Конвективті жылутасу Жылуберу-дене беттігі мен сұйық арасында жылудың берілуі.
Жылутасу-бір сұйықтан екіншіге оларды бөліп тұрған қатты дене арқылы жылудың тасылуы.
Ньютон-Рихман заңы
Ньютон-Рихман заңының тұжырымы: конвективті жылу алмасумен берілетін жылудың мөлшері дене беті (t'қ) мен қоршаған ортаның (t'с) температураларының айырымына тура пропорционал:
Q = α · (tқ – tс)·F , немесе q = α · (tқ – tс),
мұндағы α жылу беру коэффициенті [Вт/(м2К)], дене беті мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасудың қарқындылығын сипаттайды.
Конвективті жылу алмасу процесіне әсер етуші факторлар осы коэффициентке кіреді. Онда жылу беру коэффициенті келесі параметрлердің функциясы болады және бұл тәуелділік келесі теңдеумен көрсетіледі:
Теңдеу жылу беру коэффициентінің күрделі шама және оны анықтау үшін жалпылама теңдеу жазу мүмкін емес екенін көрсетеді. Сондықтан жылу беру коэффициентін анықтау үшін, зерттеудің эксперименттік әдісін қолданады. Эксперименттік әдістің құндылығы: алынатын нәтижелердің анықтығы; негізгі ықыласты тәжірибелік мүдделігі жоғары шамаларды зерттеуге аударуға болады. Бұл әдістің негізгі кемшілігі, ол берілген эксперименттің нәтижелерінің басқа ұқсас құбылыстарға қолданылу мүмкіндігін болмауы. Сондықтан берілген эксперименттік зерттеу нәтижелерін талдау негізінде жасалған қорытындылар, басқа құбылыстар үшін таратыла алмайды. Демек, зерттеудің эксперименттік әдісі кезінде әрбір нақты жағдай зерттеудің дербес объектісі болуы қажет және жылу беру процесінің математикалық жазылуы жылуөткізгіштіктің, қозғалыстың, тұтастықтың және жылу алмасудың дифференциалдық теңдеулері мен бір мәнділік шарттарына негізделеді. Бұл дифференциалдық теңдеулердің шешімі өте күрделі және көлемді және ол тек шектеулі қарапайым жағдайларда мүмкіндікті. Сондықтан конвективті жылу алмасу процесін зерттеуде ұқсастық теориясы әдісі қолданылады.