Дененің нәтижелі сәулеленуі өздік сәулесі мен сырттан түсетін сәуленің осы дене жұтатын бөлігі арасындағы айырмамен анықталады: Енәт = Е1 – А1Е2. Сәулеленудің нәтижелі ағыны оң, теріс және нөлге тең (тепе-теңдікті сәулеленуде) шама бола алады. Дегенмен, қаралып отырған денеге басқа денелер тарапынан сәулелі энергия түседі, мөлшері Е2.
Дененің нәтижелі сәулеленуі өздік сәулесі мен сырттан түсетін сәуленің осы дене жұтатын бөлігі арасындағы айырмамен анықталады: Енәт = Е1 – А1Е2. Сәулеленудің нәтижелі ағыны оң, теріс және нөлге тең (тепе-теңдікті сәулеленуде) шама бола алады. Дегенмен, қаралып отырған денеге басқа денелер тарапынан сәулелі энергия түседі, мөлшері Е2.
Бұл сәуле құлама сәуледеп аталады. Түскен сәуленің бір бөлігі (мөлшері А1Е2) денемен жұтылады. Ол жұтылған сәуледеп аталады, қалған бөлігі (1 – А1)Е2 мөлшерінде шағылысады – шағылмалы сәуле. Дененің өздік сәулесі денеден шағылған сәулемен қосылып дененің тиімді сәулеленуінбереді, оның шамасы Етиім = Е1 + (1 – А1)Е2 тең. Дененің бұл сәулеленуін біз сезінеміз немесе аспаптармен өлшей аламыз.
Егер денеге сырттан ешқандай сәуле түспесе, дененің бет бірлігінен энергияның сәулелі ағыны шығады Е1, Вт/м2. Ол дененің физикалық қасиеттерімен және температурасымен анықталады. Бұл дененіңөздік сәулесі. Тиімді сәулелену сәуле шашатын дененің физикалық қасиеттері мен температурасына ғана емес, сонымен қатар қоршаған денелерге, оның пішініне, мөлшеріне және дененің кеңістікте орналасуына да тәуелді.
Ығысу (Вин) заңы
Қара тепе-теңдікті сәулеленуді термодинамикалық талдау негізінде В. Вин (1893 ж.) сәулеленудің максималь қарқындылығы сәйкес келетін абсолюттік температура Т мен толқын ұзындығы λмакс арасындағы келесі байланысты белгіледі:
λмакс Т = в = const.
Изотермалар максимумы нүктелері арқылы өтетін штрихты сызықтар Виннің ығысу заңына сәйкес келеді. Мысалы, күн сәулесі үшін (Т 6000 К) қарқындылық максимумы спектрдің көрінетін бөліміне түседі (макс = 0,5 мкм). Техникалық құрылғыларда кездесетін температуралар үшін (2000 К төмен), қарқындылық максимумы жылулық (инфрақызыл) сәулелерге келеді.
Әртүрлі температураларды Т беру кезіндегі макс нақты мәнін анықтау үшін, Вин тұрақтысы деп аталатын «в» шамасын білу қажет; Планктың теориялық зерттеулері «в» тәуелсіз анықтауды жүргізуге мүмкіндік берді және оның мәнін в = 2,8978103 мК тең деп белгіленді.
Виннің ығысу заңын қолданып, жоғары температуралы денелерді қашықтықтан өлшеуге болады, мысалы, балқыған металдарды, ғарыштық денелерді және басқаларды.