдайы  қызмет  кӛрсету  үшін  қажетті  кәсіпорындардың  қарамағындағы  ақша 
қаражаттарын айтамыз. Қаржы ресурстарының пайда болуы кәсіпорын қаржыларының 
қызмет етуіне байланысты 
1.
 
Қаржы  ресурстарының  пайда  болу  кӛздері  шаруашылық  қызметтерінің  барлық 
түрлерінен түскен пайда болып табылады. 
1.
 
Негізгі  қорлар  мен  материалдық  емес  активті  толық  қалпына  келтіру  үшін 
жасалған  амортизациялық аудармалар 
2.
 
Қаржы ресурстары мүліктерді сатудан тускен түсім 
3.
 
Бағалы қағаздарды пайдаланудағы немесе сатып алудан түскен табыс 
4.
 
Жарғылардың қорға ұрылтайшылардың жарнасы 
5.
 
Қаржылық операциядан және несиелерден түскен табыс 
6.
 
Субсидиялар- мемлекет тарабынан қайтымсыз кӛмек 
Қонақ үй қаржыларының қалыптасу кӛздері: 
1.
 
Қонақ үй жекеменшік қаржылары 
2.
 
Қарызға алынған қаржылар 
3.
 
Тартылған қаржылар 
Жеке меншік қаржылар - ӛзінің қарамағындағы және ӛз шешімімен пайдаланған 
қаржылар.Негізгі- жарғылық қор. 
Қарызға алынған ұзақ және қысқа мерзімді  қаржылар 
Тартылған  қаржылар  –  белгілі  бір  уақытта  кәсіпорындардың  айналымына 
қатысатын басқада үшінші бір қаржының түрі 
Түсім  деп-  қонақ  үй  шаруашылығының  қызмет  кӛрсету  нәтижелерінен  алған 
ақша қаражаттарының суммасы.Түсім жекеменшік қаражаттарды құраудың басты кӛзі 
болып табылады.                              
Түсім 
табыстарды 
құруға 
кеткен 
шығындардың 
орнын 
толтыруға 
пайдаланылады 
Егерде түсімнің кӛлемі  ӛзіндік құнынан жоғары болса оң қаржының нәтижесін 
білдіреді және пайданың пайда болуына алып келеді 
Кәсіпорындарды    қаржыландырудың  ӛте  күрделі  процессі  ол  негізгі 
инвестициялық  және қаржылық болуы мүмкін. 
Пайданың  ынталандыру  қызметі    бұл  кәсіпорындардағы  әртүрлі  ынталандыру 
қорлардың құру кӛзі ретінде қолданылуына байланысты. 
Пайданың баға беру қызметі кәсіпорындардың шаруашылық жағдайының жақсы 
-  жаман  немесе  қызметтерінің  кӛлемінің  ӛзгеруін  жетістіктермен  сәтсіздіктерді 
байқауға  мүмкіншілік береді 
Біздің  республикамызда  туризм  жоғары  тиімділігіне  байланысты  ұлттық 
экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасында 
туристерді  тарту  және  демалысты  ұйымдастыруға  барлық  табиғи,  климаттық 
мүмкіндіктер бар. Бірақ ол үшін келесі жұмыстар атқарылуы керек:                                                                                          

 
Қызмет кӛрсету сферасының сервисін жақсарту      

 
Транспорттық  құралдардың  техникалық  қызмет  кӛрсетуін  жетілдіру, 
техниқалык дамуын жақсарту                 

 
Туристік  кәсіпорындардың  және  қонақ  үй  шаруашылығының  материалдық- 
туристік  базаларда,  қонақ  үйлерде,  мейрамханаларда  қызмет  кӛрсету  сапасын 
жоғарлату  

 
мәдени және спорт шараларының бағдарламасын жиі ұйымдастыру  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
184 
Қонақ  үйлер  мен  мейрамханалар  –  туризм  инфрақұрылымының  негізгі  бӛлігі 
болып  табылады.  Қонақ  үй  бизнесінде  алдыңғы  технологияларды  пайдалану,  әлемдік 
ұйымдарға кіру,маркетинг қызметтерін жүргізу табысқа жетудің бірден-бір кӛзі болып 
табылды.  Сонымен  бірге  саланың  заңдық  базасын  қалыптастыруда  үкіметпен 
келіссӛздер жүргізудің маңызы зор. Тек қана бағаны мемлекет тарапынан реттеу, салық 
жинау  үдерісі,  кеден  баждары,  түрлі  алымдарды  обьектілерді  жеке  иеленушілердің 
жоғары  кәсіптілігімен  ұштастырылған  кезде  ғана  жетістіктерге  жетуге  болады.  Қонақ 
үй бизнесінде айтарлықтай  жетістіктерге жету үшін қызмет корсетудің оғары деңгейін 
қамтамасыз  ету  және  персоналдық    кәсіптік  дайындығы  мен  біліктілігі  сияқты 
факторларға  жете  кӛңіл  аудары  керек.  Қәзіргі  бәсекелестік  жағдайда  ұтымды 
позицияларды иеленуге шығындарды үнемдейтін технологияларды пайдалану арқылы 
қонақ  үй  бизнесінде  қызметтерді  ӛткізуде  интернетті  қолдану,  сапаны  жоғарлатуда 
маркетинг құралдарын ұтымды пайдалану ӛз септігін тигізеді. 
Қонақ  үй  кәсіпорындарында  сапалы  қызмет  кӛрсетуге  негізгі  тӛрт  фактор  ӛз 
ықпалын тигізеді:   

 
Қонақ үй жайларының  материалды- техникалық жабдықталуы  

 
Қызмет кӛрсетудің үдемелі технологиясы  

 
Қызмет кӛрсетуші персоналдың кәсіпқойлығы және біліктілігі  

 
Қызмет кӛрсетуді басқару  
Осы  факторларға  кӛңіл  аудара  отырып,  қонақ  үй  кәсіпорны  ӛз  қызметін 
жоспарлауы  керек.  Сапа  деңгейін  бағалауға  клиенттердің  қанағаттану  дәрежесі  және 
кәсіпорын қызметінің оң нәтижелерінің болуы кӛмектеседі.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Браймер  Р.А.  Основы  управления  в  индустрии  гостеприимства/  пер.  С  англ.- 
М:Аспект Пресс,1995. 
2.
 
Джон Уокер. Введение в гостеприимство. Учебник. М. "ЮНИТИ", 1999. 
3.
 
Филипповский  Е.Е.,  Шмарова  Л.В.  Экономика  и  организация  гостиничного 
хозяйства. - М.: Финансы и статистика, 2003. 
4.
 
Гостиничный  и  туристский  бизнес.  Под  редакцией  проф.  Чудновского  А.Д. 
Учебник. -Москва 1998. 
5.
 
Кабушкин  Н.И.  ,  Бондаренко  Г.А.  Менеджмент  гостиниц  и  ресторанов:  Учебное 
пособие. - Мн.: ООО "Новое знание", 2000. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада қонақ үй бизнесінің экономикалық ерекшеліктері қарастырылған.  
Сондай-ақ  туризм  саласының    ұлттық  эканомиканың  басым  бағыттарының  біріне 
айналып отырғандығы ерекше аталып кеткен. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются экономические особенности гостиничного бизнеса. A 
также особо отмечается деятельность туристкой сферы, как приоритетное  направление  
национальной  экономики.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
185 
ӘОК 796.50 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТУРИСТІК-
ӚЛКЕТАНУДЫҢ ЖҤЙЕСІ 
 
Жақсыбекова Д.К.-аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Туристік-ӛлкетану  адамның  тіршілігі  мен  оны  қоршаған  ортамен  тығыз 
байланысты.  Туристік  жорықтар  кезінде  жол  бойындағы  елді  мекендерді  аралай 
отырып,  жорыққа  қатысушылар  жергілікті  жерді  жан  жақты  зерттеумен  және  оқып 
танумен  айналыса  алады.  Жорыққа  қатысушыларға  ӛзі  тұрған  жерін  анықтауда,  жер 
бедері, ауа-райы құбылыстарының және туристік іс-әрекеттердің  қолайлылығын білуде  
географиялық дағды қажет.   
Туристік-ӛлкетану  жұмыстары  оқу-тәрбие  жүйесінде  кеңінен  қолданылады. 
Мектептердегі  туристік-ӛлкетану  жұмыстарын  жүргізу  педагогикалық  біліктілікпен 
ұйымдастырушылық  құрлымына  және  ӛткізу  әдістеріне  байланысты  болады.  Жалпы 
туристік-ӛлкетану  жұмыстарын  жүргізудің  мақсаты  белгілі  бір  тәрбие  түрін 
қалыптастырумен  қатар  оқу  бағдарламаларын  меңгеріп,  әсіресе  туған  ӛлкеге  қатысты 
табиғи  және  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  қарастырады.  Мектеп  ӛлкетануы 
оқу-тәрбие жұмысының бірі ретінде географиялық, тарихи, әдеби жоспарда жүргізіледі. 
Бұл аталған барлық  бағыттар жалпы мектептік ӛлкетанудың құрлымдық  элементтерін 
құрып,  мазмұнына  қарай  түрлі  әдісте  ӛткізеді.  Мысалы,  табиғи  ӛлкетануды  ӛткізуде 
туған  ӛлкенің  табиғи  жағдайлары  ескеріледі.  Оған  осы  аймақтың  ӛсімдіктері  оның 
ішінде  ӛсірлетін  мәдени  ӛсімдіктердің  түрлері  және  жануарлары  жатады.  Оқушылар 
табиғи  ӛзара  байланысты  байқай  отырып  оның  маңызын  түсінеді.  Ал  географиялық 
ӛлкетануда  ӛз  ӛлкесі  мен  белгілі  бір  аймаққа  тән  табиғи  элементтерді  зерттеуге 
мүмкіндік  алады,  олардың  шаруашылықтағы  адам  іс-әрекетіне  байланыстылығын 
қарастырады.  Жалпы  географиялық  ӛлкетану  тарихи  және  әдеби  ӛлкетанумен  тығыз 
байланысты.  Ӛлкетану  жұмыстарының  түрлі  бағыттағы  байланыстары  белгілі  бір 
ӛлкені  зерттеуге  оның  табиғи,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени,  ӛнер,  әдеби  және 
халық  ӛнері    мұғалімінің  кӛмегімен  зерттеледі.  Ӛлкетану  жұмыстарында  тарихи 
мәселелерді қарастыру оқушыларда идеологиялық саяси тәрбие түрін қалыптастырады. 
Географиялық  ӛлкетану  жұмыстарының  элементтеріне  ұйымдастыру  принциптері, 
формалары,  ӛткізу  әдістері,  жоспарлау  және  басқару  жатады.  Географиялық 
ӛлкетанудық  негізгі  мақсаттарына  біріншіден,  ӛз  ӛлкесінің  табиғи  және  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайларымен  танысу;  екіншіден,  ӛлкетану  жұмыстары  барысында 
алған  білімдерін  практикалық  жұмыстарда  тиімді  әрі  дұрыс  пайдалана  білуі  жатады. 
Географиялық ӛлкетанудың құрамдық бӛліктеріне оқу бағдарламалары мен мекетептен 
тыс ӛлкетану жұмыстары жатады. Педагогикалық мазмұнына қарай бұл екі бағыт бірін-
бірі толықтырып отырады және бір-бірімен ӛзара байланысқан. Практика жүзінде бұл 
жұмыстарды  бір-бірінсіз  елестету  мүмкін  емес.  Мысалы,  оқушылардың  географиялық 
ӛлкетану  жұмыстары  жайындағы  тәжірбиелері  мен  танымдық  ӛмірлік  түсініктері 
қаншалықты  кӛп  болса,  мұғалімнің  географиялық  ӛлкетану  жұмыстарындағы  оқыту 
процесі нәтижиесі болмақ. И.С.Матрусов «Жақсы ұйымдастырылған алғашқы ӛлкетану 
жұмыстары  оқушыларды  мектептен  тыс  дамытудың  негізі  болады»  деген.  Оқыту 
ӛлкетану  жұмыстарының  география  сабағын  түсіндіруде  маңызы  ерекше.  Ӛйткені 
географиялық  ӛлкетану  жұмыстары  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  жасалады. 
Сондықтан  мектеп  практикаларында  жүргізілетін  ӛлкетану  жұмыстары  оқушылардың 
мектептен  тыс  жасайтын  ӛзіндік  жұмыстары  ретінде  қарастырылады.  Кӛптеген 
мектептерде келесі бағыттағы тәжірбиелерді іске асыра отырып  ӛлкетану жұмыстарын 
жүргізуге болады: 
а)  Жергілікті  жердің  табиғи,  экономикалық  құбылыстары  мен  процестерін 
оқушылар бақылап зерттейді; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
186 
б) Табиғи және ӛндірістік экскурсиялар; 
в) Оқушыларға табиғи және шаруашылық объектілері жайлы жекелей тапсырма 
беру; 
г)  Оқушыларға  ғылыми  және  кӛркем  әдеби  ӛлкетанаулық  оқытуды 
ұйымдастыру. 
Географиялық 
ӛлкетану 
жұмыстары 
бойынша 
мектептен 
тыс 
ұйымдастырылатын жұмыстардың формалары әр түрлі болады. Бұл үйірме, экскурсия, 
жорық,  экспедиция,  кештер  ұйымдастыру,  олимпияда,  викторина,  конференция  және 
т.б.  бірақ  мектептен  тыс  ұйымдастырылатын  ӛлкетану  жұмыстарының  ішіндегі  ең 
маңыздысына  үйірме  жұмыстары  жатады.  Н.Н.Баранский  мектептен  тыс  жұмыстарды 
тек  үйірмелер  арқылы  ұйымдастыруға  болады  деген.  Мектеп  үйірмесі  дегеніміз  ӛз 
ӛлкесін  зерттеуге,  танып  білуге  қызығушылығы  бар  оқушылардың  мектептен  тыс 
жұмыстары. Үйірме сабақтарында оқушыларға алдыда болатын экскурсия, жорық және 
экспедицияға  бару  жӛнінде  теориялық  және  практикалық  дайындық  жұмыстары 
жүргізіледі.  Сонымен  қатар  үйірмеде  туристік  экскурсиялық  жұмыстарыдың 
қортындысы  шығарылады.  Ал  далалық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
жиналған  материалдары  альбом,  стент  және  т.б.  географиялық  жұмыстарында 
қолданылады. Кӛптеген мектептерде экспонаттарға бай ӛлкетану музейлері де болады. 
Бірақ  қалай  болғанда  да  жалпыға  білім  беретін  мектептерде  мектептен  тыс  ӛлкетану 
жұмыстарына  кӛңіл  аз  бӛлінеді.  Ӛлкетану  жұмыстарын  жоспарлауда  бірнеше  этаптар 
қарастырылады: 
-
 
бірінші  этап  –  педагогикалық  ұжымның  алдағы  жылдарға  арналған 
перспективті жоспарлары болуы тиіс; 
-
 
екінші  этап  –  туристік  ӛлкетану  жұмыстарына  байланысты  жылдық  жоспар 
жасау,  ол  жалпы  мектепте  жорық,  экспедиция,  кештер,  конференциялар,  слеттар  т.б. 
түрде ӛтуі мүмкін. 
-
 
үшінші  этап  -  ӛлкетану  жұмыстарының  жоспары  тарих,  әдеби,  географиялық, 
табиғи ӛлкетану бағытында ұйымдастырылуы керек. 
Ӛлкетанулық  қызықты  ізденістер  кӛптеген  жағдайда  студенттердің  танымдық 
практикалық  ұсыныстарын  жоғары  деңгейге  кӛтеруге  жеке  басындағы  танымдық 
қасиеттерді  дамытуға  кӛмектеседі.  Оқу-тәрбиелік  жұмыстағы  негізгі  ӛлкетану 
факторларына тӛмендегілер жатады: 
а) Ӛлкетану материалының мазмұны; 
б)  Оқу-тәрбие  жұмыстарын  ӛмірмен  байланыстыра  отырып,  олардың 
практикалық тұрғыда қолданылуы; 
в)  Ӛлкетану  жұмыстарының  мазмұнына  сәйкес  проблемалық  жағдайларды 
тудыра отырып, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау
г) Табиғи және әлеуметтік экономикалық құбылыстарды, бақылау жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
д)  Оқу  және  бағдарламалардан  тыс  экскурсиялар,  жорықтар,  саяхаттар, 
тақырыптық экспедициялар, кездесу кештері, олимпияда, конференциялар ӛткізу; 
е)  Жеке  және  топтық  жұмыстарды  (қорытынды  шығару,  доклад,  реферат, 
альбом) ӛткізу; 
ж)  Ӛлкетану  мазмұнына  сай  келетін  қоғамдық  қажетті  жұмыстарды 
ұйымдастыру. 
Туған  ӛлкенің  табиғи,  экономикалық  жағдайларымен  танысып,  табиғатқа 
бақылау  жасап,  түрлі  ізденіс  зерттеу  жұмыстарын  жүргізе  отырып,  оқушылар 
метеорология,  гидрография,  фенология,  топырақтану,  минерология,  геология, 
экономика  және  тағы  басқа  ғылым  салаларының  негізімен  танысып,  жалпы  ғылыми 
дүниетанымдарын  кеңейтеді.  Бұларға  жүйелі  түрде  ұйымдастырылған  сыныптан  тыс 
жұмыстар  жатады.  Географиялық  ӛлкетанудағы  негізгі  қаралатын  мәселелер  жалпыға 
ортақ  білім  беретін  мектеп  бағдарламасына  сәйкес  келеді.  Сонымен  қатар  сыныптан 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
187 
тыс ӛлкетану жұмыстары белгілі аймақтық экономикалық географиялық жағдайлардың 
толық зерттеуге оқушыларға ӛз бетінше практикалық жұмыстар орындауға (схема құру, 
таблица,  диаграмма,  графиктер  т.б.)  олардың  ӛндіріс  орындарына  экскурсия  жасап 
арнайы мамандармен кездесуіне мүмкіндік береді.  
Қорытындылай келгенде, бұл экономикалық ғылымдарға деген қызығушылығын 
мамандандырылған  орентациясын  қалыптастырады.  Оқушылар  ӛндіріс  орындарына  
бару арқылы республика экономикасына ӛндіріс орнының маңызын анықтап инженер, 
техникалық  қызметкерлермен  танысып,  еңбек  процесінің  адам  үшін  қажеттілігін 
түсінген.  
Географиялық  ӛлкетану  педагогикалық  процесс  ретінде  оқушылар  бойында 
табиғатқа айнала қоршаған ортаға деген эстетикалық тәрбие түрлерін қалыптастырады.  
Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  факторларына  табиғи  және  әлеуметтік-
экономикалық  қоршаған  орта  жағдайлары  жатады.  Мұндай  жұмыстардың  алдына 
қойған  мақсаты  балаларды  табиғатты  сүйе  білуге,  қоршаған  ортаны  қорғай  білуге 
үйрету.  Бірақ  бар  болғаны  осы  ғана  емес.  Оқушылар  табиғаттың  айнала  қоршаған 
ортаның  сұлулығына  сүйсініп,  адамдардың  қоршаған  ортаға  тиізетін  әсерінде  түсінуі 
керек.  
Эстетикалық  тәрбие  түрін  қалыптастыруда  табиғи  және  ӛндірістік,  әдеби 
экскурсиялардың алатын орны ерекше. 
Ұлттық  салт-дәстүрге,  рухани  жағдайлармен  байланыста  ұйымдастырылады 
географиялық ӛлкетану жұмыстарының ғылыми-атеистік тәрбие түрін қалыптастыруға 
маңызды  рӛл  атқарады.  Оқушылардың  жергілікті  жердегі  табиғи  ортамен  танысуы, 
ондағы  жекелеген  факторлардың  арасындағы  байланысты  түсініп,  әлем  туралы 
ойларын  қалыптастыруда  ӛлкетану  жұмыстары  жүргізіледі.  Елдің  кез-келген 
аймағындағы  географиялық  және  гидрогеологиялық  жағдайлар,  түсіндіруге  келмейтін 
кейбір  объектілермен  құбылыстар  (үңгірлер,  минералды  және  термалды  бұлақтар, 
карстылық түзілімдер) әрқашан қызықты әрі жұмбақ болып келеді. 
Жергілікті мектептің ӛлке зерттеушілері кӛлге гидрографиялық зерттеу жүргізіп 
судың  химиялық  құрамына  анализ  жасап  кӛлдің  карстық  түзілімдер  кезінде  пайда 
болып судың ерекше екендігін айтқан.  
Діни  тәрбиені  қалыптастыруға  мақсатты  экспедициялар  мен  экскурсиялардың, 
жорықтардың маңызы ерекше.  
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
географиялық 
ӛлкетану 
қоршаған 
орта 
жағдайымен  ӛндіріс  арасындағы  методикалық  эфективті  методикалық  құрал  болып 
табылады.  Ӛлкетану  жүйесін  политехникалық  тұрғыда  оқыту  келесі  жжағдайда 
қарастырылады. 
А) Жалпы табиғатттың заңдылықтарын танудың рационалдық құралы. 
Б) Теориялық білімді практикалық тұрғыда қалыптастырып қабілеттілікті нақты 
жағыдайда дамытады. 
В)  Оқушыларды  қоғамдық  қажетті    жұмыстарға  қатысуға  әсіресе  ауылдық 
жерлерде мүмкіндік береді.  
Қазіргі  таңда  туристік  ӛлкетану  жұмыстары  кез  келген  мектепте  оқу 
бағдарламасы  негізінде  талап  етіледі.  Сондықтан  туристік  ӛлкетануды  оқыту  тәрбие 
жұмысының бір бағыты деп қарастырған жӛн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1
 
 Никонова Г.Н. Краеведение. - М., 1984. 
2
 
 Краеведение: учебное пособие // А. В. Даринский и др. – М., 1985 
3
 
Даринский А.В. Туристско-краеведческая работа в школе. М., 1979. 
4
 
Иванов П.В. Основы школьного краеведения. Петрозаводск, 1977. 
5
 
Мешечко Е.Н. Географическое краеведение. Минск, 1986. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
188 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада оқушылардың туристік-ӛлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. 
Туристік-ӛлкетану  жұмыстарын  мектептен    тыс  уақытта  ӛткізу  жолдары 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассмотрены туристско-краеведческие умения как результат туристско-
краеведческой деятельности учащихся. А так же рассмотрены проведения вне классных 
работ. 
 
 
 
УДК 635.9.17 
Ж 17 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет