Шарына жоғары температуралы магнитті ағын жетеді



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата27.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#10445
1   2   3   4   5   6   7

Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе

2012 жылы Ақтөбе қаласында мектепке дейінгі тәрбиемен 

айналысатын 13 мекеме ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл 

жоспар жүзеге асса, Ақтөбедегі балабақша мәселесі, түбегейлі 

болмаса да, шешімін таба бастайды.

Балалар пневмониясы алаңдатады

Қазақстан Республикасының денсаулық 

сақтау саласын дамытудың 2011-2015 

жыл дарға арналған «Саламатты Қазақ стан» 

мемлекеттік бағдарламасы аясында бала-

лардың өкпе қабынуына қарсы дәрі егуге 

3,5 млрд теңге бөлу қарас ты рыл ған. Бұл 

өкпе қабынуымен ауыратын ба лалардың 

санын – 50 пайызға, бала шеті неуін 20 

пайызға қысқартады деп күтілуде. 

Өкпенің қабынуы әсіресе жас нәресте 

үшін өте қауіпті. Бұл ауру күз-қыс айла-

рында жиі кездеседі. Нәрестеге тұмау ти-

ген нің өзінде оның тыныс алу жолдары 

тары лып, бала тек аузымен дем алады. 

Осы ның салдарынан суық ауа өкпе мен 

тамаққа салқын күйінде жетеді де, оның 

арты өкпенің қабынуына әкеліп соғады. 

Пневмония қызылша, көкжөтел, тұмау, 

бронхтың қабынуы, демікпе сынды бірнеше 

аурудың асқынуынан да пайда болады. 

Әсіресе жаңа туған нәрестелер пнев-

мониямен жиі ауырады. Өйткені олардың 

иммунитеті әлсіз. Ауырған нәрестенің кей-

де кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. 

Жас балалар мен жаңа туған нәрестелерде 

болатын бұл ауру өте қауіпті. Көп жағ-

дайда ауру асқынып, отитке немесе плев-

ритке ауысады. Сондықтан сәбиде өкпе 

қабынуының алғашқы белгілері байқала 

салысымен ата-аналар өздері емдемей, 

бірден дәрігерге көрсеткені дұрыс. Соны-

мен қатар омыраудағы балаларды ал ғаш-

қы алты айда емшек сүтінен айыр ма ған 

жөн. Себебі ана сүтінде нәрес тенің им му-

ни тетін көтеретін қажетті дәрумендер бар. 



ЕСКЕРТУ: 

Темекі шегу де бала денсаулығына 

айтарлықтай әсер етеді. Егер те-

мекі шегіп тұрған адамның қасында 

сәби дем алып тұрса, ол таза ауамен 

емес, темекі түтініне уланып тұрады. 

Оның құрамындағы зиянкестер 

бала денсаулығына зиянын тигізеді. 

Сондықтан үйде немесе басқа да 

ғимараттарда қасыңызда бала отырса, 

лажы болса, темекі шекпеген жөн.

Қадырбек ЕСІМОВ, 

дәрігер-педиатр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 

әлемде жыл сайын бес жасқа дейінгі 2 миллионға жуық бала 

өкпе қабынуынан көз жұмады екен. Сондай-ақ әлемде балалар 

арасында өлім себебінің 20 пайызын осы ауру құрайды. Ал 

Қазақстандағы балалар арасындағы өлімнің 18 пайызы осы 

өкпенің қабынуынан болатын көрінеді. Енді балалар арасындағы 

бұл қауіпті аурудың алдын алу үшін елімізде не жасалып жатыр, 

одан толық айығудың жолдары қандай? Осы төңіректе аз-кем 

әңгіме қозғасақ.

Жол бойында – жаңа қондырғы

Жаңа қондырғының идеясы универ-

ситет ұстазы Нұрғазы Сауқанов пен жол 

қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің 3-курс 

студенттері Нұрым Ахетов пен Нұрбек Аб-

дул 


лаевтарға тиесілі. Ерекшелігі: жаяу 

жүр 


гіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз 

етуге тигізетін септігі зор. Түнде белгішам-

дар арқылы жарықтандырылады. Шам 

бекі тілген тақтай жарық шағылыстырғыш 

ар 

найы материалмен қапталғандықтан, 



оны түнде аңғармау мүмкін емес. Студент-

тер қондырғыны қа ла дағы балалар көп 

жүретін №2, 20 мектептердің қасына ор-

натқан тиімді деп отыр. Көп қаражатты да 

қажет етпейді. Авторлар қондырғыға бар-

жоғы 5 мың теңге жұмсаған. 

Болашақ жол сақшыларының бұл жайт  -

қа алаңдаушылық танытуы тектен-тек 

ем ес. Жыл басталмай жатып Ақ төбе об-

лы 


сында жол-көлік апатынан 41 адам 

қаза болған. Оның үшеуі – жаяу жүргінші. 

Ин же нерлік-техникалық  факультет  жол 

қоз ғалысын ұйымдастыру бөлімінің 

студенттері қондырғы ойлап табу-

мен шектеліп қалмапты. Қалада қай 

көше де көлік ағыны көп, қай жерлер-

ге бағдаршам ор нат қан жөн, айнал-

ма жолдардың қан ша лықты қажеттігі 

бар – осының бәрін зерттеп жатыр. 

Нәти желері белгілі бол ған соң, ұсы-

ныс 


тарын ЖПБ-ға жеткіз 

бекші. Қон-

дырғыға жол сақшылары қызы ғу шылық 

танытқанымен, қашан қолда нысқа ен-

гізілетіні әзірге белгісіз.

Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Мемлекеттік университеттің 

инженерлік-техникалық мамандығының студенттері жаяу 

жүргіншілерге арналған жаңа қондырғы ойлап тапты.

Сондықтан шетелден бағын іздеген 

азамат шаларымызды  азаматтығынан 

айы ру адами тұрғыдан да, заңды тұр-

ғыдан да дұрыс емес деп ойлаймын. 

Екіншіден, мемлекет өзінің әрбір азама-

тына ерекше көңіл бөлуі керек. Мейлі, 

ол шетелге тұрмысқа шықса да, оқуға 

барса да, бәрібір мемлекет әрбір 

азаматының тағдырын бақы лауда 

ұстауы тиіс. Себебі мемлекеттің 

басты байлығы – адам. Үшіншіден, 

халқымыздың саны онсыз да өте 

аз. Елімізде демография мәселе-

сі бар. Осы орайда онсыз да аз 

хал


 

қы мызды  азаматтығынан 

айырып, бөле-жарудың қа-

же ті жоқ секілді. Сондық тан 

қан 

дай жағдай болсын, 



азамат тықтан айыру дегенді 

мүл дем  қолдамаймын.

Бұл мәселенің Премьер-министр Кәрім 

Мәсімовтің жеке блогына дейін көтеріліп, 

талқыға түсуі тақырыптың маңыздылығынан 

болса керек. Сондықтан қыздарымыздың бо-

йын дағы патриоттықты күшейте отырып, ше-

телдіктерге тұрмысқа шығудан сақ тан дыру 

керек. Бұл – әрбір қазақ от ба сынан, мектеп-

тен бастау алатын тәр бие. 2011 жылы 26 

желтоқ санда «Не ке және отбасы туралы» 

Заң қайта қа был данды. Онда азаматша-

лары мыз дың  шетелдіктерге  тұрмысқа 

шыққан жағдай дағы құқық тары толық 

көр сетілген.  Дегенмен  қыз да ры мыз 

шетелдіктерге тұрмыс қа шы ғып, ел 

аума ғынан кеткен жағ дайда немесе 

шетелдік күйеу балалар қыз дары-

мыз  арқылы  азамат ты ғы мызды  ие-

ленген жағ дайда олар дың мәсе-

леле ріне  жеке-жеке  тоқ та ла  оты-

рып, талқыға салу аса қажет секілді.



№25 (707) 

14.02.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

НАРЫҚ


Елімізде қатты қалдық тастайтын 

полигондар саны қанша? 

Бүгінгі таңда еліміз бойынша қал дық 

тастайтын 4.5 мың полигон бар. Соның 85 

пайыздан астамы қойылған талаптарды 

ескермей отыр ған көрінеді. Міне, осыған 

байланысты Қоршаған ортаны қорғау 

министрлігі қатты қалдықтарға қатысты 

арнайы бағдарлама әзірледі. Министрлік 

өкілдерінің айтуынша, қазір еліміздің 

аумағында жиналған қатты қоқыс көлемі 

23 млрд тоннадан асады. Қалдықтарды 

сақтау, өңдеу және жою мәселесі бүгінде 

негізгі экологиялық проблемаға айналып 

отыр. Про курорлық тексерулер нәтижесінде 

қалдықтарды заңсыз орналастыру, қор-

шаған ортаны шектен тыс ластау, қауіпті 

қалдықтардың паспорттары мен поли-

гондардың жоқтығы анық талған. Осыған 

орай 2012-2014 жылдарға арналған 

«Қатты қал дықтарды өңдеу және жою» 

арнайы бағдарламасының жобасы жа-

салды. Ендігі кезекте бұл мәселе мем-

лекеттік тұрғыда бақылауға алынбақ.



Елімізде қатты қалдық тастайтын полигондар саны қанша? Олар талапқа 

сай ма? 

 Еркежан ЖАРАСҚЫЗЫ, Алматы қаласы

КОММУНИКАЦИЯ

ЗАҢ Ж

ОБ

А



СЫ

Өнім сапасына қойылатын 

талаптар күшейтіледі

Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

Ғылыми жұмыстарға 3 млрд 

доллар бөлінбек

Аталмыш ұлттық компанияның баспасөз 

қызметінің мәлімдеуінше, расымен де, биыл 

«Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясы ғылыми 

жұмыстарға 3 млрд доллар бөледі. Бұл был-

тырғы инвестициядан 10 есе артық. «2013 

жылы ғылымға жұмсалатын инвестиция көлемі 

тағы 1,5 есеге артуы мүмкін» дейді ұлттық ком-

пания өкілдері. Сонымен қатар ұлттық компания 

Жоғарғы технологиялар институтына бөлінетін 

қаржы көлемін сегіз есеге арттырып, 20 млрд 

долларға жеткізбек. Осылай, инвестиция бөлу 

арқылы атом өнеркәсібі саласы бойынша өзін-

дік жетістіктері бар ғалым дарымызға қолдау 

көрсетілмек. Ескеретіні, бағытталған ин вес-

тицияның 30 пайызы тау-кен саласына бөлініп

уран өндірісіндегі жаңашыл бағыттарға ба рын-

ша назар аударылады. Сондай-ақ елдегі 

инновациялық технопарктердің әлеуетін арт-

тыруға да қаржы қарастырылған. «Ком пания-

мен бірлесіп жұмыс істегісі келетін ғалым-

дарымызға болашақта іскерлік байланыс ор

  

натуға 


мүмкіндік мол» дейді сала маман дары.

Биыл «Қазатомөндіріс» компаниясы ғылыми жұмыстарға бөлінетін инвестициясын 

көбейтті дейді. Осы жөнінде ақпарат берсеңіздер... 

 Жандос АЙТБАЕВ, ғылыми қызметкер

АГРОТЕХНОЛОГИЯ

ТҮЙТКІЛ

«Біз көрші елдер – Ресей мен Бела-



русьтың тәжірибелерін зерттедік. Оларда 

сапасыз өнім өндірушілерге салынатын 

айыппұл көлемі әлдеқайда ұлғайтылған, 

сол себепті біз де айыппұл мөлшеріне 

байланысты Әкімшілік заңбұзушылықтар 

кодексі шеңберінде арнайы норманы 

енгізуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ 

аталған құқықтық құжатта терминдерді, 

аппаратпен байланысты түсініктерді 

біріздендірумен байланысты түзетулер 

енгізу көзделген, жалпылай алғанда, 

аталмыш заң жобасын аса маңызды деп 

санаймыз», – дейді өз баяндамасында 

индустрия және жаңа технологиялар вице-

министрі Қаныш Төлеушин.

Жалпы, Индустрия және жаңа техно-

логиялар министрлігінің мәліметінше, 

заңнама актілеріне түзетулер енгізу 

техникалық реттеу саласындағы ұлттық 

заңнамаларды Еуразиялық экономикалық 

қауымдастықтың мемлекетаралық 

кеңесінің шешімімен қабылданған халық-

аралық келісімшартқа сәйкестендіру 

қажеттілігінен туындап отыр екен.

Негізінен, бұл заң жобасы Мәжіліс 

талқысына өткен жылдың 4 қарашасында 

келіп түскен. Бірақ ол уақытта ел Парламенті 

тарап, абыр-сабыр болып жатты. Осыған 



Кәмшат САТИЕВА

Өткен жұмада Астанада 

Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігі 

өкілдері және халық 

қалаулыларының қатысуымен 

техникалық реттеу және 

метрология саласындағы 

кейбір заңнама актілеріне 

өзгерістер енгізу мәселесі 

бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Онда, негізінен, техникалық 

реттеу және метрология 

саласындағы 

заңбұзушылықтарға қатысты 

қолданылатын жазаларды 

күшейту ұсынылды. Әсіресе 

сапасыз өнімдерге қатысты...

байланысты депутат Сейіт-

сұлтан Айым бетов салалық 

комитеттің аталған заң жо-

басын осы айдың соңына 

дейін қарас тыратынын мә-

лім етті. 

Сейітсұлтан 

АЙЫМБЕТОВ, Мәжілістің 

Экономикалық реформа 

және өңірлік даму 

комитетінің төрағасы: 

– 2012 жылдың 1 қаң-

тарынан бастап Кеден 

одағына мүше мемлекеттер 

ортақ келісімге сәйкес, бір-

ыңғай техникалық реттеу 

тәртібі бойынша жұмысқа 

кірісті. Сондай-ақ Кеден 

одағы шеңберінде бизнесті 

дамыту үшін кедергілерді 

жою, өнім қауіпсіздігін қам-

тамасыз ету үшін басты 47 

техникалық түзетуді әзірлеп 

енгізу көзделген. Бұл арада 

соның 13-і біздің еліміздің 

тарапынан бекітіліп ұсыныл-

ғанын баса айта кетелік.

Бұл заң жобасы тек Еур-

азиялық эконо 

микалық 


қауым дастық 

кеңесінің 

келісіміне ғана емес, соны-

мен қатар саудадағы техни-

калық кедергілер бойын ша 

Дүние 


жүзілік сауда ұйы-

мымен бекітілген келісімдегі 

стандарттарға сәйкестен-

діріледі. Осы жағынан 

алғанда, сапаға қатысты бұл 

заңнама аса қатаң сипатқа 

ие болмақ. Жалпы, заңның 

күшейтілуі бұл өндірістерде 

жаңа технологиялардың әкелуіне ықпал 

ететін фактор деп білемін.

Ал сапаны қадағалауға байланысты 

еліміздегі мекемелер аталған заң жобасын 

қабылданғаннан кейін осы салада бірқатар 

жаңашылдықты күтетіндіктерін айтады.



Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» 

тұтынушылар құқығын қорғау 

бірлестігінің төрайымы:

– Техникалық реттеулер бойынша 

заңнаманың күшейтіліп жатқанын 

қолдаймын. Әрине, бір одақ аясында 

жұмыс істегеннен кейін заңнамамызды 

біріздендіру мәселесінен айналып өту 

мүмкін емес. Жалпы, бұл өзгеріс біздің 

тұтынушылар үшін қолайлы болады деп 

ойлаймын. Мәселен, бізде айыппұл 

салатын Ресейдегі «Рос 

потребнадзор» 

секілді ірі мекеме жоқ. Ал жұмыс істеп 

жатқан санэпиде миястансы секілді ұсақ 

ұйымдардың құқығы көп деңгейде 

шектеулі. Сондықтан бұл заң жобасының 

қабылдануынан біз де, тұтынушылар да 

біршама жаңашылдықты күтеді.

Шектеулі демекші, мәселен, «Жеке 

кәсiпкерлiк туралы» Заң бойынша көтерме 

сауда жасаушылардың өнімінің ғана 

сапасы тексеріледі, ал ұсақ саудагерлердің 

тауарын тексеруге құзырлы органдардың 

құқығы жоқ екен. Сол секілді Техникалық 

реттеу және метрология комитетінің 

инспекторлары сырттан келетін кон тра-

факталық тауарларды анықтай алмайды, 

өйткені ондай құзыр оларға берілмеген. 

Тұтынушылар құқығын қорғау 

ұйымдарының пікірінше, міне, осындай 

заңнамалық кереғар тұстар сапасыз 

өнімдерді уақытында сөреден алып 

тастауға кедергі келтіреді екен. Ендігі үміт 

жоғарыда аталған талқыдағы заң 

жобасына артылып отыр.



Ұялы байланыс нарығында өзгеріс көп

ТАБЫСЫ КӨБЕЙМЕСЕ, 

АЗАЙМАЙДЫ

Айталық, былтыр интернет қызметінен 

түскен табыс 83 875,9 млн теңгені құраса, 

ұялы байланыс операторларының табысы 

301 271,5 млн теңгеден асып кетті. Ха-

лықаралық (45 029,3 млн т) және жер-

гілікті телефон байланысы (39 628 млн т) 

бұлардан әлдеқайда артта қалады. Ал 

соңғы бір-екі жылда ұялы байланыс пен 

интернет қызметін пайдалану құнының 

едәуір төмендегені мәлім. Соған қара-

мастан, байланыс операторларының әзірге 

шығынға ұшырайтын түрі жоқ. Оған, бір 

жағынан, тұтынушы санының артуы, екінші 

жағынан, нарықтағы бәсекенің қызуы әсер 

етсе керек. Мәселен, өткен жылы ұялы 

байланыс абоненттері – 22,957 млн, 

интернетке кіре алатын ұялы байланыс 

абоненттері – 8,3 млн, ал тіркеулі интернет 

тұтынушылар 1,191 млн бірлікті құрады. 

Ал баға мәселесіне келсек, оны төмендетуге 

бұрынғы министрліктің (Байланыс және 

ақпарат) нарықтағы ойыншылардың 

тәбетін тізгіндеуі, сондай-ақ былтыр су 

тегін тарифті алып келген жаңа ойыншының 

да ықпалы болды. Дегенмен қаржы 

айналымы орасан байланыс нарығында 

әлі де біршама реттеу жұмыстары қажет-

ақ. Сол себепті былтырғы 30 желтоқсанда 

Үкімет қаулысымен бекітілген ережелер 

біршама өзгерісті қамтыған болатын. 

АБОНЕНТ «МИНУСТА» 

ҚАЛМАЙДЫ

Сөйтіп, телефон, ұялы байланыс және 

интернет желісіне қолжетімділік қызметінің 

жаңа ережелері тұтынушыны артық 

шығыннан құтқарады. Бұған дейін 

байланыс операторы желіні жаңартқанда 

немесе аналогтік стансыны цифрлық 

стансыға ауыстыру кезінде нөмірдің 

ауысқанын БАҚ арқылы хабарласа, енді ол 

ондай өзгерістер жайлы әрбір абонентке 

пошта арқылы хабарлама жібереді. 

Абонент пен байланыс операторының 

өзара есеп айырысу тәртібіне де өзгерістер 

енгізілді. Енді байланыс операторы «ақылы 

қоңыраудың» (лотерея, дауыс беру, 

викторина, анықтамалық-ақпарат, танысу 

қызметтері) құны туралы ескертуге 

міндетті. Осы талаптар ұялы байланыс 

операторларына да қатысты. Сонымен 

бірге абонент лотерея, дауыс беру не 

телевикторинаға қатысу үшін sms хабар-

ландыру жіберсе, байланыс операторы 

қысқа хабарлама түрінде абонентке 

осындай sms-тің бағасы жөнінде хабар-

лайды. Мұндай қызметтің төлемақысы 

абонент осы хабарламаны жіберілгенін 

растағаннан кейін ғана алынады (растау 

үшін ақы алынбайды). Транспорт және 

коммуникация вице-министрі Сәкен 

Сәрсеновтің айтуынша, мұндай шара өткен 

жылы телефон алаяқтығы көбейгеннен 

кейін қабылданып отыр. Абоненттер 

интеллектуалдық платформа нөмірлеріне 

оның ақылы екенін білместен телефон 

шалыпты. Ақырында мыңдаған теңгеге 

шот алғанда сан соғып қалған. Сондықтан 

ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, 

байланыс операторы нөмірге қосылудың 

қанша тұратыны жайлы абонентке ескерту 

жібермесе, абонент өзіне келген шоттар 

бойынша төлем төлеуден бас тартуға 

құқылы. 


Жаңа ережеге абонентті «минустық 

баланстан» қорғайтын қосымша да 

енгізілді. Бұған дейін шетелге шыққан 

адам елге қайтып келгенде, дербес 

шотындағы бүкіл қаржыны жұмсап қана 

қоймай, операторға қарыз болып қалатын. 

Енді аванстық төлем формасының абоненті 

(дербес шотындағы сомаға қарай қызмет 

көрсетіледі) «минуста» қалса, оның бұл 

соманы төлемеуге құқығы бар. Несие 

формасындағы абоненттер сыртқа 

шығатын ұялы байланысқа лимит қоя 

алады. 

ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨБЕЙЕДІ

Бүкіл әлемде ұялы байланыс 

операторлары желідегі әңгімеден 

бұрынғыдай көл-көсір табыс таппайтынын 

сезіне бастады. Бүгінде тұтынушы онлайн-

ресурстарға көбірек жүгінетін болды. 

Абоненттер базасын ұстап тұру және 

кеңейту мақсатында жаңа қызметтер 

ұсыныла бастады: мобильді интернет, 

жаңалықтар тарату, түрлі акциялар, 

сыйлық ойнату, интернет-банкинг. Тағы бір 

жалпыәлемдік үрдіс – ұялы компания-

лардың кешендік қызмет ұсынуға көшуі: 

ай бойы белгілі бір сомаға сөйлесу мерзімі, 

sms, интернет-трафик. Сондықтан алдағы 

кезде отандық операторлардың да 

осындай қызметке ауысуы әбден мүмкін. 

Тағы бір тренд – нөмір ауыстыру. Бұл 

– бір оператордан екіншісіне үйреншікті 

нөмірді ауыстырмай өтуге мүмкіндік 

берілуі. Мұндай тетікті енгізуге (заңға 

түзету енгізу мен техникалық әзірлікті 

қосқанда) бірнеше жыл өтеді. Алайда 

отандық сарапшы- байланысшылар соған 

бет бұрған сыңайлы. 

Айтпақшы, ережеде роумингіге 

қосылудың шекті сомасы екі айлық есептік 

көрсеткіштен аспауы қажет. Сонымен қатар 

интернет желісіне қолжетімділік қызметі 

ережелерінде байланыс операторы 

абоненттің өзге қызмет үшін, мәселен, 

телефон қызметіне төлемегені үшін 

интернет қызметін шектей алмайтын 

болды. 


KAZSAT-ҚА БІРІГІҢДЕР!

Өткен айдың соңында отандық 

операторлардың шетел спутниктерінен бас 

тартып, KazSat-2 ұлттық байланыс 

спутнигіне ауысуы туралы мәселе 

көтерілген еді. Республикалық ғарыштық 

байланыс орталығының президенті Виктор 

Лефтер: «KazSat-2 спутнигі мемлекет 

қаржысы есебінен құрылды. Бірақ бүгінгі 

таңда операторлардың бір бөлігі шетелдің 

спутник операторларымен жұмыс істеуде. 

Осылайша, бюджет қаржысы шетелге кетіп 

жатыр», – деген. Оның пікірінше, мұндай 

жағдайда мемлекеттік ақпарат қауіпсіздігі 

қамтамасыз етілмейді және шетелдердің 

ғылымы мен технологиясын дамытуға 

қаржы құю жалғасуда. Сондықтан ол ел 

аумағындағы қазақстандық опера-

торларды. KazSat-2 ұлттық операторына 

көшіру жөнінде шешім қабылдау қажеттігі 

жөнінде ұсыныс жасады. 

Өткен жылғы 16 шілдеде ұшырылған 

спутникті коммерциялық жағынан 

пайдалану желтоқсанда басталған. Қысқы 

мерзімге қарамастан, 130 жердегі 

оператор соған көшті. Қазіргі кезде оның 

қызметін бірнеше мемлекеттік орган мен 

отандық оператор пайдалануда. Олар: 

2Day Telecom ЖШС, КВВ МВД РК, KazSatNet 

АҚ, «Қазтранском» АҚ, ASTEL АҚ. Бай-

ланыс нарығындағы алпауыттар бұл 

жайында әзірге ләм-мим демейді.



Гүлнар АХМЕТОВА

Өткен жылғы күзде ұялы 

желідегі абоненттердің саны 

137 пайыздан асып кетті, яғни 

әрбір қазақстандықтың кем 

дегенде бір ұялы телефоны 

бар деген мәлімет жарық 

көрді. Сондай-ақ ғаламторды 

пайдаланушылар да жыл 

санап артып келеді (былтыр 

– 41 пайыз). Байланыс 

нарығындағы табыстың 

қомақты бөлігі де – осы екі 

сала еншісінде.

Арал өңіріндегі апаттық жағдай ауыс-

палы егіске кері әсер етті. Соның салдары-

нан мелиоративтік күйі нашарлап, оның 

потенциалдық өнімділігін төмендетіп 

жіберді. Яғни ендігі кезекте суармалы 

жерді қорғаудың маңызы артып тұр. Оны 

қалпына келтіруге назар аударып қана 

қоймай, бұл шараны тұрақты түрде жүр-

гізуіміз қажет. Өйткені кезінде қаншама 

қаржы жұмсалып, қаншама маңдай тер 

төгілген қара жер жылдан-жылға қолда-

ныстан шығып қалса, келешекте егін егуді 

құр армандап жүреміз бе? 



Абзал ЕРАЛИЕВ, 

Қазақстан күрішшілер одағының 

төрағасы:

– Аймақтың басты дақылы күрішті 

жылда бір алқапқа еге беруге бол-

майды. Ауыспалы егіс негізінде онымен 

жоңышқаны ауыстырады. Өкінішке 

қарай, бізде осы әдіс сақтала бермейді. 

Бұл өнім деңгейіне де өз әсерін 

тигізеді. 

Күріш ала жаздай су астында тұратын 

дақыл екені белгілі. Үнемі осындай 

жағдайда болатын алқаптар өз құнарын 

жоғалта бастайды. Сол себепті оған селқос 

көзқарас танытуға болмайды. Топырақтың 

қалыпты қасиетін қалпына келтіру басты 

мәселенің бірі деп санай аламыз. Алайда 

осы бір әдіс әлі күнге дейін толыққанды 

шешімін таба алмай жүр. Бір сөзбен 

айтқанда, суармалы жерлердің мелио-

ративтік күйін сауықтырып, топырақтың 

тиімді құнарын қалпына келтіруге мән 

бергеніміз артықтық етпейді. Осының 

нәтижесінде агротехникалық, химиялық 

және биологиялық шараларды қолға алу 

арқылы ауыспалы егіс алқаптарын сақтауға 

әбден болады. 

Ауыспалы егіс алқаптары еліміз бойын-

ша оңтүстік аймақтарда кеңінен 

қолданылады. Кеңес Одағы кезеңінде 

аталмыш мәселеге өз деңгейінде маңыз 

берілді. Бұл бағытта ғалымдар зерделі 

зерттеулер жүргізді. Осының арқасында 

суармалы жерлердің көлемі 1,2 млн гек-

тарға дейін жеткізілді. Ол алқаптарда 

ауыспалы егіс жүйесі қатаң сақталды. Сол 

уақытта ірі-ірі гидротехникалық орындар 

салынды. 

Осындай қаншама қажыр-қайрат 

жұмсалған жұмыстар уақыт өте келе 

көнеріп, ендігі кезекте қордалы тақырып-

тың біріне айналғаны өкінішті. Топырақтың 

құнарын арттыру бағытында көптеген 

жұмыстар жүзеге асты. Алайда оның 

қолданылу барысында тиісті талаптардың 

сақталмауы да өзінше тағы бір тақырыптың 

өзегіне айналып отыр. 80-жылдардың 

басына дейін Кеңес Одағында жалпы 

егістікке берілетін қоректік заттар гектарына 

113,2 келіден айналған еді. Бұл көрсеткіш 

Сыр бойында гектарына 176 келіден 

келген болатын. 

Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштар 

агрохимиялық талаптарға сәйкес жүргізілуі 

тиіс. Өңірдің егістік жерлеріндегі 

органикалық заттардың тапшылығы 

топырақтың тиімді құнарын шектеуші 

жағдайдың бірі болып отыр. Осыған сәйкес 

суармалы топырақтың тиімді құнарын 

жасау минералды тыңайтқыштың есебінен 

емес, топырақты органикалық затпен 

байыту арқылы жасалғаны артықтық 

етпейді. 

Күріштің ауыспалы егіс жүйесін 

сақтауда жоңышқаның маңызы зор екені 

айтылады. Расында да, осы тәртіп сақталып, 

келер жылы ол жерлерге егіс егілгенде 

дария бойындағы басты дақылдың 

өнімділігі жоғары болатындығын ғалымдар 

дәлелдеген. Қайсыбір мемлекетте 

болмасын, агроөнеркәсіп саласының 

алатын орны ерекше. Біздің елімізде ауыл 

шаруашылығына қамқорлық жасалып 

келеді. Дегенмен көптеген жылдар бойы 

көзден таса қалған кейбір жайлар 

осылайша елдегі еңбекші қауымның 

жұмысына кедергісін келтіріп отырғаны 

жасырын емес. 

Қызылорда облысы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет